1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар және Тәуелсіз елдің өрендері!
2-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – біздің бағымыз!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Тәуелсіздік – біздің бағымыз!»»
СЛАНБЕКОВА КАРЛЫГА БОРАНКУЛОВНА
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің
тарих және география пәндерінің оқытушысы
Балқаш ауданы, Бақанас ауылы
«Тәуелсіздік – біздің бағымыз!»
І. Видио
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар және Тәуелсіз елдің өрендері!
2-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – біздің бағымыз!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 2- жүргізуші:Тәуелсіздік күні- еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
1 - жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Тәуелсіздік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2- жүргізуші:
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін, Серпін таста мұңды жүрек түндігін Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
1- жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2- жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ГИМН орындалады.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік бақытың тұрған күліп,
Ойың еркін, бүгінгі тұлғаң биік.
Тәуелсіздік көктегі шуақты күн,
Әр жүректі қуантқан нұрландырып -дей отырып,
- Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Садықбаев Данияр ағамызға құттықтау сөз беріледі.
2- жүргізуші: Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, халқымыздың қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі. 1-жүргізуші: Ия, тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды? Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты, оқиғаларды бастан кешірді. Енді осы бастан өткен, азаттық үшін күрескен тарихи оқиғаларды еске түсірейік.
«Тарихи толқау» слайд-ән
2-жүргізуші:1986 жылғы желтоқсан оқиғасы-тәуелсіздігіміздің бастауы болды. 1986 жылы жастар Отанын, жерін қорғай алатындығын көрсетіп, ел намысын аяқ асты етпеймін деп бейбіт шеруге шықты. Олар Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова және тағы басқа жастар еді. Биыл желтоқсан оқиғасына 30 жыл толып отыр.
Слайд , видео көрсетіледі.
1-жүргізуші: Бұл оқиғаны Тәуелсіздік аңсаған елдің ширыққан намысы деп бағалай отырып, желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер.
Міне, биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқанына 25 жыл. Осы жылдар ішінде саяси жүйе тұрақты, экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық Осы тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі елімізде болған айтулы оқиғалар мен жеткен жетістіктерімізге тоқтала өтсек!
1991 жыл 16 желтоқсан
ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі түралы” Коституциялық Заңы қабылданды.
1991 жылы 1 желтоқсан
Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
1992 жыл 4 маусым- ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жыл 15 қараша -ұлттық валюта теңге айналымға енгізілді.
1994 жыл -Мемлекеттік наградалар қабылданды
1995 жыл 30 тамыз -Ата Заңымыз қабылданды
1996 жыл 16 желтоқсан - “Тәуелсіздік ескерткіші” ашылды.
1997 жыл- “Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын- сүргендерді еске алу жылы” деп аталды
1997 жыл 20 қазан - ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы” Жарлығы шықты.
1998 6 мамыр -Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың “ҚР астанасы – Ақмола қаласының ҚР астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы” Жарлығы шықты.
1999 жыл10 қантар- ҚР Президентін сайлау болды. Тұнғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды
2000 жыл-“Мәдениетті қолдау жылы” және Түркістанға 150 жыл толды
2000 жыл -10 қазан -Астанда Кеден одағының қатысушы мемлекеттері басшылары Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықты (ЕурАзЭҚ) құру туралы мәлімдеме және шартқа қол қайды.
2001 жыл -Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
2002 жыл-“Денсаулық жылы” деп белгіленді.
2003 -2005 жыл- «Ауыл жылдары» деп аталды.
2005 жыл -Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2005 жылы 4 желтоқсанда болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
2006 жыл- «Тәуелсіздік таңы»сескерткіші ашылды.
2007 жыл-Қазақ тілін қолдау” жылы
2008 жыл-Қазақстанда Украин жылы
2009 жыл «Қазақ елі» монументі ашылды
2010 жыл 1-2 желтоқсан – Астанда ЕҚЫҰ саммиті өтті
2012 жыл 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
2015 жыл-Қазақ хандығына-550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың -20 жылдығы атап өтілді.
2- жүргізуші: Елбасының арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық Достық деген қасиетті ұранға Кең даланың жүрегі де үн қосты Биші қыздар биімен де үн қосты
«Украйн биі»
2 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Қазақстаным» Қорытынды:
2 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – біздің бағымыз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!