kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Тіл халы? ?азынасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                   «Тіл-халы? ?азынасы» та?ырыбымен ?ткізілген интеллектуалды? ойынны? ма?саты балаларды Отанын с?юге, ?аза?стан Республикасыны? р?міздерін ?астерлеуге,ту?ан жерег,мемлекеттік тілге деген с?йспеншілікткерін арттыру?а т?рбиелеу.Оларды? с?здік ?орларын ке?ейту,?ойыл?ан с?ра??а толы? жауабын жеткізе білуге баулу.

Ойын технологиясы: К?ркем с?з, Ма?ал- м?телдерді ??растыру,т?сіндіру, с?ра?-жауап,с?здік,к?рнекілік, мада?тау,?орытынды ?діс-т?сілдерді пайдалану.

Б?лдіршіндер музыкалы? ?уенімен безендірілген зал?а кіреді.

Ж?ргізуші: Армысы?дар,  ?адірлі  ?она?тар,?стаздар, о?ушылар! Біз б?гін сіздерді «Тіл-халы? ?азынасы» атты ертенгілігімізге ша?ырамын. Сіздерге мы?ты денсаулы?,мол ба?ыт ж?не отбасылары?ыз?а аманды?, елімізге тынышты? тілейміз.

      Тіл- ?лт м?дениетіні? ?айнар к?зі. ?р халы?ты? ?лтты? д?ст?ріні?, сана-сезіміні?, с?йлеу, ойлау т?сіліні?,, мінез-??л?ыны?,м?дениеті мен ?дебиетіні? айры?ша белгілері тіл ар?ылы бейнеленеді.

     Тіл-?неріні? ??нын хал?ымыз ?те биік ба?ала?ан «?нер алды- ?ызыл тіл»деген.

 Балалар,?азір біз барлы?ымыз бірге хал?ымызды елдікке, тірлікке,бірлікке ша?ыратын ?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік ?н?ранын отындаймыз.

(Б?рі тік т?рып,о? ?олдарын сол жа??а кеудесіне ?ойып ?н?ранды   айтады )

Жургізуші: Мектепалды даярлы? тобыны? сыздерге дайында?ан «Тіл-халы? ?азынасы»атты интеллектуалды? ойынды тамашала?ыздар, б?л сайыста балалар ?аза?стан Республикасыны? р?міздерін,мемлекеттік тілді ?аншалы?ты білетіндерін к?рсетеді.

Орта?а сайыскерлерімізді ша?ырамыз.

(Музыка ыр?а?ымен кезекпен екі команда кіреді)

?азылар ал?асымен таныстыру.

1.

2.

3.

-Балалар,ал енді сайысты? негізгі б?лімін таныстырайын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Тіл халы? ?азынасы"»



«Тіл-халық қазынасы» тақырыбымен өткізілген интеллектуалдық ойынның мақсаты балаларды Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге,туған жерег,мемлекеттік тілге деген сүйспеншілікткерін арттыруға тәрбиелеу.Олардың сөздік қорларын кеңейту,қойылған сұраққа толық жауабын жеткізе білуге баулу.

Ойын технологиясы: Көркем сөз, Мақал- мәтелдерді құрастыру,түсіндіру, сұрақ-жауап,сөздік,көрнекілік, мадақтау,қорытынды әдіс-тәсілдерді пайдалану.


Бүлдіршіндер музыкалық әуенімен безендірілген залға кіреді.


Жүргізуші: Армысыңдар, қадірлі қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Біз бүгін сіздерді «Тіл-халық қазынасы» атты ертенгілігімізге шақырамын. Сіздерге мықты денсаулық,мол бақыт және отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілейміз.

Тіл- ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің,, мінез-құлқының,мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.

Тіл-өнерінің құнын халқымыз өте биік бағалаған «Өнер алды- қызыл тіл»деген.

Балалар,қазір біз барлығымыз бірге халқымызды елдікке, тірлікке,бірлікке шақыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын отындаймыз.

(Бәрі тік тұрып,оң қолдарын сол жаққа кеудесіне қойып әнұранды айтады )

Жургізуші: Мектепалды даярлық тобының сыздерге дайындаған «Тіл-халық қазынасы»атты интеллектуалдық ойынды тамашалаңыздар, бұл сайыста балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін,мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндерін көрсетеді.

Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

(Музыка ырғағымен кезекпен екі команда кіреді)

Қазылар алқасымен таныстыру.

1.

2.

3.

-Балалар,ал енді сайыстың негізгі бөлімін таныстырайын.

1.Команданы таныстыру

2. Сұрақ- жауап

3.Ғажайып шенбер (сұрақтар)

4. Мақал-мәтелді құрастыру

5. «Білгенге- маржан» (суреттер арқылы орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аудару)

6. Шешендік өнер. ( «Өзі туралы әңгіме», «Менің Отаным»тақырыптарына манолок дайындау)


-Ал енді бірінші сайыс

1-ші Таныстыру.

Топ басшылары дайындаған тақырыптарын айтып береді.


1-топ: Отан- менің ата-анам,

Отан-досым,бауырым.

Отан-өлкем,астанам,

Отан-аудан,ауылым.

Біздің команда «Қыран» тобы.


2-топ: Отан-туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз.

Отан-ортақ үйіміз,

Отан-көңілді ән, күйіміз.

Біздің команда «Тұлпр» тобы.


Жүргізуші: Қазылар алқасынан «Таныстыру» бөлімінің ұпайларын сұраймыз.

2-ші Есік қағылып, би кіреді

Би: Амансыздар ма,балалар! Мен Қазбек би боламын. Бұл жерде не болып жатыр?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Қазбек би, төрлетіңіз, отырыңыз бәзде бүгін Қазақстан рәміздеріне, мемлекеттік тілге арнаған «Тіл-халық қазынасы» атты сайыс өтіп жатыр,сіз бе бір үлесіңізді қосып, «Қыран»және «Тұлпр» топтарына сұрақтарыңызды қойыңыз.

Би: Ерте кезде елімізді мен сияқты билер, сұлтандар басқарған, ал қазір Президент басқарады.

Балалар мен сендерге екі сұтақтан қойайын.

Бірінші сұрағым «Қыран» тобына қойайын.

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев)

  2. Көктем мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз? (8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі және 22-наурыз)

Екінші сұрағым «Тұлпар» тобына қойылады.

  1. Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады? (Бас қаламыз Астана)

  2. Қазір жылдын қай мезгілі? (Күз мезгілі)


Би: Бәрекелді еліміздің Президенті мен бас қаласын біледі екенсіңдер. Ал енді мен әрі қарай жол жүрейін.

Жүргізуші: Сұрақтарыңызға рахмет,сау болыңыз!

Енді сайысымыздың 3-ші бөліміне көшейік.

Бұл бөлімнің атауы «Ғажайып шеңбер»

Тапсырма: Топтың басшылары кезекпен қоржында жатқан асықты алып,белгіленген сан бойынша үстелде жатқан конверттің біреуін алып жазылған сұраққа жауап беруге тиісті.

Әр топқа 3 сұрақтан беріледі

1.Қазақстан Республиеасының рәміздерін ата.

2.Қазақстан Республикасының әнұранының авторларын атаңдар. Әнін жазған кім?

3.Қазақстан Республикасының туының түсі қандай?

4.Қазақстан Республикасының туында нелер бейнеленген?

5.Қазақстан Республикасының елтаңбасында нелер бейнеленген?

6.Қазақстан Республикасының қалаларын атаңдар.

Музыкалық үзіліс: Мектепалды даярлық тобының орындауында «Ана тілім» тамашалаңыздар!

Жүргізуші: Сайысымыздың 4-ші бөліміне кезек берейік.

«Мақал-мәтелді құрастыру»

  1. Отансыз адам- ----------------------(ормансыз бұлбұл).

  2. Бірлік болмай -----------------------(тірлік болмас).

  3. Тіл тас жарады----------------------(тас жармаса,бас жарады.)

  4. Өтірік сөз ---------------------------( өрге баспас).

  5. Жақсы соз- -------------------------( жарым ырыс ).

  6. Тіліңмен жүгірме, ---------------- (Біліммен жүгір)

Көрермендермен ойын:

Тақырыбы: «Құстар»

Ойын: «Ұшты-ұшты»

Мысалы:Ұшты-ұшты, қарлығаш ұшты

(ұшақ,түлкі,торғай,қоян,көкек, доп)

Жүргізуші: Сайысымыздың 5-ші бөлімі

«Білгенге - маржан» деп аталады

Шарты: Суреттер арқылы заттарды орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

«Қыран» тобы

Тақырыбы:

«Үй жануарлары»

Лошадь-жылқы Жеребенок- құлын

Корова-сиыр Теленок- бұзау

Верблюд-түйе Верблюжонок- бота

Овца-қой Козленок- лақ

Коза-ешкі

«Тұлпр» тобы

Тақырыбы:

«Көкөністер»

Помидор-қызанақ Огурей-қияр

Морковь-сәбіз Репка-шалкан

Свекла- қызылша Картошка-картоп

Лук- пияз Арбуз-қарбыз

Капуста- орамжапырақ Перец- бұрыш

Жүргізуші: «Шешендік өнер» 6-ші бөлім сайысында топ басшылары берілген тақырып бойынша монолог құрауға тиісті.

  1. «Өзім туралы әңгіме»

Менің аты жөнім Ахметқали Әмір. Мен алты жастамын. Мен Қазақстанда,Алматы облысы Аксу ауданы Көкөзек деген ауылда турамын. Мен мектепалды даярлық тобында оқимын. Біздің сыныбымыз үлкен,таза,әдемі. Мұнда біз оқимыз, ойнаймыз. Менің отбасымда: әжем,анам,ағам,апкелерім бары және мен бармын.

  1. «Менің Отаным»

Менің Отаным –Қазақстан. Бас қала –Астана. Біздің Президентіміз- Нұрсұлтын Әбішұлы Назарбаев. Қазақстанның туы,елтаңбас және әнұраны бар.

Мен Астана қаласын жақсы көремін және Алматы каласын.


Осымен біздің дайындалған бөлімдеріміз аяқталды, қортынды сөз кезегін қазылар алқасы жиналған жалпы ұпайларды жариялауын сұраймыз.


Жеңіп шыққан топ анықталады.


Топтарды марапаттау.


Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Бірге: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие са?аты "Тіл халы? ?азынасы"

Автор: Укибаева Карлыгаш Абаевна

Дата: 18.01.2016

Номер свидетельства: 278709


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства