kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тіл-аса ?адірлеп ?стайтын байлы?ымыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? « Тіл туралы за?ы » к?шіне енді. Мемлекеттік тіл – Ту мен Елта?ба сия?ты мемлекетті? р?мізі. Осы?ан с?йкес 1997 жылы 11 шілдеде« ?аза?стан Республикасыны? Тіл туралы за?ы » ?абылданып, оны? 4- бабында « ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік тілі – ?аза? тілі » екені жазыл?ан. Мемлекеттік тіл мемлекет ?ам?орлы?ында болады. Ана тілінсіз іс ?рге  баспайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тіл-аса ?адірлеп ?стайтын байлы?ымыз" »

Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз


1-  жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қазіргі таңда елімізде ана тіліне  көп көңіл бөлуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Қазақстан Республикасының « Тіл туралы заңы » күшіне енді. Мемлекеттік тіл – Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі. Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде« Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы » қабылданып, оның 4- бабында « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі » екені жазылған. Мемлекеттік тіл мемлекет қамқорлығында болады. Ана тілінсіз іс өрге  баспайды.

                                Ана тілімізді құрметтейік!

                                Адал перзент ана сүтін ақтаған,

                                Ана Отанын жаудан қорғап сақтаған.

                                Өзге тілден оңдырады не тауып.

                               Өз тілінен інжу- маржан таппаған, - дей келе, Тілдер мерекесіне арналған « Тілім менің –тірегімнің айғағы » атты әдеби кешімізді тамашалауға шақырамыз.

1- жүргізуші: Халқымыздың тарихында елі үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кеменгерлер, ойшылдар, от ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Сол билерімізді ортаға шақырайық.

 Билер: Армысыздар халайық!

1-    жүргізуші:  Үш кемеңгер дүлдүлім,

                         Сақтаған ел бірлігін,

                         Қалың елім пір тұтар,

                         Қассиетті үш бабам,

                         Тілім туралы не айтар?!

Төле би:

                        Әрбір тілде сөйле әлемді таңқылып,

                        Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

                       Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,

                       Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би:

                      Жетер енді, әркімге бір ермейік,

                      Қазақ болсын құлашты кеңсермейік.

                      Қанға сіңген ана тілін халқым- ай,

                      Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

 

Әйтеке би:   

                     Қазақ, қазақ болғалы,

                     Тіл үшін күрес көргені.

                     Көргені көп тілімнің,

                     Мүмкін емес өлмегі!

Төле би: Ал енді, балалар, бүгінгі «Тіл »мерекесіне арнап әзірлеген өлең, тақпақтарыңды тыңдай отырайық.

« Мерекелік Арнау »

       Тақпақтар.

1-    оқушы: Сүйемін туған тілді – анам тілін,

                   Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

                   Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

                   Құлағыма сіңірген таныс үнін.

2-оқушы: Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

     Еркелеткен, құлыным, жаным деген.

     Сол тілменен бірінші білгізген,

      «Апа »деген сүйікті сөзіменен.

3-оқушы: Қылжақтап алып қашып, құрбы бөркін,

                  Сол тілменен ойнадым далада еркін.

                  Сол тіліменен бірінші сырт қашыққан,

                  Өмірден иен далада ұққан көркім.

4-оқушы: Керек кезде тілім деп,

                   Найзағай боп қамшылар,

                   Менің ана тілімде,

                   Алтай менен Алатау,

                   Атыраудың даусы бар.

« Ананың тілі » әні  хормен орындалады.

1-    жүргізуші:

                      Ана тілің- баптар басты қорығың,

                      Бақытты емес үйренбесе оны кім.

                      Әлемдегі барлық тілді білсең де,

                      Толтыра алмас ана тілдің орынын.

                      Ана тілім – ақ қанатты тұлпарым.

                      Биіктерге самғап ұшар сұңқарым.

                      Ана тілім- ақ сүт берген анамсың.

                      Ана тілім- махаббатым құштарым.

5- оқушы: Ана тілі –әнге қосар ардағым.

                  Тек өзіңмен қанаттанар арманым.

                  Туған тілім – бабам тілі, төлтілім,

                  Қазақ үшін бағы жетпес бар мәнің.

6- оқушы: Тілім менің – қасиетті бесігім,

                    Шаңырағым ақ босаға есігім.

                    Ана тілім – ар – ұятым, ожданым.

                    Жоқ қой оны білмегенге кешірім.

7- оқушы: Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

                     Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек?

                    Өзімізді өзіміз қорлағандай боламыз,

                    Қошаметтен басқаны біз « жөн» десек.   

Әйтеке би: Балалар, тіл туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

                    Мақал – мәтелдер:

 Көрініс: « Әке өсиеті»

1-    жүргізуші: Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

1-    жүргізуші: 

                                           Өнер алды қызыл тіл,

                                           Ой толғаған сырлы тіл.

                                            Қалауын тауып қар жаққан,

                                            Тас тілетін алмас тіл.

                                            Қорғасынды балқытып,

                                            Сөзінен бал тамған тіл.

Қазыбек би: Бәрекелді балалар, болар елдің ұрпағы екендеріңді көрсеттіңдер. Ел мақтар азамат болыңдар. Сендерге жақсы бата берейін:

                                        Айтқан сөзің аталы болсын,

                                       Жүрген жерің баталы болсын.

                                        Дуалы ауыз әділ жанаталыңдар,


Осы сендерге берер батам. Әумин!


Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді.

Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.

Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
“Тіл туралы” заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған.
«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттаумыз керек. Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады, өйткені қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы. Соған орай қазақта “Білім кілті - тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген ұғым.
Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі.
«Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып – қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да аузын толтырып айтады. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Жалпы халықтық қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Өзінің тыңдаушысын бірден баурап әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің,» - дейді жазушы

Қабдеш Жұмаділов.
“Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.

Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт - санамыз бен дініміз де осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. «Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деген сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз ешқашан қол қусырып отырған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл мәртебесін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс – соның айғағы. Ата – бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Елбасымыздың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Ендігі мақсатымыз –ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің басты құралы, қуатты қаруы.
Жасыратыны жоқ, кешегі кеңестік дәуірде шетқақпай болған тілімізге ілесе халқымыздың ұлттық рух, дәстүр – салтының ұмытыла бастауы өтірік емес. Ең жаманы еліміздің бүгіні-ертеңі жастарымыз ғана емес, егде адамдарымызда орыс тілінде сөйлеп, ана тілін жатырқауды шығарды. Әлемдегі ең бай да сұлу, әуезді де салтанатты тіліміздің қадір-қасиетін менсінбейтін халге түсті. «Тілімізді кристалдай таза ұстап, қыз жасауындай жайнатуға тиіспіз»- деген Шоқан Уәлихановтың сөзі дәл бүгінгі ұрпаққа айтылғандай.
Елімізде ауызекі сөйлесу тілі болып әлі күнге дейін орыс тілі үстемдік құруда. Өз отбасында ана тілінде сөйлейтін отбасылардың саны аз. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды.

Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Келешегінің кемелді болуы үшін қазақ тілін де үйренулері қажет. Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәселесі еліміз тәуелсіздік алғалы бері жиырма жылдың ішінде батыл айтылып келеді. Бүгінгі таңдағы мемлекеттік ұлт саясатында ұстанып отырған бағыттары арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру жайы

алдыңғы орында тұр.

Тіліміздің мемлекеттік дәреже алуына байланысты қазіргі кезде практикалық жағына да, теориялық жағына да көптеген нәтижелерге жетіп жатырмыз. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Ана тілінде таза сөйлеу, оған деген оң көзқарас ең зор адамдық, мәдениеттілік, тәрбиелілік болып саналады. Тіл мен қарым қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекеттік тіл – татулық тірегі болды деп айтамыз. Қазір тілдің тағдырын шешпесек, оның тізгінін қолымызды ұстасақ, еліміз мемлекет бола алмайды, ол ол ма, келешек ұрпақ – біздің балаларымыз, немерелеріміз тілді білмей қалады, мәңгүрттенеді. Содан барып мемлекетіміздің жағдайы мүшкіл халге ұшырайды.

Ондай күн елімізде ешқашан болмасын деп тілейік ағайын.
Мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге, осы күні қаны жерге таңбай тұрған аса ділгір мәселе – тіліміздің мәртебесін ту етіп көтеруге қосылған үлкен үлес.

Ана тілін қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өз отанының нағыз патриоты етіп тәрбиелеу – бәрімізге ортақ, қасиетті парыз.

Осы кезде Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді.

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезіңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

Тілді үйрену - өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тілді оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Бай қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем әдебиеттерді оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргізу, күнделікті оқу, үйрену арқылы ғана орындалады.Қазақ тілі туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тіл-аса ?адірлеп ?стайтын байлы?ымыз"

Автор: Ожибаева Гульбакыт Калауовна

Дата: 15.01.2015

Номер свидетельства: 155685


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства