Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты: "Ана тілім -арда?ым!" »
6-сынып
Сынып жетекшісі:Бидахметова Альмира Муратовна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана тілім – ардағым!»
Тәрбие сағатының мақсаты:Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Дамытушылық: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Адам баласы шыр етіп өмір есігін ашқаннан бастап, әрқандай бәр жан пендесіне отанға, елге, жерге, отбасына деген терең сүйіспеншілік махаббат болады. Қазақ тілі-өзінің даласындай кең пішілген жайдарлы да, жалпақ тіл. Тіл-ұлттың қазынасы, оның басты ерекшілігі. Сол себептен тіл мен ұлт: тіл туралы сөз қозғалса, міндетті түрде ұлт мәселесі бірге тұрады. «Тілін білмеген, түгін білмейді» дейді Ғ. Мүсірепов .
Мұғалімніңсөзі: Құрметті оқушылар, бүгін біз 2 топ: «Тапқырлар», «Зеректер» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады.
Әділ қазылар алқасын сайлау.
1. «Қайырлы таң» бекеті Екі топтың сәлемдесуі. Танысу.
2. «Үміт» бекеті. Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
Шешеннің тілі...
Бал тамған тілден...
Ақыл көркі ...
Ана сүті...
Жақсы сөз...
Жақсыға сөз ілеседі...
Тілін білмеген...
Аяққа кісен салуға болар...
3. «Қайрат» бекеті . Қызықты грамматика.
А) Мына сөздердің ішінен диалект сөздерді көрсет:доға, жәшік, қамыт,сұлтан, пиала, нән, зейнеткер.
Ә) Қай шылаулар дефис (-) арқылы жазылады?
-мен,-және,-ау,-да,-мыс,-ақ,-пен,-ды.
Б) Ұрсу, зекіру сөздерінің синонимі.
В) Тұрақты сөз тіркесін жаз. (бетіне оты шығу, көз қорқақ, қол батыр, ойыннан от шығу, ит өлген жер)
Г) Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жаз: текст, буын, дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем.
Д) Әзіл сұрақтар:
Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды?
Қорқақ неден қорқады?
Тауық түс көре ме?
Қарғыстың ең жаманы не?
Тастың жеңілі бола ма?
Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?
Қандай кілт аспанда болады?
Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты?
4. «Ғалым» бекеті. Тест сұрақтары.
1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
А) 1987ж. 17 қараша
В) 1989ж. 22 қыркүйек
С) 1990ж. 13 маусым
Д) 1992ж. 15 қазан
Е) 1991ж. 17 қыркүйек
2.Тіл білімінің негізін салған кім?
А) Ш.Уәлиханов
В) М. Жұмабаев
С) А. Байтұрсынов
Д) Ы. Алтынсарин
Е) А. Құнанбаев
3.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
А) хинди
В) араб
С) португал
Д) испан
Е) түркі
4. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарының авторы кім?
А) Қ. Мырзалиев
В) Ә. Тәжібаев
С) С. Торайғыров
Д) М. Шаханов
Е) М. Мақатаев
5.Облысымыздың ақтаңгер ақыны С. Ғабдуллин атамыздың өлеңдер жинағы қайсысы?
« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.
Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды». С.Негимов пікірі. Сондықтан...
Жалғастыру...
Әділ қазылар алқасына сөз, топтарды мадақтау.
Қорытынды:
1-жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.