kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Со??ы ?о?ырау!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка праздника "Последний звонок" для 11 класса. В мероприятии 2 ведущих ведут на казахском языке праздник. Начинается с внесения государственного флага и исполнения гимна. Звучат слова поздравления директора школы и гостей.Первоклассники поздравляют выпускников и дарят подарки. После выступают выпускники стихами и песнями.Учащиеся 10 класса поздравляют выпускников.Звучат слова поздравления классного руководителя и родителей. Председатель профсоюза награждает лучших работников школы. Выпускники танцуют прощальный вальс и дают с первоклассниками последний звонок. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Со??ы ?о?ырау!" »

Соңғы қоңырау сценарийі

**************************************** 

(Барлық оқушы сапқа тұрған)

Фанфары.

1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!

2-жүргізуші:

Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қақты қанат

11 жылда оң солын таныған жас

1-жүргізуші:

Бастайтын жолға сан тарап

Басталсын көне салтанат

Дәл осы сәтті біздермен

Тойлайды бар ел шартарап

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен “Соңғы қоңырау” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы еңгізілсің!

1-жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ,міне

2-жүргізуші:КГЕН ҚАУЫМ, ҚОЛ СОҒЫП,ҚОЛДА БҮКІЛ

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы 11-ші жыл түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық

(Айнала әні әуенімен түлектер келеді)

 2-жүргізуші: 11 сынып жетекшісі ...............музыка

 (әнұран орындалады, оқушылар қосылады)

2- жүргізуші:2011-2012 оқу жылының “Сыңғырла соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (шапалақ)

2-жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық

1.

2.

.3...

КЕ

ЫМ, ҚОЛ СОҒЫП,ҚОЛДА БҮКІЛ

1 жүргізуші:

Жолдайды мектеп басшысы

Түлектерге ақ тілек

Өмір деген үлкен жолда

Ақ жол тілеп, бақ тілеп, - дей келе, салтанатты кешімізге орай құттықтау сөзі мектеп директоры беріледі


2жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзіміз де, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. 
Сөз берейік құрметпен өзіңізге 
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз. 
Сөз кезегі құрметті қонағымызға береміз

-----------------------------------------

1-жүргізуші: :-- Абзал жандар биік тұлға байсалды, 
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды. 
Түлектерге жарқын тілек білдіріп, 
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды. 
2 жүргізуші: Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.

(1 сынып сөз сөйлейді)

1-жүргізуші:

Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

(11 сынып орындарынан бастайды )

2-жүргізуші:

---Алдарыңнан арман жолы ашылады. 
Түлектерге бақыт гүлі шашылады. 
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін 
Ізін басар сыныпқа тапсырады .(10 классу передают ключ(

1-жүргізуші:

Мектеппен бүгін қоштаспақ

Қоштаспақ мәңгі сан түлек

Оныншы сынып ұл-қызы

Айтқысы келер оң тілек.

Келесі сөз кезегі түлектердің орнын басар 10 сыныптың оқушыларына беріледі.

(10 сынып оқушыларының мектеп түлектеріне арналған тілектерін айтады).


1-жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналар атынан тілек сөз . ............ беріледі.

 

2-жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас-қағым.

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына деп

 

Келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі Алина Гульмира Канашқызына беріледі

1-жүргізуші:: Келесі сөз кезегін оқу ісінің менгерушісі Саттарова Алия Миғашқызына беріледі

1-жүргізуші:: Келесі сөзді қәсіподақ Нугуманова Дилара Төлейбайқызына беріледі

(үздік оқушыларды, мұғалімдерді марапаттау, бұйрықтарды оқу(


2-жүргізуші:Мерекеде басты қостық бәріміз

Жарасады әнімізбен сәніміз

Әуенімен тербелейік вальспен

Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.

«Қоштасу вальсі».

( Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып , вальске билейді(.

1-жүргізуші:: -Гүлдерге толып омырау 
Түлектер тойын тойлайды. 
Қағылмақ соңғы қоңырау 
Қаққызбай өмір қоймайды. 
Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11 сынып үздік оқушысы  Магзумова Нургуль облыстық спорт жарыстарының қатысушысы жүлдегері Зейнишев Темирлан мен 1 сынып оқушыларына Калиев Расул және Мухат Аружан тапсырылады. 

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсың!


2-жүргізуші:

Күмбірле, қоңырау күмбірле

Аттансын түлектер жаңа өмірге.

1-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің, 
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн 
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз, 
Тілейік біз армандарға жеткенін. 
2-жүргізуші: Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық

Музыка

1-жүрг,2-жүрг. Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!

1-жүргізуші: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз

2-жүргізуші: :-- Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Со??ы ?о?ырау!"

Автор: Омирзакова Гульжайнар Зияшевна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168536


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства