Та?ырыбы: «Р?міздерді ?астерлеу ?рпа?ты? міндеті»
Ма?саты:
1. О?ушыларды аса ма?ызды мемлекеттік белгілер - р?міздермен жан - жа?ты таныстыру, ?лтты? р?міздерді? ?рбір б?лшектеріне, хал?ымызды? ?ткені мен б?гінгі к?ндеріне ?ыс?аша шолу жасау;
2. О?ушылар?а мемлекеттік р?міздерді? аса ма?ызды екенін, оны ??рметпен ма?тан т?ту керектігін ??ындыру, ой ?рісін ке?ейту;
3. Отанды с?юге, р?міздерді ??рметтеуге ?йрету, ?з Отаныны? патриоты етіп т?рбиелеу.
К?рнекілігі: ?Р р?міздері, на?ыл с?здер, суреттер, Н. Назарбаевты? портреті, ?Р Конституциясы, баптар
Барысы:
М??алім: ??рметті о?ушылар! Б?гін сіздерді? назарлары?ыз?а«Р?міздерді ?астерлеу ?рпа?ты? міндеті » атты т?рбие са?атын ?ткізгелі отырмыз. Олай болса, б?гінгі т?рбие са?атымызды бастау?а р??сат еті?іздер!
?н ?ран
(Саба?ты? ма?сатымен, жоспарымен таныстырылады)
М??алім: Егеменді еліміз жер бетіндегі бас?а мемлекеттермен терезесі те?, ?ркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік р?міздер Ту, Елта?ба, ?н?ран бекітілді. Елбасымыз Н?рс?лтан Назарбаев Жарлы?ымен 4 - маусым «?Р Мемлекеттік р?міздер к?ні» болып белгіленді.
?Р Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда ?абылданды. 9 - б?лім, 98 - баптан т?рады. 9 - бабында ?Р мемлекеттік р?міздері - Туы, Елта?басы, ?н?ранны? сипаттамасы ж?не ресми пайдалану т?ртібі конституциялы? за?мен бекітілген. 34 - бапта ?ркім республиканы? мемлекеттік р?міздерін ??рметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік р?міздер белгілі бір елді? ?зіндік ?мір салтын, б?кіл болмыс ерекшелігін, айры?ша арман а?сарын, бас?алармен байланыс м?раттарын білдіреді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Мемлекеттік р?міздер"»
Тақырыбы: «Рәміздерді қастерлеу ұрпақтың міндеті» Мақсаты: 1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау; 2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту; 3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, суреттер, Н. Назарбаевтың портреті, ҚР Конституциясы, баптар Барысы: Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға«Рәміздерді қастерлеу ұрпақтың міндеті » атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ән ұран (Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстырылады) Мұғалім: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек. Мақтансаң мақтан елім деп, Тани біл елдік таңбаңды. Елтаңба, Туын, Әнұран - Тәуелсіздікке тән белгі - Қасиетті осы рәміздер. Еліме рух, мән берді, Иесі оның мына біздер,- деп тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастырамыз. Асылжан: Көк жүзінде көгілдір Гүл жайнаған мөлдір нұр. Қазақстан жалауы - Азаттықтың алауы. Желбірейді аспанда, Отан орны асқарда. Қуаныш: Ту Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің, Бейнелеген алтын шапақ күн көзін. Адалдық пен пәктік көңіл нышаны Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім. Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім, Ырымдады болса екен деп сәтті күн. Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын, Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін. Жандос: Елтаңба Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап, Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап. Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып. Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап. Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай. Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай. Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған, Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай. Асылжан: Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді арқалап, Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап. Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны, Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ. Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы, Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады. Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым, Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы. Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде, Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде. Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің, Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.
«Қазақ би»
Ән «Қазақстан»
Диас: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Жеңістерге қолбасыдай, ерліктердің жолдасындай Еліміздің әнұраны жүректерде жаңғырады. Жаршысындай даңқымыздың, жан серігі халқымыздың.
Жандарбек: Әнұраным Әйгілісің әуеніңмен әлемге, Әнұраным, пәктігіңді дәлелде. Қазағыма қайсар шабыт бергендей, Ұран болып айтыла бер әр елде. Жүрегінен орын алып елімнің, Шартараптан шарықтаумен көріндің. Әсем әнді әуеніңмен тербеткен, Белгісісің кең жазира жерімнің. Әрлі әуенің шартарапты шайқады, Күштілігін бүкіл халық байқады. Шабыт берген Әнұранды әрқашан Маңғаз елім мақтанумен айтады. Мұғалім: Мемлекеттік туымыздың авторы кім? Күмісай: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі. Мұғалім: Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім? Азамат: Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады. Тоқпан: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері. Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім? : Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады. Жандаулет: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған. 1960 жылдардың бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді. Рахмет: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған. Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келеді.
Ән «Көк тудың желберлегені»
«Ақ көгершін»
Қорытынды. Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.
Тоқмансай негізгі мектебі
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Рәміздерді қастерлеу ұрпақтың