kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Армысы?, ?з-Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Армысы?, ?з-Наурыз!

Ма?саты: О?ушылар?а ?лысты? ?лы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толы? ма?л?мат беру, хал?ымызды?салт – д?ст?рін, ?дет – ??рпын ?йрете отырып, «Наурыз»  ?аза?ты? ?лтты? мейрамы екенін ашып к?рсету.
К?рнекілігі: На?ыл с?здер жазыл?ан плакат,  ?лтты? киімдер, ?лтты? та?амдар, шарлар, суреттер.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Армысы?, ?з-Наурыз!»

Тақырыбы: Армысың, Әз-Наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздыңсалт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні– Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

2- жүргізуші: Бүгінгі « Армысың, Әз-Наурыз! » атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

1- жүргізуші:Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

2- жүргізуші:Көктемде қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдікұйқыдан оянады, көктемнің алғашқы жаршысы бәйшешек шығады .

1- жүргізуші: Міне, жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойынтойлайтын Ұлыстың ұлы күні келіп жетті.

жүргізушілер:Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!

2-жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!
1-жүргізуші:

Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!

Осы кезде сахнаға қыз кіреді

1-оқушык:Сәлеметсіңдер ме?

1 жүргізуші:Сәлеметсің бе, Наурыз-қыз?

2-оқушы:Мен бүгін Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай әжем Көктемді құттықтап қайту үшін әжемнің үйіне қонаққа барайын деп жолға шығып едім, мені сиқыршы жолымнан адастырып жіберді. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

2-жүргізуші:Иә, Көктем әжені бәріміз білеміз ғой. Наурыз қыз Көктем әже тезірек келуі үшін біз саған көмектесеміз.

2-оқушы:Аап, бәлем, ұсталдың ба? Сен енді менен оңай құтылмайсың. Осы жақта

Осы сыныпта наурыз мерекесіне орай үлкен жиын болып жатыр деп естіп ем. Сендер менің қойған шарттарымды орындамай мен мына қызды жібермеймін немесе бар білетін сиқырымды қолданып мына жердің астан-кестенін шығарамын.

1-жүргізуші:Жо-жоқ сиқыршы оны Көктем әжесі үйінде күтіп отыр ғой. Сен не айтсаң да біз орындауға әзірміз. Кез-келген шартыңды айта бер. Керек болса біз достарымызды да көмекке шақырамыз.

2-оқушы:Ендеше менің бірінші шартым, барлығың наурыз, наурыз, ұлыстың ұлы күні дейсіңдер ендеше маған сол наурыз туралы айтып беріңдер.
3-оқушы:Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 

4-оқушы: Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Ол шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.
5-оқушы: Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады.

6-оқушы:Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.
7-оқушы:Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов аталарымыз біршама деректер жинаған.Күн мен түн     теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен.

8-оқушы:Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 
9-оқушы:Наурыз-жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.Наурыз имандылық мерекесі. Араларында ұрыс-жанжал болған, бір –біріне ренжіген халық наурыз мерекесінде төс қағыстырып арадағы араздықты ұмытқан.Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы,ырыс молшылық бастауы.Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.
2-оқушы: Иә, иә, сендердің бұл жауаптарың менің көңілімнен шықты. Бірақ мен әлі де Наурыз қыздың әжесіне баруына жол бермеймін. Ал сендер менің келесі шартымды орындаңдар

1- жүргізуші: Әрине, сиқыршы, біз сіздің кез-келген шартыңызды орындаймыз. Тек наурыз қызды босатыңызшы.

2-оқушы: Жоқ, босатпаймын. Менің білуімше, қазақ халқында көптеген ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрлері жетерлік. Маған сол салт -дәстүлер жайлы айтып беріңдер. Мүмкін содан кейін мен Наурыз қызды әжесіне жіберермін.

10-оқушы:Бала алғаш өмір есігін ашқанда оның жақындары балаға ат қойған. Баланың атын құлағына 3рет айтып, азан шақырып қойған. Азан шақырылған кез бұл баланың имандылық жолына жасаған алғашқы қадамы болып табылады.

11-оқушы: Бала алғаш қаз-қаз тұрып, жүруге талпына бастаған кезде, оның жақын туыстары тұсауын кескен. Тұсау кесу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі ала жіппен кесу. Бұл бала ешқашан кісінің ала жібін аттамасын деген ырыммен кесіледі.

12-оқушы: Екіншісі көк шөппен кесу. Бұл бала көк шөптей көктесін, үбірлі-шүбірлі болсын деген мағынаны білдіреді. Үшінші тәсілі тоқ ішекпен кескен. Мұның мәні бала тоқ, бай-қуатты болсын дегенді білдіреді. Тұсауды көбінесе көпті көрген, елге сыйлы, жүйрік адамдарға кестірген.

13-оқушыБаланың бауырынан табақ алу ырымы бала алғаш еңбектеуге талпынған кезде жасалады. Ол көптің тілегін алған бала бауырын көтеріп, тез еңбектейді деп сенген. Ырымдап баланың бауырынан табақты 3 рет алған.

Көрініс түрінде

1-оқушы:Сүйінші, сүйінші, Наурызбайдың отбасында шекесі торсықтай ұл бала дүниеге келіпті. Жүріңдер, барып қуанышымен бөлісейік.

Бала ат қою және оны бесікке бөлеу дәстүрі

Бауырынан табақ алу

Тұсау кесу дәстүрі

2-оқушы: Иә, сендер менің қойған шартымды дұрыс орындадыңдар. Бірақ менің ішім пысты. Сендердің мені зеріктірмей, ортаға салар өнерлерің бар шығар. Мен мына жерде отыра –отыра жалықтым. Мен мүмкін наурыз қызды өзіммен бірге ертіп сиқыршылар еліне кетсем бе екен?

1-жүргізуші: Ақыл, білім-жастарда

Сөз беремін жастарға

Гүлім, Серікбол –өреннің

Тыңдайық айтыс өнерін

3-оқушы: Алдарыңызда жігіт пен қыз айтысы

4-оқушы:

Айтып қойшы, қарағым,

Қандай боп жүр сабағың?

Жайын біліп қояйын,

Сендей жақсы баланың

5-оқушы:

Сөзін тыңда, қарағым

Мендей жақсы баланың

Бай өлкеммен мақтанам, 
Жырға қосып шаттанам. 
Жерімнің бар байлығын, 
Тәуелсіз ел сақтаған. 

4-оқушы:

Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

Ал,айта ғой көкешім

Наурыз жайлы сен бізге

Не айтар екенсің?
6-оқушы:

Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
4-оқушы:

Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
2-жүргізуші:

Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,

Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан.

Бал құрақтай көлге біткен балауса,

Би құдырет мың бұралып ырғалған.

Дархан: Ендеше, алдарыңызда Қамажай биі

2-оқушы: Жарайсыңдар, балалар, маған сендердің өнерлерің қатты ұнады. Мына жерге көптеген халық жиналып қалыпты ғой. Мен бір сиқырымды осыларға қолданып жіберейін.

2-жүргізуші: жоқ сиқыршы, жоқ. Оларға тисе көрмеңіз.

2-оқушы: сен қорықпа. Оларға ештеңе де болмайды. Мен тек таяғымды бір сермесем болды. Сиқырлы сөзін айтып, таяғын сермейді.

7-оқушы: Ендеше сиқыршымыздың келесі шартын орындайық. Ол осы сіздер отырған жерді сиқырлап түрлі, сұрақтар мен Ұлыстың ұлы күніне байланысты тілектерді әр жерге жасырды.

2-жүргізуші: Кім ең жылдам із кесуші болса сиқыршының жасырған сұрақтарын тез тауып алып, оларға жауап беріп, наурыз қыздың әжесіне жетуіне көмектеседі...

  1. Наурыз мерекесіне бір үйден 2 әкесі және екі баласы бара жатыр. Сонда 1 үйден қанша адам мерекеге бара жатыр?

  2. Бір бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан,

Екі қоян, бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

  1. Қай бала, қай ауылдікі? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі мерекелік наурыз мейрамына байланысты концертті көруге келді. Бұлардың біреуі Текестен, екіншісі- Қаратоғаннан, үшіншісі-Сарыбастаудан келді. Ерлан мен Текестен келген бала екеуі қатар отырды. Бұлардың екеуі де Сарыбастауға барып көрмеген болса, қай бала қай ауылдан келді? Әділет-Текес, Ерлан-Қаратоғаннан,Еркін-Сарыбастаудан

  2. Қандай ұлттық ойындарды білесің?

8-оқушы: Қазақ халқына ғана тән көптеген ұлттық ойындар бар. Мысалы, асық, «Қыз қуу», «Теңге алу», «Ханталапай». Әр ойынның өзіндік ерекшелігі бар. Асық ойнау арқылы бала дәлдікке, мергендікке үйренеді.

9-оқушы: Балалар, қазір біз «Орамал тастамақ» ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге орамал керек. Сендер көздеріңді жұмасыңдар. Ал мен орамалды тастаймын. Орамал тасталған бала орамал тастаған баланы ұстауы керек. Егер ұстай алмаған жағдайда өз өнерін ортаға салады. Ал қазір мен орамал тастаған бала өз өнерін ортаға салсын.

2-оқушы: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Мен бүгін наурыз мерекесі, қазақ халқының салт –дәстүрлері мен ұлттық ойындары жайлы көп нәрсе білдім. Наурыз қыз сен маған ренжіме. Енді мен сені ренжітпеймін. Балалар сендер де маған ренжімеңдер. Ал мен өз еліме кетейін

10-оқушы: Жоқ. Сіз әлі наурыз мерекесіндегі ең дәмді ас наурыз көже жайлы білмедіңіз ғой. Наурыз көжеден дәм татыңыз. Наурыз көже жайлы бізге әжем айтып береді. Ол кісі өз қолымен дәмділеп әзірледі. Жүріңіз.

Көже жайлы әңгімелеу

2-оқушы: Бұл көже сондай дәмді екен.

1-оқушы:Сиқыршы сіз кетпеңіз. Сіз енді балалардың биін тамашалаңыз

Қара жорға

2-жүргізуші:Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.

1-жүргізуші: тойымыз тойға ұласа берсін деген тілекпен келесі кезекті батаға береміз.

Бата

2-жүргізуші:

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
1-жүргізуші:

Қайда барсақ жол болсын!
Төрт – түлік ақты болсын!
2-жүргізуші:

Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!

1-жүргізуші:Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Та?ырыбы: Армысы?, ?з-Наурыз!

Автор: Есенбекова Айгул Лесбаевна

Дата: 02.04.2016

Номер свидетельства: 314147


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства