kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сайыс: «К?згі бал-2015»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар а?айын, ??рбы - ??рдас!
Бармысыздар жанк?йер, ?з - ?ауымдас!
Б?гінгі кеш ?уенін біз бастайы?
Сайыста к??ілменен ?ол со?айы?.
Біздерде ойын - сауы? басталады,
Тамаша к?й тартылып, ?н салады.
?ошеметтеп, ?ол со?ып отырайы?
?мыттырар к?н бой?ы шарша?анды.
 

??рметті ата-аналар,?ріптестер таби?атымызды? бізге берер байлы?ы мен берекесін сыйлайтын сары алтын к?зіміз келді. Алтын к?з мерекесі ??тты болсын демекпіз,жылды? ?ай мезгілін алса?та таби?атты с?йіп, оны аялап к?ту ?рбір адамны? міндеті,?йткені бізді ?орша?ан таби?ат аман болса,бізде ?р?ашан к??ілдіміз.Сондай к??ілді ша?ымызда б?гін   мектепалды даярлы? топ балаларыны? арасында  ?тетін  «К?згі бал−2014» бай?ауына ?ош келді?іздер!


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сайыс: «К?згі бал-2015» »


Актөбе обл.

Шалқар қаласы

5 орта мектеп


Сайыс:

«Күзгі бал»











Өткізген:МАД тәрбиешісі

Рейм Камила Қойшыбайқызы

Сапарбаева Кұралай Жұмабекқызы



















Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жанкүйер, әз - қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмыттырар күн бойғы шаршағанды.


Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.Сондай көңілді шағымызда бүгін   мектепалды даярлық топ балаларының арасында өтетін «Күзгі бал−2014» байқауына қош келдіңіздер!


Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде ататұғын жаңа таңбыз.
Жан мен тән сұлулығын тепе - тең ғып,
Бар елді өзімізге қаратамыз.
Ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз.(музыканың сүйемелдеуімен ортаға қатысушы жұптар шақырылады)

Ерке өсіп, ең жайланған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап, жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп келіп тұрмыз.

Көп сөйлеп жан жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанеки, жұптар сайысын бастайық біз.

Сайыс бағдарламасы 4 кезеңнен тұрады.
1 - бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» (өзін таныстыру)
2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
3 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)

-Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ бағасын беретін,қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Әділ-қазылар алқасы
Жүргізуші:
Есте қалар бұл күндер,
Бал - бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік.
Жүргізуші:
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.





2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.


3 - бөлім: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!
4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
Білім жолы сара жол,
Білімді адам бастар қол
Сұрақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.
1. Қазір қай мезгілі?

2) Күз мезгілінде қанша ай бар?

3) Қандай мерекелер бар?

4) Ауа-райында қандай өзгерістер болады?

5) Бау-бақшада қандай жемістер, көкөністер піседі?

6) Ағаштардың жапырақтары қандай түске боялады?

7) Қандай ағаштарды білесіңдер?

8) Күзде адамдар қалай киінеді?

9) Құстар қай жаққа ұшып кетеді?
10. Сенің класының аты қандай?
11. Біздің елбасшымыз кім?
12. Күз айларын ата?
13. Тәрбиеші апайларыңның атын білесің бе?
14. Қандай ертегілерді білесің?

Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші
Жеңіп шыққан аруға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі


«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Көрермендер көбейсін күннен - күнге
Келе берсін қонақтар ғарыштан да - деп «Күзгі бал - 2014» сайысын аяқтаймыз.

4
 Жүргізуші
Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.

-Күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ

1Таныстыру,сәлемдесу рәсімі
2Өз өнері(би,тақпақ,өлең,көркем сөз оқу)
3Сұрақ-жауап
4Сән үлгісі(Әр қатысушының өз қиялына байланысты) 
5 Ас мәзірі                                      1

Жүргізуші:Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
                  Бойындағы бар дарынды дарытуға
                   Қорықпастан ортамызға келіп жетті
                 Әдеппен,ізетпенен танысуға
-дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.
Бүлдіршіндер көп-көп рахмет.сайыскерлерді ортаға шақырайық.
-Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне баға берсек.

Жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.-демекші сайыскерлеріміз екінші кезеңге дайын болғанша балалардың  «алтын күзге»деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.

1Көк майсалы көрікті   Қасымхан
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті 
Сары жібек көйлегін
2 Көбейді құт-береке        Шахназ
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке 
Алтын күзді тойлаймыз.
3 Қуандырып біздерді,        Аида
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
4 Күздің қазан айында         Нұрәли
  Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
                                                    2

5Күн суытып келеді,               Бекарыс
 Жапырақтар түседі,
Астық-жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды

6Қуандырып біздерді                Аслан
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз
Кемелденсін  халқымыз.

7Астық,жеміс жиналды,        Досымжан
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды

8Жемісі мол теретін                      Нұраман
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

9Жетті желмен алтын күз                 Жансая
 Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз

10 Берекесін сыйлауға                     Жансауле
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға 
Шақырады біздерді

ІІ-кезең «Өнерлі өрге жүзер»демекші келесі кезең өз өнерін көрсету

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс
2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен
3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте
4Алдашева Жансая мен Марал Жансен
5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан
6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық                   3

Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық әділқазылардың бағасын алайық.
                                    ІІІ-кезең
-    «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар»демекші,келесі кезеңіміз сұрақ—жауап
-    -Әр жұп барып әділқазылардың алдынан бір сұрақтан алады.

-Барлығы тегістей сұраққа жауап берді,енді сөз кезегі өздеріңізде,
Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша тобымыздың биші қыздарының  «корей»биін қабыл алыңыздар.

ІV-кезең сән үлгісі
1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс
2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен
3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте
4Алдашева Жансая мен Марал Жансен
5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан
6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық


Әділқазылар төртінші кезеңнің бағасын беріңіздер.
Жүргізуші:Сайысымыздың ең соңғы бөлімі «ас мәзірі»,сайыскерлеріміз дайын болғанша ұлдарымыздың биін қабыл алыңыздар
V-кезең  «Ас мәзірі»
 «Ас адамның арқауы »демекші келесі кезеңде үйден дайындап әкелінген ас мәзірлерін қорғап,оны тапсыру.

1Мұхтарова Еркемай мен Ислам Шыңғыс
2Болатқызы Аружан мен Орынбасаров Әбдуаркен
3Амантаева Нұрсая менЖармағанбетов Байкесте
4Алдашева Жансая мен Марал Жансен
5Оразова Ақжүніс пен Құлманов Рамазан
6Амантаева Айнұр мен Бақтияр Қуандық

 

Осымен сайыскерлеріміз бес кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті,ендігі кезек әділ-қазыларда.
Әділ-қазылар дайын болғанша бүлдіршіндердің  «Алтын күз»әнің қабыл алыңыздар
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды келесі кездескенше аман-сау болыңыздар..









































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сайыс: «К?згі бал-2015»

Автор: Рейм Камила ?ойшыбай?ызы Сапарбаева К?ралай Ж?мабек?ызы

Дата: 30.10.2015

Номер свидетельства: 245756


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства