Просмотр содержимого документа
«Сынып са?аты: « Салауатты отбасы-саламатты бала»»
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
«Новокаменка орта мектебі» КММ
Тақырыбы: « Салауатты отбасы-саламатты бала»
Дайындаған: 3 сынып жетекшісі
Бердибекова Болсынай Сапарқызы
Новокаменка 2016 жыл
Мақсаты: 1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру. 2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту. 3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, жұмбақтар, тыйым сөздер.
Сабақтың барысы Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар? Оқушылар: Денсаулық - Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты. Денсаулық -- тамақ ----------------- күш ----------------- тазалық - Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек
Сұрақ - жауап әдісі. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет? . Тері тазалығын сақтау.Моншаға түсіп,күніне екі рет беті-қолын жуып тұру.
.Ас ішер алдында қолыңды жуып тұру.
.Тырнақтарыңды дер кезінде алып,қолыңды,денеңді таза ұстау керек.
.Шашыңды апта сайын жуып,дұрыс күту.
.Киіміңді таза ұстауды ұмытпа.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?
Оқушылар диалогы. 1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді? 2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па? Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев Микробтар қаскүнем, Көрмесем де білемін. Ішер кезде асты мен, Қолды жуып жүрем мен.деген екен
2. «Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі»,- дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді бекер айтпаған. 1 - оқушыДәмет: Бетті, қолды сабындап, Жиі жуу пайдалы - ақ. 2 - оқушы Жансая: Нан ұстасаң, қол жумай, Нанға жұғып, ішке еніп, 3 - оқушы Динара.: Микроб жақсы көреді, Кәмпит - сәмпит шайнасаң. Тұра алмай дамылдап, Микробтар тайғанап. Микробтар көңілі жай, Отырады түстеніп. Жылдам өсіп - өнеді, Ауызыңды шаймасаң.
Дұрыс айтасыңдар балапар
Денсаулықты нығайту шы жағдайлар:Денсаулықты әлсіретуші жағдайлар
.Айқын жасалған күн тәртібі .Күн тәртібінің реттелмеуі
.Дұрыс тамақтану .Аз қимылдаушылық
.Дұрыс ұйықтау .Гигиена ережелерін сақтамау
.Дене еңбегімен шұғылдану .Тиімді тамақтанбау
.Таза ауада,күн көзінде болу .Зиянды әдеттерді қолдану
Сергіту сәті:
Жұмбақ шешу:
Аузы жоқ,көзі жоқ.
Тілі жоқ,сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар.
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
Ол судан қорқады,одан кір қорқады.(сабын)
Жылт,жылт еткен
Жылғадан өткен.(су)
Ойын «Қай заттың орыны алмасты?»
Ойынның шарты:Заттарды мұқият қарап алыңдар.Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар.
-Балалар,осы заттың ішінде адам денсаулығына не зиянды?Неліктен?