Разработку открытого внеклассного мероприятия на тему: «Физика және музыка»
Разработку открытого внеклассного мероприятия на тему: «Физика және музыка»
Мақсаты: оқушылардың білімге өнерге деген деңгейлерін көтереді, жауапкершілікпен ұйымшылдыққа жетелейді, музыкамен байланысты кеңейтеді, музыкалық аспаптардың ерекшеліктерін кеңірек түсінеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Разработку открытого внеклассного мероприятия на тему: «Физика және музыка»»
«Физика және музыка» атты физикалық кеш
Күні 30.11.2016ж
Сыныбы 11 «Б»
Орны 216 кабинет
Мақсаты: оқушылардың білімге өнерге деген деңгейлерін көтереді, жауапкершілікпен ұйымшылдыққа жетелейді, музыкамен байланысты кеңейтеді, музыкалық аспаптардың ерекшеліктерін кеңірек түсінеді.
1-ші жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған физика және музыканы сүюші қауым!
Бүгінгі біздің «физика және музыка» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-ші жүргізуші: Кешімізге арнайы дайындалып келген «Физика және музыка» жайында менің білетінім, айтатыным бар деп отырған мектебіміздің белсенді де, білгір оқушыларын шақырайық..
1-ші жүргізуші: Құрметті қауым! Танысыңыздар, сіздердің алдарыңызда білгір оқушылар.(Оларды таныстырып өтеді. Әр сыныптан, 9-11- сыныптар арасынан барлығы 6 оқушы шығады).
2-ші жүргізуші: «Қос ішектің бірін бұрап, бірін сәл-сәл кем бұра,
Нағыз қазақ, қазақ емес нағыз қазақ домбыра»-
дегендей Құрманғазының күйі «Сарыарқа»
(күй біткеннен кейін)
1-ші жүргізуші: Музыкалық дыбыстар біздің өмір бойы қасымызда қатар жүретіні белгілі. Музыкалық күш кез-келген адамның жүрегін тебірентіп, көңілін шаттандырып, жан дүниесін толғандыратыны барлығымызға мәлім де, кез-келгеніңіздің бастарыңыздан өткен.
2-ші жүргізуші: Әрине бізді қоршаған ортада дыбыстар өте көп, бірақ бізді қызықтыратын осы дыбыстардың барлығы емес, солардың ішіндегі музыкалық дыбыстар. Неліктен олар? Дыбыстар бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Дыбысты қалай жазуға болады?
Міне,осындай көптеген сұрақтарға физика және мектебіміздің (бір оқушы шығады) оқушылары жауап береді.
1-оқушы: Сөз бергеніңізге рахмет!
Біз рахаттана неше түрлі музыкалық дыбыстарды, адамдардың жағымды дауыстарын тыңдай аламыз. Ал араның ағаш кескендегі шиқылдаған дыбысы, балғаның қатты ұрған кездегі дыбыстары әрине, құлаққа жаға бермейді және бұндай дыбыстар шаршатады. Осыдан келіп дыбыстар екі топқа бөлінеді: музыкалық дыбыстар және шу. Оларды бір-бірінен айыру оңай көрінгенімен, негізінен ол әлдеқайда қиын.
Мысалы: біреуге бір дыбыс музыка болып естілгенімен, біреуге ол шу сияқты болуы мүмкін. Абай атындағы «Ұлттық опералық драма» театрына барғанды кім жақсы көреді? Қолдарыңызды көтеріңіздерші. Көрдіңіздер ме арамызда тек кейбіреулеріміз ғана жақсы көреді екенбіз. Ал қалғандарымыз тіпті, қызықпаймыз да. Сол сияқты көптеген адамдар операның музыкалық тартымды ештеңесі жоқ деп ойлайды. Ал кейбіреулер музыканың құдыреті міне, осында деп санайды.
Мен сіздерге мынадай қарапайым мысалдармен түсіндіріп көз жеткізейін.
Аттың кісінегені немесе ормандағы құстардың дыбыстары біздерге шу болғанымен, орманшыға керісінше бір әуен болып естіледі. Сол сияқты алғаш рет ана болған әйел жаңа туылған баланың дауысы жағымды бір музыка болып естіледі, ал басқалар үшін шу болуы мүмкін. (Осы жерде бір музыкалық үзіліс кетеді).
1-ші жүргізуші: Рахмет сізге! Бірақ, осы жерде отырғандарымыз ішектерден, әншілердің аузынан шығатын дыбыстардың бәрі музыклық екеніне келісетін шығарсыздар. Бұл рас болса музыкалық аспаптардан шығатын дыбыстар бір-бірінен қалай ерекшеленеді деген сұраққа келесі оқушы жауап береді. Дыбыстың мінездемесі ретінде ең маңызды 1-ші түсінік дыбыстың дауысы. (бұл оқушы көптеген музыкалық аспаптардың көрмесін өзі оқушылармен алдын ала дайындап қою керек).
2-ші оқушы: Музыкалық дыбыстарды әртүрлі музыкалық аспаптар шығарады.
1-ші: Соққылайтын аспаптар- бубен, барабан, ксилофон т.б. Бұл жерде дыбыс қолмен таяқпен соғу арқылы шығады.
2-ші: Үрмелі аспаптар- сыбызғы, кларнет, саксафон, сырнай, саз сырнай т.б. Аспаптың ішінде ауаның таралуы арқылы пайда болатын дыбыстар.
3-ші: Клавиштік аспаптар- пианино, клавесин т.б. Ал бұл жерде ішектерді балғамен соғу арқылы дыбыстарды алуға болады.
4-ші: Ішекті аспаптар- скрипка, гитара, домбыра, қобыз, шаң қобыз, қыл қобыз т.б. Бұнда ішектің өзін қозғалту, қолмен болсын, басқада түрлі дыбыс шығаратын нәрселер арқылы болсын дыбысты шығару.
Мен сіздерге қазір тәжірибе көрсетемін, осы тәжірибеден кейін, қандай қорытындыға келетінімізді көресіздер.Біз физикадан дыбыстың интенсивтілігін өлшей алатынымызды білеміз. Ол тербелістің амплитудасына және тербеліс жасайтын дененің ауданына байланысты.
2-ші жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда әріптесіміз айтып кеткен әртүрлі аспаптардың ойнауында мектебіміздің өнерлі оқушыларының орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі.(күйден кейін).
1-ші жүргізуші: Ал келесі оқушымыз сіздерге алдыңғы оқушымыз айтып кеткендей дыбыстың мінездемесінің ең маңызды түсініктерінің біріншісі дыбыстың дауысы десе, ал екіншісі дыбыс туралы айтады.
3-ші оқушы: Физикада дыбыс тонының биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.
Ең төменгі музыкалық дыбыстардың адамға естілу жиілігі секундына 16 тербеліс. Ол орган аспабынан шығады. Бірақ бұл жиі қолданылмайды, себебі дыбысты анықтау, түсіну қиын. Ал секундына 27 тербеліс – тон, құлаққа анық естіледі, шеткі пернеден ести аласыздар (пианинодан немесе ямахадан көрсетеді).
Келесі қызықтыратын тон- 44 тербеліс секундына, өте төменгі ер адамдық – бас. Бұл дауысқа өздеріңізге белгілі дүние жүзін таңқалдырған Парижде ән салдырған Әміре Қашаубаев ағамыздың дауысы жатады. Келесі секундына 80 тербеліс кәдімгі бастың нотасы Бұдан тағы бір октава жоғары көтерілсек, біз музыканың жоғары бөлігіндегі диапозонға түсеміз.Бұған барлық дауыстар және музыкалық аспаптар кіреді. Бұл аралықты ең жоғары тонның эталоны деп атайды, себебі секундына 440 тербеліс жасайды. Ал секундына 1000-1200 тербелістерді қобыз, скрипка, орган, жетіген, рояль шығара алады. Бұл дыбыстар нағыз естілетін дыбыстар.
Келесі кезекте әйел дауыстары одан биік. Бұндай дауысқа халық әншісі Бибігүл Төлегенова апамыздың дауысы жатады. Дыбыс секундына-2018 тербеліс жасайды. Секундына 3000 тербеліс жасайтын дыбыстарды музыклық тондарда пайдаланбайды.Олар өте қатты жағымсыз. Ал секундына 16000-20000 тербелістен бастап, адам құлағына естілмейтін өте жоғары ультрадыбыстар. Олар тасты ояды, татты кетіреді, материалды ұсақтайды, теңіздер мен көлдердің тереңдігін өлшейді, рентген сәулелерінен күшті, адам денесін көре алады.
2-ші жүргізуші: Ал қазір сіздердің алдарыңызда, секундына 3000 тербеліс жасап танымал болмаса да, бірақ мектебімізге танымал болып жүрген әншімізді ортаға шақырамыз.(ән орындалады).
1-ші жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,-деп Абай атамыз айтқандай,ән деген керемет қой әрине! Келесі кезекте қазақтың атақты ғұламалары әл-Фараби,Абай сияқты аталарымызды қалай айтпай кетпеске?- деп отырған тағы бір оқушымызды ортаға шақырамыз(оқушыны таныстырады).
4-ші оқушы:Қайда, қозғалыс болса, сонда жарық бар, қайда жарық болса, сонда сәуле бар, қайда сәуле болса, сонда дыбыс бар. Ол жалпы қағида барлық ғаламнан бастап атом бөлшектеріне дейін қолданылады деуге болады. Қозғалыс өте тамаша шеберлікпен, көрікті үйлестікпен, қатаң тәртіпті заңға бағынған. Сансыз көп жұлдыздар мүшелік топтар, жеті қат көктер олардағы заттар бәрі біріне –бірі қақтығыспай, өз жолымен жүреді. Соған сәйкес олардан шыққан дыбыстар да бір-бірімен әуендесіп көрікті үндесетін хош әуезбен адамға әсер етеді. Адам өз тарапынан сол ғалами әуезге еліктеп, ілесіп үндесіп, ән мен күй шығарады. Музыка дегеніміз сол. Демек, музыканың табиғи-ғылыми тегі бар ғылым. Екінші жағынан ол адамға әсер ететін өнер. Адамның дыбысты қабылду қабілеті бірдей емес. Кейбір нәзік сезімтал адамдар ғаламдағы нәзік дыбыстарды естиді. Өзіде соған еріп ән-күй шығарады. Сондай әдемі ән-күй тыңдағанда ол бойыңды алып, көңілге тамаша ойлар салады. Ол кезде адам «дүниені де, өзін де ұмытатын» кездері болады. Ән-күйдің әсерінен көз алдыңда бүтін болмыс өзгеріп, түрленіп ерекше үнге айнала бастайды.
Абайдың: «әнді сүйсең, менше сүй» дегені осыдан. Дәл сол кезде адамның терең ойлары оянып, дүниені басқаша сезіп ғажап сырлар ашады. Ән-күй шығарады, көркем бейнелер жасайды, ғылыми жаңалықтар ашады. Темірдің екі басы ыстық дегендей, мұндай жағдайда өз өлшеуін білу керек. Тек ән-күйдің әуеніне еріп, басқа дүниені ұмытып кетер болса, онда тек диуаналыққа соқтырар еді...
Әл-Фарби мен Абай ән-күйдің тамаша құдіретін сезген, өмірдің ерекше өрнегін аңғарып, мирас қалдырған. Сонымен қатар ол кісілердің аруақты даналығы сол ән-күй әуені даналықтың шын жолын іздеген, ақыл мен қайратты жүрекке тірек етіп ғылым хакімдік ғадалет жолын көрсеткен.
Әл-Фарабиге музыкалық мирас болған гректің атақты ғалымы Пифагорды алайық. Онын заманында мынадай аңыз болған. Эфиоп патшасы Мемнон Троян соғысында Ахилден қаза тапқан. Мысырдың патшасы Аменхотеп (III) мүсіні Мемнон атымен аталады. Сол мүсіннен таң алдында сыңсыған адам үні шығады екен. Ол Мемнонның шешесі Эосты қарсы алғаны деседі. Таңғы шық сол Эостың көз жасы деседі. Эос төрт бағыттағы желдің анасы деседі.
Мемнонның таңғы әуені ертеде музыканттарға құлақ күйі ретінде алынған. Оның теребеліс жиілігі 440 Гц болса керек.
Жеті нота жеті қат көкке арналған. Айтылған Мемнон нота 6 болып саналады, яғни ол Шоңай нотасы (Шоңай-Зевс-Юпитер Мардук Олимптың патшасы).
Әл-Фарабидің музыкалық жаңа еңбегі онан кейінгі көп ұрпақтарға үлгі болып дамыды. Соған бір белгілі мысал ретінде Адбрахман Жамиден сөз келтіреміз. Ол кісі Науаимен дос болған адам. Ол кісінің музыка саласында бір еңбегі бар («Музыка Хакиды тракт», Ташкент, 1969, Ғылым академиясы «Фан»).
1-ші жүргізуші:Ал, қазір сіздердің алдарыңызда мектебіміздің бишілері. Қарсы алыңыздар! (Қыздар қазақша би билейді).
2-ші жүргізуші:Жалпы Әл-Фарабидің «Музыкалық ұлы кітабы» атты трактаты төрт бөлімнен тұрады, атап айтқанда:
1) Музыка теориясына кіріспе; 2) Музыка туралы ғылым бастамасы; 3) Аспаптар; 4) Композиция.
Осы трактаттың құрылымымен танысу үшін әрбір жеке бөлімдерге қысқаша тоқталсақ жеткілікті. Оны бізге келесі оқушымыз айтып кетеді.
5-ші оқушы: Жүргізушіміз айтып кеткендей бірінші «Музыка теориясына кіріспе» бөлімінде негізінен мына мәселелер қарастырылған: әуезін анықтау; теориялық және практикалық музыка; әуезін шығару; музыкалық әр түрлі жанрлары; музыканың шығуы; аспаптарды жасау; музыкалық тәрбие; теориялық ғылым; теориялық музыкалық өнер; музыкалық интервалдар; октава; табиғи үн шығаруға арналған аспаптар. Ал екінші «Музыка туралы ғылымның бастамасы» бөлімінде мынадай мәселелер қамтылған: физика принципі, дыбыстың пайда болуы және оны тарату үн, оның анықтамасы; дыбыс шығаратын денелер; дыбыс жоғарылығының себептері; музыкалық интервал туралы; дыбыс қатарлар мен үндестіліктердің араласуы; дыбыстар арқылы алынатын мелодиялардың эволюциясы (қозғалысы) теорияны экспериментті түрде тексеру үшін керекті аспап. Үшінші «Аспаптар» деп аталатын бөлімінде мынадай мәселелер қарастырылған.
Теорияны экспериментті түрде бақылау жасау үшін қажетті аспаптар; октава дыбыстары және интервалдар; төрттік үндестігі; «кездейсоқ» үндес дыбыстар; басқа құрылыстар және бұл аспапта жанрлар (тегін) белгілеу; қатар тұратын медалар және айнымалы ладалар; рабабадағы флейталық дыбыстардың жоғарылығы туралы; арфалар.
«Композиция» деп аталатын төртінші бөлігі төмендегідей мәселелерден тұрады: әуезді анықтау; толық және толық емес дыбыс қатарлары; дыбыс қатаралының кестесі; жіктеліп тарайтын ырғақтар; қайталанатын соққылар немесе қосымша соққылар; дәстүрлі араб ырғақтар; әуездің композициясы және вокальды әуездер; адам дауысы; әуезге сөзді қалыптастыру; ұзақ және қысқа дыбыстар; аралас өлең; әуендердің таралу бағыты; әуездің сұлулығы.
Бұл бөлімдердің әрқайсысы, алғашқы екі бөлімі жалпы орта ғасырдағы ғылыми ойдың нағыз шыңына жеткен.
1-ші жүргізуші:Міне осындай қысқаша трактаттың мазмұнынан кейін Әл-Фарабидің музыка және физикалық саласына кіргізген еңбегінің зор екенін біліңіздер.
«Домбыраның қос ішінде күй пернелер ойнаған»,
Осы менің ақыл ойым бір арнаға сыймаған»-дегендей Құрманғазының «Адай» күйі.
2-ші жүргізуші:Басында бізген оқушыларымыз музыкалық дыбыс маңызды үш түсінікпен сипатталатынын айтты. Оның біріншісі-дыбыстық дауысы, ал екінші тонның биіктігі және үшіншісі дыбыстың тембры. Біз бұл үшінші түсінікті соңына бекер қалдырған жоқпыз. Келесі оқушымыз дыбыстың тембры туралы айтады.
6-оқушы: Дыбыстың үшінші сипаттамасы – бұл дыбыстың тембры. Қазір сіздерге мынадай тәжірибе көрсетеміз. Бұнда сіздердің түсіну керек мәселелеріңіз қандай аспапта болсын дыбыс тоны бірдей болғаны мен олардың тембры әр түрлі екендігі. (Оқушы әр түрлі аспапта ойнап көрсетеді).
Міне өздеріңіз көз жеткізген шығарсыздар. Ал, қазір біздің заманымызда барлықтарыңыздың үйлеріңізде тембрдың жоғары не төмен екенін көрсететін жарықтық музыкасы бар магнитафондар мен музыкалық центрлер бар. Атақты орыстың композиторы А.Н. Скрябин «Прометей» деген симфониялық поэмасында жырақ партиясын енгізді.
Тәжірибе. Жарықтықмузыканы қосып көрсетеді және музыкалық центрді тембрдың жоғары, төмендегі көрсететін жарық эффектілеріне көңіл аудартады.
Жарықтықмузыканың 1960 ж. Лондонда ең бірінші рет кең тарағанын білеміз.
1-ші жүргізуші:Жарықтықмузыка туралы айтқан оқушымызды не үшін соңына қалдырғанымызды түсінген шығарсыздар. Ал, қазір, сол жарықтықмузыканы қосып билеуге шақырамыз.