kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сыныптар аламаны" интелектуалды ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л интелектуалды ойынны? ма?саты: Білімділік- о?ушыларды ?аза? тілінде ауызекі тілде еркін с?йлеуге ?йрету; ?аза?ша байланыстырып с?йлеу да?дыларын ?алыптастыру; с?ра?тар?а тез,д?рыс жауап беруді ме?герту, тапсырмаларды шешу ар?ылы о?ушыларды? білімдерін шындап, ой- ?рісін ке?ейту.

Дамытушылы?- о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін, ауызша, жазбаша с?здік ?орын дамыту; білімге деген ??штарлы?ын арттыру,, ?з ойларын д?рыс жеткізуге да?дыландыру;

Т?рбиелік-о?ушыларды? мемлекеттік тілге деген ??штарлы?ын арттыру; отаншылды??а, мемлекеттік тілге деген??рметке, к?птілді маман болу?а т?рбиелеу, тілді? ?шт??ырлы?ын насихаттау. Б?л интелектуалды ойын сайыс т?рінде ?теді.П?наралы? байланыс: ?аза? ?дебиеті, ?аза?стан тарихы,орыс тілі, а?ылшын тілі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сыныптар аламаны" интелектуалды ойыны »



Интеллектуалды

Ойын


«Сыныптар аламаны»






Дайындаған және өткізген:

Абдрахманова З.Ғ.












Центральный ОМ

Мақсаты:

Білімділік- оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту, тапсырмаларды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шындап, ой- өрісін кеңейту.

Дамытушылық- оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорын дамыту; білімге деген құштарлығын арттыру, , өз ойларын дұрыс жеткізуге дағдыландыру;

Тәрбиелік-оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылдыққа, мемлекеттік тілге дегенқұрметке, көптілді маман болуға тәрбиелеу, тілдің үштұғырлығын насихаттау.


Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы,орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілік: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, буклеттер

Сабақтың эпиграфы:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар.

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар. Бүгін біз осы залда қазақ тілі апталығын атап өтуге жиналып отырмыз.

Дорогие, ребята, уважаемые коллеги и гости. Мы рады приветствовать Вас на сегодняшней интелектуальной игре «Сыныптар аламаны ». Казахстан многонациональное государство. Все народы, населяющие его равноправны.Каждый язык- это целый мир.Язык- это живая душа народа, его радость, боль, память,сокровище.Нет такого языка, который бы не заслуживал уважения. Народная мудрость гласить: « Изучить другой язык, значит прожить вторую жизнь».


Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.


Тауды биік деме сен

Талаптансаң шығарсың

Жауды мықты деме сен

Білімді болсаң жығарсың - дегендей бүгінгі «Сыныптар аламаны» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. Бұл білім сайысына 9,10,11- сынып оқушылары қатысқалы отыр. Олар 1-топ « », 2-топ « »,

3-топ « »


Сол сияқты әділ қазылар алқасымен таныс болайық:



Ойын барысы:

1. Топты таныстыру

2. « Бәйге»- сұрақтарға жауап беру.

3. « Сөз мәйегі- мақал»- мақалды толықтыру.

4. «Полиглот»- сөздерді үш тілге аудару

5.« Кім жылдам»- сөйлем құрау.

6. « Кім тапқыр»- сөз құрау

7. « Жорға»-топ басшылар сайысы

8. « Қай септік»- тестілеу

9. Қорытындылау, марапаттау


1-бөлім. Таныстыру.

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

Топтың аты, ұраны, төсбелгі (5 ұпаймен бағаланады)


2- бөлім " Бәйге" (әр топқа 10 сұрақтан қойылады, 1 ұпайдан бағаланады)

1-топ сұрақтары

1. Мемлекеттік рәміздерді ата(елтаңба, әнұран, ту)

2. Еліміздің астанасы тұрған өзен (Есіл)

3. Абайдың шын аты кім? ( Ибраһим)

4. ҰОС-на қатысқан қазақ қаһарман қыздары (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)

5. « Подлежащее» деген не? ( бастауыш)

6. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

7. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл Жабаев)

8. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қай? қандай?)

9. ҚР-ның туының авторы (Ш.Ниязбеков)

10. ҚР-ның тәуелсіздігіне неше жыл? ( 21 жыл)


2 топ сұрақтары

1. «Абай жолы» романының авторы (М.Әуезов)

2. Күз айларын ата ( қыркүйек, қазан, қараша)

3. Тұрлаусыз мүшелерді ата? (бастауыш, баяндауыш)

4. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата. ( Абай жолы)

5. Бір жылда неше күн бар? ( 365)

6. Абайдың қанша қарасөзі бар? (45)

7. Ата Заң күні қашан? ( 30 тамыз)

8. Жалғаудың неше түрі бар? ( 4)

9. «Бес Арыс» деген кімдер? ( Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек,Мағжан,Міржақып)

10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

3- топ сұрақтары

1. ҚР-ның елтаңба авторлары (Шота-Аман Уалиханов, Ж. Мәлібеков)

2. Бір айда қанша апта бар? ( 4)

3. 30 тамыз қандай мереке? (Конституция күні)

4. «Аз и Я» кітабының авторы (О.Сүлейменов)

5. Әл-Фараби өмірге келген қала. ( Отырар)

6. Астана қаласының символы (Бәйтерек)

7. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан? ( 22 қыркүйек)

8. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? ( Ы. Алтынсарин)

9. Әнұранның авторларын атап бер. ( Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев)

10. Алматы қаласының бұрынғы аты (Верный)


3 бөлім « Сөз мәйегі- мақал. Бос нүктені толықтыру. 5 ұпаймен бағаланады.


  1. Туған жердей жер болмас....

  2. Жүз сомың болғанша...

  3. Отан....

  4. Отансыз адам....

  5. Өнер алды...


4 бөлім « Полиглот» - үш тілге аудару.

Ең бай адам- көп тілді еркін меңгерген адам. Ал, көп тілде еркін сөйлейтін адамды- ғылым тілімен « полиглот» дейміз. Елбасының талабы бойынша, біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек.Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын. Оны тексеру үшін сендерге берілген сұрақтарға жауаптарды қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударындар.


  1. Қазір жылдың қай мезгілі? ( көктем- весна- spring)

  2. Бүгін аптаның қай күні? ( сейсенбі- вторник- Tuesday)

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ тілі- казахский язык- Kazakh language )

  4. Көктемде не ериді? ( қар- снег- snow)

  5. Оқушыларға кім сабақ береді? ( мұғалім-учитель- teacher)


5 бөлім « Кім жылдам» - шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау.

Әр топқа қима қағазда жажылған сөздер таратылады, қай топ жылдам сөйлем құрайды.


  1. бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.

  2. біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың.

  3. Республикасының, Қазақстан, азаматымын, мен.


6 бөлім « Кім тапқыр»- берілген сөзден сөздер құрау, ең көп сөз құраған топ. Ойын 10 ұпаймен есептеледі.

« Қарлығаш» сөзінен құрау.


7 бөлім « Жорға»- топтар берілген тақырыптар ішінен, өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды.


Ұсынылған тақырыптар:

1. Менің отбасым.

2. Менің досым.

3. Менің мектебім.

4. Менің ауылым.

5. Менің күн тәртібім.


8 бөлім « Қай септік» атты тест жұмысы. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.


1. Барыс септікті сөз тіркесін тап:

а) қаладан келді;

ә) қаланың адамы;

б) қалаға барды;

в) қалада тұрады;


2. Көмектес септікті сөз тіркесін тап:

а) қаламды алдым;

ә) қаламның сиясы;

б) қаламмен жаздым;

в) көп қалам;


3. Табыс септікті сөз тіркесін тап:

а) ауылдың малы;

ә) ауылға бардым;

б) ауылдан келдім;

в) ауылды жақсы көремін;


4. Шығыс септікті сөз тіркесін тап:

а) оқушымен келді;

ә)оқушыдан сұрады;

б)оқушыны көрді;

в) оқушыға қарады.;


5. Жатыс септікті сөз тіркесін тап:

а) мектепке келді;

ә) мектептен қайтті;

б) мектепті бітірді;

в) мектепте оқиды

Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау.


« Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,» - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Сыныптар аламаны" интелектуалды ойыны

Автор: Абдрахманова Зауреш Галижановна

Дата: 25.02.2015

Номер свидетельства: 178645


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства