Аналар адамды бесігімен баулиды..?мірді? іргетасы соларды? ?олымен ?аланады. Егер де бір ?йде ?ыз бала д?ниеге келсе,береке,молшылы?,бейбітшілік болады,ата-анасына ?уаныш ?келеді деп жоры?ан екен.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«сынып са?аты 8 наурыз »
1-жүргізуші: Кеш жарық қымбатты аналар,арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.
2-жүргізуші: Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек емес пе?
1-жүргізуші: Иә,олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбесі анық.
2-жүргізуші: Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.
1-жүргізуші: Ендеше,бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Ануарбек:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
1-жүргізуші: Құрметті аналар,біздің мектептің,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Даниал:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
2-Жүргізуші: Бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп,әнмен әлпештеп,сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
1-Жүргізуші: Көңілдің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы қанатына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қыздарымыздың құрметіне «Ай дидарлы анашым»әнін қабыл алыңыздар.
Ахад:
Мың бұралып билеген
Арудың кім сүймеген.
Күміс көмей аруларға.
Кімдер басын имеген.
1-Жүргізуші:- дей отырып келесі кезекті биге береміз
2-Жүргізуші: Аналар адамды бесігімен баулиды.......өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе,береке,молшылық,бейбітшілік болады,ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Қазақ әйелінің дастарханы толық,қонағы ырза,дүниесі түгел.
Алдияр: Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Надир: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Адия: Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Надир: Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Камила: Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Ануарбек: Құрметті қонақтар,біздің «Ана-тіәршілік тірегі»атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Елжас: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де бірәз жерге таяп қалды.
1 жүргізуші: Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
«Отбасы –шағын мемлекет» деген сөз бар.Ынтымағы жарасқан,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ құт берекесі.Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы,қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.»