kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты. "Армысы?, ?з Наурыз!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: "Армысы?, ?з Наурыз!"

Ма?саты: ?аза?ты? ?лы мерекесі наурыз мейрамын ?лы?тау. ?аза?ты? салт - д?ст?рін д?ріптеу.  ?р елді? ?лтты? мерекесіне ??рметпен ?арау. ?р адам?а жа?сы к??іл - к?й сыйлай отырып, адам бойында ізгілік, мейірімділік, жа?сылы? іспетті жа?сы ?асиеттерді ?алыптастыру.

(Зал ?демі шарлармен, ?анатты с?здермен безендіріледі, сахнаны? бір б?рышында ?аза?ты? киіз ?йі орнатылады, Наурыз - думан ?ні шыр?алып т?рады)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты. "Армысы?, ?з Наурыз!" »

Тәрбие сағатының жоспары.


Әзірлеген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Масалимова Гаухар Аскарбековна.

Қарағанды қаласы, №65 ЖББОМ КММ.


Тақырыбы: «Армысың, Әз Наурыз!»

Мақсаты:

Қазақтың ұлы мерекесі наурыз мейрамын ұлықтау. Қазақтың салт – дәстүрін дәріптеу. Әр елдің ұлттық мерекесіне құрметпен қарау. Әр адамға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып, адам бойында ізгілік, мейірімділік, жақсылық іспетті жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Зал әдемі шарлармен, қанатты сөздермен безендіріледі. Сахнаның бір бұрышында киіз үй орнатылады. Наурыз – думан әні шырқалып тұрады.

1-жүргізуші:

Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар халайық!
Келді наурыз сағынтып,
Қыздарға алқа тағынтып
Наурыз келсе, құт келгені халайық
Ұлыстың Ұлы күнін қарсы алайық!

2-жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойыңдар,

Бұдан кейін ойын бар.

Шашу.

1-жүргізуші:
Құрметті қауым! Жер жаһанға шуағын ала келген Наурыз мейрамы елімізге береке, құт боп дарысын. Дүниенің жанданып жарқыраған кезі Ұлыстың Ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз!
2-жүргізуші:

Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні - аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн.

1-жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күнінде әрбір жүрекке үкілеген үміт оты маздап, бақыт есігі ашылғандай болып, «аурулар айығамын, аштар тойынамын, лыпасыздар киінемін» деп келешекке сеніммен қараған. Себебі, күн мен түн теңелгенде, жаңа ай толықсып толғанда, тұрмыс пен табиғат жаңарғанда жер жүзі жайнап, көк құт көзін (өсімдік) ашқан.

2-жүргізуші:

Наурыз келді, көктем келді ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,
Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың,-дей отыра, осы Наурыз

мейрамының құрметіне арналған өзіміздің мерекелік бағдарламамызды бастаймыз.

Ән шашу. Наурыз-думан.

1-жүргізуші:
Ертең Наурыз деген түні әрбір шаңырақ үйінің төріне шырақ жағып, Қызыр баба түнін күзетіп, тілек тілеген. Бұл түні оты маздап, жарығы жанып тұрған үйге Қызыр бабаның мейірі түседі, көз қырын салады, назарынан тыс қалмай, сол үйге құт-береке қонады деп сенім білдірген.

2-жүргізуші:

Жер бетіне жақсылық ұялағанда, ұзақ пен жылқышы торғай (Нәуірзек) ұшып келген, жыл жерге түскен, Жер-ана тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген, Самарқанның көк тасы еріген. Түнгі даланы адамдарға бақ-дәулет дарытатын Қыдыр ата аралаған.

1 бала:
Сүйінші, сүйінші! Қыдыр Ата келе жатыр! Қыдыр ата келе жатыр!

1-жүргізуші:
Қуаныш, бақ тілеп еліме,
Мереке, құт тілеп жеріме.
Әлемді аралап, шарқ ұрып,
Келдің бе Әз бабам төріме!

Қыдыр ата:

Армысыңдар, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Қайғы, уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын.

Әумин!

Ал, Қыдыр ата, бүгінгі мерекемізге қош келдіңіз! Төрлетіңіз!

2-жүргізуші:
Халқымыздың ертедегі таным-нанымы бойынша күн мен түн тепе-теңдікке жеткен кезде аспанды жарып бір ғажайып гуіл естіледі. Сол үнді «әз» дейді.
Наурыз күні күннің алғашқы сәулесіне маңдай тосып, шұғыласына бөленсе, адамның ойына күш-қуат тарайды дейді.

Ән шашу.

1-жүргізуші:

Өзбек - өз ағамыз,-демей ме, қазақ. Олай болса бүгінгі мерекемізге Ташкенттен келген өз ағаларымызды жылы шыраймен қарсы алайық.
2-жүргізуші:

Мұнымен біздің қонақтарымыз біткен жоқ. Кезек күтіп Казаньнан келген татар ағайындар тұр. Оларды да қошеметпен қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұланғайыр керілсін керегесі.
Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.

Келген қонақтарымыздың құрметіне би шашу.

1-жүргізуші:

Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
2-жүргізуші:
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.
Біздің қазақ халқы да салт-дәстүрге бай халық. Қазір сіздердің құрметтеріңізге салт-дәстүріміздің бір түрі Тұсау кесуді ұсынамыз.

Тұсау кесу рәсімі.

Ән шашу.

1-жүргізуші:

Сен ортақ дастарқансың бәрімізге,
Татырған сары уыздың нәрін бізге.
Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз,
Жарылқар берекеміз сары күзде.

2-жүргізуші:

Келдің бе, Әз Наурызым – Жаңа күнім!
Оятып бәйшешекті – дала күнін.
Көп болса қандай жақсы болар еді,
Жүректі жадыратар жаңалығың.

1-жүргізуші:

Әз Наурыз келген болсаң төкші нұрды,
Естіртпе сен әзірше әнді мұңды.
Бағзыдан әдетіміз бойға сіңген,
Күтетін зор үмітпен Жаңа жылды.

2-жүргізуші:

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.

1. Көкпар
Для данного состязания требуются несколько участников не казахской национальности. Вы должны отвечать на вопросы по очереди, кто наберет большее количество правильных ответов, тот является победителем состязания. Готовы?
Вопросы:
1. Когда отмечаем Наурыз?
2. Что означает слово “Наурыз”?
3. Какое блюдо готовят на праздник?
4. Первая столица Казахстана.
5. Переведите на казахский слова: праздник, новый, радость.
6. Из скольки ингредиентов состоит “Наурыз коже”?
7. Какие вы знаете национальные казахские игры?
8. Какие знаете традиции?
9. Как поздравляют друг друга люди в этот праздник?
10. В каких странах еще отмечают этот светлый праздник?
11. Какое число у казахов считается магическим и удачным?
12. Священная книга мусульман.
13. Из каких составных частей состоит юрта?
14. Как называется генеалогическое древо у казахов?
15. Бий Среднего джуза.
16. Как называется древнейший закон казахов, составленный Тауке ханом и 3-мя известными биями?

Жауаптары:
1. 22 наурыз.
2. “Жаңа күн”.
3. Наурыз көже.
4. Орынбор.
5. Мереке(мейрам, думан, той), жаңа, қуаныш.
6. Состоит из 7 ингредиентов.
7. Алтыбақан, Қыз қуу, Көкпар, Аударыспақ, Бәйге, Теңге алу, Тақия тастамақ...
8. Тұсаукесер, шілдехана, бесікке салу, атқа отырғызу, қыз ұзату, сыңсу, беташар и другие.
9. Поздравляющий говорит: «Наурыз мейрамы кұтты болсын!» («Пусть праздник Наурыза будет счастливым!»), принимающий поздравления отвечает «Бірге болсын!» («Да будет вместе!»).
10. В настоящее время Наурыз отмечается, как государственный праздник: 21 марта в Иране, а также в Азербайджане, Албании, Афганистане, Грузии, Иракском Курдистане, Индии, Киргизии, Македонии, Турции, Туркменистане и в Узбекистане — а также в Казахстане — 21—23 марта и в Таджикистане (4 дня). Наурыз также празднуется на местном уровне в Татарстане, Башкортостане.
11. 7 саны.
12. Құран.
13. Киіз үй состоит из деревянного каркаса и кошомного покрова. Каркас юрты состоит из трех частей: кереге (решетчатый остов), уық (жерди, подпирающие верхний круг), шаңырақ (верхний круг).
14. Шежіре.
15. Қазыбек би.
16. “Жеті жарғы”.

1-жүргізуші:

Қазақтың тойы ойын-сауықсыз өтпеген, ағайын. Олай болса, ортаға әр бірлестіктен бір-бір мергеннен шақырамыз. Асық ату ойыны. Келіңіздер, ұялмаңыздар, төрлетіңіздер.

2-жүргізуші:

Асығымызды атып болсақ, онда қызымызды қуатын да кез келді. Қыз қуу ойыны. Ортаға жас қыздарымыз бен айбарлы жігіттерімізді шақырайық.

1-жүргізуші:

Сен бізге құт болып кел, бақ болып кел,
Адалға ақиқатқа жақ болып кел.
Жамандық, қасіреттен ауылы алыс,
Жыл болшы бетегіне шаттық ерер.

2-жүргізуші:
Сәулеңді, шуағыңды аямашы,
Сәбидей жас-кәрімді аялашы.
Құтты қонақ секілді емін-еркін,
Даламды, тау-тасымды аралашы.
1-жүргізуші:

Кел, Наурыз! Құшағымды ашып тұрмын,
Қуанып сен келген соң тасып тұрмын.
Жылуды, жылылықты сағындым ба,
Әйтеуір, ғашық қылдың, ғашық қылдың...

Вокал. «Қазақтың дастарханы»

1-жүргізуші:
Кел, наурызым, шық төріме думандат,
Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.
Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,
Халқым да бір жадырасын сайрандап.

2-жүргізуші:
Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,
Қырға шығар, жамағатты жетелет.
Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,
Наурыз келген, көктем келген екен деп.

1-жүргізуші:
Кел, наурызым, берекелі жыл басым,
Мәңгілікке замананың құрдасы.
Жылда мені қуанышқа бөлейсің,
Ғасырлардың және менің сырласым.

2-жүргізуші:

«Ұлыс береке әкелсін!»

«Ақ мол болсын!»

1-жүргізуші:

«Наурыз құтты болсын!

«Қызыр дарысын, бақ қонсын!»

Барлығы бірге:

«Ұлыс оң болсын, қайда барсаң жол болсын!»

Кездескенше, құрметті ұстаздар!

Наурыз құтты болсын!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Т?рбие са?аты. "Армысы?, ?з Наурыз!"

Автор: Масалимова Гаухар Аскарбековна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172773


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства