kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Самопознание внекласный

Нажмите, чтобы узнать подробности

Самопознание внекласный СШ Алтынды     С.М.Ш. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Самопознание внекласный»

Мерзімі:22.11.2017

Мақсаты:

Оқушыларға мамандық иелерімен таныстырып, мамандықтар туралы кеңестер беру арқылы қолдау көрсету.Жоспарларын анықтап, психологиялық, патриоттық  күш беріп, кәсіптік бағдар көрсету.              

Жоспары:

1) Ұйымдастыру

2) « Мамандық таңдау жүрек қалауы ма, әлде заман талабы ма?!»» пікірсайыс

3) Оқушыларға жағдаяттық сұрақтар.

4) Ортақ шешім, оқушылардың ойы.

5) Психологиялық тренинг

  Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен  еліміздің жарқын болашақтары!
Кіріспе сөз: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11 - сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. 
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т. б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Елбасымыз  Н.Ә Назарбаев «Отанның болашағы мемлекеттің

келешегі жастардың қолында., олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі

тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді» деп айтқан.

«Мамандық дегеніміз не?»,  Қоғамға ,адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Жақсы маман болу үшін алға қандай мақсат керек? Осы және басқа да мәселелер туралы бүгін ой қозғайтын боламыз

Мамандақ таңдауда нені ескеру қажет?

  «« Мамандық таңдау жүрек қалауы ма, әлде заман талабы ма?!»» атты пікірсайысызмызға қош келдіңіздер!

Қатысушыларды 2 топқа бөлеміз. 1 топ- Мамандық таңдауда жүректі тыңдап, жүрек қалауымен таңдау керек.

2 топ-Мамандық таңдауда заман талабын ескеру керек.

1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы  беделі ме?

2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп

ойлайсыздар?

3. Белгілі  бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

4. Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүруі үшін не істеу керек?

5. Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз?

Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?

Әрине, кез келген қоғамда адам өмірде өз орнын табу үшін өз жанына жаққан кәсіпті меңгеріп,  белгілі бір мамандық иесі болуы шарт. Ел болашағы өскелең ұрпақтың қолында.

6. Тұлға мамандық таңдар алдында нені басшылыққа алуы керек?

7. Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі керек және нені үйренуі керек?

8.Сіздер қандай

маман болуды армандадыңыздар, өз мамандығыңызға келмей тұрып.

9. Қазір алдарыңызда отырған жастарға не айтасыздар? Болашақ өзінің мамандығын таңдауы үшін мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек?

10. Егер де, бірнеше мамандықты меңгерсе оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

11. Тұрақты бір

салада , мамандығыңызбен ұзақ жұмыс жасап, еңбек ету үшін адамға қандай қабілет

керек ?

12. Қазіргі уақытты

ауданымызда, жалпы қоғамда өздеріңіз білетін сұранысқа ие қандай мамандықтар

деп ойлайсыздар?

 

Жағдаяттық сұрақтар.

 1. Ата-анаң саған  бір мамандықты таңдап берді, бірақ, ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

 

2.Сен өзіңе ұнаған мамандықты  таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?

 

3.Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер етеді ме?

4.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер. Сенің арманыңның орындалуына қандай да бір кедергі келіп тұр қандай шешім қабылдайсың?

   

5.Айжан мектепте  жақсы оқыды, мектеп бітіргеннен кейін заңгер мамандығын таңдады, бірақ ол оқуына түсе алмай қалды.ал, оның құрбысы  Ақгүл орташа деңгейде оқыды да

заңгер маманына түсіп кетті. Сен бұған не дейсің?

 

Әбунасыр әл-Фараби

«Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және

жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек

те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады » деген. Олай

болса, осы ұстанымды , бүгінгі айтылған мамандардың кеңесін есте ұстап, алға

жақсы мақсат қойып, таңдаған мамандықтарының иесі болады деген оқушыларға

сеніммен  дөңгелек үстелімізді жабық деп

ариялаймын. Қатысып, кеңес беріп, іс-тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңізге

көптен-көп рахмет. Еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат

тілеймін.


Қатысушыларға берілер сұрақтар:
Білікті маман болу үшін адам ең алдымен немен қарулануы қажет?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген - ай деген шақтарыңыз болды ма?
Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау
Мамандық таңдау дегеніміз – яғни болашағыңды айқындау. Біз алдымызға белгілі бір мақсат қоя білуіміз керек. Сол мақсатқа жету үшін бірталай міндеттер орындауымыз керек. Сонда ған№а сенің болашағың айқын.
Осы жөнінде оқушылар пікірін тыңдайық.
- Сендердің алдарыңа қойған мақсаттарың бар ма?
Осы мақсатқа жету үшін сен не істемек ойың бар?

Өз мамандығын адаспай таңдап, аһ ұрмас үшін бала жасынан неге бейімі барлығын ата - анасы қадағаласа, сол арқылы мектеп кезінде - ақ өзінің қай саланың құлағын ұстайтынын біліп өссе, білікті мамандар шоғыры анағұрлым арта түсер еді. Бұлай дейтініміз, мамандық таң - даудағы салғырттық пен немқұрайдылық кешірілмейтін іс. Адамның өз болашағына деген жауапкерсіздік. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындаудың өлшемі. Демек, одан қателесуге болмайды. ҰБТ - ны тапсырып, ұпай түгендегесін, қай мамандықты таңдарыңды білмей, соңында ел дүрмегіне ілесіп, топпен бірге мамандық талдау – мақсат - сыздықтың көрінісі. Сенің мақсат¬сыздығың – бұралаң жолыңның алғашқы белесі болмақ. Бәрін қайтадан бастауға болады, бірақ уақыты өткесін өкінгеннен орны толмайтын сәттер де кездеседі. Сол үшін де үш ойланып, төрт толғанғанның артықтығы жоқ. Өз болашағыңды өзің белгілейтін ең маңызды кезеңде тұрғаныңды ұмытпауға тиіссің.
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынуды жөн көрдік.

Бірінші қадам:
Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата - анасының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО - ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орнына құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
Екінші қадам:
Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата - аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам:
Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
Төртінші қадам:
Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Программист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана тұтпай. Ең болмаса қарапайым бағдарлама жасап көріңіз. Дайындық курстарында жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
Бесінші қадам:
Сұранысты да назар ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
Алтыншы қадам:
Мамандар не дейді?
Егер күдік - күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай - ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.
Жетінші қадам:
Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5 - 10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
Қорытындылау:
Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
- Осы күннен не алдыңыз?
- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім - білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі - болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін








































Анықтама




2017 жылдың 22-і қарашасында Алтынды орта мектебінде « Мамандық таңдау жүрек қалауы ма, әлде заман талабы ма?!» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайысқа 7-11 класс аралығында барлығы 12 оқушы қатысып, өз ойларын білдірді. Шара соңында мектеп психологы оқушылардың қабілеттерін,зейінін анықтайтын тренингтер өткізді.

Мақсаты:

Оқушыларға мамандық иелерімен таныстырып, мамандықтар туралы кеңестер беру арқылы қолдау көрсету.Жоспарларын анықтап, психологиялық, патриоттық  күш беріп, кәсіптік бағдар көрсету.              







Мектеп директоры: А.У.Есембеков
















Орындаған: С.М.Сейткалиева












Анықтама





Алтынды орта мектебінде 2017 жылдың 23-і қарашасында төтенше жағдайлардың алдын-алу және олардан қорғану мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Өрт болған жағдайда қайда хабарласу керектігі толық ақпарат қалдырды. Сонымен қатар оқушыларға өрт сөндіруші мамандығы туралы түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.








Мектеп директоры: А.У.Есембеков


















Орындаған: С.М.Сейткалиева

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Самопознание внекласный

Автор: Сейткалиева Сандугаш

Дата: 28.11.2017

Номер свидетельства: 441125


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства