kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие тал бесіктен басталады.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен  Абзалбекова Сандугаш Кумисбековна 1984 жылды? 10 а?панында Орталы? ?аза?станны?, ?ара?анды облысыны? А?то?ай  ауданында  д?ниеге  келгенмін. Отбасымызда т?ртеуміз: жолдасым- Ербол, ?ызым - М?лдір, ?лым- Сырым ж?не ?зім. 

А?то?ай ауданында ?. Б?кейхан атында?ы ?аза?  орта мектебін  2001 жылы ая?тадым.2002 жылы  ?ара?анды ?аласына келіп,  ?ара?анды Мемлекеттік Университетіні? к?ндізгі б?ліміне о?у?а т?стім. 2007 жылы осы атал?ан университетте "валеология ж?не  биология"  маманды?ын ?здік ая?тадым.2007 жылды? жаз айында  Теміртау ?аласыны?  № 4 жалпы білім беретін орта мектебіне хатшылы? ?ызметін ат?ардым. Ал 2008 жылдан бастап осы уа?ыт?а дейін ?стазды? ?ызметімді ат?арудамын. Алда?ы уа?ытта не боларын білмеймін. Ерекше ?згерістер болып жатса толы?тыра жатармын. К??іл ?ойып о?ы?аны?ыз?а ?ЛКЕН рахмет! Алла  разы болсын !

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие тал бесіктен басталады.»



Тәрбие-тал бесіктен...

Бала тәрбиесі – әрбір отбасы, қоғам мемлекет үшін күттірмейтін мәселе. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз, ата-ананың орны ерекше. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазына, ата-анасына, құрбы – құрдастарына , олардың іс-әрекеттеріне, жүріс- тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б. қажеттіліктеріне байланысты. Тәрбие қонбайтын адам жоқ. «Сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында?» деген сұраққа жауап іздеудің өзі қисынсыз. Осы тақырыпта 8 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.

«Бала тәрбиесі үшін жауапты отбасы ма, әлде мектеп пе? Оқушы, ата – ана, мұғалім арасындағы байланыс қандай болуы керек деп ойлайсыздар?»,- деген сұрақтарға ата-аналар жауап іздеп, әр түрлі ситуациялық жағдаяттарды қалай шешуге болатыны талқыға салынды.

«Баланың жақсысы – әке шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы»,- дейді халқымыз. Бала үшін алғашқы тәрбиешісі, бас ұстазы – ата-анасы.

«Баланы тәрбиелеуші-мектеп», себебі бала таңғы 8 –ден түске дейін сабақта, одан қалса қосымша үйірмелереге қатысып жатады. Біз сонда балаға қалай тәрбие береміз? Олар ұстаздарымен бірге болады. Тек оларды ішіндіріп, киіндіргеніміз болмаса...Өнерін де, қабілетін де, білімін де мектеп жарыққа шығарады.

Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ортасы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай таза болып туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Балаға жақсы тәрбие беру үшін ең бірінші кезекте отбасы тәрбиесінен, оның басты құндылықтарынан бастаған дұрыс шығар деп ойлаймын.

Сонымен қатар оқушылар мен ата –аналардың қарым – қатынасын анықтау үшін сауалнама алынды. Онда мынадай сұрақтар болды:

  • Сіз ата-анаңыздың қандай үлгі- қасиетін алар едіңіз?

  • Ата –анаңыздың жиі айтатын тәрбиелік жақсы сөздері.

  • Ата –анаңыздың қандай жаман қылықтары ұнамайды?

  • Ата –аналарыңыз сіздерге арнайы қанша уақытын бөледі?

Осы сауалнаманың сұрақтары бойынша талдау жасалынды. Нәтижесінде ата-аналарымыздың көпшілігі өз бойларындағы қасиеттерін көрсете алмағандығы байқалды. Ата-аналар балаларына арнайы аз уақыт бөледі екен. Сондықтанда әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді ескере отырып, балалармен әңгімелескен кезде олардың пікірлерімен санасып отырған жөн.

Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі туралы жан – жақты түсінік беріп, жұмыстар жүргізіп отыру біздің міндетіміз болып табылады. Қазақстан Республикасының жастарды тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі – қоғамға пайдалы, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, еңбекқор, мемлекетіміздің болашағын гүлдендіре алатын жас ұрпақты қалыптастыру. Сондықтан еліміздің болашағы жастарымыздың заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие алуына бірлесе ат салысайық, құрметті ата-ана!


«Теміртау қ. №4 ЖББОМ» КММ әлеуметтік ұстазы С.К. Абзалбекова


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие тал бесіктен басталады.

Автор: Абзалбекова Сандугаш Кумисбековна

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258729


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства