kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценари "11-сынып со??ы ?о?ырау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«??ла?тан ?ні? кетпестей, Сы??ырла, со??ы ?о?ырау»  11- сыныпты? мектеппен ?оштасуы атты салтанатты жиын

Армысыздар арда?ты ата - аналар, аяулы ?стаздар, ?ымбатты о?ушылар, ?адірлі жас т?лектер! 11 жыл бойы т?рбие мен білім н?рін бойына ??йып, ?стаздарына анасындай еркелеп, балалы? ша?ын ала?сыз ?ткізген жас т?лектерді? мектебімен, ?ліппеден бастап ?мір за?дарына дейін ?йреткен ?стаздарды? ш?кірттермен ?оштасу мерекесі – со??ы ?о?ырау мерекесіне ?ош

Кеше ?ана т?лымдары желбіреп, ж?ректері л?пілдеп, мектеп ?абыр?асын имене атта?ан ?л - ?ыздарымыз ойы толып, бойы ?сіп, алтын ?я мектебімен ?оштас?алы отыр. Б?л к?н – мектеп тарихында, мектеп бітіруші т?лектер есінде м??гі ?шпесі аны?.

Жас ж?ректі? ?мірлік ??штары – г?л,

Ба?бан - ?стаз баулы?ан ??стары б?л.

?оштасып б?гінгі к?н ?ясынан

Сол ??старды? бір тобы ?ш?алы т?р, - деп алтын ?я мектебіні? табалдыры?ынан ?лкен ?мірге ?ш?алы отыр?ан мектеп бітіруші т?лектерді ??рметпен орта?а ша?ырамыз.

11 «А» сынып жігіттерін ша?ырамыз:

11 «А» сынып ?ыздарын ша?ырамыз: (?аза?ымны? арулары)

11 «А» сынып жетекшісі - ?стазын ша?ырамыз: (?стазым мені?)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценари "11-сынып со??ы ?о?ырау"»

«Беріктас ОМ МДШО» КММ

Кунафина Арай Касымхановна

10- сыныптың сынып жетекшісі

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» 11- сыныптың мектеппен қоштасуы атты салтанатты жиын

Армысыздар ардақты ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.

11 «А» сынып жігіттерін шақырамыз:

11 «А» сынып қыздарын шақырамыз: (Қазағымның арулары)

11 «А» сынып жетекшісі - ұстазын шақырамыз: (Ұстазым менің)

---------------------------------------------

Жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

Әнұран орындалады

Вальс «Қағаз кеме»

Жүргізуші: Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Мектеп директоры : Дуанаев Жақан Ноғайбайұлы.

МҰҒАЛІМДЕРДІ МАРАПАТТАУ БӨЛІМІ

Директор

Жақан Ноғайбайұлы

Мектеп басшысы

Жақсылықтың жаршысы.

Жол көрсеткен біздерге

Мың да бір алғыс сіздерге.

Сары ауыз жас балапан

Келіп едік сіздерге

Ұшырғалы отырсыз

Қанат беріп біздерге



Мектебімнің басшысы да тірегі

Барлығы оны мейірбан деп біледі

Әрқашан да басшы демей ол өзін

Ортамызда күліп, ойнап жүреді

Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі

Көріп жүрсін ауыл - елің нұрыңды

Өзіңізге бақыт тілеп өмірде

Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.

Оқу меңгерушісі: ----------------------------------------------- апайлар

Мектеп - кеме,

Білім - теңіз

Сол кеменің басшылары

Нуршат апай сияқты апайларға

Алғысымыз шексіз біздің.

Құрметті ұстаз қауымдарға

Мектеп ісің жандандырған

Еңбектерің есте жүрсін

Қаламызды таң қалдырған.

Ағылшын: ----------------------- апай

Шабыт алған ағылшынның тілінен,

Қуат алған сарқылмайтын білімнен.

Апайымыз Альбина бар

Мейірімін сезетінбіз үнінен.

Тілімізді ағылшынша сындырған,

Тез игертіп, үлкен істі тындырған.

Апайларым Лязат пен Мадинаға

Тарту еттік жырымызды нұр тұнған.



Орыс тілі: ----------------------- апай

Ағытатын кейде әзіл тиегін,

Шәкірттерін кешіретін, сүйетін.

Апай әрі ақылшымыз Галя

Шәкірт үшін шын беріліп күйетін.

Сол арқылы орыс тілін меңгердік,

Ресейді мәдениетті ел көрдік.

Орыс тілін игертуге тер төккен,

Ұстазымызды анамызбен тең көрдік.



География: ----------------------- апай

Білім берген тереңдетіп әріден,

Көп үйретті география пәнінен.

Жас та болса апайымыз Лязат

Ақыл айтып сыйласады бәрімен.



Биология: ----------------------- апай

Өзі биолог өз кәсібін біледі,

Нұрға тұнған Айкерім апайдың жүрегі.

Шәкірттерін сүйетіні соншалық,

Ұрсып тұрып шыдай алмай, күледі.



Математика: ----------------------- апай

Есте сақтап ұмытпаймыз әр үнін,

Өкінеміз, ескермедік қадірін.

Шығарады апайымыз Табиғат,

Математика есебінің барлығын.

Өзі ақкөңіл, аяғыш жан десек те

«Қызығы мол» деп шақырған есепке

Апайымды шашын түйіп жүретін,

Ұмытпаймыз шетел асып жүрсек те.

Тарих: ------------------------ апай

Шәкірттерге арнаған ол жүрегін,

Өзі сұлу әдемі боп жүретін

Затына сай Нүрбике атты апай бар

Тарих пәнін шексіз терең білетін.

Ерекше бір тілін сүйген қазақтың,

Ұрысса, күлсе естілетін ғажап үн.

Сүйінбике, Томиристей қуатты,

Ойып салған іздері бар қалатын.

Флешмоб

Өзін - өзі тану: Әлия апай

Өзімізді өзімізге танытқан

Шәкірттері осы пәннен қаныққан.

Көп үйретті апайымыз Әйгерім

Қуат алып бойындағы шабыттан.

НВП: Шамиль ағай

Шәкірттердің қайрап, ұштап жігерін

«Патриот бол» деп үнемі жүретін.

Ағайымыз Қамалбекке түлектер,

Алғыс айтып жеткізіп тұр тілегін.

ДШ: Ерік ағай

«Үш қоям» деп үшін бірақ қоймайды

Өз сабағын маңызды деп ойлайды

Жандос ағай шексіз сүйіп д/ш - ны

Шәкірттермен қызығына бойлайды.

Физика: Арай апай

Он күн жүріп үйретсе де Ом заның

Түсінбедік кей кездері ол жағын.

Ерлан ағай шәкірттерін қалайды,

Физикадан нағыз білгіш болғанын.



Технология: Табиғат апай

Салт - дәстүр мен өнер үшін жаралған,

Шәкірттері құштарланып нәр алған.

Технология пәнін сүйіп меңгердік

Апайымыз Бағдагүл мен Маралдан.



Химия: Айкерім апай

Айкерім апай химбиолог маманы

Білмесек те білі отын жағады

Қатал әрі әділдікті құрметтеп,

Шәкірттердің тілін шебер табады.

Бұрын сабақ бергендер: Алия апай, Айзада апай

Білім берген ұстаздардың

Ұмытпаймыз еңбегін

Адал болып елімізге

Ақтаймыз ұстаз сенімін.

Математика пәні мұғалімі Табиғат апай

География пәні мұғалімі Лязат апай

Тарих пәні мұғалімі Нүрбике апай

Орыс тілі мұғалімі Нуршат апай

Математика пәні мұғалімі Табиғат апай

Дене шынықтыру мұғалімі Ерик ағай

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жаңа берем

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны - бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

Алғашқы ұстаз Айман апай

Ұстаздың ұлы істері,

Жадыңда мықты жатталған.

Үйретіп жазу, оқуды

Кітап пен дәптер ақтарған.

Шахида апай еңбегі,

Жемісің беріп ақталған

Мың алғыс сізге ұстазым,

Алғашқы ұстаз ретінде,

Жүректе мәңгі сақталған.



Ән «Ұстаздарым - ау»

1 сыныптың 11 сыныпқа арнауы.

Жүргізуші: Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.

Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.

11 жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Орындалды ойыңыз,

Құтты болсын тойыңыз.



Батыр аға, мен сіздей,

Спортшы боламын.

Барлық сайысқа қатысып,

Облыстан орын аламын.

Өзімнен кішкентайларға,

Мейіріммен қараймын.

Диляра апа мен сіздей,

Әдемі қыз боламын.



Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,

Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.

Білемін мен, Нұрсұлтан аға өмірде,

Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.

Тәртіпті де, тіл алғыш,

Аманда ападай боламын.

Сабақтан себепсіз қалмаймын,

Салт – дәстүрлі сақтаймын.



Назар аға, өзі қандай сымбатты,

Ұлы ғой анасының қымбатты.

Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,

Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.

Өзі қандай ұқыпты қарашы,

Мектебімнің ол сүйкімді баласы.

Барлық іске тиянақты қарайды,

Мақтан етем мен Наргиздей апамды.



Білім, өнер, еңбек бәрі егіз, Амангүл апа,

Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.

Ақылды деп атайды бәрі сізді,

Тек биіктен Алмаз аға көрініңіз.

Дәрігер болуды армандайсыз,

Бойжеткен боп бүгін сіз қалғандайсыз.

Мектеп берген білімнің арқасында,

Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.



Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған,

Ұстаздардың бәріне жарқылдаған.

Қанат қағып барасыз Ақжан апа,

Мақсатыңа жете біл армандаған

Сіздерге жалын жүректен,

Айталық достық тілекпен.

Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оң болсын!

(1 – ші сынып оқушылары сыйлық береді)

11 - сынып:

Ақжан: Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!

Лашын: Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім саған аманат!

Рамазан: Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!

Бәнуа: Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!

Бәнуа: Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!

Аслан: Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!

Елнар: Көз қысып өтпеген Қыздар да саған аманат!

Наргиза: Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған аманат!

Барлығы: Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге аманат!

Арай апай

Ақыл - ойы таусылмайтын жыр - дастан,

Қазақ тілмен әр шәкіртке жол ашқан.

Жетекші ол апайымыз Баршагүл

Шәкірттерін сүйіп әркез, сырласқан.

Көп білетін нағыз ұстаз атанған

Шәкірттері білімінен от алған

Патриоттық дәнін еккен шәкіртке,

Класс жетекшім нағыз біздің қаһарман

Қуанады біз қуансақ балаша

Әр сабағын өткізетін жаңаша

Орын алған бізбен бірге WhatsApp - тан

Заманауи біздің апай тамаша.

Ән «Жараламағын»

Мектепке сағыныш (экранда суреттерге назар аударады)

Қашқанда да сабақтан бір қашатын,

Бақылауда көңілін мұң басатын.

Бала күннің ақтарып альбомдарын,

Сыныптастар қайдасың сырласатын.



Бәрі өзгеріп өзіңмен қатарлардың,

Есіңде ме оқушы атанған күн

Қолымыздан жетектеп қыркүйекте,

Ата - анамыз мектепке апарған күн.

Есік жаққа елеңдеп көздеріміз,

Қоңыраудың боларын сезгеніміз.

Қандай қызық кешігіп қалмау үшін,

Жүгіретін сабаққа кездеріміз.

Қызық едi - ау шынайы күлгеніміз,

Бестік алып, белсеніп жүргеніміз

Кезектесіп шаң сүртіп, еден жуып

Кезекшілік атқарған күндеріміз.

Мен айтам деп сабақты таласатын,

Бағам аз деп басқамен санасатын.

Қу қыздар - ай мектепке ерте келіп,

Ең соңынан асықпай тарасатын

Қолын қойып партаға сызып кеткен,

Оқушыны деуші едік бұзық неткен.

Қара бала кеңседе ақталып тұр,

Сары қыздың бантигін үзіп кеткен.

Сабақ сұрар уақыттың жеткендігі

Мұғалімнің түрінен беп - белгілі

Үйіп - төгіп уәденi құтылушы ек

Үй жұмысын ұмытып кеткен күні



Жұмсақтығын сездірмей сирек күлген

Ұстаздарға басымды имекпiн мен.

Ұрғаннан да бетер боп ұяласың,

Ұрыс естіп тұрғанда директорден



Сабақ үсті көп сөйлеп мазалайтын,

Оқушыны бұрышта жазалайтын.

Апайлар - ай есеп көп, уақыт аз деп,

Алақанмен тақтаны тазалайтын



Жаза алмайтын ұлдар да дұрыс атын,

Староста болсам деп тырысатын.

Ұйымшылдық жағынан бірін - бірі

Қыздар едік бірінші ұғысатын



Кіп - кішкене сөмкеге иықтағы,

Кітап, киім кетеді сыйып бәрі

Сол күндердi сағынсам, тосыламын

Жол таппаған адамдай тұйықтағы



Артта қалған естелік оның бәрі

Талай қызық күтіп тұр жолыңда әлі

Бұл өмір де бір күні таусылады

Мұғалімнің борындай қолындағы

жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 11 - дің алтын кілтін

Ізін басар сыныпқа тапсырады

Мектеп аманатын тапсыру рәсімі 11 «А» сыныбының үздік оқушылары Абдулин Нұрсұлтан мен Жалмухамбетова Әселге тапсырылады. Аманат қабылдап алу құрметі 10 - сыныптың оқушысы Аустниязов Шоқан мен Умарова Зереге беріледі



Лашын - Қанатын қағар ақ жолдан

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.

Жарқыраңдар жұлдыздай

Қарасын жұрт таңырқап.

Ақжан - Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп,

Тапсырамыз «Алтын кілтті»



10 - сынып оқушысы:

Оқуды терең меңгеріп

Аманатты ақтаймыз

Мектепті үздік бітіріп

әдеп – салтты сақтаймыз - деп уәдемді беремін.



Французкий вальс

Ата - аналар бөлімі



Аслан: - Ыстық – ау кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген,

Өмірдің соқпағынан өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.



Наргиза: - Сен қуансаң пәк көңілім тасынар

Тентектігім менің бір күн басылар

Менде сенің бір еркешің едім ғой

Мойыныңа ойнап шығып асылар.



Бәнуа: - Қыран құстай қырағы әкем,

Бәйтерек тектес шынарым, әкем!

…- жаста да еңселі кеуде

Мақтаныш етер ұраным, әкем!



Ақжан: - Еркелеттің сөзімді екі еткізбей,

Қорғадың маған пана жел өткізбей.

Әке деген атыңнан айналайын,

Өзіңізді АЛЛА жүзге жеткізгей!



Елнар: - Әке деген асқар тауым, тірегім,

Арқа сүйеп алға еркін жүремін.

Денсаулығың мықты болып жүзге жетсең,

Ең бақытты жан болып мен жүремін!



Асель: - Отбасының бар салмағын көтерген,

Бақыт сыйлап жақсылығын әкелген.

Ұрпағына білім үшін жол ашқан,

Мақтанамын асқар таудай әкеммен.



Гүлжайнат: - Ана деген жүректегі дастаным,

Сенен алам өмірдің бар бастауын

Әке деген алып тұлға асқарым

Тілегіне ұқсамайтын басқанын

Өмір берген құлынына өлшеусіз

Өздеріңмен ашық менің аспаным,

Бас иеді бала көңіл, жас жаным



Сабина: - Тағдырдың асып тасып жартасынан,

Біз үшін түскен майдан ортасына.

Алаңсыз сауық - сайран салып жүрміз,

Біз бүгін әкелердің ортасында.



Адема: Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәттібассаұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.



Оразгүл: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.



Гүлдар: Өрдесек те сіздерді, — лайықсыздар.

Төрдесек те сіздерді, — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.

Зордесек те сіздерді, — лайықсыздар.



Әсем: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңлінде, қылауыжоқ,

Үлбірегенжауқазын баласыздар.



Ақжан: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.



Лашын: Біз сіздер сіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелекбоп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.



Ерасыл: Дүниедегі ең ардақты асыл жан

Анам мені мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге

Мен қиналсам табылады қасымнан



Дархан: Маған қымбат жан жоқ сірә анадан

Бар жақсылық аналардан таралған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.



Жасулан: Мәңгі жарық күн сыйлаған маған

Бір адам бар ол өзіңсің ана

Мейірімге бір өзіңнен қанам

Жылуды да жүрегіңнен алам



Жарас: Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.

Осынау дөңгелеңген дүниеде,

Жан АНАМ, кім бар сендей қымбат маған?!

(экранда видео қосылады)

16 қыз

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас - қағым.

Бірге өткізген күндерін, қыс - жазында,

Жазып шықты қаншама іс - қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына деп келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі Қартбаева Баршагүл Отановнаға беріледі.

жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным

Есімінді есте мәнгі сақтадым

Жүрегіме нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып деп

Түлектердің алғашқы ұстазы Бөлекбаева Айман Оразбаевна сөз беріледі

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата - анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата - ананы. «Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан Италиев Айтқали Рақымұлы, Иманбаев Қадырбек Сағынбековичпен Дуйсенбаева Рысты Қилыбайқызыберіледі.

жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған,

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.

1-жүргізуші: Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ

Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы Жұмағұл Мирас Мұхтарұлына 1 сыныптың оқушысы.............. беріледі

Күмбірле, қоңырау күмбірле

Аттансын түлектер жаңа өмірге.

Ұшырады мектебің өз қолыңнан

Көріне біл ғылымның сан қырынан

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»- деп

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

(қоңыраудың даусы естіледі+мелодия)

Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу

үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы... сендер де сондай тәтті едіңдер, бір сәт балалықпен қауышыңдар... Әне, олар сендерді үлкен өмірге аттандыруға бара жатыр... Жүректерің не дейді?

Айжан (музыка әуенімен): - Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,

Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.

Сол бір сәттер енді қайта келер ме?

Балалығым біз өзіңді қимаймыз,

Алтын ұя мектебім мен аяулы

Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.

Қош бол енді балалығым бал дәмім

Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын

ӘН «Бір үйдің баласындай»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Сценари "11-сынып со??ы ?о?ырау"

Автор: Кунафина Арай Касымхановна

Дата: 10.06.2016

Номер свидетельства: 333870


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства