kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы:«Шынайы досты?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:«Шынайы досты?»

Ма?саты: О?ушылар?а досты? адам ?міріндегі ма?ызы,орны,досты?ты? шынайы белгісі туралы айтып т?сіндіру,дос?а деген танымын,тал?амын шы?дау.

?з ойларын ашы? айта білуге,берілген с?ра??а ойланып на?тылы толы? жауап бере білуге ?йрету,ойлау ?абілеттерін,тілдерін дамыту.

О?ушыларды адамгершілікке,имандылы??а,адалды??а,тату,мейірімді болу?а т?рбиелеу,?р бала?а ?зіні?,досыны? жа?сы жа?тарын ?лгі т?тып,сол жа?сы ?асиеттерін ?з бойына сі?іре білуге ?йрету.

Т?рі:сайыс саба?

?діс-т?сілі:т?сіндіру,с?ра?-жауап

К?рнекілігі:на?ыл с?здер,ма?ал-м?телдер,буклет,сызба н?с?алар,слайд,шарлар.

Іс-шараны? ?раны: "Дос к??ілі-шарайна,

                                    Сындырып алма,абайла".

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:«Шынайы досты?»»

Сабақ жоспары

Сыныбы:5«д»

Тақырыбы:«Шынайы достық»

Мақсаты: Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,орны,достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру,досқа деген танымын,талғамын шыңдау.

Өз ойларын ашық айта білуге,берілген сұраққа ойланып нақтылы толық жауап бере білуге үйрету,ойлау қабілеттерін,тілдерін дамыту.

Оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,адалдыққа,тату,мейірімді болуға тәрбиелеу,әр балаға өзінің,досының жақсы жақтарын үлгі тұтып,сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.

Түрі:сайыс сабақ

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі:нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,буклет,сызба нұсқалар,слайд,шарлар.

Іс-шараның ұраны: "Дос көңілі-шарайна,

Сындырып алма,абайла".

Жоспары:

Ӏ.Ұйымдастыру кезеңі

ӀӀ.Кіріспе

ӀӀӀ.Негізгі бөлім

Достық туралы сұрақтар қою,тапсырмалар орындау.

Берілген шарлардан,таратпа қағаздардан сұрақтарды алу.

ӀV.Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру.

V.Достыққа байланысты сурет бойынша жұмыс

VӀ.Дос туралы өсиет оқу.

VӀӀ.Қорытындылау

Барысы:

Ӏ.Ұйымдастыру кезеңі

-амандасу

-оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.


ӀӀ.Кіріспе

Досым саған сенемін,сеніп өтем,

Жолы бөтен демеймін,жөні бөтен.

Достық деген өмірдің көрігі екен,

Достық деген адамның серігі екен,-деп Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымызда "дос" туралы әңгімелесетін боламыз.Жалпы дос дегеніміз не,қалай дос болу керектігі жөнінде әрқайсымыздың өзіндік пікірі бар екені бедгілі.Ал осы "дос"деген сөздің мәні неде екен?

Аталарымыз айтқандай адамның адамсыз күні жоқ.Сондықтан да жүрген жерінде,жұмыста,елде,сапарда,бөтен жерде болсын ұғысатын,түсінетін,жарасып жүретін сырлас жан іздейді.Бұл-өте қажетті табиғи тілек.Әйтпесе халық даналығы« Көп ақшан болғанша,көп досың болсын»демес еді.Аристотель айтқандай «Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе,өйткені ешкім,ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұра да дос-жарансыз өмірді қаламақ емес».

Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы.Ал адалдық деген-рухани тазалық.Онсыз сен досың үшін майданда жан бере алмайсын.


ӀӀӀ.Негізгі бөлім

Достық туралы оқушылырға қысқаша сұрақтар қою.

1.«Дос»,«дос болу»,«достық »дегеніміз не?

2.Достық сезімі дегеніміз не?Ол нені білдіреді?

3.Нағыз достық белгісі не?

4.Қандай адамдар бір-бірімен дос бола алады?

5.Сенің досың бар ма?Ол қандай адам?

6.Қалай ойлайсын,досқа сын айту жақсыма?

-Ал енді, балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты бірнеше тапсырмалар орындайық.


1-тапсырма:Достық туралы өз ойыныздан өлең шығарыныз.


2-тапсырма:Достық туралы мақал-мәтелдер айту.

1.Жігітті-жолдасынан таны.

2. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

3.Жолдасы жақсы жолды болар,

Жолдасы жаман қолды болар.

4.Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

5.Жақсымен жолдас болсаң,жетерсің мұратқа,

Жаманмен жолдас болсаң,қаларсың ұятқа.

6.Досы жоқ адам,

Тұзы жоқ тағам.


3-тапсырма:Достыққа байланысты жағдаяттар шешу.

1-жағдаят.

Әлия мен Ажар жақын достар.Олар әрдайым бірге жүреді,бірге ойнайды.Барлығын бірге бөлісетін бірде Ажар ауырып сабаққа келе алмады.

Әлия досың қатты уайымдап мазасы қашты.Сабақтан соң Ажарға барып еді,Ажар досыңа мән бермеді тіпті оны елеп ескермеді.Әлияның орынында болсан сен не істер едің?

2-жағдаят.

Ерлан мен Әділ тату достар.Бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді.Бірде Ерлан үй тапсырмасын орындауды ұмытып кетеді.Мұғалім үй тапсырмасын орындамай келген оқушыларға екі деген баға қоймақшы болады.Әділ болса үй тапсырмасына тыңғылықты дайындалып келген болатын.Ерлан Әділден үй тапсырмасын көшіріп алуға сұраған болатын,алайда Әділ Ерланға үй тапсырмасын көшіруге бермеді.Әділдін орынында болсан сенің әркетін?


4-тапсырма:Өзініздің жақын досынызды сипаттап,бейнелеп беріңіз.

Нақыл сөздер

Жақсымен дос болсан,

Алдыннан шығар елпектеп.

Жаманмен дос болсан,

Сыртыннан жүрер өсектеп.

М.Өтемісұлы

Жақсы киім бойға жарасады,

Жақсы жолдас ойға жарасады.

Әлішер Науаи

Досын мың болсада аз деп біл,

Дұшпаныннан біреу болса да сақтан.

Құтып

-Балалар,бұл өлең жолдарында не жайында айтылған?Қалай түсінесіздер.Мағынасын ашып талдайық.


V.Сурет бойынша жұмыс

Тақтада берілген сурет бойынша шағын мәтін немесе әңгіме құрастырайық.


VӀ.Дос туралы өсиет оқу.

Ыбырай Алтынсарин атамыздың«Жаман дос»атты әңгімесіне тоқталсам деймін.

Екі дос кісі жолдастасып келе жатып,бір аюға ұшырасыпты.Бұл екі кісінің біреуі әлсіз,ауру екен;екіншісі мықты,жас жігіт,аюды көре ауру жолдасын тастап,өзі бір үлкен ағаштың басына өрмелей шығып кетті дейді.Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ,жерге құлады да созылып,өлген кісі болды да жатты.Аю өлген кісіге тимейді дегенді естіуі бар еді.Расында солай екен.Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да,дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті.Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп,аурудан сұрапты:

-Достым,аю құлағына не деп сыбырлап кетті?

Сонда ауру кісі:

-Аю құлағыма екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деп ақыл айтты,-депті.

Демек досынның тек қана қуанышқа ортақтасқанына бола«досым,досым»демей,басқа түскен қиын істе бір сынап алған абзал-ау.!

Достық ұғымына терең баға беріп,достардың арасындағы ұстануға қажетті қағидаларға келсек:

1.Достар ешқашан бір-бірін сатпауы тиіс;

2.Достар материалдық құндылықтардан гөрі,рухани құндылықтарды жоғары бағалауы қажет;

3.Достар бір-бірінің лайықты істерін көре біліп,бағалай білуі керек;

4.Достар бір-бірінің кемшілігін көріп,түзетуге кеңес беріп,көмектесуі қажет;

5.Достар бір-біріне жасаған жақсылығы үшін,қайырым күтпеуі қажет;

6.Достар көп жағдайда адалдығын сөзбен емес,ісімен дәләлдеу қажеттігін ұмытпауы тиіс.


VӀӀ.Қорытындылау

Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады.Достасудан бірлік,бірліктен тірлік,тірліктен жеңіс,жеміс,қуаныш,бақыт туады.

Олай болса,балалар,"Шын дос болу-бақыт"екен.Әрқашан достарынды сыйлап,серік,әрі адал болыңдар.

Тақырыптың мәнін ашу үшін «Шынайы достық» сөзіне ребус шешкізу.

Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.


Барлығымыз орынымыздан тұрып,шеңбер құрып,достарымызға жылы тілектер білдірейі














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы:«Шынайы досты?»

Автор: Азилханова Гулшат Баймуханбетовна

Дата: 04.11.2015

Номер свидетельства: 247804


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства