kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы-?негесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ма?саты: О?ушылыр?а отан, отбасы, ??ымдарын ?алыптастыру;Танымды? ойлау ?абілеттерін арттыру; Топта ж?мыс жасата отырып, бірінін пікірін бірі тындай білуге ?йрету; Ата-ана мен о?ушы арасында?ы ізгі ?арым-?атынасты? орнауына ы?пал ету. Отбасы ??ндылы?тарын са?тау?а ?йрету. Елін, жерін, ??рметтейтін жеке т?л?а т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы-?негесі»

Тақырып: Отбасы-өнегесі..
мақсаты
: Оқушылырға отан, отбасы, ұғымдарын қалыптастыру;Танымдық ойлау қабілеттерін арттыру; Топта жұмыс жасата отырып , бірінін пікірін бірі тындай білуге үйрету; Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Елін, жерін, құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Өлеңдер, мақал-мәтел,
қатысушылар: Ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.

әдісі: тренинг «Шаттық шеңбері», Сайыс, СТО әдістемесі элементтері
Тәрбие сағат барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: треннинг«Шаттық шеңбері» Топқа бөліну.
Оқушылар үлкен шеңбер құрады, ата-аналар ішкі шеңберде тұрады.
Қане,қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге

Алақанға ұрайық. «Еркелету» жылулық шеңбері.Оқушылар ата-аналары еркелеткенде айтылатын сөздерді айту.Ата-аналар балаларына тілек айтады.

-Балалар,ата-аналар біз неге шеңберге тұрып,сабақты бастадық?

-Шеңбер бұл әлемдегі мейірімділік,жақсылық.Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап,бақыт,қуаныш,жылылық тілейміз.Шеңбер қай ортаға ұқсайды?

-О әрпіне ұқсайды. О әрпінен басталатын сөздер айтыңдаршы Отан,отбасы,оқу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі .
Құрметті ата-аналар, әріптестер, балалар... Бүгін біз бірлесіп өткізгелі отырған, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай және кішкене отанымыз Отбасымызға арналған Отан-отбасынан басталады атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Қазір балаларыңыздың әзірлеген кіріспе сөзін тамашалаңыздар.

Мансұр: Қазақстан тәуелсіз ел. Махаббат. Қыраны еркін самғап,
«Жауына табынбаған, Аспанда қалықтаған.
От болып жалындаған..» Желбіреп жалаулары,
Азаттық қоныс қылған, Әнұраны шарықтаған.
Елінде бақыт тұнған.
Әнұран айту....
Жансерік: 1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
:Махаббат Шықты тарап ой данадаАйдана: Шырақ етіп өмір нұрын,
Бері қарады жұлдыз беті. Алыс жатты алдағы жол.
Өзі қалап сайлап алған, Ел намысын, елдің жүгін,
Елімнің бар Президенті Арқалаған ардағым-ол.
«Х Х І ғасырда әрбір отбасы тату,білімді әрі өнерлі болуға тиіс» Н.Ә.Назарбаев


Мұғалім: Иә, Халқымыздың «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата- бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істер - елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымықта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген асыл арманы.
Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан- жақты тәрбиелі болып өсуіне өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-ана мен баланың және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы осы отбасынан басталады. Ендеше «Отан -өнегесі» атты тәрбие сағаты сәтті өтсін.


ІІ.Топқа ат қою, постер салу, қорғау.


ІІІ. Оқушылар мен ата-аналарға сұрақтар мен тапсырмалар: әр топқа 3 сұрақтан беру, жауапты орыннан айтады.
а) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қай жылы, күні, айы қабылданды? (1991, 16 желтоқсан)
ә) Тәуелсіздік алуымызға қандай оқиға себеп болды? Осы оқиға қашан болды
(желтоқсан оқиғасы, 1986жыл, 16 желтоқсан)
б) Президент қай жылы, қай күні алғашқы рет ант берді? (10.12.91ж)
в) 2013 жылы ұлттық валютамыздың неше жылдығы тойланды? (20 жыл)
г) Тілдер мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек)
ғ) Еліміздің Ата Заңы қай жылы қабылданды? (1995ж, 30 тамыз)
д) Ақмола қаласы Астана қаласы деп қай жылы аталды? (6.05 1998ж)
е) Еліміздің Рәміздері қашан қабылданды? (1992ж, 7 маусым)
е) Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
ж) Елтаңбаның авторы кім? (Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков)
з) Алматы қаласының бұрынғы аты? (Верный)
и) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні қай күн? (1 желтоқсан)


ІҮ. Жоғалған сөзді тап ойыны. Көп нүктенің орнына тауып жазу.
1-топ: 1.Туған жерге ........ (туың) тік.
2. Отансыз адам,
Ормансыз .......... (бұлбұл).
3. Басқа елде ........ (сұлтан ) болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2-топ: 1. Отан ........( отбасынан) басталады .
2. Ел үмітін ...... (ер) ақтар.
3. Туған жерім, алтын ...... ( бесігім)
3-топ: 1. Өз үйім өлең ........ ( төсегім)
2. Туған жердей .....(жер) болмас,
Туған ......... (елдей) ел болмас.
3. Отан - ......... (оттан) да ыстық.

. Бекіту кезеңі: Барлық 3 топқа Әр топ ойын Постерге салып тобымен тақта алдына шығып, қорғайды.
1-топ. « Отбасы», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер?
Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек деп ойлайсыз?
Сіздің балаңыз өз міндеттерін орындай ма?
2- топ. Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?
Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек деп ойлайсыз?
Сіздің балаңыз өз міндеттерін орындай ма?
3 -топ. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?
Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек деп ойлайсыз?
Сіздің балаңыз өз міндеттерін орындай ма?


ІY. Мақал-мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып
қойылады, жауабын балалармен бірлесе отырып табыңыздар
.
1. Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)
2.Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің несі бітпес? (арманы)
3. Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы несінен танылар? (жерінен)
1. Ел қалаған ұл-қыздар –
Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар)
2. Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)
3. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр не артпа? (жүк)

1. Адам болатын бала қандай болады? (ағайыншыл)
Бай болатын бала айырбасшыл болады.
2. Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп)
Өнерімен қуантады түбінде.
3. Қарағайға қарап тал өсер,
Несіне қарап бала өсер?(қатарына


YII. Қорытынды:
Рефлексия: кигіз үйге тілектер жазғызып алу.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Тәрбиенің мақсаты балаларымызды елін, жерін, мектебін сыйлайтын етіп оқытып,тәрбиелеуіміз керек. Халық даналығы: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды»дегендей ата-аналардың көмегінсіз жеке тұлға тәрбиелеуіміз қиын, сондықтан мектеппен тығыз байланыста болыңыздар деп, - сөзімді қорытамын


Қоштасу: Ардақты ата-аналар балаларыңыздың тәрбие сағатына уақыт тауып келгендеріңіз үшін, осы тәрбие сағатына балаларыңызбен бірлесе белсенді қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Отбасы-?негесі

Автор: Жа?аева Айслу Бурбаевна

Дата: 19.12.2015

Номер свидетельства: 268099


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства