kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Семей ?асіреті" ?ойылым сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Семей ?асіреті"атты ?ойылым ?алалы? мектепаралы? сайыста ?ойыл?ан, медеу С?рсекеевті? "Семей ?асіреті" атты деректі шы?армасына с?йеніп жазыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Семей ?асіреті" ?ойылым сценариі»

Семей қасіреті

Рөлдерде

Әкесі- Медеу

Әжесі -

Келін - Айдана

Кішкентай қыз бала - Жібек

(Бомба даусы)

(Шошыған Медеу жүгіріп шығады.)

-Әке, әке қара не деген ғаламат көрініс!қандай жарық! Құдды күнмен жарыса туған екінші жарық сияқты,әке! Енді саңырауқұлаққа ұқсады. Бұл не деген сұмдық?!

(Әкесі үнсіз қарап тұрады)

Табиғатта қазір тылсым құпиялар көп. Мынау соның бірі шығар!

Әкесі:(Қатқыл үнмен)

-Жоқ, балам, бұл табиғат құбылысы емес. Менің білуімше бұл – бізді айдалаға көшірген пәлекеттің өзі.

Медеу:

-Әке бұл Әубәкір ата айтқан Америка империализімін бұғаулайтын мықты бомбамен өтетін әскери ойын ба? Соның салдарынан екінші күн пайда болды ма?

Әкесі:

Әубәкір қырт әскери ойын деп , оны ертегіге айналдырып жүр. Шындығында мынау – өте күшті қарудың сынағы.әзірейілдей қып-қызыл бұлты құрғырқанша жерге тарайды?! Қайда барып жауын боп жауады, қанша жерді бүлдіреді, оны бір алланың өзі біледі. Біздің де айдалаға көшкеніміздің себебі сол. Ең болмаса осыны алдын-ала ойластырған өкіметке рахмет! (Баласына қарап)- тек ымың ішінде болсын. Не көрдің, әлгінде мен не дедім ешкімге тісіңді жарушы болма, Медеу. Пәлекеттен машайық қашыпты дегенді есіңнен шығарма. Жүр енді үйге кірейік. Анаң мен інің шошып қалмасын. (Екеуі шығып кетеді)

(Бірнеше жылдан соң)


(Жас келіншек қолында ақ матаға оралған бірнеше қуыршақты орап алып алып шығады):

  • Әлди- әлди ақ бөпем, ақ төсекке жат бөпем. Жаным-ау қарының ашып қалды ма? (күліп) қазір анашың тамақ береді. Екінші қуыршаққа қарап:-

  • Сенің де қарының ашты ма? Ой жаным сол қазір ағаңды жатқызайын, сосын сосын саған тамақ берем, үшінші қуыршаққа қарап, балапаным сен неге үндемей жатсың? Сен сен саған не болды? (жыламсырап) :

  • Жоқ, жоқ сен кетпе, мені тастама, қайда барасың? Кетпе дим балам балам. (қуыршақтарды құшақтап отыра қалады) (бір шетте әжесі қарап тұрады) ӘЖЕ:

  • Сорлы келінім- ау, сорлы келінім. Не болдық енді. Әбден миың шатасты-ау, қанша құрсақ көтерсе де өлі туады. Тірі қалған баласы мүгедек. Осы азап- қайғы сені де алжастырды-ау. Не жазып едік, аллам- ау не жаздық. Сорлы қызға ана болу бақытын да бұйыртпадың- ау. Бұл не деген зар заман болды. (Келінініе қарап):

  • Келінжан, келінжан, жүр үйге жүре ғой айналайын. (Келін шошып):

  • Жоқ, апа,жоқ бермеймін. Олар өлген жоқ. Тірі. Естимісіз тірі. Менің бабаларым тірі. Міне қараңызшы тірі ғой. Тамақ сұрап жатыр. Жоқ,жоқ (күліп) апа олар ұйықтап қалыпты. Тыныш, апа, тыныш мен ұйықтатып келемін. Шығып кетеді.

(Екі қолы жоқ қыз шығады)

  • Әже, әже деймін, киімімді ауыстырып берші. Бағанадан кие алмай отырмын.

!Әжесі көзін сүртіп):

  • Қазір балам, қазір.

Қыз:

  • Әже, жылағансыз ба? Жыламаңызшы. Осы үйде дені сау сіз ғана ғой. Сіз ауырмаңызшы, сіз ауырсаңыз біз не боламыз. Әже, менің қолым сау болғанда ғой. Мен сізге көмекші болар едім. Кіріңізді де өзім жуып, тамақты да өзім істер едім. Мектепке барып басқалар сияқты жазу да жазар едім. Әттең- әттең. Неге? Неге менің тағдырым осындай? Мына дүниеге қиналу үшін, жан азабына түсу үшін келдім бе? Әжетай айтшы менің жазығым не? Өз- өзіне қамқор бола алмайтын мен сияқты мүгедек не үшін керек?

Әжесі:

  • Қой балам, қой, алланың ісіне амал бар ма?

Қыз:

  • Әже, алланың ісі емес, адамның ісі емес па?

Сол кезде әкесі келеді:

  • Балам, сен бізге керексің, бізге ондай сөзді енді айтпа. Бар анаңды көріп келші. Анаң сенің көмегіңе зәру. Бар қарап келе ғой. (Қыз кетеді)

ӘКЕСІ:

  • Апа, апа, мына сынақты тоқтату мүмкін емес сияқты. Тағы да жоғары жаққа хат жаздық еш жауап жоқ. Ана Жұмағазыны білесіз ғой. Сол ана жолы бюроның жиналысына кіріп барып, әтеш болып айғайлапты. «Абыралының бірінші хатшысы Әсенов мұның не десе, Абыралыда сөз ұғатын адам қалған жоқ, бәрі де тілсіз мақұлыққа айналыпты. Аудан жоқ болса сен де жоқсың. Жүр екеуміз бірге әтеш боп жан- жаққа босып кеткен халықты ата жұртқа шақырайық, жүр» депті. Оны хатшы алдап сулап шығарып жіберіпті. Бірақ сол күннен кейін оны ешкім көрмепті. Өлігі де, өзі де жоқ. Оны әскерилер қол- аяғын байлап сынақ алаңына малмен бірге апарып тастапты деседі. Имансыз әскерилерден мұны да күтуге болады. Өйткені олар дала халқына еш жанашырлық танытпайды. Бізге тек барлығымызға бірігіп бас көтеру ғана қалды. Басқа амал жоқ. (Екеуі де үнсіз отырады)

Әжесі:

  • Е-е-е бұл бір зауал болды ғой. (Зауал әні қойылады)










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Семей ?асіреті" ?ойылым сценариі

Автор: Танатарова Данагуль Толендиевна

Дата: 09.09.2016

Номер свидетельства: 343008

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "«Кел, Жа?а жыл, т?рле, т?рле жеріме!» атты  Жа?а жылды? мерекені? сценарийі "
    ["seo_title"] => string(85) "kiel-zhan-a-zhyl-torlie-torlie-zhierimie-atty-zhan-a-zhyldyk-mieriekienin-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "157708"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421643640"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства