kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыр с?хбат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Сыр с?хбат»
Ма?саты: Кездесуге ша?ыр?ан адамны? жа?а ?ырларын білу, о?ушылар?а ?лкенді сыйлау?а, тапсырманы орындау?а, бас?аларды? балалы? ша?ымен ?з ?мірін салыстырып, ?мірге, адамдар арасында болатын т?рлі жа?дайлар?а баса назар аударып, олар игерген маманды? т?рлерін біліп, т?сініп, ?з бетінше ой ?алыптастырып, жа?а ?мірге, маманды??а, бейімділікке т?рбиелеуге ?йрету.

Кешті? ?она?ы: мектебімізді? ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыр с?хбат »

Тақырыбы: «Сыр сұхбат»
Мақсаты: Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, оқушыларға үлкенді сыйлауға, тапсырманы орындауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірге, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға баса назар аударып, олар игерген мамандық түрлерін біліп, түсініп, өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеуге үйрету.

Кештің қонағы: мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Имашева Айгүл Ақошқызы.
Кештің алғашқы беташар сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Біздің бүгінгі кешімізге орыс тілінде оқытылатын сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Имашева Айгүл Ақошқызын қонаққа шақырған болатынбыз. Кешіміз сұхбат ретінде өтеді, арнайы сұрақтар дайындадық, тапсырмаларымыз орындалады деп ойлаймыз, Айгүл Ақошқызы ортаға келіңіз, төрге жайғасыңыз.
Қонақ арнайы дайындалған орынға отырады.

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Әрқашан ойлайтыны бала қамы.
Баладан ұстазына мың - сан алғыс,
Өйткені ұстазының ақ арманы.
Қажиденова Ақгүлдің орындауында «Ұстазым» әні орындалады.
Ұстазды алып десе, сияды шын,
Басқаға қалай ғана қияды ішің.
Шәкірті бәйгелерден озып келсе,
Жар салар жасыра алмай қуанышын.

Сөк мейлі, сен оларды, сөкпе мейлі,
Лайық менің балам ерге дейді.
Ұстазың бір сабақтан «мұның не» деп,
Баладай бір - біріне өкпелейді.

Ол менің «ұлым менен, қызым» дейді,
Естісе олар жайлы елеңдейді.
Отырар тілекшің боп, есейсең де,
Қайырылып қалмасыншы «кемең» дейді.

Сыр сұхбат кешінің қонағы өмірінен мәлімет беру
Ендеше ол адамның өмірбаянымен таныс болайық.
/дайындалған слайд көрсетіледі/

Сұрақ - жауап 
Олай болса, бүгін оқушылардың сізге арналған сұрақтары бар екен, сіз сол сұрақтарға жауап берсеңіз!

- Бала кезіңіздегі арманыңыз?
- Туған жер сізге несімен ыстық?

  • Алғашқы ұстазыңыз кім еді, біз танимыз ба?

  • Сіз осы саладан басқа мамандық иесі болғыңыз келді ме?

  • Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

  • Өз қызыңыздың мұғалім болғанын қалар ма едіңіз?

  • Алдағы армандарыңыз жайында айтыңызшы?

  • Әдебиетші, қазақ тілінің маманысыз, өз жаныңыздан шыққан шығарма бар ма?

  • Сыйласатын достарыңыз кімдер?

  • Қай ақын немесе жазушылардың шығармаларын сүйіп оқисыз?

  • Бастауышта жаттаған өлеңдеріңіз?

  • «Қызға қырық үйден тыйым» сөзін қалай түсінесіз?

  • Мектептегі қызыңыздың сабақтарына қатынасып тұрасыз ба?

  • Ән салып беріңізші?


«Менің қызықты бір күнім» бөлімі
Басыңыздан өткен қызықты оқиғаларыңызды оқушыларға баяндап берсеңіз.

Көрермендермен ойын 
Келесі бөліміміз оқушылар мен сіздің араңызда ойын ұйымдастырылады. Алдыңызда 7 сан бар, әр санның артында сұрақ жасырылған. Сол сұрақтар оқушыларға қойылады және әр санның артында бір өнер түрі жазылған. Сіздің бойыңызда осы 7 өнердің қайсысы жаныңызға жақын болса, сол өнерді бізге орындап берсеңіз.
1. Ән 2. Жаңылтпаш айту. 3. Би.
4. Пародия. 5. Әртістік шеберлік. 6. Мәнерлеп оқу. 7. Шаш өру

«Смайликтер» 
Келесі бөлімімізге көшсек, сізге қазір смайликтер беріледі. Сіз сол смайликтердің біреуін таңдап, бүгінгі бағдарламадан қандай көңіл – күй алғаныңызды эмоция арқылы көрсетсеңіз.


Қорытынды
Міне, оқушылар бүгінгі қонағымызды басқа да қырынан тани алдық деп айтуға болады. Яғни А.А.Имашева қамқор ана, ұстаз жан- жақты, бір сөзбен айтқанда «Сегіз қырлы, бір сырлы» жан екенін байқадық.
Осымен бүгінгі сыр- сұхбат бағдарламасы аяқталды.
Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!















Новенький орта жалпы білім беретін мектебі













СЫР СҰХБАТ

Сыныптан тыс шара









Дайындаған: Такаева Толғанай Темірболатқызы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Сыр с?хбат

Автор: Такаева Толганай Темирболатовна

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 202074


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства