kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Әскерге бару міндет пе?» атты тәрбие сағатының жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разрабока внеклассного мероприятия,посвященного воспитанию у учащихся старших классов военно-патриотического воспитания.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Әскерге бару міндет пе?» атты тәрбие сағатының жоспары»

ШҚО

Жарма ауданы

Қалбатау ауылы

«Георгиевка орта мектебі» КММ







«Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, азаматтық, әскери –патриоттық сезімдерін ояту, қалыптастыру» тақырыбы бойынша аудандық семинардың 10 «Б» сыныбында өткен «Әскерге бару міндет пе?» атты ашық тәрбие сағаты









Тәрбие сағатын жүргізген математика пәнінің мұғалімі

Кисыкова Аймеш Кайроллиновна





2014 -2015 оқу жылы

Әскерге бару міндет пе?” атты дебат ойыны



Тәрбие сағатымыздың мақсаты: «Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, азаматтық, әскери –патриоттық сезімдерін ояту, қалыптастыру».



Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасынын тақтадағы макеті, слайд - презентация, капитан погондарының және екі бекіністің тақтада аппликациямен безендірілген қағаз бейнелері.

Жоспары:

І .Сергіту сәті.

ІІ. Дебат ойыны.

ІІІ. Қорытынды.



Тәрбие сағатының барысы:



І.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! “Әскерге бару міндет пе?” атты дебат ойынына қош келдіңіздер! Бұл тәрбие сағатымыздың мақсаты: «Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып,азаматтық,әскери –патриоттық сезімдерін ояту, қалыптастыру». Мұндай тақырыпты алуымыздың себебі –биыл жаңа пән - Алғашқы Әскери Дайындық сабағының қосылуы.

Дебат ойынының әділ қазыларымен таныстырсақ,бүгінгі төрешілер:

Жарма ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысының көмекшісі, аудармашы болып қызмет еткен, қазіргі уақытты Жарма аудандық Ішкі саясат бөлімінде Жастар саясаты жөніндегі бөлімінің бас маманы болып қызмет атқаратын Кикбаев Аманжол Шарипханович.

Мектебіміздің география пәні мұғалімі, дебат ойындарының тұрақты төрешісі – Каирбеков Ерлан Баяканович.

Әділ қазылар алқасы «Үздік спикер» және «Үздік сарапшыны» анықтайтын болады. Ал көрермендер мына фишкалармен дауыс беру арқылы «Үздік фракцияны» анықтайды.

Әр ойынның алдында сергіту сәті өткізіледі. Ол бізде Қазақстан Республикасының картасындағы 14 облыстың бейнесін орнына қою түрінде өтеді. Картаны құрау үшін, «Қазақстандық патриоттық сезім дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру керек. Ал ендеше бастайық! Белсенді болыңдар!

Кирдасымова Жансая: Отанға деген сүйіспеншілік.

Ғабитова Гүлсая: Еліне еңбек сіңірген қайраткерлерін, өз елінің гүлденуіне үлес қосқан тұлғаларды мақтан ету және оларды үлгі тұту.

Рысбаева Жансая: Конституцияны біліп, құрметтеп, заңмен өмір сүру керек.

Оразаев Қазбек: Рәміздердің авторларын біліп,еліміздің нышандарын құрметтеуіміз керек.

Искакова Маржан: Тіл болмай, халық болмайды.Әрбір Қазақстан азаматы , мемлекеттік тіл –қазақ тілін білуі тиіс.Елбасымыз айтқандай, қазіргі кезде үш тілді меңгеру қажет. Сондықтан, өзге тілдің бәрін біліп,өз тіліңді құрметтеу керек.

Қызайбеков Еркін: «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» демекші, әр азамат өз Отанының гүлденуіне, дамуына үлес қосуы керек.

Ержанова Айдана: Әр азамат халқының салт-дәстүрлерін біліп, оны құрметтеуі керек.

Орынбасарова Балнур : Біздің мемлекетіміз Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.Сондықтан өзге ұлт өкілдерімен бірлікте, ынтымақтастықта болумыз керек.

Рысбаева Жансая: «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» демекші әр азамат өз Отанының даму тарихын біліп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуі керек.

Кушеров Мадияр: Өзіміз сайлаған Елбасыны сыйлап, оны әрдайым қолдауымыз керек.

Медеуханова Альмира: Елбасы айтқандай «Болашақ – жастардың қолында». Сондықтан біз білімде де, спортта да, өнерде де белсенді болуымыз керек.

Орсаев Қуаныш: Тарихи орындарды, мұраларды ұмытпай, оны сақтап қалуымыз керек.

Орынбасарова Балнұр: Өзге мемлекетте жүрсек те, өзімізді Қазақстан Республикасының азаматы екенімізді ұмытпауымыз керек.

Оразаев Қазбек: Патриоттық сезімге әскер алдындағы борышты орындау да жатады. Ол әр адамның міндеті болып саналады.

ІІ.

Мұғалім: Сергіту сәті жақсы өтті. Облыстардың қалай орналасқанын білудің өзі патриоттық сезімге жатады. Ал енді дебатымызды бастайық.

Оразаев Қазбек:

Армысыздар ардақты дебат сүйер қауым!

Мен ақиқат жақтаушылар фракциясының I спикері Оразаев Қазбекпін.Менің әріптестерім Қызайбеков Еркін мырза және Амантаева Балнұр ханым.Бүгінгі біздің қарастырып отырған қарарымыз «әскерге бару міндет пе?».Біздің ұстанып отырған позициямыз әскерге бару міндет.

Деффиниция: әскер - мемлекеттің қарулы күші,армия немесе оның бөлігі.

Міндет - белгілі бір тапсырманы белгіленген уақыт ішінде орындау.

Философиямыз - Жігітті бірде майданда сына,бірде бейқамда сына.

Аргумент(қалыпты жағдай).

Менің бірінші қалыпты жағдайым.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36 бабында айтылғандай әрбір азамат өз отаның қорғау парызы және міндеті.

Әскерге 18-27 жас аралықтарындағы азаматтар шақырылады.

Әскерден мынандай жағдай бойынша әскерден кейінге қалдыру және босату.

1)Отбасы жағдайы бойынша

2)Білім алуы бойынша

3)Медициналық жағдайы бойынша

4)Басқа да себептері бойынша

Азаматтың әке-шешесі немесе әйелі 1-2 топтағы мүгедек болса, ата - әжесінің қолында асыраушысы болса ,онда ол азамат әскерге барудан кейінге қалдырылады.

Босату жағдайы бойынша.

Әке-шешесі қайтыс болғанда немесе 18 жасқа толмаған аға - бауырларына асыраушы болса,әскерден босатылады.

Білім беру құжатында ғылыми докторлық дәрежесі болса,діні бірлестікте жұмыс атқарса әскерден босатылады.

Қамал Бұрханов,Мәжіліс депутаты:

  • Бейбітшілікті сақтап қалу, соғысты болдырмаудын құралы ретінде армияны діңгек етіп ұстау - қай мемлекет үшін де маңызды.

Мәңгілік балалық шақ болмайды.Барлығымыз ер жетіп отанымызды қорғауымыз керек.Мен өз сөзімді Бауыржан Момышұлының сөзімен аяқтаймын: «Тәртіпке бас иген адам,құл болмайды»-,деп айтқандай әскерге барсаң қор болмайсын .Өзіңді физикалық,психикалық тұрғыдан сынайсың.Сондықтан әрбір азамат әскерге баруға міндетті.



Жауап: Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»Заңымен құқықтық актілер реттеледі.

Мүгедектерге минималды төлем төлеуге кепілдік беріледі.

Ал қайтыс болған жағдайда бір реттік көмек ретінде 1,5 млн теңге соммасында беріледі.

Орсаев Қуаныш:

Армысыздар , құрметті жиналған қауым ! Мен «Жалын» даттаушылар фракциясының I спикері Орсаев Куаныш боламын.Бүгінгі дебаттағы қарарымыз «Отан алдындағы борышты орындау , яғни әскерге бару міндет пе ?» Біздің ұстаным отырған позициямыз:

Жиырма бірінші ғасырда қазақ жігіттерінің әскерге бару міндет емес.Біздің дефинициямыз : Әскерге бару Отан алдындағы міндет, міндет атқаруға арналған іс.Ұстанып отырған философиямыз: «Өмір қайталанбайды , оны қызықты да тиімді пайдалану керек».Өз кейсімді бастамас бұрын , Қазбек мырзаның сөзіне қарсы келемін. Ол кісінің айтуы бойынша: « үйіндегі ұл бала мүгедек ата-анасы немесе он сегіз жасқа толмаған іні - сіңілдері болса , бұл бала әскерден босатылады». Бірақ бұл балалар мемлекет жүктеген жауапкершілікті ұмытып әскерге кетіп жатыр. Әскерде бұл балаға немесе ата-анасына және іні - сіңілдерімен оқыс оқиға болмайтынына кепіл бар ма?! Ал калайша олар ата-заңымызға қарсы келеді? Қазбек мырзаның екінші қалыпты жағдайына келетін болсақ,Мәжіліс депутаты Қамал Бурханов айтқандай: « Әскер соғысты болдырмау мақсатына қажет» . Бірақ әскері жоқ мемлекеттер бар емес пе ? Оларға Ватикан , Сингапур , Андора сияқты мемлекеттерді жатқызуға болады.Бұл мемлекеттердің әскері жоқ болса да олар өз тәуелсіздігін алған дербес мемлекеттер. Өзімнің кейсіме келетін болсақ.Патриот адам әскерге бармай-ақ өз еліне сүйіспеншілігін көрсете алады. Патриотизм тек әскермен шектеле бермейді! Патриот болу – тілді , дінді , салт-дәстүрді , тарихты құрметтеу, өз елін әр салада дамыту болып табылады.Қазақстан демографиясын көтеру керек деп айтамыз. Бірақ әскерге барушылардың арасында қайтып келмейтіндер жетерлік.Қазақстанда жылына орта есеппен 8 адам қайтыс болады.17 миллион халықтың бұлай жалғаса берсе, несі қалады? Қалайша « Мәңгілік елге» айналамыз?! Әскер әр - кімге әр - түрлі жағады.Кейбіреулерінің психикасы бұзылғаны да бар. Оған дәлел менің көршім Жолдасбеков Дулаттың анасының айтуы бойынша : «Дулаттың мінезі күрт өзгерген болатын , бір жыл бойы қиындық көріп , денесінде жарақат іздері бар.» Осы жарақат ізімен шектелсе игі еді. Қайтып келмейтіндер саны жетерлік . Оның бірі - Мәди Айтақынов. Ол Алматы облысы , Заречная елді мекеніндегі 75152 әскери бөлімшесінің сарбазы. Ол өзімен бірге борыш өтегендерден қысым көргендіктен , өз-өзіне қол жұмсаған болатын.Менің енгізетін қалыпты жағдайым:

1.Өз еліңің тәуелсіздігін және қауіпсіздігін қарусыз сақтауға болады.

2.Әр адам әскерге бару бармауын өз еркінмен шешу қажет. Мысалы, Аргентина,Бирма , Бангладеш мемлекеттерінде әр ер-азамат әскерге бару бармауын өз еркінмен шешеді. Олардың әскері шағын болса да , сапалы болады.

Қандай проблема болса да біз жағдайды соғысқа дейін жеткізбеу керек. Біз тас дәуірінде өмір сүріп жүрген жоқпыз . Сондықтан әр ер адам әскерге бару бармауын өз еркінмен шешу керек және әскерге бару тиіс емес.

Қызайбеков Еркін:

Армысыздар халқының қамына бей-жай қарамайтын сүбелі ой айтатын құрметті дебат сүйер қауым.

Мен Ақиқат фракциясының спикері Қызайбеков Еркінмін. Бүгінгі қарарымыз Әскерге бару міндет пе? Қарарға байланысты ұстанып отырған позициямыз Әскерге бару міндет!

Ұстанып отырған философиямыз: Жігітті бірде майдандасына бірде бейғам да сына.

Мен Жалын фракциясының спикері Қуаныш мырзаның ұстанып отырған ұстамына қарсы шығамын.Қуаныш мырзаның айтуы бойынша ер азамат әскерге өз еркімен баруы тиіс, мен оған толықтай қарсымын себебі «Жаман айтпай жақсы жоқ деген, ел басына күн туса бір жылымды емес, жанымызды беруге дайын болу керекпіз!» Әскерге барсақ қолға қару ұстауды не істеп, не қоюды үйренеміз. Бір жыл босқа кетті деген сөз ба екен? Ол ердің емес, ездің сөзі.

Әскерге барғанда мінезі психикасы бұзылады бұл дұрыс емес: Қазақстанның атақты менеджері Елдар былай дейді үйдің кенжесі болғанмын, ерке болып өстім. Ал әскер маған көмектесті. Жұмысыма жауапкершілікпен қарайтын болдым.

Өз қалып жағдайымды ұсынсам:

Елімізде әскерге барамын деген жігіттер жетіп асады себебі:көбісі үшін әскерге барып келді деген қағаз мемлекеттік қызметке тұруға жақсы мүмкіндік.Осы жұмада ГСШ мектепте 9-11 сыныптар арасында сауалнама жүргізгенбіз. Оған ер балалар мынадай сұрақтар қойылды әскерге барғын келеме? 48 бала ия 9 бала жоқ, ал мектептегі ер мұғалімдердің 8-і бармаған және 2-і барған

Ал пайдасы барма -10

Физикалық тұрғыда -10

Жарма ауданынан 2013 жылы 108 бала 2014 жылы 59 бала көктемде 25 бала кетті, күзде әлі де барады.

Шынымен қазіргі жастар әскерге барғысы келеді оған дәлел Елімізде Республикалық жас ұлан, кадет корпусында бар. Жас ұлан мектебіне жылына 150 сұраныс келсе оның 50-і ғана оқуға түседі.

Б.Момышұлы айтқандай әскери қызмет дегеніміз дені сау ер-азаматтың міндеті осы асыл парызы кімде –кім әскери қызметтен жалтарса ол патриот емес!

Кейбір жастардың бір жыл уақыты оқусыз, жұмыссыз босқа кетіп жатады. Оның қолында бір жыл бойы Отан алдындағы парызыңда орындау абырой емес пе ?Осы сөз дерімді қорытындылай келсем Әскер өмірлік мектеп. Қазақ жігіттері деп бізге сенім арқа сүйеп отырғанда жігіттер өз еліне адал қызмет атқара алмаса жігіт емес қоян жүрек болғаны ғой. Егер әскерге бармай қашып жүрсе көкейімде мынадай сұрақ туындайды. Болашақ қалай болады. Болашақ бұлғыр, артымызға қарасақ аш қасқырдың қызыл кеңірдегі. Көрші жатқан Ресейдің алпауыт аюы Қытайдың айдаһары оң қолымен бірақ соқса құлап қалатын жағдайға келмесек болғаны. Ормансыз бұлбұл Отансыз адам әр азамат Отанға адал қызмет ету керек.

Рысбаева Жансая:

Армысыздар, құрметті дебат сүйер қауым! Мен «Жалын» даттаушылар фракциясының екінші спикері Рысбаева Жансаямын. Бүгінгі дебаттағы қарарымыз «Отан алдындағы борышты орындау , яғни әскерге бару міндет пе ?»

Біздің ұстаным отырған позициямыз: «Жиырма бірінші ғасырда қазақ жігіттерінің әскерге бару міндет емес».

Біздің дефинициямыз : «Әскер – мемлекеттің қарулы күштерінің сарбаздарын дайындайтын орын, міндет - атқаруға арналған іс».

Ұстанып отырған философиямыз: «Өмір қайталанбайды». Яғни оны қызықты да тиімді пайдалану керек».

Мен Еркін мырзаның сауалнама жайлы келтірген аргументіне қарсымын. Сауалнама 10 ер мұғалімдердің арасында жүргізілген. Осы орайда 9 мұғалім әскерге баруды міндет санайтыны, ал 1 мұғалім бұл пікірге қарсы екендігі анықталды. Бірақ бұл жерде бір нәрсеге назар аударғанымыз жөн. Олардың тек қана екеуі ғана әскерге барған: Дәулет Мұхтарханұлы және Ақылбек Мұқатайұлы. Өткен ғасырдағы әскерге барған тұлғалар. Ал қалған сегізі ше?! Жас ұстаздар! ХХІ ғастырдың заманауи жігіттері! Әскерге бармаған. Жақсы, 18-22 жас аралығында оқу орнында білім алды делік. Қалған 5 жыл бойы «әскерге баруды міндет санай отырып», оған бармаған. Отбасы құрып, мейлінше бұл жүкті өз иығына артқысы келмеген. Яғни, әскерге баруды міндет санамаған.

Сонымен қатар, Еркін мырза, оқушылардың әскерге баруды міндет көретіндігін айтқан. Бірақ олар әскердің не екендігін әлі толық білмейді. Уақыт өте келе бұл ойларынан айнып қалады. Бұған дәлел, біздің мектептің түлектері Ерменбаев Азамат пен Елемесов Темірланның «Жас Ұлан» әскери мектебіне барып, 1 жыл өтер-өтпестен қайтып келуі. Яғни, тіпті әскерге дайындық оқу орындарының өзінде жетіспеушіліктер баршылық. Ал әскердің жағдайы қандай сонда?!

Тағы да бір пікірге тоқтала кетейін. Шыңғыс, Ash Қазақ Pro лейблі, рэпер:

Көптеген таныстарымның арасында әскерге барып, кейін сонда қайтыс болып жатқандар көп болды. Сол себепті әскерге баруға деген құлшыныс болмады. Бір жағынан қазірде еліміздегі әскерге көптеген сындар айтылып жатады. Барып келген жігіттердің әскерден патриот болып қайтып келуі екіталай, меніңше. Олар онда Отанын емес, өздерін қорғап әлек болатынын естіп жатамыз. Отаныңа деген махаббатың, ең алдымен, жақсы азамат болуыңмен өлшенеді деп ойлаймын.

Яғни қазіргі ХХІ ғасырдың жігіттерінің көпшілігі әскерді міндет көрмейді.

Заң бойынша әскерден кейінге қалтыратын жағдайлар бар. Бірақ мұндай уақыттарды да әскерге аттанып жатады. Алайда ешкім сарбаздың әскерден 12 мүшесі сау болып келетініне кепілдік бере алмайды. Мүгедекке айналуы немесе тіпті қайтыс болып кетуі де мүмкін. Сонда оның үйінде қалған ата-анасына, бауырларына, балаларына кім бас көз болады?! Әріптесім Ерсін мырзаның «Өлім жағдайында мемлекет тарапынан көрсетілген көмек азаматтың өмірінің рөлін баса ала ма?» деген сұрағына Қазбек мырза «1,5 миллион теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі» дейді. Бұл адам өмірінің орнын баса ала ма? Әрине, жоқ! Адам өмірі бағаланбайды.

Біздің сыныптасымыз Айдананың ағасы әскерге барып, келісімшарт бойынша жұмысқа тұрып, сол жерде қалып қойған. Кейіннен өкпе ауруына шалдығып, бірден жұмыстан шығарылған. Сарбаздың иммунитеті төмендеп, құрғақ жөтел үлкен ауруға айналған. Әскерге баруды міндеттесе, ондағы жағдай мінсіз болуы керек. Бірақ жағдай 100 пайыз жасалған жерде мұндай ауруға шалдығуы мүмкін емес.

Міндет әрқашан қызықты бола бермейді. Қызығушылықсыз басталған істің, саны көп, сапасы жоқ болады. Ал егер әскерге өз еркімен аттанса, сапасы жоғары болмақ. Сапалы әскер – сапалы қауіпсіздік. Әскерге аттанған сарбаздардың тек 75 пайызы ғана дін-аман оралады. Мемлекет мұндай жағдайда әскерге баруды міндеттей алмайды. Сондықтан әскерге тек қана өз еркімен аттануы керек!

Мен өз сөзімді аяқтадым. Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.

Амантаева Балнұр:

Армысыздар құрметті жиналған қауым! Мен «Ақиқат» жақтаушылар фракциясының III спикері Амантаева Балнұрмын.

Бүгінгі қарастырып отырған қарарымыз: « Әскерге бару міндет па?»

Осыған орай ұстанып отырған ұстанымымыз: « Әскерге бару әр азамат борышы!»

Философиямыз: « Жігітті бірде майданда, бірде бейқамда сына»

Әскерге бару даңқ, Отанды қорғау міндет! Бабалар аманаттаған ұлан-ғайыр жерді көзіміздің қарашығандай қорғау барлығымызға ортақ борыш. Және бұл ақиқатты «Ақиқат» жақтаушылар фракциясы дәлелдеп өтті деп ауыз толтыра айта аламын. Бұл сөзімнің шын екендігін сіздерге сараптама барысында дәлелдейін.

Сараптама критерийлері:

  1. Ойын ережелі, дәлірек айтсам жеке басқа қол сұқпау, сөз - тіл мәдениеті, өз-өзіңді қоғамдық орында ұстау этикасы, қарсыласқа әрі әріптесіне деген сыйластық;

  2. Кейс толық болуы, яғни әр бөлімнің рет-ретімен орналасуы;

  3. Факт және аргументтері өз позицияларын ұстанып тұруы: өз ұстанымынан таймау.

Сараптама құралы ретінде Капитан погонын алған едім. Өздеріңіз білетіндей погон оң және сол иыққа арналған жұп болады. Яғни погонның бір сыңарын даттаушылар фракциясына тиесілі десек, екінші сыңары жақтаушылар фракциясына тиесілі деп есептейік.

Сараптаманы өз фракциямнан бастасам I критерий бойынша ойын ережелерін бұзушылық болған жоқ, дәлірек айтсақ жеке басқа қол сұғушылық, тіл мәдениеті, қоғамдық орында өзін-өзі ұстау этикасы бұзылмады. II критерий бойынша кейсті әр спикер сақтай білді әрі философия сияқты түсіндіруді қажет ететін бөлімдер түсінікті түрде аталып өтті. III критерий бойынша факт және аргументтер өз ұстанымымызды толық қанағаттандырады.

Осыдан шығар қорытынды « Ақиқат» фракциясы Капитан шенінде аяған нық басып тұр. Демек жеңімпаз аталуға бірден-бір лайықты фракция деп есептеймін.

Қарсылас фракциясының ойыны аталған критерийлер бойынша ең маңызды жайт Қуаныш мырзаның жоқ аргумент яғни айтылмаған аргументке қарсы шығуы. Тек Қуаныш мырза ғана емес бұл қателікті Жансая ханым сізде жіберіп алдыңыз. Түсіндіріп өтсем Қазбек мырза заң бойынша қай-қай жағдайда әскерден босатылатын және қай-қай жағдайда кейінге қалтыратынын атап өтті. Бірақ, Қазбек мырза осы жағдайлардың өзінде де әскерге барды деп айтқан жоқ болатын! Бұл I критерий бойынша қарсыластың не айтып тұрғанын құлақ түре тыңдамағандарыңызды дәледейді. Сол себептен мен сіздердің погондарыңыздан бір жұлдызды алуға міндеттімін.

II критерий бойынша кейс жайлы айтып өтсем Қуаныш мырза сіз диффеницияңызды « Әскер - отан алдындағы міндет» деп түсіндіріп өттіңіз. Сіз осы жердің өзінде өз ұстанымыңыздан тайып тұрсыз. Түсіндірер кезінде Қазбек мырза айтқандай « Әскер – мемлекеттің қарулы күші, және оның бөлігі» деп түсіндіре алар едіңіз. Демек мен сіздердің тағы бір жұлдыздарыңызды алуға мәжбүрмін.

III критерий бойынша Жансая ханымның Еркін мырзаға қарсы шыққан аргументі, сол аргумент арқылы сіз өз ұстанымыңыздан тайып тұрсыз. Түсіндіріп өтсем, сіздердің ұстанымдарыңыз « Әскерге бару міндет емес, өз еркімен бару қажет», ал ер мұғалімдер арасында өткізілген сауалнама қорытындысы бойынша «Әскерге бару міндет» деп ойлаушылар саны көп, ал олардың басым бөлігі әскерге бармауы ер мұғалімдер «міндет емес» деп ойлауы емес, өз еркімен әскерге барғылары келмейтіндерін айтып тұр. Ал бұр нені дәлелдейді? Бұл қазіргі кезде әскерге өз еркілерімен барушылар саны саусақпен санардай жағдайда екенін дәлелдейді. Егер әскерге осы санаулы ғана адам аттанар болса, құдай бетін ары қылсын әрине, бірақ соғыс қауіпі төнген жағдайда отанымыз, жерімізді кім қорғамақ? Және осы себептен сіздердің тағы бір жұлдыздарыңызды алуға тиіспін.

« Жалын» даттаушылар фракциясының бір ғана жұлдызы шетте қалған погонмен қалып қалдыңыздар. Ал мұндай погон өмірде жоқ. Яғни толығымен шенінен айырылмақ түгіл, әскери өмірден қуылды. Сол себептен сіздер жеңілуге мәжбүр сіздер.

Жас азаматтырды патриотизмге қандай рух тәрбиелейді? Әрине, әскери патриотизм. Тарихың қай қойнауын ақтарсақ та, қазақ елінің қай шежіресіне көз жүгіртсек те батырларының ерліктері мен отансүйгіштіктері халқының жарқын болашағына кепіл бола білген.

Тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

Шакиртов Ерсін:

Армысыздар құрметі дебат сүйер қауым, мен Жалын фракциясының 3-ші спикері Шакиртов Ерсінмін.

Дебатта қарарымыз “Әскерге бару міндет пе?”

Біздің позициямыз “Әскерге бару міндет емес!”.

Философиямыз “Өмір қайталанбайды, яғни біз оны тиімді қолдануымыз керек”.

Бұл ойынды мен мынадай критерийлер бойынша қорытындылаймын.



  1. Кейс толық болу керек. Қарар ұстаным философия түгелдей қарастырылу керек.

  2. Аргументтер шынайы әрі эффекті болуы тиіс.

  3. Ойын барысында әдептілік пен сыпайылық сақталуы керек.

  4. Шетел сөздері қолданылмауы керек.

  5. Уақытты тиімді пайдалану керек.

  6. Қойылған сұраққа тиімді әрі шынайы мәліметке негізделген жауап қайтару керек.



Ал енді осы критерийлер бойынша қорытындылайтын болсам:





Ақиқат жақтаушылар фракциясы кейсты толығымен сақтады. Біздің фракция да кейсты бұзбай ойынды дұрыс өткізді.



Қарсылас фракция аргументтері Бауыржан Момышұлының, Қамал Бұрхановтың, Кадет корпусының курсантының айтылған сөздерін қолданды және өздерінің патриотизмға байланысты жалынды сөздердең тұрды.

Ал менің әріптестерім тақырыпты ашатындай әскерге бару міндет емес екеніне дәлел болатындай мысалдар мен фактілер келтіре білді. Мысалы: Жансая ханымның аудиторияны басым сенімділікпен мемлекет әскерге баруды міндет қылу үшін онда мінсіз жағдай жасай білу керек, әріптестерім айтылған кемшіліктер болғандықтан мінсіз жағдай жоқ болса міндет емес деп бүкіл аудиторияны сендіре алдым. Сондықтан біздің жүргізілген жанағы екі ойынды екі бекініс деп алсам қарсылас тобының қақпасы аргументтері көбінесе сөздерден құралғандықтан осал болып оп оңай қақпаны сындыруға болады деп есептеп міне сындырамын. Ал біздің аргументтер мықты болғандықтан бекінісіміз де мықты сындыруға болмайды. Сонымен менің фракциям осы ойында жеңіске жетті деп ойлаймын. Тыңдағандарыңызға рахмет.

Мұғалім: Қай фракцияның жеңіске жеткенін қолдарыңыздағы фишкаларды әр топтың алдында тұрған қораптарға салу арқылы анықтаймыз. Оған дейін төрешілерімізге сөз беріп, «Үздік спикер» мен «Үздік сараптаушы» мақтау қағаздарымен мараппаттайық.

Дауыс беру барысында, «Ақиқат» жақтаушылар фракциясының жеңіске жеткені анықталды.





Президентіміз айтқандай «Өз елінің патриоты болу деген -

Қазақстанды өз жүрегінде ұстау».

Әскерге бару – әр азаматтың Отан алдындағы борышы. Сондықтан да алдағы әскери борыштарыңды орындау кезінде ұлдарға тек қана сәттілік, шыдамдылық тілейміз! Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

Қош, сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Әскерге бару міндет пе?» атты тәрбие сағатының жоспары

Автор: Кисыкова Аймеш Кайроллиновна

Дата: 18.02.2018

Номер свидетельства: 458257


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства