kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Отбасы биржасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка урока предназначена для детей с нарушением слуха

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Отбасы биржасы"»

Сабақтың тақырыбы: Отбасылық биржа

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, ата анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға, отбасы туралы түсініктерін кеңейту; Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.


Тәрбиелік:Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық, достық қарым қатынасқа тәрбиелеу;

Дамытушылық: Халқымыздың тәлім тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту. Өз пікірлерін айтуға талдау жасап қорытынды шығаруға дағдыландыру. Ойлау қабілетін дамытып шығармашылық әрекетін қалыптастыру;

Коррекциялық: Үнемі түзетім жұмыстарын жүргізу;

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, шам, аукцион таяғы, "ақша".

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық бейімдеу. «Жылы лебіз шамы»

Бірі бірімізге мына шамды бере отырып жақсы сөздер айтып сабаққа сәттілік тілейік.

  • Сен әдемісің!

  • Сен мейірімдісің!

  • Сен ақылдысың!

  • Сен мықтысың!

  • Сен ақкөңілсің!

  • Сен жомартсың!

  • Сен адал доссың!

  • Сен сыпайысың!

  • Сен қайырымдысың!

  • Бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін!

ІІ. Балалар тақтаға назар аударайық.

Негізгі бөлім.

Маған да, саған да

Жақын туыс бес адам

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұртың

Айтады кәне кім атын


(Ата,ана,апа,аға,іні)


Жарайсыңдар! Енді келесі жұмбақты шешейік.

Онда әкем, шешем тұрады,

Ата, әже бауырым

Бәрі бірге қосылып

Бір ұғымды құрады. (Отбасы)

«Отбасылық биржа» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Бұл ойында әр топ өзінің қорларындағы ақшасын үнемді жұмсау керек. Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ сарапшы мүшелерімен таныс болыңыздар. (Сарапшы төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, алғырлығымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.

Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

І топ «Татулық», ІІ топ «Ынтымақ».

Балалар аукционымызды бастамас бұрын бүгінгі сайыста кездесетін жаңа сөздермен танысайық.

Сөздік:

Аукцион – саудаласу

Биржа - қор

Капитал - қордағы ақша

Банкрот - жойылып кету

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.

Әзірше әр топтың қорында 5000 теңгеден бар. Бұл-бастапқы капитал.

Өз капиталыңызды көбейту- өз қолдарыңызда.

Cұрақтардың бастапқы бағасы- 200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса- баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ капитанынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

Аукционға 1 лот- Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады.

Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына 200 теңге қосады.


  • Әр адамның шағын отаны?

  • Отбасы дегеніміз не?

  • Отбасының басшысы кім?

  • Отбасындағы мейірімді адам?

  • Шешеңнің әкесі саған кім болады?

  • Қазақстанда отбасы күні қашан тойланады?

  • Тәрбие мен білім ордасы?

  • Шаңырақ иесі кім?

  • 18 жасқа толмаған адамды кім дейміз?

  • Әкеден балаға берілетін зат?


ІІ тур. Топ басшылар сайысы.

Біздің екінші турымыз «Топ басшылар сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт-1 минут. Видеокөрініс.   Қазақтың  салт-дәстүрінде көп мән – мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Қазіргі турдың негізгі мақсаты сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады. Ойын барысында ойыншыларымыз сол тұрғыдан білімдерін, білгендерін көрсетеді.

ІІІ-тур «Таңдау-табыс»



«3» САНЫНА

«7» САНЫНА

«4» САНЫНА

200 ТЕҢГЕ

200 ТЕҢГЕ

200 ТЕҢГЕ

500 ТЕҢГЕ

500 ТЕҢГЕ

500 ТЕҢГЕ

1000 ТЕҢГЕ

1000 ТЕҢГЕ

1000 ТЕҢГЕ



«3» САНЫНА

  • Үш жүзді ата. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

  • Үш арсызды ата. (Ұйқы, тамақ, күлкі)

  • Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

«7» САНЫНА

  • Аптаның жеті күнін ата.

  • Жалпы жеті атаны ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

  • Жеті қазынаны ата. (Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)

«4» САНЫНА

  • Жылдың төрт мезгілін ата.

  • Төрт түлікті ата.

  • Төрт құбыланы ата.

Эксперттерден ІІІ-турдың қорытындысын сұрау.

Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.

Логикалық сұрақтар.

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса - сыйлық сіздікі. Бастапқы баға -500 теңге. Кім жоғары баға ұсынады.

Лоттардағы жұмбақтарды оқу.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Отбасылық биржа» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!











































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Отбасы биржасы"

Автор: Шагатаева Гулжайнар Тельмановна

Дата: 24.10.2016

Номер свидетельства: 351698

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "сыныптан тыс шара "Отбасы биржасы""
    ["seo_title"] => string(34) "synyptan_tys_shara_otbasy_birzhasy"
    ["file_id"] => string(6) "351917"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1477331896"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "т?рбие жоспары 7 сынып"
    ["seo_title"] => string(20) "trbiiezhospary7synyp"
    ["file_id"] => string(6) "274360"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452363639"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства