2.Оқушылардың әліппеден игерген білімдерін ата – аналарға,
көрермендерге көрсету.Буындап оқу, тұтас оқу, жоғалған
әріптерді тауып оқу кезеңдерін өткізу.
3. Отбасындағы сыйластық, ізеттілік, қайырымдылық жайлы тәрбие беру.
Көрнекілігі: шар, күн, бұлт суреттері
Баяғыда бір «Білімпаз» елінде Әліппе өмір сүріпті. Бір күні далада келе жатса , өзіне ұқсайтын бірақ басқашалау кітапты кездестіреді.Таң қалған Әліппе : Сен кімсің? Деп сұрайды.
Математика : Мен математика кітабымын ғой . Мен балаларға өте пайдалымын.Балалар мен арқылы сан танып, есеп шығара алады.
Әліппе : Ендеше таныс болайық мен әліппемін .
Осылайша әліппемен математика дос болыпты.Дәл осы кезде «білімпаз »елінде қайдан келгені белгісіз бір жалқау бала болыпты. Өзі мектепке барғысы келмейді екен. Сөйтіп жатып, армандайды. Жалқаубек: Осы мен өскенде керемет әнші боламын. Сахнаға шығып алып ән саламын жақсы ғой. Оййй әнші болу үшін әріп білу керек екен ғой. Жоқ мен әнші болмаймын. Мен оданда «Саудагер »боламын. Адамдарға нәрсе сатып ақшаға қарқ боламын. Ойй ақшаның астында қаламын.Бірақ саудагер болу үшін есеп білу керек екен ғой.Қап ай атттеген ай кім болсам екен ? Таптым таптым мен өскенде биші боламын. Еххх сайран салып, би билеп журемін.
Осылайша армандап жатқан Жалқаубекті математика мен әліппе естіп қалады. Қатты қиналған достар неде болса да Жалқаубекті мектепке апару керек деп шешеді.Бірақ қалайша апарамыз деп ойланып отрырғанда Әліппенің есіне сап ете қалады.
Әліппе: Айтпақшы мені бүгін Бестөбе кентінің 1 «ә» сынып оқушыларының менімен қоштасу кешін ұйымдастырып жатыр соған шақырды. Неде болса да біз Жалқаубекті сол жерге алып барайық.Ол жердегі оқушы балаларды көріп, Жалқаубектің білімге деген құлшынысы оянады. Математика: Ендеше не тұрыс кеттік . Сөйтіп Әліппемен Математика Жалқаубеккке келеді.Жалқаубекктің бармаймын дегеніне көнбей достар оны қолынан ұстап мектемке алап келеді. Міне керемет құрметті қонақтарымызда бізге келіп жетті. Қош келдіңіздер жайғасып отырыңыздар қазір «Әліппемен қоштасу мерекемізді бастаймыз.»
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Естімеген естіңіздер,
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады. жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.. (оқушылар кіреді) Мұғалім: -Құрметті ата-аналар , ұстаздар, оқушылар ! Бүгін сіздер 1 «А» сыныбы шәкірттерінің «Әліппеге рахмет !» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз. Мұғалім: Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не ? Оқушылар: Ол, сүйікті Әліппе !
Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына әліппені жазған кім?
Бірге. Ыбырай Алтынсарин
Ералин Диас
Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар Мұғалім : Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық ! Оқушылар: Әліппе ! Әліппе ! Әліппе !
Әліппе: Армысыздар , жас достар! Армысыздар, ата –ана ! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген Келешегі қазақтың Басталады сендерден. Таудай болса талабың, Айтары көп әріптің. Қуанышы баланың Қуанышы ананың Жақсы білім-көрімдік Болсын сізге халайық! Не үйреніп, не білдік Қане, ортаға салайық !
Мұғалім: Әліппе, сіз бүгін ертеңгілігіміздің ең қадірлі қонағысыз. Біздің оқушылардың білімін жұмбақ арқылы біліңіз.
Кішкентай сиқыршы»: Жұмбақ жасырам, шешуін тапсаңдар бір сөз шығады. Әжеде бар, атада жоқ Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә) 2.Мынау-доға қарайық Ұқсайды оған қай әріп? (Л) 3.Ірімшік жедің ғой, «Тәтті екен» дедің ғой. Оның аты біз жазған, Қайсы әріптен басталған? (І) 4.Ата-анаңмен барып сен, «Пілді» көрдің «парктен» Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П) 5.Пілде бар, шілде жоқ. Допта бар, шарда жоқ. (П) 6.Ешкіде бар, қойда жоқ Кеседе бар, қасықта жоқ (Е) өте жақсы балалар ендігі кезек тақпақтар:
Мұғалім: - Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей , рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымызға үлгі болайық. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Роза Іші толы әріпке Мынау әйбәт Әліппе. Барлық ілім-білімнің Әжесі осы Әліппе.
Азамат Әліппем, менің Әліппем Сені қолға алып мен Есігін аштым мектептің Ертеңі сәуле жарықпен:
Рауан Ата-апа атын сен, Бізге үйреттің Әліппе Бізге нағыз жақынсың Сенен білдік әріпті Арман Әсем ою өрнекпен, Көмкерілген Әліппем. Сен болмасаң білімге, Бастайтын жолды біліп пе ем.
Жангир
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым ағасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Ән хормен «Әліппе»
Әліппе: -Балалар, біз 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды , жазуды үйрендік. Балалар, Әліппеден өткен әріптер туралы қандай өлеңдер білесіңдер ?
Диас Алфавитің «А» тұрады басында , Әрқашанда «Ә» тұрады қасында Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші Ал, осының сыры неде ?
Мухамед
А-деген ол аналар ғой ардақты, Ә-деген ол әкелер ғой салмақты Б-деген ол балалар ғой әдемі Біздің елде үшеуі де кәделі
Нұрай
1. «А» – дегенім ақыл
Ата-бабам айтқан
Асыл сөзі нақыл
Бұрынғыдан қалған
Нұрсұлтан
3. «Е» - дегенім ертегі
Бізге сырын шертеді
Еңбек, есті ерлікті
Үлгі қылып ертеді
Нұрбол
4. «З» - дегенім зейін
Зерделі оған бейім
Білім алып, оқы
Қалып жүрме кейін
Камила
5. «С» дегенде салмақты
Сабырлы бол, жан-жақты
Сүйкімді бол саялы
Өзгелерге ардақты
Каусар
6. «Т» деген төл есімім
Туған жер, тал бесігім
Тәуелсіз ел – Қазақстан
Қыран бол, қалықтаған
Би “Попури»
Дидар: Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте, Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны Әліппе! С.Аружан Әліппе деген алтын жол Апарар сені алысқа. Жеңіл емес ауыр жол Тырысып бақ намысқа.
Диас Әліппем менің Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен.
Мухамед Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте, Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны Әліппе! Мұғалім: -Балалар, біз Әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді , сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік. (Математика) Мынау менің кітабым, Аса құрмет тұтамын Шөліркесем ашып сан Білім нәрін жұтамын Біздің келер шамамыз 5-ке 3-ті қосамыз 10-нан 5-ті алып, Жауабын тез табамыз.
Мұғалім: -Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер ?Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.
Күлзира Бір дегенім-білім, Білім-жарық күнің Асхат Екі-дегенім-еңбек, Еңбек бәрін жеңбек.
Мухамед
Үш дегенім-үміт, Үмітсіз жоқ жігіт.
Гулжамила 4-дегенім талап, Талмайтұғын қанат.
Рауан
5-дегенің бірлік, Бірліксіз жоқ тірлік. Камила 6-дегенің арман, Атар таңың алдан. Нұрсұлтан 7-дегенің жігер, Жеңер жолын білер.
Нурай 8-дегенің –сенім, Сүйенішің сенің. роза 9-дегенің талғам , Тура жолға салған.
Аружан А 10-дегенің –Отан, Отанды сүй ботам.
Ән «Әліппе Мұғалім: -Балалар, біз математикадан да білімімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек ? Хормен: Әліппеге рахмет !
Арман Енді жаза білеміз, Әріпті қосып әріпке. Риза болып саған жүреміз, Сүйікті біздің әліппе.
Әліппе: -Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар ! Хормен: Қош, қош Әліппем! Нұрбол Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп, шықты міне балаңыз.
Би «Қаражорға биі» Кім жылдам ?«Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға). 1. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? 3 кг 2.Бес бұтақты қайыңда, Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер сайынға, Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді
3.Тепсең-ақ секіріп, Ұстатпай қашады. Бір жерге бекініп, Тұра алмай сасады. (доп). 4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен) 5.Адам есектен неге құлайды? (жерге). 6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10) 7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз). 8.Сен және мен, біз екеуіміз қосылсақ қанша боламыз? (екеу) 9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға) 10. Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті-басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен? - шашы жоқ
Мұғалім: -Міне біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік. Мұғалім: - Балалар, сендер « Әліппені »бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың оқушылар суретке қарап, шешулері тиіс. Ана сөзі жанында тілдің суреті шығады. М: Қандай сөз шықты балалар? АНА ТІЛІ М:Жарайсыңдар, балалар, сендерде енді ақылды, білімді Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық. Камила: Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Ана тілі:
Ана тілі келеді. Туған елдің тілімін, Ақылы мен танымын. Түсіндірер бәріне Ана тілі пәнімін. Ана тілім-ұраным Ана тілім-құралым. Ана тілім болмаса Мықты болмас тұрағым.
Балалар енді бұрынғыдан да көп оқыитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысыңдар көп нәрсені үйренесіңдер.
Хормен: Әліппемен қоштастық, Ана тілмен достастық. Ана тілі:. Қоштасу
Ана тілі:
Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа , мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын
Балалар енді бұрынғыдан да көп оқыитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысыңдар көп нәрсені үйренесіңдер
Алтореева Жансая 1 сынып оқушыларына арнап . «Бала тілегі» атты әнін арнайды
Келесі кезекті мектебіміздің директоры: Сыздыков .Толеутай .Жарұлына берейік.
Мінекей ұстаздар ата аналар «Әліппемен қоштасу» мерекемізде өз мәресіне жетті .Ата аналар арасынан жылы лебізін білдірушілерге сөз береміз. Келесі кездескенше хош сау болыңыздар.