Просмотр содержимого документа
«"Шы?ысты? ?ос шынары" »
Шығыстың қос шынары
Мақсаты:оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру.Отанын,елін,жерін қорғауға,оны сүюге тәрбиелеу.Патриоттық сезімге баулу,оқушы бойына ұялату.
Көрнектілігі:Әлия мен Мәншүктің суреттері,Т.Молдағалиевтің өлен жолдарынан үзінді.
Барысы.
Жүргізуші:Соғыс!Зұлмат соғыс!Сұм соғыс!1941 жыл.1942 жыл.1943 жыл.3 жыл соғыс басталғалы 3 қыс,3 көктем,3 жаз өтті.Фашист!Халыққа өлім тілеген фашист.
Көрініс.
Әлия мен Мәншүк соғысқа аттануда.Апасы,туған-туыстары шығарып салуда.
Талшын-Апасы:Қош,қарағым,қош!
Дана-Мәншүк:Апа,әлі-ақ жауды жеңіп ораламыз.
Апасы:Аллам,жар бола гөр!
Жүргізуші:Міне,соғыс осылайша өз дегенін істеуде.Майданға Әлия мен Мәншүктей өрімдей қыздар,жас бозбалалар аттанып жатты.
Диана-Әлия:Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт,елге бақыт тіледік.
Отан ана,отқа күйіп жатқанда
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Мәншүк:Отан ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп.
Бекзат:Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап ,снарядтар қаққанда ызың
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Ән: «Әлия» Аружан,Диана.
Мағжан: «Пулеметші болып соғысқа шықсам екен....(Максиммен)жауды топырлата құлатсам екен.Өзім өлсем де,Отаным аман болса екен...»
Досжан:1943 жыл.Күз айы.Лейтенант Темников басқарған пулеметшілер бөлімі Калинин майданына келді.Бұларға Невель қаласын жаудан азат ету тапсырылды.Олардың ішінде Мәншүк Маметова бар еді.Ол соғыстың ең қауіпті жеріне жіберілді.
Дархан:Жау әскері Невель қаласына шабуылға шықты.Бірақ өжет қыз «Максим»пулеметімен жау аяғын ілгері бастырмды,оларды шөпше жапырды.Ызаланған жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады.Дәл жанында жарылған снарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалды.
Мақсат:Осыны пайдаланып жау әскерлері тағы ілгерілей бастады.Мұны көріп Мәншүк ызалана түсті.Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамай майдандас серігі «Максимге»қайта ұмтылды.Бар күшін жиып,жауды жалын шашқан оқпен қарсы алды.Тағы да жаудың 70 солдатты қазақтың өжет қызы Мәншүктің қолынан қаза тапты.
Мәншүк:1943 жыл,20-мамыр.
(Үнтаспадан) Қымбатты анам!Сізден көптен күткен хатты алдым.Барлықтарыңыздың амандықтарыңызды біліп өте қуанып қалдым.Ана,мен сізді қатты сағындым,менде суретіңіз жоқ,тек хатыңызды қайта-қайта оқи беремін.Мен сізден хат алған кезде күшіме күш қосылып,бір жасап қаламын,қалай дегенмен де мен жауынгерлер арасында жалғызбын.
Суретіңізді күтем...енді хатты ұрыстан кейін күтіңіз.Қош,қатты қысып сүйем.Озіннің Мәншүгің.
Ш. Аружан:Мәншүк жастайынан өнершіл болатын.Сыңғырлаған әсем дауысы бар еді.Кесте тігуді,спортты сондай сүйетін.Чапаев туралы тақпақты жиі айтушы еді.
Индира:Майданнан жазған бір хатында «Мен ештеңеден қорықпаймын,жаудың оғы маған түк емес.Мен жаумен Отан үшін,әкем үшін,сендер үшін шайқасамын»деген еді.Сондықтан ол менің бақытым,халқымның батыры.
Хор:Мәншүк апай-батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Нұркен:Дәл соғыс басталған күні 1941 жылы 21-маусым күні Әлиялар Свиреск стансасының жанындағы саяжайда болды.Балалар үйінің саяжайына оқушылардың көпшілігі қаланың тымырсық ауасынан демалу үшін барған,22-маусымда ұшақтар аэродромға шақырған.Күн кәдімгідей ашық және ыстық болды.Түс ауа соғыстың басталғаны туралы хабар бұларға да жетті.
Арай:Армандай болған,балалықтың бұл шақтарын өткізген Лениград та көзден бұл-бұл ұшатын кез жақындады.
Әлия:Отан деген сөз көкейде жатталып,
Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,
Біз сендердей арман гүлін таппадық.
Мәншүк:Біз көрмедік бал бақыттың ақ таңын,
Естімедік махаббаттың тәтті әнің.
Бізге жылы хат жазатын жігіттер
Қаныменен қарға жазды хаттарын.
Айпара:Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт,
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.
Талшын:Ол жеңісті көрген жоқ,
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың!
Әлия:Қымбатты менің Сапурам.Амансың ба?Қазір біз алғы шептеміз.Терең окопта хат жазып отырмын.Немістермен бетпе-бет келіп жүрміз.Менің басымда каска,Белімде граната,қолымда винтовка.Солдаттар таң қалды.Фрицтерді аямаймын.Таңертен командиріміз былай деді: «Мерген Әлия Молдағұлова үш күннің ішінде 14 фашист өлтірді».Иә,Сапура,командир алғыс жариялады.Көріскенше Жеңіспен қауышайық.Сүйдім.Әлия.1943ж.13-желтоқсан.
Жүргізуші:1944 жыл.Ресейдің қылшылдаған қысы.Ұрыс жүріп жатыр.Зеңбірек зіркілі,пулемет үні,зуылдаған оқ орыс даласында тек өлім сеуіп тұр.Траншеяға бірінші кірген Әлия тар жерде кептеліп те қалды.Немістің офицері қапсыра ұстап,оны оп-оңай құртқысы келіп еді.Оған Әлия мұрша бермеді,офицерді бірінші атып өлтірді.
Әлия:Отан үшін алға(құлайды)
Мәншүк:Халқым үшін алға(құлайды)
(Апасы ескерткішке гүл қойды)
Жүргізуші:Кішкентайынан елім деп еңіреген қазақ қызы ауыр жарақаттанды.Есіл ер қаза тапты.Домбыраның екі егіз шегі азалы шерден ызалы күйік қайырғанда Әлия еске түседі...Батыр Әлия...Қобда мен Неваға ғашық Әлия..Жерін сүйген Әлия...Халқына жыр болған Әлия..Розадай сіңлісіне ән болған Әлия...Артындағы ұрпағына ұран болған Әлия...Әлия ғұмыр...