kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сегіз ?ырлы, бір сырлымыз» атты мерекелік іс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Сегіз ?ырлы, бір сырлымыз».

Ма?саты:

1.Білімдік: о?ушыларды? интеллектуалды? ой – ?рісін, білім де?гейін к?теру.

2. Дамытушылы?: о?ушыларды? танымды? де?гейлерін ?рістету, тіл байлы?ын, ?з ойын жеткізу, ?аза? тілінде еркін с?йлей білу ?рекеттерін жетілдіру.

3. Т?рбиелік: Ту?ан жерді ?адірлеуге баулу, ?аза? тілі, ?дебиеті, тарихы, ?неріне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, мерекелерді ?астерлеуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: интерактивті та?та, кестелер.

Саба?ты? т?рі: сайыс саба?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сегіз ?ырлы, бір сырлымыз» атты мерекелік іс шара»











































2015 жыл


Тақырыбы: «Сегіз қырлы, бір сырлымыз».


Мақсаты:

1.Білімдік: оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін көтеру.

2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Туған жерді қадірлеуге баулу, қазақ тілі, әдебиеті, тарихы, өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, мерекелерді қастерлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер.


Сабақтың түрі: сайыс сабағы.


Сабақтың барысы:

1 оқушы шығып өлең оқиды.

Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,

Келген жоқпыз кешке бекер еруге

Тиістіміз болашақтың алдында,

Тік түрегеп, тура жауап беруге

Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар. – деген сөздермен бүгінгі «Сегіз қырлы, бір сырлымыз» атты сайыс сабағымызды - алдымыздағы келе жатқан Наурыз мерекесіне, Жаңа жылға арнаймыз.


2. Сынып үш топқа бөлінеді.

1 – ші топ « Атамекен».

2 – ші топ «Жерұйық».

3 – ші топ «Достар».


3. Сайыстың шарты.

1. Уақытты үнемдеу.

2. Бір – біріне кедергі жасамау.

3. Ұйымшыл болу.

4. Қазылар алқасын анықтау (мұғалімдер).

5. Топтар орнынан тұрып.

1) Топ ұранын айтып.

2) Өздерін таныстырады.

«Атамекен» ұраны:

Айналайын, Атамекен,

Қойнауыңда жатады екен.

Жыр – толғауы бабалардың,

Сағынышпен саған жетем!

«Жерұйық» ұраны:

Жерұйығым туған өлкем,

Сені ғана сыйлап өтем.

Керегі жоқ басқа Отанның,

Сенің орның алабөтен!

«Достар» ұраны:

Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа,

Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа.


6. Топтарға сәттілік тілеп, ән шырқалады.

«Шақырады көктем».

1 – ші бөлім «Бәйге» әр топқа кезектесіп екі сұрақтан сұрақ қойылады.

«Атамекен» тобына қойылатын сұрақтар.

  1. Наурызда жасалатын ұлттық тағамды ата.

  2. Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?

«Жерұйық» тобына қойылатын сұрақтар.

  1. «Наурыз көже» қандай тағамнан жасалады?

  2. Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

«Достар» тобына берілетін сұрақтар.

  1. Наурыз күні адамдар бір – біріне қандай тілек айтады?

  2. Қазақтың қандай дәстүрлерін білесіңдер?

2 – ші бөлім. Өлең сайысы. « Отан» туралы жаттап келген өлеңді мәнерлеп оқу.

3 – ші бөлім. Сөз жұмбақ шешу. ( бір бала тұрып жұмбақты шешеді).

«Атамекен» тобына.

Тиіп кетсе жырлаған,

Дауысы көпке ұнаған. (жауабы не?)

«Достар» тобына

Бір кітаптың парағы,

Күнде азайып барады. (жауабы не?)

«Жерұйық» тобына:

Таудан биік,

Теңізден терең. (жауабы не?)

  1. Наурызға арналған ән шырқалады.

« Наурыз әні».

4 – ші бөлім. Мақал – мәтел сайысы, әр топқа тапсырма беріледі.

«Атамекен» Отан туралы

«Жерұйық» Білім туралы

«Достар» Достық туралы

Он мақал – мәтелден айтып берулері керек.

5 – ші бөлім. Үй тапсырмасы сайысы. Әр топ елімізде болған есте қаларлық мәліметтер туралы айтады.

1. «Атамекен» - Жеңіске 70 жыл

2. « Жерұйық» - Ата заңға 20 жы

3. «Достар» - Ассамблеяға 20 жыл

8. Сынып оқушылары түгел ортаға шығып «Жаңа жыл» әнін орындайды.

Сабақтың нәтижесі туралы мұғалімдер мен оқушылардан құрылған қазылар алқасы өз ойларын ортаға салады. Мұғалім сабаққа қатысқан оқушыларға, көрермендерге алғыс айтып, сабақтың аяқталғанын хабарлайды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
«Сегіз ?ырлы, бір сырлымыз» атты мерекелік іс шара

Автор: ?бдік?рім Назым Ны?ымет?ызы

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 319087


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства