kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогикалы? ке?еске баяндама: «Заманауи педагогты? к?сібилігі ж?не педагогикалы? шеберлігі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Педагогикалы? к?сібилік "педагогикалы? шеберлік" т?сінігі ар?ылы аны?талады, ол педагогтарды ?зін ?зі жетілдіруге оятатын педагогикалы? ?рекетті? идеалы ж?не педагогикалы? е?бекті? тиімділігін ба?алайтын эталон ретінде ?арастырылуы м?мкін.

Педагогикалы? шеберлік м??алім мен т?рбиеші т?л?асыны? ма?ызды к?сіби ?асиеті ретінде ?абылданады.

?азіргі заман?ы педагогикада педагогикалы? шеберлікті? ма?ызды критерийіні? бірі м??алімні? ж?мысыны? н?тижелілігі болып табылады, ол о?ушыларды? ж?з пайызды? ?лгерімінде ж?не оларды? п?нге ?ызы?ушылы?ында к?рініс береді. Бас?а с?збен айт?анда, егер о?ытушы барлы? балаларды о?ыта алатын болса, ол – шебер-педагог. Педагогты? к?сібилігі о?у?а ?абілеті нашар, ынтасы жо? о?ушыларды? жа?сы н?тижесімен ай?ын к?рініс береді.

"Педагогикалы? шеберлік" т?сінігіні? сипаттамасында бір?атар с?ра?тар туындайды:

1. ?рбір м??алім мен т?рбиеші педагогикалы? шеберлікті ме?гере алады ма?

2. Педагогикалы? шеберлік – туа біткен ?асиет пе ?лде о?ан кез келген адамды ?йретуге болады ма?

3. Педагогикалы? шеберлікті? критерийі не болып табылады?

4. Педагогикалы? к?сіпті? ?кілдерінде педагогикалы? шеберлікті? к?лемі мен сапасын ?алай ж?не ?андай "бірліктерде" ?лшеуге болады? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогикалы? ке?еске баяндама: «Заманауи педагогты? к?сібилігі ж?не педагогикалы? шеберлігі» »

Баяндама: «Заманауи педагогтың кәсібилігі және педагогикалық шеберлігі»

Педагогикалық кәсібилік "педагогикалық шеберлік" түсінігі арқылы анықталады, ол педагогтарды өзін өзі жетілдіруге оятатын педагогикалық әрекеттің идеалы және педагогикалық еңбектің тиімділігін бағалайтын эталон ретінде қарастырылуы мүмкін.

Педагогикалық шеберлік мұғалім мен тәрбиеші тұлғасының маңызды кәсіби қасиеті ретінде қабылданады.

Қазіргі заманғы педагогикада педагогикалық шеберліктің маңызды критерийінің бірі мұғалімнің жұмысының нәтижелілігі болып табылады, ол оқушылардың жүз пайыздық үлгерімінде және олардың пәнге қызығушылығында көрініс береді. Басқа сөзбен айтқанда, егер оқытушы барлық балаларды оқыта алатын болса, ол – шебер-педагог. Педагогтың кәсібилігі оқуға қабілеті нашар, ынтасы жоқ оқушылардың жақсы нәтижесімен айқын көрініс береді.

"Педагогикалық шеберлік" түсінігінің сипаттамасында бірқатар сұрақтар туындайды:

1. Әрбір мұғалім мен тәрбиеші педагогикалық шеберлікті меңгере алады ма?

2. Педагогикалық шеберлік – туа біткен қасиет пе әлде оған кез келген адамды үйретуге болады ма?

3. Педагогикалық шеберліктің критерийі не болып табылады?

4. Педагогикалық кәсіптің өкілдерінде педагогикалық шеберліктің көлемі мен сапасын қалай және қандай "бірліктерде" өлшеуге болады?

Көптеген зерттеушілер бірінші кезекте педагогикалық шығармашылыққа қабілетті және педагогикалық шеберлікке ие мұғалімнің тұлғасы туралы сұрақты қарастыру керек деп санайды.

Мұғалімнің тұлғасын анықтайтын басты элементтер: кәсібилік, құзіреттілік, өнімділік, әлеуметтік бағытталған тұлғалық қасиеттер.

Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі педагогтың тұлғасы:

Аталған технологияны қолданғанда мұғалім негізгі назарды дайын оқудың мазмұнын көрсетуге бағыттайды.

Мұғалім сабаққа дайындалу барысында жаңа материалды аса тиімді жеткізудің нұсқалары мен оған сәйкес көрнекіліктерді іздейді.

Бағдарламамен анықталған ақпарат көбінесе мұғалімнің монологы формасында өтеді. Соған байланысты оқу үрдісінде көптеген мәселелер туындайды. Солардың ішінде аса маңыздысы: байланыс дағдысының төмен деңгейі, қарастырған сұрақты оқушыдан өзіндік бағасы берілген жауапты алу мүмкінсіздігі. Педагог сыныпқа дайын біліммен барады, ол оқушыларды өз әрекетіне қосып, өзінің режиміне бағындыруға тырысады. Мұндай жүйеде мұғалім мен оқушының бағдарының сәйкессіздігі байқалады, себебі мұғалімнің бағдары әлеуметтік тапсырысқа, бағдарламаны өтуге бағытталған.

Сабақтарда жүргізілген бақылаулар мұғалімдер ынтымақтастық байланысты оқу әрекеттерін мұқият тыңдау және орындау деп түсінетінін көрсетті. Ал оқушылар ынтымақтастықты жаңа білімді ортақтасып алу, тұлға аралық байланыстардағы сенімділік деп түсінеді. Жоғарыда атап өткендей, мұғалімнің сыныпқа барғандағы басты мақсаты – оқушыларға жаңа материалды жеткізу. Тәжірибелі педагог мұғалімнің ақпараты – оқушының білімі еместігі екенін біледі.

Ақпаратты білімге ауыстыру үшін мұғалім оқушыны сыныпта және үйде өз бетімен көлемді жұмысты жасауға, оның нәтижелілігін бақылап, бағалауға «міндеттеуі» тиіс. Ақырында мұғалім оқушылардың жаңа материалды оқығанына қол жеткізеді, алайда бұл кезде бірқатар жағымсыз психологиялық салдарлар туындайды. Бастапқы сыныптың мұғалімдері барлық оқушыларда жылдам оқу дағдысын қалыптастыратыны белгілі, бірақ шамадан тыс қатты сыртқы мәжбүрлеудің әсерінен оқуға деген ынта-жігер жоғалады. Сондықтан жасөспірімдік және жоғары сынып мұғалімдері оқушылардың көбі аз оқып, біршама қателіктер жіберетінін, ал материалды талқылағанда жекелеген сөздердің мағынасын түсіндіруде қиыншылықтар туындайтынын, оқылғанның мағынасын түсінбеушілік туатынын, ал кейде мәтінді мазмұндаудың өзі аса қиын тапсырма екендігін айтады. Көптеген балалардың оқуда артта қалуы осымен түсіндіріледі. Мәжбүрлеудің салдары оқушыларда жігерсіздікпен, жұмыстың кез келген түріне кіріскісі келмеуімен, жалпы апатиямен, ақырында дағдының толық жоғалуымен көрініс береді.

Мұғалімнің күші оқушылардың оқығысы келмеуімен күреске шығындалады. Сөйтіп жұмыс ауыр еңбекке айналады.

Оқытудың дәстүрлі және дамытушы технологиясында мұғалімнің әрекетінің салыстырмалы кестесі:

Оқытудың дәстүрлі және дамытушы әдістеріндегі оқу үрдісін ұйымдастыру механизмі

Оқытудың түсіндірмелі әдісі

Әрекеттің компоненті

Оқытудың әрекеттік әдісі

Педагог құрастырады

1. Мақсат – тілектелген болашақтың моделі, алдын ала нәтиже

Мәселе құру үрдісінде оқушылар әрекеттің мақсатын іштей қабылдауы қамтамасыз етіледі

Әрекеттің сыртқы себептері қолданылады

2. Дәлелдер – әрекетті тудырушылар

Әрекеттің ішкі себептеріне арқа сүйенеді

Педагог таңдайды, көбінесе қойылған мақсатқа тәуелсіз болады

3. Тәсілдер – әрекет іске асатын тәсілдер

Түрлі оқыту әдістері, барабар мақсаттар оқытушылармен бірге таңдалады

Мұғалім қарастырған өзгермейтін әрекеттер ұйымдастырылады

4. Әрекет – әрекетің негізгі элементі

Әрекеттер өзгереді, жағдайлар оқушының мүмкіндіктерімен сәйкес жасалады

Сыртқы нәтиже, негізінен меңгеру деңгейі бақыланады

5. Нәтиже – материалды немесе рухани өнім

Бастысы – үрдістегі ішкі жағымды тұлғалық өзгерістер

Алынған нәтижені жалпы қабылданған салыстырылады

6. Баға – мақсатқа жетудің критерийі

Дербес эталондарды қолдану негізіндегі өзін өзі бағалау

Сонымен, мұғалімнің тұлғасын педагог-шебер, шығармашыл тұлға ретінде зерттей отырып, араб дәстүріндегі суфий ілімінің тарихи тәжірибесіне сүйенуге болады.


Суфий іліміндегі мұғалімнің сегіз міндеті

(Суфий-дана, мұғалім)

1. «Мұғалімнің бірінші міндеті – оқушыларды ұнату және оларға өз балаларындай қарау». (Мұғалім өзінің оқушыларының амандығын ата-анасындай қамқор болуы міндетті. Мұғалім олардың әлсіздігін үнемі есінен шығармауы тиіс, алайда ата-анасындай оларды осы қасиеті үшін жақсы көре алуы қажет.)

2. «Мұғалімнің екінші міндеті – Беру заңына бағыну: ол өз жұмысы үшін сыйақыны сұрамауы тиіс».

(Мұғалімнің өзінің кәсібі болғандықтан ол оқушылардан материалды жағынан тәуелді болмайды. Мұғалім оқушыға оның оқығысы келгеніне алғыс айтуы қажет, өз еңбегінің жемісін көруі тиіс.)

3. «Мұғалім оқушыға кеңес беруден ешқашан жалықпауы тиіс».

4. «Оқушыны қате жолдан айнытқанда, мұғалім ишарамен, тұспалдап айтуы қажет» .

5. «Белгілі бір пәнді үйрететін мұғалім оқушылар алдында басқа пәндерр туралы нашар ештеңе айтпауы тиіс».

(Әдетті біз өзіміз сабақ беретін пәнді ең маңызды, ал өз әріптестеріміздің құзіреттілігін төмен деп есептейміз. Оқушының нені оқитыны емес, әйтеуір бірдеңені оқуы керек екенін ұмытпағанымыз жөн.)

  1. «Мұғалім оқушыдан тек ол түсінуге қабілетті заттарды талап етуі қажет, пәнге деген сүйіспеншілігін жоғалтып жібермеуі үшін оқушының ақыл-ойы жетпейтін ештеңені сұрамауы тиіс».

  2. «Мұғалім қабілетсіз оқушыларға олардың шектеулі түсінігіне сәйкес материалды беруге міндетті».

8. «Мұғалім өзі оқытқан нәрселерді жасауы тиіс және өз сөздерін іспен растап отыруы қажет». Мұғалім бірінші кезекте ақпараттың қайнар көзі емес, оқытудың тиімділігінің жанды үлгісі.

Төменде мұғалімге деген заманауи өсиеттер келтірілген.

Қазіргі заманғы мұғалімнің өз өзіне беретін өсиеттері

  1. Тіпті сенің біліміңе, мәдениетіңе және адамгершілік нұсқамаңа сай келмесе де, баланың бойындағы барлық қасиеттерді оның табиғатына сай келетін табиғи қасиет деп біл.

( Адамдардың және баланың денсаулығына қауіп келтіретін қасиеттен басқасы).

  1. Баланың жағымды өзін өзі іске асыруын жанамалау.

( Егер баланың еңбегін құптап, оған көмектесетін болса, оның шығармашыл идеяларын ынталандырса, солар әрі қарай дами түседі).

  1. Баланы тікелей ештеңеге оқытуға тырыспа. Өзің оқы. Сонда бала сенімен бола тұрып, қалай оқу керектігін түсінеді. Сурет сабағында өзің де сурет сал, егер барлығы ертегі шығарса, сен де шығар, математика пәнінде есептерді барлығымен бірге шеш.

  2. Шындықты балалармен бірге ізде. Балаларға өзің жауабын білетін сұрақтарды қойма (сен білесің деп ойлайтын).

  3. Айналадағы барлық сұлулыққа шынымен таң қал.

Мектептің арналуынан шыға отырып, педагогтардың жұмысының мынадай бағыттарын атап өтуге болады:

Интеллектуалды даму

Оқушыларды ғылым негіздеріне оқыту және пәндік құзіреттілікті дамыту

Әлеуметтік даму

Әлеуметтік білімді беру, тапсырманы орындаудың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру

Эмоциялық даму

Қоршаған ортаға адекватты реакция беруді үйрену, өз эмоциясын көрсете білу

Егер мұғалім бірқатар қабілеттер мен құзіреттердің кешенін игерсе, ондай мұғалім өз жұмысының нәтижесі үшін жауап бере алатын шебер бола алады. Шынайы тәжірибеде педагогикалық техниканы меңгеруде мұғалімнің шеберлігі мен кәсібилігі көрініс береді. Педагогикалық техниканың мынадай компоненттерін ажыратады:

  1. Өзін басқара алу шеберлігі: эмоциялық жағдайға ие болуы, физикалық денсаулық, әлеуметтік сезімталдық, сөйлеу техникасы.

  2. Тұлғамен өзара әрекет жасау шеберлігі: ұйымдастырушылық, байланыстық және бағалау шеберлігі.

Мұғалімнің педагогикалық техникасының дамуының бірнеше мысалдары:

1. Педагогтың әрекетіндегі шеберліктің элементтері.

Кәсіби мұғалімдер, өз ісінің шеберлер – әріптестердің жұмысының формалары мен тәсілдерін жай ғана пайдаланбайды, оларды шығармашыл меңгереді.

Мұғалімнің шеберлігі оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын көрініс беруі үшін ең оңтайлы формасын табуда анықталады.

Сабақтың режиссурасының бірінші шарты педагогта мыналардың негізінде сабақтың шығармашыл мәні жатады:

а) мұғалімнің жалпы әдістемелік және теориялық позициясын сараптау және талдау (әдістер, теория, әдістемелік принциптер, тех­нологиялар);

б) оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін және олардың оқыту субъектісі ретінде ерекшеліктерін есепке алу;

в) уақытты жоспарлау (сабақтың жекелеген бөліктерінің темпі, ырғағы);

г) кеңістіктік шешім (сабақтың және оның бөліктерінің мақсатына, оқушылардың мүмкіндіктері мен сынып бойынша орын ауыстыру қажеттілігіне қарай оқушыларды жіктеу);

д) қажетті көрнекілік және дыбыстық көркемдеуді қолдану.

Сабақ берудің заманауи технологиясы мынаған негізделген: мұғалім сабақтың мақсаты мен формасына қарай оқушыларды сынып кеңістігінде орын ауыстырудан қорықпауы тиіс. Мұғалімге мынадай қарапайым ережелер көмектеседі:

а) балалардың шеңбері неғұрлым тығыз болса, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы болады;

б) парталар мен басқа кез келген тосқауылдар адамдар арасын ажыратады, сондықтан оларды қолданбаған жөн.

Сабақтың режиссурасының екінші шарты – педагогтың сыныппен немесе жекелеген оқушылармен бірге жеткісі келетін мақсатты ойлап табуы. Мақсат – түпкі ойдың байлланыстырушы идеясы болып табылады.

Үшінші шарт – әрекеттердің қажеттілігін негіздеу және болып жатқан нәрселердің тұтастығын сезіну. «Сабақтың тұтастығына қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа жауап беру үшін алдымен мына сұрақтарға жауап табу керек:

  • «Мен неге қол жеткізгім келеді?»

  • «Мен неліктен кейбір әрекеттерді орындаймын?»

  • Мұғалім аталған сабақпен нені айтқысы келеді (идеясы) және ол не үшін қажет (шектен тыс тапсырма)?

Тек осы сұрақтарға нақты жауап тапқан соң ғана «қалай?» деген сұраққа жауап табу оңайға түседі.

2. Жауапкершілікті оқушыларға жеткізу.

Жауапкершілікті жеткізу үрдісі тек қана әлеуметтік сферада емес, сонымен қатар оқуда да мүмкін. Оқушылардың жауапкершілігі бірнеше кезеңдерден тұрады, соларды орындай отырып, мұғалім баламен байланыс жасай алады.

  1. Педагог балада пәнге деген қызығушылықты оятуы, оған өзінің күші мен табысқа қол жеткізе алатынына сене алу мүмкіндігін беруі қажет.

  2. Мұғалім оқыту бағдарламасын өңдеу үшін оқушы пән бойынша нені білетінін, нені білмейтінін бағалауы қажет. Бағалау әдетте арнайы тест тапсырмаларының көмегімен жүзеге асады.

  3. Бағдарлама табысқа тез арада жететіндей етіп құрастырылуы тиіс.

  4. Мұғалім мен оқушы кері байланыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін тығыз өзара қарым-қатынаста жұмыс атқаруы тиіс, соның арқасында жетістерді бағалауға және қиыншылықтар аймағын анықтауға болады.

  5. Табыстар және тапсырманы орындағаны үшін ынталандыру жүйесі болуы тиіс.

Балаларға жауапкершілікті беру – мұғалім үшін психологиялық жағынан қиын жұмыс. Мұғалімдердің көбісі балалар бақылаудан шығып кетеді деп мұндай қадамдардан қорқады.

Мұғалімдер жауапты және өз ісіне адал болғандықтан олар өзіне балалардың есеюі бойынша жауапкершілікті өз мойнына артады. Балаларға жауапкершілікті беру сенім мен қадір-құрметке құрылады. Балалар да, ересектер де, соның ішінде мұғалімдер де қателеседі. Сондықтан балалардың қателіктер тәжірибесін балалық шақта жасағаны абзал, өйткені ол оның айналасындағы адамдар үшін жауапкершілік жүгін өз мойнына артпайды. Өзінің кәсіптік концепциясын өңдегенде педагог оқу әрекетінің тиімділігінің көрсеткіштерін еске алуы тиіс.

Оқу әрекетінің тиімділігінің көрсеткіштері:

  1. Оқушының диагностикалық шеберлігі: білім мен дағды сапасының болжамын дұрыс қою біліктілігі, балаларды оқытушылық деңгейін анықтау.

  2. Мұғалімнің ұйымдастырушылық қасиеттері: танымдық әрекетті оқу материалы оқушылардың белсенді әрекетінің нысаны болатындай етіп ұйымдастыру (А.Н. Леонтьев, Т.И. Шамова);

  3. Оқыту әдістерін оқу материалының мазмұны балалардың оны қабылдай алуына сай болатындай етіп таңдау (Ю.К. Бабанский);

  4. Оқу сабақтарының тәрбиелік тиімділігі: балалардың психикалық дамуын басқару үшін, оларда танымдық дербестілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу үшін оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану (А.С. Коротов, Б.Т. Лисачев);

  5. Оқушы нені және қалай іздеу керектігін, қандай ақпаратты алу керектігін, оны қалай және қандай көрсеткіштер бойынша қолдану керектігін білетіндей етіп танымның бағдарлаушылық негізін жасау;

  6. Сабақтағы адамгершілік-психологиялық атмосфера, мұғалім мен оқушылар арасындағы, оқушылардың өзара қарым-қатынасының стилі мен екпіні;

  7. Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы, дербестігі, белсенділігі, мұғалімге деген қарым-қатынасы; оқылған материалдың сапасы жөнінде дұрыс ойлау қабілеттілігі (өзін өзі талдау, өзін өзі бағалауа);

  8. ғылымның, терминологияның, түсініктік аппараттың басты идеяларын меңгеру.

Оқыту үрдісінде педагогикалық еңбектің тиімділігінің негізгі критерийі шығармашылық және интеллектуалды ойлау дамуының негізінде ғылымның бастапқы идеяларын қолдану деңгейі болып табылады.

Мұғалімнің әрекетінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері:

  • оқу үрдісін жетілдіру

  • оқушылардың пәндік құзіреттілігін қалыптасу деңгейі

  • балалардың тәрбие деңгейін жоғарылату

  • мұғалімнің шеберлігі мен педагогикалық кәсібилігі

Осы көрсеткіштерде оқушылар ғылым негіздерін меңгергендегі пайда болатын жағымды өзгерістер көрініс береді.


Мұғалімдермен қарым-қатынасын зерттеу барысында оқушылардың рекциясын тиянақталған бақылау

Мұғалімнің әрекеттері



Оқушылардың реакциясы

Мұғалімнің беделі бар болса

Мұғалімге қатынас бейтарап болса

Мұғалімге қатынас нашар болса

Өтініш айту

Қуанышты көрсету

Міндеттеушіліксіз орындауға келісім беру

Орындамай келісім беру

Кеңес беру

Орындауды міндеттеу

Өз мүддесі үшін орындау

Ескермеу

Талап ету

Сапалы, ықтиятты орындау

Формальды түрде орындау

Талапты орындаудан бас тарту

Сес көрсету

Мұғалім алдындағы кінә сезімі

Мінез-қылығын өзін-өз ақтау

Сес көрсетуді елемеу

Жазалау

Түзету

Ыңғайлану

Ызалану

Көтермелеу

Өз өзіне талапшылдық пен жауапкершілікті жоғарылату

Масаттанушылық

Мұғалімді жек көру

Уәде беру

Мұғалімге берген уәдені орындау

Күдік келтіру, берілген уәдеге скептицизммен қарау

Орындалған уәденің маңыздылыңын төмендету, оны орындамау бойынша табалаушылық

Қателіктер

Мұғалімнің жұмысына көмектесу

Мұғалімге деген сынның жоғарылауы

Мұғалімге жағымсыз қатынастың күшеюі


Барлық қатысушыларға тілектер:

1. Оқушылар мен оқыту ісіне адал болу

2. Үнемі өзінің кәсіби деңгейі мен шеберлігін жоғарылату

3. Оқушылар мен олардың ата-анасымен шығармашылық тәжірибені иелену

4. Кәсіптің қиыншылықтарын жеңу және қателіктерден пайдалы тәжірибені алу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Лепесбаева Сандугаш Кайратовна

Дата: 26.10.2015

Номер свидетельства: 244192


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства