kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс іс шара "Жігіт с?лтаны"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сынып ?лдары арасында ?ткізілген сыныптан тыс іс шара. 

Ма?саты:Ер балаларды? бойында?ы жа?сы ?асиеттерді ?нерді, білімді сырт?а шы?ару.О?ушыны сахынада ?зін м?дениетті ?стау?а ?йрету.?зара м?дениетті с?йлеуге баулу.?дептілік пен с?лулы??а ?йрету.

О?ушылар?а хал?ымызды? ?асырлар бойы келе жат?ан ?дет-??рып, салт-д?ст?рін,ата-баба д?ст?рін  ??рметтеуді, Отанды с?юге, Атамекеніне деген с?йіспеншілігін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс іс шара "Жігіт с?лтаны"»

Жігіт сұлтаны.

Мақсаты:Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді өнерді, білімді сыртқа шығару.Оқушыны сахынада өзін мәдениетті ұстауға үйрету.Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу.Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.

Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрін,ата-баба дәстүрін құрметтеуді, Отанды сүюге, Атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Бағдарлама:

І. Таныстыру

ІІ. Сұрақ- жауап

ІІІ. Өз өнері

IV. Күш сынасу.



АҚТӨРЕ:

Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! 4 «ә» сыныбы ұйымдастырған «Жігіт сұлтаны» атты сайысымызға қош келдіңіздер!



ЖАНЕРКЕ:

Нағыз кәусәр жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!



АҚТӨРЕ:

Олай болса сайысымызға қатысып бағын сынағалы тұрған сайыскерлерімізді қошеметпен сахына төріне шақырамыз...

Ұлдар шығады барлығы.

ЖАНЕРКЕ:

«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

АҚТӨРЕ:

Сайысқа қатысушы қырандарымызға сәттілік тілеп, бойларындағы қобалжуды сәл де болсын басу үшін алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің мүдірі Муканова Мағиза Какашқызына береміз.

Ұлдар кетеді бәрі.

1 номер.

ЖАНЕРКЕ:

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін

Бәсекге түскен төрт жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.



Олай болса, 3 «а» сыныбының намысын қорғап келіп отырған ..................... сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз!



АҚТӨРЕ:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Ел намысын қорғамақ болып келіп отырған 3 «ә» сыныбының оқушысы Кеңесхан Адай шықсын ортаға



ЖАНЕРКЕ:

Ақыл- көрік бір бойыма жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтемін.

Мына отырған баршаңызға өзімді

Тез арада таныстырып өтемін -деп келіп тұрған 4 «а» сыныбының оқушысы Сағидолла Диасты шақырамыз.


ЖАНЕРКЕ:

Өзі сыныптың спорт секторы, шахмат десе алдына жан салмайтын, апасы мен атасының еркесі, сыныптың серкесі, бұл кім болды екен?



АҚТӨРЕ:

Әрине, сен біздің Темірланды айтып тұрсыңғой.



ЖАНЕРКЕ:

Олай болса,

Нағыз кәусәр жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,- шақырайық ортаға 4 «ә» сыныбының серкесі Жомарт Темірланды шақырамыз


ЖАНЕРКЕ:

Мықты болсанң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

АҚТӨРЕ:

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер күлімде- деп «Көркіне ақылы сай » деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.

Ұлдар бәрі бірге шығып, билет алып сұраққа жауап береді.

2 номер.





АҚТӨРЕ:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай-ақ жан салыпты- дей келе «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.


4 «а» Диас- би

3 «ә» Адайхан- ән

3 «а» Жәнібек - каратэ

4 «ә» Темірлан- би


ЖАНЕРКЕ:

Әй, ер жігіт, ер жігіт,

Әй, өр жігіт, ер жігіт,

Атыңа ерік бер, жігіт.

Күшіңді көрсет ер жігіт!- дей отрып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз.


Ұлдар шығады барлығы. Қол күрестіреді.


АҚТӨРЕ:

Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті.


ЖАНЕРКЕ:

3 номер.

Қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша, .....................................

орындауында «..........................» әнін қабыл алыңыздар.


Бүгінгі сұлтандарымыздың бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусындейміз.

Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!























  1. Тапсырма. Мақал-мәтелді жалғастыр.

Отанға опасыздық еткенің,

..ӨЗ ТҮБІҢЕ ӨЗІҢ ЖЕТКЕНІҢ.. .

  1. Тапсырма.Жұмбақты шеш.

Маң-маң басып келеді,

Тапырақтап желеді.

Мойны ұзын, үсті тау,

Ертеден елге бел еді. ( ТҮЙЕ)

  1. Тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр еді, мен екеуін өшіріп тастадым. Неше майшам қалды? ( 2 МАЙШАМ ҚАЛДЫ, СЕБЕБІ ҮШЕУІ ЖАНАП КЕТЕДІ.)



  1. Тапсырма. Мақал-мәтелді жалғастыр.

Ерді намыс өлтіреді,

.ҚОЯНДЫ ҚАМЫС ӨЛТІРЕДІ... .

  1. Тапсырма.Жұмбақты шеш.

Қоян жақты, тақыр жонды,

Төрт тұяқ, екі аяқ, екі қолды.

Салпы ерін, өзі жүйрік,

Кең омырау, жуан құйрық. (ЖЫЛҚЫ)

  1. Тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата, ол қай жылы қабылданды? 1992 ЖЫЛЫ 4 МАУСЫМДА



  1. Тапсырма. Мақал-мәтелді жалғастыр.

Шеше көрген тон пішер,

..АКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР.. .

  1. Тапсырма.Жұмбақты шеш.

Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт жаптырмағы бар.

Бір шыбыртқысы бар. (СИЫР)

  1. Тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Ат әбзелдерін ата.

ЕР ТОҚЫМ, ҮЗЕҢГІ, НОҚТА ҚАМШЫ, АЙЫЛ, ШЫЛБЫР Т.Б



  1. Тапсырма. Мақал-мәтелді жалғастыр.

Досы көпті жау алмайды,

.АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ.. .

  1. Тапсырма.Жұмбақты шеш.

Төрт тағанда бойы бар,

Момындық дұрыс ойы бар.

Кербезденіп жүрмейді,

Айналдырған тоны бар.( ҚОЙ)

  1. Тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Ер қаруы бес қару. Осы бес қаруды атап бер.

НАЙЗА, САДАҚ, ҚАЛҚАН, ҚЫЛЫШ, АЙ БАЛТА.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Сыныптан тыс іс шара "Жігіт с?лтаны"

Автор: Екібасова Рысжан Ай?ын?ызы

Дата: 13.03.2016

Номер свидетельства: 305058


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства