Балалардың сюжетті –рөлді ойындарға деген қызығушылығын арттыруға, ойындарға деген қызығушылығын арттыруға, ойын жағдайын құруға көмектесу. Сөздіқ қорын молайтып, дыбыстарды дұрыс айтуын бекіту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«" Шаштаразда " сюжетті-рольдік ойын»
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешені
«Шаштаразда»
Өткізген: Кадырбаева А.К.
2015-2016 оқу жылы
Тақырыбы: « Шаштараз»
Мақсаты: Балалардың сюжетті –рөлді ойындарға деген қызығушылығын арттыруға , ойындарға деген қызығушылығын арттыруға , ойын жағдайын құруға көмектесу. Сөздіқ қорын молайтып, дыбыстарды дұрыс айтуын бекіту. Балалардың білім деңгейін ,ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан-жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Балаларды ұйымшыл- дыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Шаштараз құрал жабдықтары, журналдар.
Әдіс-тәсілдер: Ойын ойнау арқылы әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы: Ұйымдатыру кезеңі.
Тәрбиеші: Бүгін, балалар, біз сіздермен «Шаштараз» сюжеттік рөлдік ойынын ойнаймыз.Шаштараз іші.Шаш қиюшы өз орнын жинақтап, дайындауда. Әкімгер өз орнында шаруасымен айналысып отыр. Бір кезде әкімгерге телефон соғылады. Арман телефон тұтқасын көтеріп былай дейді:
Ия, бұл «Әсем» шаштаразы . Ия, ия қабылдаймыз. Сіз қай уақытқа жазылғыңыз келеді? Біз кешкі 5-ке дейін жұмыс жасаймыз. Жақсы, жарайды онда сізді кешкі 15.00 ге жазып қоямын.
Шаштаразға Мұхаммед есімді клиент келеді.
Сәлеметсіз бе?
Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз.
Мен сіздерге шашымды қысқартып қидыруға келдім.Бола ма?
Әрине, ана орынға бара қойыңыз.
Рахмет.
Мұхаммед әкімгер сілтеген жерге барады. Шаш қиюшы Айдана :
- Сәлеметсіз бе? Мында отыра қойыңыз. Шашыңызды қалай қысқартқыңыз келеді?
- Тек қана екі жанын жұқалап қысқарта қойыңыз.
- Жарайды ендеше. Шаш үлгіңіз өзіңізге жарасады екен. Шаш үлгіңізді үнемі өзгертіп тұрасыз ба?
- Рахмет., жоқ үнемі осы шаш үлгісімен жүремін.
- Болған сияқты, қарап көріңізші осы жарай ма?
- Ия, жақсы, рахмет сізге.
- Оқасы жоқ.
Мұхаммед Арманға барады.
Мен сізге қанша төлеуім керек?
Сізден 500 теңге. Рахмет, келіп тұрыңыз.
Сау болыңыз.
Шаштаразға Тахмина есімді клиент келеді.
Сәлеметсіз бе? Мен сіздерге 15.00-ге жазылып қойып едім.
Ия, білемін келіңіз.
Мен сізге шашымды сәндетіп тырнақтарымды боятуға келдім.