kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып сағаты:"Армысың әз-наурыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптарға арналған сынып сағаты:"Армысың әз-наурыз"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты:"Армысың әз-наурыз"»

Сабақтың тақырыбы: Армысың әз-Наурыз!

Сабақтың мақсаты:-Оқушыларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.

-Оқушыларды Наурыз жыл басы екенін білуге,оның қандай ерекшеліктері бар екенін білуге,оның маңызын түсіне білуге үйрету.

-Оқушыларды халықтық,ұлттық мерекелерді білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:түсінік беру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгіме

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:наурыз туралы суреттер,слайдтар,мақал-мәтелдер,ұлағатты сөздер

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:

Жаңа сабақ:Армысың әз-Наурыз!



Көктем келді,құстар қайта оралды,

Табиғатқа күн шуағы таралды.

Жер көгеріп,жаңбыр жауып аспаннан,

Бұлбұл құстар әуелетті бір әнді.



Шамалы күннен кейін Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз табалдырықтан аттайды.

Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам.Мұның жер бетінде қашаннан бері тойланып келе жатқанын дәл айту қиын.

Наурыз-күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.



Жер-Ана да мұны көріп қуанып,

Гүлдер өсіп көрген жұрттар тамсанған.

Алма ағаштар бой көтеріп көгеріп,

Наурыз тойы айналаға нұр шашқан.



Кезінде Наурыз да саясат құрбанына айналды.1920 жылы халық Наурызбен қайта қауышты.1926 жылы асыра сілтеушілік салдарынан мейрамды атап өту тағы да күрт тоқтатылды.Арада 62 жыл өткен соң Наурыз тойы тұңғыш рет тойланды.1989 жылдан жыл басын жалпы халық болып қарсы ала бастадық.

Халқымыз Ұлыстың ұлы күнін жыл басы санайды.Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетінде жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні-ұлыс күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» тәрізді басқа да сөз оралымдары бар.



Наурыз тойың құтты болсын қазағым,

Жаңа жылда ұмытылсын реніштің барлығы.

Ақ ниетпен жасалған ақ дастарқан үстінде,

Әрқашан да ағытылсын ақ тілектер ағыны.



Наурыз күні адамдар пендешілік атаулыдан тазарып,бір-біріне мейірім нұрын төккен. «Ұлыс күні алдыңа келсе,атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық-жай адамның ісі,жамандыққа жақсылық-ер жігіттің ісі», «Таспен атқанды аспен ат» секілді нақылдарды ту еткен үлкендер ренжіскен ағайын,дос-жарандарды табыстырған.Сөйтіп,ел бірлігін күшейткен.

Ұлыс оң болсын!Ұлыс береке берсін!

Күн мен түн теңелетін,Самарқанның көк тасы жібитін, «Көгіне күнін өрлетіп,ешкі мен қойын төлдетіп,қаймақ пен сүтін көлдетіп» келетін 22 – наурыз Шығыс халқында жыл басы.Бұл жөнінде ұлылардан қалған ұлағатты сөздер көп.

Абай: «Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып,Наурызнама қыламыз деп,тамаша қылады екен.Сол күнін «ұлыстың ұлы күні» дейді екен.».

Шәкәрім: «Наурыз» парсы тілінде Жаңа күн деген сөз.Ескі қазақта (ескі түрікте) Жаңа жыл күнінің аты-Ұлыс.Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау: «Ұлыс күні қазан толса,ол жылы ақ мол болар.Ұлы кісіден бата алса,сонда олжалы болар»,-деген ескі мақал.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Наурыз-қазақша жыл басы.Бұрынғы кезде һәр елде наурыз туғанда мейрам қылып,бас асып,қазан-қазан көже істеп,ауылдан-ауылға,үйден-үйге жүріп, кәрі-жас,қатын-қалаш,бәрі де мәз болып,көрісіп,араласып қалушы еді.Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді.Хұтты наурыздың қай айда,қай күні болуы хақында һәр түрлі сөйленеді.Біреулер Наурыз марттың бірінде,екіншілері тоғызында келеді деседі,һәр жұрттың белгілі күнде жаңа жылы туады,ескі жыл бітіп,жаңа жыл басталғанда: «Жаңа жыл қайырлы болсын!Жаңа бақыт нәсіп болсын!» деп құттықтасады,ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді.

Міржақып Дулатов: «Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады.Мәселен,дін мейрамы,ұлт мейрамы,мемлекет мейрамы секілді.Өзгелерді былай қоя тұрып,өзіміздің сыбайласымыз орыс ұлтын алсақ,бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп,қазақта айран көп».Біздің қазақ айранға бай болғанымен;мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді.Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза,құрбан айттарын есепке алмағанда,бізде жалғыз-ақ мейрам бар,ол-Наурыз.



Ұлы көктем әрқашан да жайнасын,

Адамзаттың жүзінен күлкі-шаттық таймасын.

Әрбір жылда Наурыз тойы қуантып,

Бақыт,байлық әкелуден талмасын.



Оқушылардың жаттаған өлеңдері жалғасады.Соң тақтадағы көрнекі суреттер мен мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп өту.

Қыдыр атаның батасын алу.

Сынып сағатын аяқтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Сынып сағаты:"Армысың әз-наурыз"

Автор: Курбанбаева Маржанай Садвакасовна

Дата: 16.12.2016

Номер свидетельства: 370342


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства