Кез келген мерекені жеткілікті де?гейде жа?сы ?рі ?ызы?ты ?ткізу ?шін на?ты та?ырып?а негізделген жоспар ??ру керек. Ол ?шін жа?сылып ойланып-тол?анып мереке жоспарын ??ру ?рбір жауапты м??алімні? міндеті деп білемін. Осы орайда мына разработканы ??растырыпедік, бізде жап-жа?сы меркелік номер дайын болды. Сіздерге бір керегі болып ?алар деген ниетпен ?з т?жірибеммен б?ліскім келді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
2-жүргізуші: В ночь Наурыз люди выходили на улицу, поздравляли, желали друг другу самые лудшие пожелания, прощали обиды и ссоры: ходили другу другу в гости, в каждом доме готовили традиционный «Наурыз – көже» И угощая, желали друг другу достатка и счастья. Эти пожелания старших называют «бата», кто больше пьет наурыз көже, тот будет сыт целый год: а кто больше всех получит ақ бата у того в жизни будет светлая дорога - считали в народе.
1-жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын. Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн» Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан. Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.
Құттықтау сөз мектеп директоры Канаева Гулбаршын Мұхамеджановнаға беріледі.
Музыкалық сәлем________________________________________________________
1-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
2-жүргізуші: У наших предков много традиций и обрядов. Одним из наиболее распространенных обрядов без которого не начинают не одно торжество – это «шашу» - обряд осыпания Шашу из конфет, различных сладостей или мелких монет.
1-жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық Есік ашып, шашу шашып ел болып қарсы алайық (Ортаға шашу шашып шығады)
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді, Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін. Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, жинап ал несібеңді, Ризалығың болсын көл - көсір!
2-жүргізуші: Как многие народные праздники, праздник наурыз имеет свои традиции и обряды. В народе существует поверье, что эту ночь землю посещает Қыдыр ата. Тот, кто с ним встретится, того ждет удача и счастье. А Қыдыр ата может увидеть только тех, кто чист душой и сердцем, предан своей земле и народу. Чтобы встретится с Қыдыр ата народ выходит на улицу в ночь на 22 наурыза, обнимаясь друг с другом, прощают обиды и ссоры: из дома выносят старые вещи, чтобы в доме было чисто и накрывают стол из зерновых и молочных продуктов, чтобы год был урожайным и был достаток, зажигают две свечи, означающие, что одна свеча это не свет, накрытый стол означает, чтобы в этом доме был достаток. 1-жүргізуші: Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 - те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас»деп, қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқын - тасқын, ақ мол, жауын - шашын көп болсын деп тілейді.
(Ортаға Қыдыр ата келеді)
2-жүргізуші: Қыдыр ата ортамызға келіп түр Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп Сәлем беріп, алақанымызды жайып Алайық атамыздың Ақ батасын
Қыдыр ата:
Армысың, жамағат!
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын,
Ұлыс күні ұл мен қыз,
Білімнің мінсін жорғасын!
Бір-біріңе сүйеу бол!
Жер беті тола тіршілік,
Адамзат соған ие бол! Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын Төрт түлік ақты болсын, Ұлыс береке берсін, Бәле-жәле жерге енсін Көйлектерің көк болсын! Қайғы уайым жоқ болсын Қуаныштарың көп болсын Аумин!
Музыкалық сәлем________________________________________________________
1-жүргізуші: - Ел ішінде ардақ тұтар еңселі,
Ортаға шық, Жұлдызшалар, кел бері,
Баршамызды қызықтырған биылғы,
Сізге мәлім қандай жылдың келгені?
2-жүргізуші: - Он екі жыл бір мүшелді құраған,
Бұрынғылар «жылың не?» деп сұраған.
Әрбір жылдың өзіне тән сыны бар,
Ниет қойып білу керек мұны адам.
Ортаға екі жұлдызшы шығады. Қолдарында дүрбі, кітаптары болады.
( )
1-жүргізуші: Ортамызға қош келдіңіздер! Биыл қандай жыл есік қағып тұр? Оның берері не? Жұлдыздар не дейді екен?
(Жұлдызшылар біресе аспанның оң жағына, біресе сол жағына дүрбілерімен қарайды).
1-ЖҰЛДЫЗШЫ: Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі қой екен.
2- ЖҰЛДЫЗШЫ: (кітабын парақтап жіберіп) Егер Жаңа жыл иесі қой десек, онда бұл жылдың көктемі көкорай шалғын, жазы жан біткенге жайлы, күзі дихан қамбасын толтырар ырысты, қысы ескі таныстай ел-жұртқа етене жақын, жалпы айтқанда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, ел-жұртқа жайлы, бақ-береке ырысы мол жыл болары даусыз.
2-жүргізуші: Халқымыздың ұзақ жылдарғы болжамдарында жұлдыздар кестесіне қарап туған жылына байланысты адам бойында кездесетін жағымды-жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын шамалауға тырысушылық болған ғой. Қой жылы дүние есігін ашқан ер балалардың қандай өзіндік ерекшелігі бар? Соны айтсаңыздар.
1- ЖҰЛДЫЗШЫ: Бұл жылы туылған ер балалар, адал, өз сөзінде тұра білетін, тәуекелшіл, елі үміт күтер аптал азамат болып өседі. Жастары ұзақ боп, дәулетті өмір кешеді.
2- ЖҰЛДЫЗШЫ: Ал қой жылы туылған қыз балалар тал шыбықтай сымбатты, тау суындай мөлдір, заты әйел болғанымен ер азаматтармен иық теңестіре алатын қарымды келеді. Ел аналары осылардан шыққан.
1- ЖҰЛДЫЗШЫ: Қазақтың аспаны бұлтсыз ашық болғалы тұр,
Айы оңынан жұлдызы сонынан туады екен.
2- ЖҰЛДЫЗШЫ: Жұлдыздар солай деп жымындайды,
Тілекші боп біздерге қол бұлғайды.
Екеуі қосылып: Тіл-көзіміз тасқа,
Айтарымыз жоқ басқа
Қой жылы берекелі жыл болсын,
Ел-жұртымның несібесі мол болсын.
1-Жүргізуші: Ауыздарыңызға май, астарыңызға тай. Сіздерге көп рахмет! Айтқан жақсы лебіздеріңіздің барлығы да орындалғай!
Музыкалық сәлем________________________________________________________