Ұйымдастырушылық-ізденістік | Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді? -Дұрыс айтасыңдар әрине. Суды адамдар неүшін пайдаланады? Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Жұмбақтар: 1 Дәміде жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. (Су) 2 Моншағым көктің, Тестімтүбіншөптін. (Тамшы) 3 Көзжасынтөгіпелжіреп, Жүредікөктекөлбіреп, Желқусакетерселдіреп. (Бұлт) Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар ал сендер білесіңдерме су қайдан, қалай пайда болатынын? Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жербетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды. Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше тәжірибелер жүргізіп көрейік. I Тәжірибе «Су — мөлдір» Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдіремес». Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі. II Тәжірибе «Суда дәм жоқ» Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін. III Тәжірибе «Судың иісі жоқ» Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады. Сергіту сәті Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық, Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,Қане, жүзіп алайық, Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық. Ал,балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енді мен сендерге бір сыйқыр көрсетейін…. I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жайғана музыка ойнап тұрады) Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шайқасық тұз. 1.Стақанға таза су құйып, суға шикі 2 жұмыртқаны стаканнан шығарып жұмыртқаны саламын.Жұмыртқаны қоя тұрып, стақандағы суға тұз саламын.су түбінебатыпкетеді. Жақсылап ерітемін. 3.Енді жұмыртқаны қайтадан тұз судың тұздылығын арттырады. Судағы осы суға саламын. Жұмыртқа тұздың мөлшері көбейген сайын оның суға батқан жоқ! тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез-келген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді. Дидактикалық ойын «Өзен, көлде не жүзеді» Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдарына түрлі түсті қима суреттерді беремін. Суреттерді ажыратып, орналастырады. Яғни, сурет бойынша жұмыс жасайды. | Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалар өз ойларын ортаға салады. Малика: Судыңда сұрауы бар. Жалғас: Су анасы — бұлақ, Сөз анасы — құлақ. Гүлмира: Судың жолын құм бөгер, Ердің жолын сұм бөгер. Әмина: Сумен ойнама — батарсың, Отпен ойнама — жанарсың. Санжар: Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу. Жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі. Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалар мұқият тыңдайды. Балалар зерттеу жұмыстарын қызығушылықпен орындады. Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен орындайды. Балалар таңданып, таңырқайды және қызығушылықпен орындайды. Ойынды қызығушылықпен ойнайды. |