Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздерді бүгінгі болатын «Дәрумендер жанұясы» атты сауықтыру кешін бастаймыз.
Бүгінгі «Дәрумендер жанұясы» кешіне қатысушы жанұялар;
Джексембаевтар отбасы
Жантілесовтер отбасы
Бүгінгі біздің кешімізде Сіздер отбасылық жарысқа қатысасыздар, ал балалар жанкүйер болады.
Тапсырма бойынша сіздерді екі топқа бөлеміз. Мына киіз үй жәшігінде оралған екі түсті қағаздар бар. Сол қағаздарды алып «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің орналасу ретімен бір-бірлеріңізбен тізерлесіп, 30 секунд ішінде жинауларыңыз керек. Үстелде белгіленген қағаз түстері бойынша орналасуларыңызды сұраймыз.
Енді әділқазылармен танысамыз.
1. Ата-ана
2. Ата-ана
3. Оқу-тәрбие менгерушісі: Иркитбаева Т.Н.
1-тапсырма. Бірінші үстелдегі жанұялар өз топтарыңыздың қалай аталатынын айтып , эмблемасын плакатқа салып беріңіздер.
Ал оған дейін балалардың дәруменді жеміс –көкеністері туралы өлеңдерін тыңдайық.
1-бала қияр, Аниса:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде,
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі де сүйсіне
2-бала сәбіз, Мейіржан:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген
Мені жеген балалар
Кем болмайды күшке де.
3-бала қарбыз, Санжар:
Мен қарбызбын, қарбызбын
Күннің көзін сүйемін.
Ауырса бауыр, бүйрегің
Көмегімді беремін.
4-бала қызанақ, Диана:
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.
5-бала пияз, Дастан:
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
6-бала орамжапырақ, Елнұр:
Мен орамжапрақпын
Толық адамдарға керекпін
Көп ауруды жазамын,
Емделемін десең әзірмін.
7-бала картоп, Аяулым:
Мен картоппын, картоппын
Жер жүзінде мен көппін.
Тағамға көп қолдансаң,
Айығарсың кеселден.
Тәрбиеші: Енді топтарыңның атын, ұрандарын тыңдайық.
1-ші топтан бір адам шығып топтың атын, ұранын айтып, эмблемасын көрсетеді.Одан кейін екінші топ өздерін таныстырады.
Тәрбиеші: Енді жарысқа қатысушы екі топтың мүшелеріне тапсырмамызды берейік. Бірінші тапсырма жұмбақтың шешуін табу. Сіздерге жемістер, көкөністер туралы жұмбақ жасырамыз, сол жұмбақты қай топ тез шешсе сол топтың ұпайы көбейеді.
Жұмбақтар:
Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады. (пияз)
Аласа талда,алуан алма
Ал қызыл болмай аузыңа алма. (қызанақ)
Жер астына түседі
Сап-сары болып піседі. (сәбіз)
Көкала шапан киеді
Күн шуақты сүйеді. (қауын)
Ұзын мұртты сарылар
Қырман толы дәні бар. (бидай)
Тәрбиеші:Топтарға келесі тапсырмамыз сөзжұмбақ шешу. 3-4 минут ішінде сұрақтарға жауап беріп шешімін табасыздар. Топтар тапсырмаларын орындағанша біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерден басқа , дене қозғалысы керек екенін есімізге ала отырып, қәне барлығымыз денемізді қыздырып билеп алайық. «Көңілді би»
Ата-аналар сөзжұмбақтың шешімін айтады.
Тәрбиеші: Ал енді әділқазылардың жарысқа қатысушыларға берген бағасын тыңдайық. (бағаларды тақтаға жазып беру). Мұнан кейін кезекті тапсырма бойынша балалар дәрумендік кітапша жасайды. Ата-аналар дәрумендік салат жасайды. Ребус шешеді (суреттен мақал шығару)
1. Ас-адамның арқауы.
2. Тазалық- саулық негізі.
«Қияр мен капуста» атты неміс ертегісі бойынша әзірленген көріністен соң әділқазылар жеңімпаздарды атайды. Сабақ соңында «Дәрумендер әлемінде» атты сауықтыру кешіне белсене қатысқан ата-аналарға алғыс айтылады.