Б?л т?рбме са?атын "Денсаулы? к?ні" ?арса?ында ?ткіздім. Т?рбие са?аты презенциямен ?амтылды. 8-сынп о?ушыларына арнал?ан осындай т?рбие са?аты ?те ма?ызды да пайдалы деп ойлаймын. ?йткені ?сіп келе жат?ан ?рпа? ?мірді? ?р т?рлі ?иынды?тарымен кездеседі. Сол кезде д?рыс та?дау жасап, д?рыс шешім ?абылдау?а осындай т?рбие са?аттары керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Салауатты ?мір - ?лт болаша?ы! »
Тақырыбы: Салауатты өмір –ұлт болашағы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Тәрбиелеу: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,видео.
Әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың барысы: І. Кіріспе. Мұғалім: Біз бүгін «Денсаулық» күніне «Салауатты өмір –ұлт болашағы!» атты тәрбие сағатымызды өткізіп отырған себебіміз, оқушылардың салауатты өмір салтын сақтау, зиянды әдеттер, қатерлі дерттер, тазалық, лас істерден аулақ болу және тән сұлулығы мен жан сұлулығы жайлы пікірлерін ортаға салу. Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті. Демек, бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей - ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз. Ей, болашақ ұланым! Болашағы қазағымның, Сендерсің деп білемін Балғынды жас болашақ Мен сендерге сенемін! – дей отыры бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайсыз. ІІ. Миға шабуыл. 1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? 2. Зиянды әдеттерге нелер жатады? 3. Спорттың, қимыл - қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп ойлайсыңдар?. ІІІ. Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидалары: - дұрыс тамақтану; - зиянды әдеттерден аулақ болу; - жеке бас тазалығын сақтау; - денешынықтырумен айналысу; - оң эмоциялардың көп болуы; - қоршаған ортаның тазалығы; - күн тәртібін сақтау; - үнемі қозғалыста болу
IV«Сен білесің бе?» айдары
Біз өз білімімізді әркез шыңдап, өскелең шақта кандай да жағдайда әлемдегі окиғаларды, жаңалықтарды біліп, естіп жүруіміз керек. Сендердің назарларыңа «Сен білесің бе?» айдарын ұсынамын. 1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі. 2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. 3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады. 4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады. 5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар. 6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі. 7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион. 8. Қалаларда есірткінің құрбаны болған 7-8 жастағы балалар тіркелуде.
V. «Тәрбие көзі – халықта».
Денсаулық туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
1. Сақ жүрсең, сау жүресің. 2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады. 3. Денің сау болса, жарлымын деме. Жолдасың көп болса, жалғызбын деме. 4. Тыста ұзақ жүргенің – ұзақ өмір сүргенің. 5. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. 6. Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман. 7. Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы. 8. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі. 9. Көзің ауырса, қолыңды тый, Ішің ауырса, аузыңды тый 10. Жарлының байлығы – денінің саулығы
VIІ Бекіту: Тренинг «Қолшатыр...» 1-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі. 2- «Денің сау болсын десең...» Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, қолшатырдың айналасына шеңбер құрайды.
VIIIҚорытынды бөлім: «Ойқозғау» 1. Қоғамда «Мемлекет қазынасына миллиондаған пайда түсіреді, зияндылардың денсаулыққа пайдасы бар» деген кереғар пікірлер бар? Соған дәлелдеме қандай? 2. Қазір арақ, темекі баспасөз бетінде, теледидарда жарнамадан түспейді? Оның орнына ауыл, қала көшелеріне не ілуге болады? Көзқарасың қандай: 3. Салауаттылық салтын болашақ өмірде қалай ұстанасың? Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.