3.Табиғи материалдармен жұмыс істеу кезінде, оларды әдемілікке, ұқыптылыққа, үнемділікке,табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: табиғи материал түрлері, дайын бұйымдар, дәндер, жапырақтар, сазбалшық, тұзды қамыр, маталардың түрлері, жіптер т.б.
2 Табиғи материалдармен жұмыс.
Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.
Табиғи материалдармен жұмыс істеуде оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – сәукеле мен камзол, аяққап ,кепкен жапырақтардан жапсырма жұмыстарын, панно, гүлшоғырларын , түрлі-түсті қағаздардан аппликация, оригами, квиллинг жұмыстарын, саз балшықтан мүсіндер мен бұйымдар,тұзды қамырдан да қолөнер туындыларын жасауға болады.Тұзды қамырға түрлі –түсті моншақтар жапсырып фоторама жасауға болады.
Өте ерте заманда адамдар тағам өнімдерін алу үшін дақылдар өсіріп, оның сабағын(сабанын) қолданған және шаруашылық қажетіне пайдаланған.Сабаннан жасалған төбе жабындысы, егер дұрыс және шеберлікпен реттеліп жабылса, ондаған жылдарға жарамды қызмет етеді.
Сабаннан жасалған қалпақ, төсеніш, себет, шаруашылық керек-жарағы, балалар ойыншықтары тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
Көптеген шеберлер қазіргі кезде де сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын даярлау үшін сабанды арнайы өңдеуді үйренді. Өңдеуден өткізгеннен кейінгі сабан өте жақсы жылтырап, түсі құлпырып, реңі әр түрге енеді. Сабанның сапалысынан тоқу өнерінде әртүрлі заттарды тоқу, жапсыру, безендіру, әсемдеу жұмыстарын жасайды. Оны тігін бұйымдарында да әшекейлеуге, түстерді безендіруге қолданады.
Шеберлер сабанды маусымның соңы немесе шілдеден бастап, күз бойы, өсімдіктің масағы өсіп шыққан уақытқа дейін даярлайды.
Табиғи материалдарды қазіргі кезде 4 топқа бөледі.
1. Өсімдік материалдары (дәнді дақылдар, ағаш бүрлері, сүйекті ағаш, түрлі өсімдік ұрықтары)
2. Жануар материалдары (сүйек, жүн, тері)
3. Географиялық материалдар (тас, ұлутас, құм)
4. Пластмасс материалдар (целофан, пластмасс)
Сөзжұмбақ
1. Бұйым пішілетін зат? (мата)
2. Тігін құралы (Қайшы)
3. Белдемше бұйымының үстіңгі бөлігі (белдік)
4. Тігін құралы (ине)
5. Бұрғылау аспабы (бұрғы)
6. Ұлттық киім (камзол)
7. Үтіктеу құралы (үтік)
Сарамандық жұмыс
Қажет құралдар: қажетсіз компьютер дискісі, диаметрі 0,7см қызыл моншақтар, итмұрынның кепкен жемісі, күзгі үлкен және майда жапырақтар, жасанды гүлдер, тығын, пышақ, әмбебап желім, шам-қауыз(свечка)
2. Гүлдердің ортасына теріс жағына желім жағып, дискіге шеңбер бойынша жапсыру
3. Итмұрын жемісінің сабағына желім жағып, оларды гүлдердің арасына жапсыру. Үлкен жапырақтың екі жағына 3 моншақтан жапсыру. Шырақты қою.
Жұмысты аяқтау, қорғау
Қорытынды:
Шұғылдану іс - әрекеттері үстінде табиғи материалдарды үнемі пайдаланған дұрыс. Нәтижесінде балалардың қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.Ұжыммен жұмыс жасауға үйренеді, қауіпсіздік ережесін үнемі сақтауға дағдыланады. Берілген тапсырманы ұқыпты орындауға және үлкенді тыңдауға тәрбиеленеді.Әдемі, сәтті жасалынған жұмыстар, бұйымдар қызмет алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында мерекелік іс-шараларда көрмеге қойылып, мадақталады.