kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Наурыз –Жыл басы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мерекелік ерте?гілікті? та?ырыбы:"Наурыз-Жыл басы".Мерекелік іс-шара сайыс т?рінде ?тті. Сайыс?а аналарымен о?ушылар ?атысты. Сайыс 6 кезе?нен т?рды.Наурыз мерекесіне байланысты бол?анды?тан ?лтты? та?амдар,салт*-д?ст?рлерді атап,к?рсетіліп ?тті.О?ушылар?а беретін ма?сат елді? д?ст?рін салтын ?мытпау,патриотизмге ?йрету.Сайыс?а о?ушылар мен ата-аналар белсене ?атысты.Сайыс ?те ?ызы?ты ?тті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Наурыз –Жыл басы.»

Тақырыбы: Наурыз –Жыл басы.

Мақсаты: Оқушыларға ата-аналарымен байланыстыра отырып сайыс жүргізу.Наурыз мейрамы мен наурызда жасалатын қазақтың әдет-ғұрыптарымен таныстыру;ұлт мерекесін қастерлей білуге;туған елін құрметтеуге тәрбиелеу;әдеп талаптарын орындауға ынталандыру.

Барысы:

-Құрметті Ата-аналар,оқушылар,қонақтар!

Сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Дендеріңізге саулық,елге тыныштық тілейміз.

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын,қайда жүрсеңіздер де жол болсын дегіміз келеді.


Туған халқым өнерің ұрпаққа үлгі

Көңілі көктем ,әрқашан жаны ізгі

Салт-дәстүрі мирас болып бізге жеткен

Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі-деп 0 *А* сыныбының орындауында *Дастархан * әні Хор

Бүгінгі сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.


Алар кейде бестігін

Аққұба қыз кескінің

Бойшаң біздің Айшаны

Ұяңдау деп естідім.-дей отыра №1 сайыскеріміз Метенова Айша мен анасы Айжанды ортаға шақырамыз.


Ыңғайлы көңіл –күйінің

Келгенде байқап бейімін

Айтарымыз Аружан

Еркесі ғой үйінің

-дей отыра №2 сайыскеріміз Жақсылықова Аружанды анасы Сандуғаш апаймен ортаға шақырамыз.


Айтқанда әнді әуелі

Ерекше шығар әуені

Биязы қыз Әсия

Өзі де ұяң,әдемі .-деп №3 сайыскеріміз Далабай Әсияны анасы Роза апаймен ортаға шақырамыз.


Сағанда жыр арналады

Саусағыңнан бал тамады

Жақсылардың қатарында

Шақырамыз Ханымды-деп №4 Кожахмет Ханымды анасы Дидар екеуін ортаға шақырамыз.





Үздік оқып сабағын

Бәрімізге жағатын

Елдос кейде ренжісе

Түйіп алар қабағын-деп №5 Исенов Елдосты апасы -------------- ортаға шақырамыз.


Сабағынан қалмайды

Жалқаулыққа бармайды

Тентектеу біздің Болат

Сабақты ғана ойлайды -деп №6 сайыскеріміз Кужаков Болатты анасы Гулсара апаймен ортаға шақырамыз.

Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді бағалайтын сынап отырған әділқазы алқасымен таныстырып өтейін.

1.

2.

3.

Бағалау 5 балл көлемінде

Бағдарламамен таныстыру:

1.Таныстыру

2. Ұлттық тағаммен таныстыру

3. Салт-дәстүрлерге байланысты тапсырмалар

4.Ұлттық ойын көрсету/ойнау/

5.Тапсырма/Ойдан ою ояды/

6.Би сайысы

7.Көрініс



Жыл басы –Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

Ал құрметті қонақтар біздің сайыскерлеріміз дайындалғанша Аида,Ханым,Данияр өз тақпақтарын айтады.

1 сайысымыз Таныстыру

Нурдаулет ,Д.Асия,Нурислам,Даниал

Наурыз шыр айналған жылдың басы

Адамның өлшенеді өмір жасы

Қазақтың пейіліне жарасады

Әр үйде дастарханға толған асы

2- сайыс Ұлттық тағаммен таныстыру.

Елдос ,Айша,Ұлағат,Т.Асия

Бусанып жерім –ай

Төсінде қалқыр ән

Наурыз көңілді-ай

Шаттығы шалқыған


3-сайыс Салт-дәстүрлерге байланысты тапсырмалар:

№1-бесікке салу

№2-неке қию

№3-балаға ат қою

№4- қыз ұзату

№5-арқан тарту

№6-тұсау кесу


Ойнаймыз шаттана

Ішеміз күнде айран

Балаға қартқа да

Ортақ қой бұл мейрам

4-Ұлттық ойын көрсету


Тоқыманың өрнегі бар қаншалықты

Киімге біреулер өрнек сапты

Біреуі жүнін түтіп жіп иірсе

Біреуі жібін бояп тамсаныпты

5-Ою қиып таныстыру


Биылғы жыл мереке

Биылғы жыл береке

Байлық ырыс иесі

Туған жерде ел ерке

5-сайыс Би өнері


Өмірде небір өнер бар

Алуан түрлі билер бар

Әзіл-ысқақ бар жерде

Береке бар,бірлік бар

6-сайыс Тамаша көрініс көрсету.


Ал,құрметті бүгінгі сайыскерлеріміз,қонақтар,оқушылар

Әділқазы алқасы сіздерді бағалайды.

Бидай,күрш,тары бар

Ащы құрты тағы бар

Көже-елдің ырзығы.-дей отыра Мерейдің әжесі арнайы дайындап әкелген Наурыз көжеден ауыз тиейік.


Наурыз батасыз бола ма? Сондықтан бата берейік.


Әділқазы алқасы сайыскерлерімізге қорытынды жариялап марапатталады.Сыйлықтар тапсырылады.




«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі»















МДС «А» ертеңгілік



















Тәрбиеші:Нургалиева С.М


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Та?ырыбы: Наурыз –Жыл басы.

Автор: Нургалиева Сауле Мухамеджановна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 310978


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства