Просмотр содержимого документа
«"Отбасы- ба?ыт мекені" cынып са?аты»
«Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп» ММ
Тақырыбы:
( отбасы күніне арналған сынып сағаты)
Сынып жетекшісі: Иманбаева З.Ж.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: Отбасы – бақыт мекені
Тәрбие сағатының мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу. ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру. Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар, слайдтар Әдісі: ой бөлісу, топтық жұмыс, пікір алмасу Тәрбие сағатының барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды.
8-қыркүйек - халықаралық отбасы күні. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Мереке болған соң, міндетті түрде тарту етілетін сыйлықтар да болады. Сіздің де дәл осы күні ата-анаңызға, перзентіңізге, бауырларыңызға сыйлық жасап, қуаныш сыйлау мүмкіндігіңіз бар.
Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшантеңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, анна құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. «Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Жұмбақтар орталығы.
1- жұмбақ: Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін кісіні кім дейміз? (Ата)
2- жұмбақ: Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол көкеңнің
Білер оны сұрағын. Ол кім? (Атаң)
3- жұмбақ: Бұл кім?
Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Аялы қолда талпынтқан
Айналасына ас қойып
Өзенді көлдей шалқытқан
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей
Иісін жұпар аңқытқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Бұл кім? (Ана)
4-жұмбақ: Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы
Төрінде жалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім? (Анаң)
5-жұмбақ: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (Ана)
6-жұмбақ: Өзі салмақты,байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, тағы да басқа жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы. Ол кім? (Әке)
7-жұмбақ: Атаңның баласы
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге
Ол кім? (Әкең)
8-жұмбақ: Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (Әже)
9-жұмбақ: Аймалайды күнім деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті-ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп
Ол кім? (Әжең)
2. Шығармашылық жұмыс.
а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)
Отбасымда ең сыйлы ______________________
Ең қымбатты ______________________________
Ең ақылды _______________________________
Ең сүйкімді _______________________________
Ең құрметті _______________________________
Ең құнды __________________________________
Ең бағалы _________________________________
Ең қажетті _________________________________
3. « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық .
1. Не тәтті? 2. Не жұмсақ? 3. Не қатты? 4. Кім жақын? 5. Не қымбат?
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.) 2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы) 3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты) 4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын, Ақылшың болса, апайың жақын. Алдыңа тартқан, адал асын, Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат. Құт - береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
1. Отбасын кімдер құрайды?
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды?
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру.
4. Неке дегенді қалай түсінесің?
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің?
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған?
8. Отбасының ұйтқысы кім?
9. Отбасының басшысы кім?
Балаларға: 1. Әкенің туған күні, айы, жылы 2. Әкеңіздің сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме? 3. Әкенің ізгі қасиеттері 4. Әкенің пікірі сен үшін? 5. Әкең саған айтатын үйдегі тұрақты міндеттерін?
Қорытынды : Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.
Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.
Сынып сағатына сараптама
Тақырыбы: Отбасы – бақыт мекені
Қатысқан сыныптар: 6 «А»
Күні: 08.09.2016 жыл
Оқушылар саны: 13
Өткізілген орны: № 19 кабинет
Тәрбие сағатының мақсаты: а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу. ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру. Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар, слайдтар Әдісі: ой бөлісу, топтық жұмыс, пікір алмасу Тәрбие сағатының барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім отбасының құндылықтары жайында қысқаша мәліметпен таныстырды. Сынып сағатын Елбасының сөзімен бастады: «Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». Келесі кезекте отбасының мүшелері туралы жұмбақтар шешілді. Екі топ арасында «Ана-мейірімді жан», «әкешім-тірегім атты кластерді толтырды. Әр оқушы өзінің отбасының адамдары туралы 1-2 сөзден ризашылығын білдірді.