kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шернияз Жарыл?асын?лы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

 

                        Пригород орта  мектебі

 

 

 

 

 Баяндама    

 

 

Та?ырыбы    ?ле?дері

 

П?н м??алімі Байдовлетова Б.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шернияз Жарыл?ас?лы

Шернияз а?ын ?азіргі А?т?бе облысыны? Ойыл ауданы аума?ында?ы Жарыпшы??ан деген ?зенні? бойында ту?ан.

Шернияз а?ын ?азіргі А?т?бе облысыны? Ойыл ауданы аума?ында?ы Жарыпшы??ан деген ?зенні? бойында ту?ан. Исатай – Махамбет к?терілісіне ?атысып, к?теріліс басыл?ан со? біраз уа?ыт ?у?ында ж?рген. Хиуа ханды?ын барып панала?ан. Байма?анбет Айшуа?ов с?лтан (Ж??гір ханны? сенімді адамы бол?ан) со?ынан ?алма?ан со?, ?з еркімен с?лтан?а барып, кейінгі ?мірін соны? ма?ында ?ткізген. Біра? к?теріліске ?атыс?ан достарын ешуа?ытта ?мытпа?ан. Исатай мен Махамбетті ма?тап ?ле?дер шы?ар?ан. Оларды ыл?и ел билеушілерге, ?сіресе ?зіні? со??ы ?ожасы Байма?анбетке ?арсы ?ойып ?ле?дер айт?ан.

?ле?ді ауызша, суырып салып шы?ар?ан Шернияз шы?армаларыны? к?бі са?талма?ан. Ел аузында ?ал?ан азын-аула?ы 1925 жылы М?скеуде басыл?ан. Шернияз шы?армаларыны? бір?атар ?олжазба н?с?алары ?аза? ?ылым академиясыны? ?ылыми кітапханасы мен М.О.?уезов атында?ы ?дебиет ж?не ?нер институтыны? ?олжазба ?орында жина?тал?ан. Шерниязды? ?деби м?расын зерттеп, ?дебиет тарихына ?осуда Х.Досм?хамедов пен ?.Ж?малиевті? е?бектері зор.

Шерниязды? Исатай, Махамбет пен Байма?анбетке арнап айт?ан ?ле?дері т?тастай бір сюжетке ??рыл?ан шы?арма т?різді. ?олжазба н?с?аларында ?рт?рлі айтыл?анмен, оларды? жалпы мазм?ны бір. Ол Байма?анбетті іздеп келуден басталады. К?зді? бір суы? к?нінде та?ерте? желі басында ж?рген Байма?анбетке келіп с?лем берген Шернияз жала?ая?, табанынан суы? ?ткен со? тыма?ын басып т?рыпты. “Т?йт, бас киімді ая??а баса ма екен, сен кімсі??”- депті о?ан Байма?анбет. Сонда Шернияз:

Бай-еке, Сіз бір а??ан б?ла?ымыз,

Зарла?ан біз бір жетім ла?ы?ыз.

Лыпадан тал бойымда ешн?рсе жо?,

Жал?ыз-а? жарты к?йген тыма?ымыз.

Ая?ым то??аннан со? басып т?рмын,

?сіп кетіп барады ??ла?ымыз, –

депті.

Екінші бір н?с?ада:

Он м?шем аман болса, к?н к?ремін,

??ла?ым ая?ымны? сада?асы, –

деген де жолдары бар.

Шернияз Байма?анбетке ?зін:

Аржа?та д?мбірлеген Ар?ын?азы,

Жайла?ан Ар?ын-Найман, ?тенсазы ...

Бай-еке, танымаса?, танытайын,

Мен едім Исатайды? Шерниязы, –

деп таныстырады.

Байма?анбет Шерниязды ?йіне алып кіреді. С?лтанны? алты ?ызы бар екен. Соларды? т?рып жат?анын к?реді, мада?тап ?ле? айтады.

Орынбор – Сіз салдыр?ан ?алалары,

А?ыл?а б?рі бірдей даналары.

??ше? абзал баланы таба берген

Б?ларды? ?андай екен аналары.

?жма?ты? хор ?ызындай тегіс ту?ан

Ай, алла-ай, ?андай мінсіз балалары,

дейді.

“Ма?тау ?ле?ді ?ркім-а? айтады. Сен шын а?ын болса?, мені? ?ыздарымды жамандашы” – депті Байма?анбет.

Сонда Шернияз:

Бай-еке, Сізді? ?ызда жаман бар ма?

Жамандар біз бай??ста заман бар ма?

Шот желке, шола? айдар, к?? дер едім

Бармайды аузым шіркін жамандар?а.

?ызы?ны? бес тиынды? біреуі жо?,

?ой?ан со? ??дай ханша амал бар ма? –

деген.

Байма?анбет  м?з болып к?леді. Осы кезде ?йелі шы?ып амандасады. Шернияз оны да ма?тай ж?неледі. Байма?анбет то?татып, ?йелін жамандатады.

Шіркінні? с?йлер с?зге тасуын-ай,

Аруа?ы алдиярды? басуын-ай!

Ханымны? м?рны кейкі, бойы аласа,

Келбеті мегежінні? ?ашырындай.

К?к иттей к?шіктеген ??нжы? ?а?ып,

Жататын шы?ар тыр-тыр ?асынып-ай,

Т?рпаты ит-шош?адан былай емес,

Байеке, к?ргенімді жасырдым ба-ай?

Байма?анбет енді ?зін жамандауды с?райды. Т?уелді болып, іздеп келіп отыр?ан с?лтанды жамандау?а батылы жетпеген Шернияз оны ма?тай ж?неледі.

Ар?ы ата? ту ?ста?ан Арыстанбек,

Ту?ан жо? о да сендей данышпан боп.

Та?сыр-ау, сізді ?алай жамандаймын,

Мен т?гіл, ??дай жаман жарат?ан жо?.

Жа?сы айтсам, та?сыр т?рем, ма?танарсы?,

Жабыр?ап жаман айтсам, жас?анарсы? ...

Шыдамай Шері? ?оз?ап, шынын к?йтсе,

?ылышпен алтын сапты басты аларсы?, –

деп а?ын бір жа?ы ма?та?ан болып, екінші жа?ынан жамандау?а ?ор?ып отыр?анын да сездіріп ?ояды. “Жаманда, басы?ды алмаймын” дейді Байма?анбет.

Аржа?та Ар?ын?азы д?мбірлеген,

Байеке, елі? бар ма б?лдірмеген?

Т?ре кетіп, т?беде т?бет ?алып,

Туып т?р ел басына б?л к?н деген.

Кешегі Исатайдай есіл ерді

Орыс?а ?стап берді? тіл білмеген.

?аза?ты? ?ара ж?ртын быт-шыт ?ыл?ан,

Т?ре емессі?, т?бетсі? дым білмеген ...

Па, шіркін Исатайдай сабаз тумас!

?ас итсі?, ?асы?а да адам жуымас!

Ел ?стап, ж?рт билейтін ?ылы?ы? жо?,

Хан емес, хас ?атынсы? м?ндар ?у бас, –

дейді Шернияз. Байма?анбет с?лтан ащы с?зге шыдай алмай, ?ылышын суырып, т?ра ?мтылады. Шернияз хан ?олында?ы ?ылыш?а ?арап т?рып:

?олында ханзаданы? ?ас?а ?ылыш.

Т?сесі? ?а?арланса? тас?а, ?ылыш.

Сабыны? хан ?ста?ан т?тамы алтын,

Жар?ылдап хан ойланбай аспа, ?ылыш! –

деп то?татады да, с?лтанды ма?тау с?здермен ?айта жібітеді. Атасы Абылайды еске алып, с?лтанны? ?зін к?термелейді. Байма?анбет біртіндеп басылады. Біра? Шерниязды ?умай, ?асында ?алдырады.

Ол заманда (ханды? билік т?сында) ел билеушілерді? халы??а с?зі ?тімді шешен, а?ын адамды ?асына ?стау салты бол?ан. Солар ар?ылы билеушілер с?зін елге жеткізіп, оларды ?гіт-насихат ж?мыстарына пайдалан?ан. Абылайды? ?асында Б??ар, Кенесарыны? ?асында Нысанбай, Ж??гірді? ма?ында Байто?, Жан?за? деген а?ындарды? бол?аны тарихтан м?лім. Байма?анбет те Шернияздан бас?а Жыл?ышы, Марабай сия?ты а?ындарды ?ста?ан. Осы ма?сатпен Байма?анбет тілі ?анша ащы болса да, д?шпаны Исатайды ?анша ма?таса да, кешірім жасап, Шерниязды ?асында ?алдыр?ан.

Бірде Байма?анбет “Сен Исатайды к?п айтасын, ма?тайсы?. Оны? несі арты? еді” деп с?рапты. Шерниязды? “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Са?ынам, ауыз?а алсам, Исатайды”, “Исатай – ел еркесі, ел серкесі” деген ?ле?дері осылай ту?ан. Оларды? ішінде мынандай жолдар бар.

Са?ынам, ауыз?а алсам, Исатайды!

Ер тумас ел ба?ына ондай жайлы.

?арадан хал?ы с?йіп “ханым” деген,

Жігіт ед т?рт т?рманы т?гел сайлы.

...Ер тумас ел ба?ына Исатайдай,

Мінезі тол?ушы еді тол?ан айдай,

Тарлан боз, тор?ыл ала жыл?ы біткен

Бай еді, ??тым еді, уа, дари?а-ай!

...Исатай ел еркесі, ел серкесі

Бір мен емес, Алаш?а жайлы еді.

Елге ал?ау, ма?ан да ал?ау ер Исатай,

Айрылып Шері? содан ?ай?ылы еді.

“Егер Исатай ?лмей, аман-сау ?айтып келсе, ?алай ?арсы алар еді??” – депті Байма?анбет. Сонда Шернияз:

Бармысы? жау?а т?скен алтыным-ай!

Самалым, саз ?онысым, сал?ыным-ай,

К?пірді? ?оржынына  т?сіп еді?,

Шы?ты? ба аман-есен, жар?ыным-ай?

А? алмас, алтын сапты ?ылышым-ай,

??ртып е? алты алашты? тынысын-ай,

Жатпапты асыл пыша? ?ап т?бінде,

Шы?ты? ба ?абын жарып, ырысым-ай!... –

деп, ??ша?тар едім, – депті.

Б?л ?ле?дерде Исатайды “Хан” деп мада?тап, оны? байлы?ын санап айту сарыны бары бай?алады. “Хан” деген ол заманда “ел басшысы” деген ??ымны? орнына ж?рген. “Бай, мырза” деп елге пайдалы адамдарды айт?ан. Б?рі де ?з заманыны? ??ым-т?сінігінен ту?ан. ?йтпесе, Исатай хан да, бай да болма?ан.

Шерниязды? Байма?анбет с?лтан?а келуі жайлы б?л ?ле?дер – а?ын м?расыны? негізгі б?лігі. Олардан бас?а Шерниязды? Махамбетпен ?ле? т?рінде тілдесуі, ?онал?а?а келген ?йге ?зін таныстыруы, ?мір туралы бір тол?ауы мен термесі, Медебай а?ынмен айтысы, жасты? туралы ?ле?і, т.б. са?тал?ан.

Махамбетпен бір кездесуінде Шернияз:

К?лдеуде к?кала ?йрек жергілікті,

Молдалар шари?аттан с?з біліпті.

Жолдасы Ер Исатай – Ер Махамбет,

С?з бар ма бізге айт?андай ескілікті, –

деп с?рапты. Махамбет о?ан ?з басыны? к?йін ж?мба?тап айтып жауап берген. Кейін ?асында?ы жолдасы Махамбет с?зіні? шешуін с?ра?анда, а?ын “?зім де толы? т?сінгем жо?, сір?, ?з басыны? к?йін ж?мба?тап айт?ан болар” деп шешіліп жауап бермеген.

Бірде ?онал?а?а келген ауылды? жігіті Шерниязды аттан т?сірмей, кім екенін с?ра?ыштап ?за? ?стап ?алыпты. Сонда Шернияз:

Руымды с?раса?,

Жеті руды? а?асы,

А?кетені? баласы.

Жаз жайлауын с?раса?,

Тайсой?ан – Б?йрек арасы.

?ыс ?ыстауын с?раса?,

Ара ?онып келеді

Ж?к сал?ан жолмен ?алашы.

?зімні? атым – Шернияз

Жарыл?ас биді? баласы.

Тап осылай деп айтпасам,

?ондырмаймын деп т?рсы? ?ой шамасы, –

депті.

А?ынны? термесі мен тол?ауы ?зі к?рген ?мір сыры мен оны? ?ткінші сыпаты жайлы ойлар?а толы.

Болжалды к?н бол?ан со?,

Д?ниеде кім ?ал?ан?

Батыр ?ткен шабын?ан,

Ж?йрік ?ткен шабыл?ан,

Кербез ?ткен та?ын?ан.

С?лу ?ткен жа?ын?ан.

Не жайса?дар ?тпеген,

Оза?ан ж?йрік табынан.

Шернияз ?ле?дерінде с?з тауып айтатын тап?ырлы?, шешендік, бейнелілік, “бас кеспек болса да, тіл кеспек жо?” деп ??ынатын ?ткірлік мол бай?алады. Б?л сыпаттар жо?арыда айтыл?ан Байма?анбетпен кездесулерінде ерекше танылады. “Хан ?олында ?ста?ан ?ас?а ?ылыш” – Байма?анбетті? ?зіне с?з арнауды? реті жо?ты?ын т?сінген а?ынны? ?лімнен ??тылу ?шін асы?ыста тауып айт?ан ?ле?і. Бірде с?лтан асы?ыс ша?ыртып, есіктен кіре берген Шерниязды? басында?ы жапатай б?ркі ма?дайша?а тиіп, ?шып кетіпті. С?лтан “ойланбастан осыны ?ле? ?ылшы” депті. Сонда Шернияз:

Басымнан т?сіп кетті жап бергенім,

??дай-ау, осы ма еді к?п к?ргені?.

?сірген сылап-сипап он сауса?ым,

К?неки, тап бергенде, ап бергені?.

?ызыл тіл бары? болса, енді с?йле,

Таппаса?, ?апияда бос?а ?лгені?.

?лына екі атаны? бермей тілек,

Кім еді сонша к?пте жек к?ргені?, –

депті.

С?зді тауып, орынды ?олдану оны? мерейін Медебаймен айтыста да ?стем еткен. Ханмен бір дастарханда отыр?ан Шернияз?а тиісіп, Медебай:

Ханыммен бірге отырып тама? жейтін,

Отыр?ан ??жырайып б?л ?ай неме? –

деген. Осында?ы “неме” деген с?зді ?стап алып, оны? ?аза? тіліндегі б?рма ма?ынасын пайдаланып, а?ын Медебайды же?іп кеткен.

Осы ма Медебайы? хан ма?та?ан,

?олында домбырасы барма?та?ан,

Хан алдында “немесін” салма?та?ан,

К?ргенсіз неткен есер ?алжа?та?ан.

Шерниязды? тіліндегі юмор, сатира, астарлап айту, ма?тап отыр?ансып, жамандау, т.б. ?діс-амалдар жо?арыда келтірілген ?зінділерден ай?ын бай?алады.

Б?л айтыл?андар Шерниязды? ?з заманыны? елеулі а?ындарыны? бірі бол?анын к?рсетеді. Кедей а?ынны? шаруларды? хан билігіне ?арсы к?ресіне ?атысуы, Исатаймен, Махамбетпен досты?ы, Байма?анбет ма?ында ж?ргенде де сол досты??а адал болып ?алуы оны? б??арашылды?, халы?ты? к?з?арасын танытады. 

Автор: Серік ?ирабаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шернияз Жарыл?асын?лы »







Пригород орта мектебі









Баяндама



Тақырыбы Өлеңдері



Пән мұғалімі Байдовлетова Б.С

























































Шернияз Жарылғасұлы

Шернияз ақын қазіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданы аумағындағы Жарыпшыққан деген өзеннің бойында туған.

Шернияз ақын қазіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданы аумағындағы Жарыпшыққан деген өзеннің бойында туған. Исатай – Махамбет көтерілісіне қатысып, көтеріліс басылған соң біраз уақыт қуғында жүрген. Хиуа хандығын барып паналаған. Баймағанбет Айшуақов сұлтан (Жәңгір ханның сенімді адамы болған) соңынан қалмаған соң, өз еркімен сұлтанға барып, кейінгі өмірін соның маңында өткізген. Бірақ көтеріліске қатысқан достарын ешуақытта ұмытпаған. Исатай мен Махамбетті мақтап өлеңдер шығарған. Оларды ылғи ел билеушілерге, әсіресе өзінің соңғы қожасы Баймағанбетке қарсы қойып өлеңдер айтқан.

Өлеңді ауызша, суырып салып шығарған Шернияз шығармаларының көбі сақталмаған. Ел аузында қалған азын-аулағы 1925 жылы Мәскеуде басылған. Шернияз шығармаларының бірқатар қолжазба нұсқалары Қазақ Ғылым академиясының ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында жинақталған. Шернияздың әдеби мұрасын зерттеп, әдебиет тарихына қосуда Х.Досмұхамедов пен Қ.Жұмалиевтің еңбектері зор.

Шернияздың Исатай, Махамбет пен Баймағанбетке арнап айтқан өлеңдері тұтастай бір сюжетке құрылған шығарма тәрізді. Қолжазба нұсқаларында әртүрлі айтылғанмен, олардың жалпы мазмұны бір. Ол Баймағанбетті іздеп келуден басталады. Күздің бір суық күнінде таңертең желі басында жүрген Баймағанбетке келіп сәлем берген Шернияз жалаңаяқ, табанынан суық өткен соң тымағын басып тұрыпты. “Тәйт, бас киімді аяққа баса ма екен, сен кімсің?”- депті оған Баймағанбет. Сонда Шернияз:

Бай-еке, Сіз бір аққан бұлағымыз,

Зарлаған біз бір жетім лағыңыз.

Лыпадан тал бойымда ешнәрсе жоқ,

Жалғыз-ақ жарты күйген тымағымыз.

Аяғым тоңғаннан соң басып тұрмын,

Үсіп кетіп барады құлағымыз, –

депті.

Екінші бір нұсқада:

Он мүшем аман болса, күн көремін,

Құлағым аяғымның садағасы, –

деген де жолдары бар.

Шернияз Баймағанбетке өзін:

Аржақта дүмбірлеген Арғынқазы,

Жайлаған Арғын-Найман, Өтенсазы ...

Бай-еке, танымасаң, танытайын,

Мен едім Исатайдың Шерниязы, –

деп таныстырады.

Баймағанбет Шерниязды үйіне алып кіреді. Сұлтанның алты қызы бар екен. Солардың тұрып жатқанын көреді, мадақтап өлең айтады.

Орынбор – Сіз салдырған қалалары,

Ақылға бәрі бірдей даналары.

Өңшең абзал баланы таба берген

Бұлардың қандай екен аналары.

Ұжмақтың хор қызындай тегіс туған

Ай, алла-ай, қандай мінсіз балалары,

дейді.

“Мақтау өлеңді әркім-ақ айтады. Сен шын ақын болсаң, менің қыздарымды жамандашы” – депті Баймағанбет.

Сонда Шернияз:

Бай-еке, Сіздің қызда жаман бар ма?

Жамандар біз байғұста заман бар ма?

Шот желке, шолақ айдар, күң дер едім

Бармайды аузым шіркін жамандарға.

Қызыңның бес тиындық біреуі жоқ,

Қойған соң құдай ханша амал бар ма? –

деген.

Баймағанбет  мәз болып күледі. Осы кезде әйелі шығып амандасады. Шернияз оны да мақтай жөнеледі. Баймағанбет тоқтатып, әйелін жамандатады.

Шіркіннің сөйлер сөзге тасуын-ай,

Аруағы алдиярдың басуын-ай!

Ханымның мұрны кейкі, бойы аласа,

Келбеті мегежіннің қашырындай.

Көк иттей күшіктеген құнжың қағып,

Жататын шығар тыр-тыр қасынып-ай,

Тұрпаты ит-шошқадан былай емес,

Байеке, көргенімді жасырдым ба-ай?

Баймағанбет енді өзін жамандауды сұрайды. Тәуелді болып, іздеп келіп отырған сұлтанды жамандауға батылы жетпеген Шернияз оны мақтай жөнеледі.

Арғы атаң ту ұстаған Арыстанбек,

Туған жоқ о да сендей данышпан боп.

Тақсыр-ау, сізді қалай жамандаймын,

Мен түгіл, құдай жаман жаратқан жоқ.

Жақсы айтсам, тақсыр төрем, мақтанарсың,

Жабырқап жаман айтсам, жасқанарсың ...

Шыдамай Шерің қозғап, шынын көйтсе,

Қылышпен алтын сапты басты аларсың, –

деп ақын бір жағы мақтаған болып, екінші жағынан жамандауға қорқып отырғанын да сездіріп қояды. “Жаманда, басыңды алмаймын” дейді Баймағанбет.

Аржақта Арғынқазы дүмбірлеген,

Байеке, елің бар ма бүлдірмеген?

Төре кетіп, төбеде төбет қалып,

Туып тұр ел басына бұл күн деген.

Кешегі Исатайдай есіл ерді

Орысқа ұстап бердің тіл білмеген.

Қазақтың қара жұртын быт-шыт қылған,

Төре емессің, төбетсің дым білмеген ...

Па, шіркін Исатайдай сабаз тумас!

Қас итсің, қасыңа да адам жуымас!

Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ,

Хан емес, хас қатынсың мұндар қу бас, –

дейді Шернияз. Баймағанбет сұлтан ащы сөзге шыдай алмай, қылышын суырып, тұра ұмтылады. Шернияз хан қолындағы қылышқа қарап тұрып:

Қолында ханзаданың қасқа қылыш.

Түсесің қаһарлансаң тасқа, қылыш.

Сабының хан ұстаған тұтамы алтын,

Жарқылдап хан ойланбай аспа, қылыш! –

деп тоқтатады да, сұлтанды мақтау сөздермен қайта жібітеді. Атасы Абылайды еске алып, сұлтанның өзін көтермелейді. Баймағанбет біртіндеп басылады. Бірақ Шерниязды қумай, қасында қалдырады.

Ол заманда (хандық билік тұсында) ел билеушілердің халыққа сөзі өтімді шешен, ақын адамды қасына ұстау салты болған. Солар арқылы билеушілер сөзін елге жеткізіп, оларды үгіт-насихат жұмыстарына пайдаланған. Абылайдың қасында Бұқар, Кенесарының қасында Нысанбай, Жәңгірдің маңында Байтоқ, Жанұзақ деген ақындардың болғаны тарихтан мәлім. Баймағанбет те Шернияздан басқа Жылқышы, Марабай сияқты ақындарды ұстаған. Осы мақсатпен Баймағанбет тілі қанша ащы болса да, дұшпаны Исатайды қанша мақтаса да, кешірім жасап, Шерниязды қасында қалдырған.

Бірде Баймағанбет “Сен Исатайды көп айтасын, мақтайсың. Оның несі артық еді” деп сұрапты. Шернияздың “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Сағынам, ауызға алсам, Исатайды”, “Исатай – ел еркесі, ел серкесі” деген өлеңдері осылай туған. Олардың ішінде мынандай жолдар бар.

Сағынам, ауызға алсам, Исатайды!

Ер тумас ел бағына ондай жайлы.

Қарадан халқы сүйіп “ханым” деген,

Жігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы.

...Ер тумас ел бағына Исатайдай,

Мінезі толқушы еді толған айдай,

Тарлан боз, торғыл ала жылқы біткен

Бай еді, құтым еді, уа, дариға-ай!

...Исатай ел еркесі, ел серкесі

Бір мен емес, Алашқа жайлы еді.

Елге алғау, маған да алғау ер Исатай,

Айрылып Шерің содан қайғылы еді.

“Егер Исатай өлмей, аман-сау қайтып келсе, қалай қарсы алар едің?” – депті Баймағанбет. Сонда Шернияз:

Бармысың жауға түскен алтыным-ай!

Самалым, саз қонысым, салқыным-ай,

Кәпірдің қоржынына  түсіп едің,

Шықтың ба аман-есен, жарқыным-ай?

Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай,

Құртып ең алты алаштың тынысын-ай,

Жатпапты асыл пышақ қап түбінде,

Шықтың ба қабын жарып, ырысым-ай!... –

деп, құшақтар едім, – депті.

Бұл өлеңдерде Исатайды “Хан” деп мадақтап, оның байлығын санап айту сарыны бары байқалады. “Хан” деген ол заманда “ел басшысы” деген ұғымның орнына жүрген. “Бай, мырза” деп елге пайдалы адамдарды айтқан. Бәрі де өз заманының ұғым-түсінігінен туған. Әйтпесе, Исатай хан да, бай да болмаған.

Шернияздың Баймағанбет сұлтанға келуі жайлы бұл өлеңдер – ақын мұрасының негізгі бөлігі. Олардан басқа Шернияздың Махамбетпен өлең түрінде тілдесуі, қоналқаға келген үйге өзін таныстыруы, өмір туралы бір толғауы мен термесі, Медебай ақынмен айтысы, жастық туралы өлеңі, т.б. сақталған.

Махамбетпен бір кездесуінде Шернияз:

Көлдеуде көкала үйрек жергілікті,

Молдалар шариғаттан сөз біліпті.

Жолдасы Ер Исатай – Ер Махамбет,

Сөз бар ма бізге айтқандай ескілікті, –

деп сұрапты. Махамбет оған өз басының күйін жұмбақтап айтып жауап берген. Кейін қасындағы жолдасы Махамбет сөзінің шешуін сұрағанда, ақын “өзім де толық түсінгем жоқ, сірә, өз басының күйін жұмбақтап айтқан болар” деп шешіліп жауап бермеген.

Бірде қоналқаға келген ауылдың жігіті Шерниязды аттан түсірмей, кім екенін сұрағыштап ұзақ ұстап қалыпты. Сонда Шернияз:

Руымды сұрасаң,

Жеті рудың ағасы,

Ақкетенің баласы.

Жаз жайлауын сұрасаң,

Тайсойған – Бүйрек арасы.

Қыс қыстауын сұрасаң,

Ара қонып келеді

Жүк салған жолмен қалашы.

Өзімнің атым – Шернияз

Жарылғас бидің баласы.

Тап осылай деп айтпасам,

Қондырмаймын деп тұрсың ғой шамасы, –

депті.

Ақынның термесі мен толғауы өзі көрген өмір сыры мен оның өткінші сыпаты жайлы ойларға толы.

Болжалды күн болған соң,

Дүниеде кім қалған?

Батыр өткен шабынған,

Жүйрік өткен шабылған,

Кербез өткен тағынған.

Сұлу өткен жағынған.

Не жайсаңдар өтпеген,

Озаған жүйрік табынан.

Шернияз өлеңдерінде сөз тауып айтатын тапқырлық, шешендік, бейнелілік, “бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” деп ұғынатын өткірлік мол байқалады. Бұл сыпаттар жоғарыда айтылған Баймағанбетпен кездесулерінде ерекше танылады. “Хан қолында ұстаған қасқа қылыш” – Баймағанбеттің өзіне сөз арнаудың реті жоқтығын түсінген ақынның өлімнен құтылу үшін асығыста тауып айтқан өлеңі. Бірде сұлтан асығыс шақыртып, есіктен кіре берген Шернияздың басындағы жапатай бөркі маңдайшаға тиіп, ұшып кетіпті. Сұлтан “ойланбастан осыны өлең қылшы” депті. Сонда Шернияз:

Басымнан түсіп кетті жап бергенім,

Құдай-ау, осы ма еді көп көргенің.

Өсірген сылап-сипап он саусағым,

Кәнеки, тап бергенде, ап бергенің.

Қызыл тіл барың болса, енді сөйле,

Таппасаң, қапияда босқа өлгенің.

Ұлына екі атаның бермей тілек,

Кім еді сонша көпте жек көргенің, –

депті.

Сөзді тауып, орынды қолдану оның мерейін Медебаймен айтыста да үстем еткен. Ханмен бір дастарханда отырған Шерниязға тиісіп, Медебай:

Ханыммен бірге отырып тамақ жейтін,

Отырған құжырайып бұл қай неме? –

деген. Осындағы “неме” деген сөзді ұстап алып, оның қазақ тіліндегі бұрма мағынасын пайдаланып, ақын Медебайды жеңіп кеткен.

Осы ма Медебайың хан мақтаған,

Қолында домбырасы бармақтаған,

Хан алдында “немесін” салмақтаған,

Көргенсіз неткен есер қалжақтаған.

Шернияздың тіліндегі юмор, сатира, астарлап айту, мақтап отырғансып, жамандау, т.б. әдіс-амалдар жоғарыда келтірілген үзінділерден айқын байқалады.

Бұл айтылғандар Шернияздың өз заманының елеулі ақындарының бірі болғанын көрсетеді. Кедей ақынның шарулардың хан билігіне қарсы күресіне қатысуы, Исатаймен, Махамбетпен достығы, Баймағанбет маңында жүргенде де сол достыққа адал болып қалуы оның бұқарашылдық, халықтық көзқарасын танытады. 

Автор: Серік Қирабаев






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шернияз Жарыл?асын?лы

Автор: Байдовлетова Балымай Саулебаевна

Дата: 14.02.2015

Номер свидетельства: 173193


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства