kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“Отан ?шін от кешкен Ма?тааралды? ?лы Отан со?ысыны? батырлары“

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Т.Аубакиров атында?ы жалпы орта мектебі" тарих п?ні м??алімі Алибекова Тарбия Кантургановна “Отан ?шін от кешкен Ма?тааралды? батырлар“ Ма?саты:1.О?ушылар?а ?лкемізді? ?лы Отан со?ысына ?атыс?ан батырлары туралы ма?л?мат беру. 2. О?шыларды? тарихи о?и?аларды есте са?тау,зерттеу,іздену шы?армашылы? ж?мыс істеу ?абілетін дамыту. 3. ?лы же?істі? тарихи ма?ызын ??ындыра отырып ардагерлерімізді? ерлігін ?астерлей білуге,отан с?йгіштікке,батылды??а,елжандылы??а т?рбиелеу,шыншылды??а баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“Отан ?шін от кешкен Ма?тааралды? ?лы Отан со?ысыны? батырлары“ »

"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі"







"Ұлы Жеңіске 70 жыл"





Отан үшін от кешкен Мақтааралдық батырлар“













Дайындаған тарих пәні мұғалімі: Алибекова Тарбия Кантургановна

Игілік ауылы - 2015 жыл

"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі"

тарих пәні мұғалімі

Алибекова Тарбия Кантургановна

Отан үшін от кешкен Мақтааралдық батырлар“
Мақсаты:1.Оқушыларға өлкеміздің Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлары туралы мағлұмат беру. 2. Оқшылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау,зерттеу,іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту. 3. Ұлы жеңістің тарихи маңызын ұғындыра отырып ардагерлеріміздің ерлігін қастерлей білуге,отан сүйгіштікке,батылдыққа,елжандылыққа тәрбиелеу,шыншылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: Іздену – зерттеу сабағы.

Сабақтың әдісі: Ой-толғау,ауызша баяндау,сұрақ-жауап,брейн-ринг ойыны.

Көрнекіліктер: Ұлы отан соғысы батырларының суреттері,ауданымыз тарихы туралы еңбектер, слайдтар.

Сабақтың идеясы: Батырлар ерлігінен мысалдар келтіре отырып,өнегелі істерінен үлгі алуға,нағыз ұлтжанды азамат болуға насихаттау.




1-оқушы: Жолдыбай Нұрлыбаев (1922, Мақтаарал ауданы – 20.2.1945) – соғыс ардагері. Кеңес Одағының Батыры (24.3.1945). Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шақырылды. 5-Армияға қарасты 507-танкіге қарсы армиялық истребитель артиллериясының Кишинев полкі құрамында батарея командирі болып, Сталинград, Оңтүстік, 3 және 4-Украин, 1-Белорус майдандарында ұрысқа қатысты. Лукац-Крейц қаласының іргесінде болған кескілескен шайқаста капитан Жолдыбай Нұрлыбаев асқан ерлікпен қаза тапты. Ленин, Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Мақтаарал ауданында оған ескерткіш қойылған.

2-оқушы: ТІЛЕУҒАЛИ ӘБДІБЕКОВ Ұлы Отан соғысына дейін «Мақтаарал» кеңшарында өндірістік бригадаға жетекшілік еткен.Т.Әбдібеков өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен айрықша көзге түскен жігіт болатын.Панфилов дивизиясының құрамында Москваны фашистерден қорғауға қатысқан мергендердің бірі.Ол осы қанды шайқаста жүздеген неміс фашистерінің көзін жойды. Дұшпандардан елімізді қорғауда жау қолынан қаза тапқан жерлестеріміздің бірі.Тілеуғали Әбдібеков – Панфилов дивизиясының мергені.Гитлершіл батыр қазақтың соңғы атқан оғынан сеспей қатты.Бұл атақты мергеннің есебіне енген 395-інші дұшпаны болатын.Фашистер оны «Қара өлім» деп атаған.Депутат Бақытбек Смағұл Ұлы Отан соғысында елге танылған даңқты мерген Т. Әбдібековтің есімі бүгінде елеусіз қалып бара жатқанына қынжылыс білдіреді. Шындығында, бүгінгі толқын Тілеуғали Әбдібековтей батырының есімін неге білмейді? Өйткені, батыр бабамыздың соғыс жылдарындағы көзсіз мергендігі Кеңес Одағын былай қойып, әлемді таңғалдыратындай екен. Бір ғана мысалмен келтірейік, кеңінен дәріптеліп жүрген Кеңес Одағының Батырлары, атақты снайперлер Ф.Смолячков - 125, В.Зайцев - 255 жаудың көзін жойған екен. Ал, қазақтан шыққан мерген Т. Әбдібеков - 396 фашисті, яғни бір батальонға жуық жаудың көзін құртқан. Бұл теңдессіз ерлік. Солай бола тұра Т.Әбдібеков Кеңес Одағының Батыры атағын ала алмаған, әлі де алмай келеді.Ал бабамыздың қайталанбас ерлігін архивтегі мұрағаттық-құжаттар да толықтай растайды.

3-оқушы: ЕГОРОВ МИХАИЛ ГРИГОРЬЕВИЧ Кенес Одағының Батыры «Мақтаарал» кеңшарында қарапайым отбасында тәрбиеленді.Ал жоғары сыныпқа келгенде қазіргі Атакент қалашығындағы мектеп-интернатта оқыды.Жастайынан намысшыл,батыл, қайсар болып өскен ол Қеңес Армиясы қатарына алынған кезде де бойындағы осы бір асыл қасиетімен көрінді.Өзінің алғырлығының арқасында ұшқыш мамандығын иеленді.Қысқа мерзім ішінде кез келген адамның қабілеті жете бермейтін кәсіпті игерген жас жігіт жаупты әуе шабуылдарына қатысып жүрді. Ол бірнеше рет кескілескен әуе шайқастарына қатысып, ержүректігімен көзге түсті. Жау шебіндегі мықты объектілерді бомбалап, әскери тапсырманы мұқият орындап отырды.Ұшқыш Михаил Егоров сондай кезекті тапсырманың бірінде ерекше қаһармандық көрсетіп, жауынгерлік ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.

4-оқушы: ВОРОВЕНКО ИГОРЬ ПАХОМОВИЧ бұрынғы Ильич (қазіргі Атакент) қалашығында мектеп-интернатта тәрбиеленген жастайынан пысық, алғыр болатын.Ол өз достарының арасында қарапайымдылығымен ерекшеленетін.1939 жылы Игорь әскер қатарына шақырылды. Әскерде жүріп ол авиация училищесінде оқыды.Осы оқу ордасында алған білімі мен тәжірибесі Игордың Ұлы Отан соғысы жылдарында тәжірибелі ұшқыштар қатарында болуына ықпалын тигізді. Жауға қарсы соғыста ұшкыш Игорь Пахомов бірнеше жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай орындады.Жау обьектілерін бомбалауда Игорь ерекше көзге түскен ұшқыштардың бірі болды.1943 жылы ұшкыш Игорь Пахомовқа соғыста көрсеткен үлкен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

5-оқушы: Тоғанбай Қауынбаев(20.3. 1922 жылы туылған, Өзбекстан, Жизақ облысы, Фариш ауданы Шымқорғаннан,) 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, бөлімше командирі. Соғысқа дейін кеңшарда -жұмыс істеген. Орталық майдан 69-атқыштар дивизиясы 20-жеке барлау ротасы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 15 қазанда Қауынбаев бастаған барлаушылар тобы Днепр өзенінен (Беларусь, Гомель облысы,Лоев кентінің маңы) өтті. Батыл қимылдардың нәтижесінде траншеялардың алдыңғы шебін жаудан тазартып, плацдармды басып алды. Осы ұрыста сержант Кауынбаев 10 жау әскерін жойды. Шағын топ жаудың 3 қарсы шабуылын тойтарып, дивизияның десантшылар отряды келгенше плацдармды ұстап тұрды. Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін Қауынбаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралкасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943). 1944 жылы кіші лейтенттар курсын бітірді. 1945 жылы Мәскеуде Жеңіс шеруіне қатысты. 1946 жылы запасқа шықты. Алматы қаласындағы заңгерлер мектебін (1948), Жоғары партия мектебін (1962) бітірді. Оңтүстік Қазақстан облысында, Алматы қаласында түрлі салаларда жұмыс істеді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1982 жылы агроном болып зейнетке шығады.2014 жылдың 11 шілдесінде Кеңес Одағының Батыры Қауымбаев Тоғанбай дүниеден өтті.

6-оқушы: Жуков Петр Константинович (1914 жылы туған) – әскери қайраткер. Кеңес Одағының Батыры (17.11.1943). Соғыстың алдында бірнеше жыл Мақтаарал ауданында тұрған. 1937 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1943 жылы қараша айында 318-атқыштар дивизиясының гвардия капитаны Жуковтың батальоны Керчь бұғазынан өтіп, Эльтиген аудан(ы) үшін шайқаста асқан ерлік көрсетті, жаудың екі дзотының үнін өшіріп, мина алаңдары мен тікенді темір қоршауларын бұзып өтті, екі тәулік бойы немістердің шабуылына төтеп берді. Эльтиген ауданын жаудан азат етудегі жанқиярлық ерлігі үшін Жуковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

7-оқушы: Иван Решеткин Семенович (10.10.1924, Мақтаарал ауданы – 14.12.1968) – әскери қайраткер. Кеңес Одағының Батыры (23.10.1943). 1942 жылдары Қызыл Армия қатарына шақырылды. Түркістандағы пулеметшілер училищесін бітіріп (1943), 309-атқыштар дивизиясының 957-атқыштар полкінде пулеметшілер взводын басқарды. Днепрден өту кезіндегі көрсеткен ерлігі үшін батыр атағына ұсынылды. Соғыстан кейін Кеңес Армиясында әскери қызметте болды. 1967 жылдары подполковник Решеткин запасқа шықты. Ставрополь өлкесінің Лермонтов қаласында жұмыс істеді. Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.

8-оқушы: Василий Васильевич Гусев (1.3.1925 ж. туылған, Ресей, Саратов облысы) – Кеңес Одағының Батыры (17.11.43). Соғысқа дейін Мақтаарал ауданында механизатор болып жұмыс істеген. 1943 ж. Қызыл Армия қатарына шақырылып, Воронеж майданының 3-гвардиялық танк әскеріндегі 69-механикалық бригаданың мотоатқыштар батальонында пулеметші болды. Днепр үшін болған шайқаста ерлік көрсетті. Соғыстан кейін Науаи қ-ндағы индустриялық техникумды аяқтап (1968), құрылыс шеберханасында жұмыс істеген. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, 3-дәрежелі Еңбек даңқы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

9-оқушы: Қарақозы Әбдәлиев (1908, Төле би ауданы – 22.10.1943) – Кеңес Одағының Батыры[1] (1.11. 1943), гвардия лейтенанты. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде 126-горловтық дивизияның 690-атқыштар полкінің құрамында ұрысқа қатысқан. Мелитополь қаласы үшін болған ұрыста Әбдәлиев өз взводымен дұшпан бекінісіне шабуыл жасап, 17 үйді жаудан босатты, фашистердің оқ жаудырып тұрған 23 ұясын, 60-тан астам гитлершілді жойды. Көше бойындағы жекпе-жек шайқаста сол қолынан жараланғанына қарамастан, Әбдәлиев қаптап келе жатқан жау танкілеріне пулеметтен оқ жаудырды, тұтанғыш гранаталар лақтырып, олардың бірнешеуін істен шығарды. 20-дай автоматшыны өлтірді. Осы ұрыста Әбдәлиев қол созым жерден жау танкісіне гранат лақтырып, қаһармандықпен қаза тапты. Қазіргі кезде ауданымызда Қарақозы Әбдәлиев атындағы орта мектеп бар.

10-оқушы: АБЫЛАЙ ӘЛІМБЕТОВ 1921 жылы 20 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында кедей қазақтың отбасында дүниеге келді.Әке-шешесінен ерте айрылған Абылай жетімханада тәрбиеленді.Оңда орта білім алғанан кейін тәрбиеші болып істеді.Ұлы Отан соғысы басталғанда ол алғашқылардың қатарында майданға аттанды.Соғыстың алғашкы күндерінен бастап 69- Қызыл Тулы Севск атқыштар дивизиясының құрамында фашистерге қарсы аянбай соғысты. Майданда Абылай қызмет еткен 73- дивизияға 16 рет алғыс жарияланған. Осы дивизиядағы 50 қазақстандыққа Совет Одағының Батыры атағы берілген.1943 жылы 24 қырқүйекте Днепрден өту кезінде 73 гвардиялық дивизиясының қазақстандық 20 жауынгері наградталған. Соның бірі- сержант Абылай Әлімбетовке батылдығы мен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Гитлершіл Германия талқандылып тізе бүккеннен кейін 1945 жылғы мамыр айында Абылай Әлімбетов жапон соғыс құмарларын талқандау жөніндегі ұрыстарға белсенсе қатысты.Ал өмірінің соңғы жылдары полковник атағын алған Абылай Әлімбетов Талдықорған және Гурьев областарында ДОСААФ облыстық комитетінің басшысы болды.

А. Әлімбетов 1973 жылы кенеттен қайтыс болды. Киров ауданының Асық-Ата (Киров) қалашығындағы демалыс саябағында рәсіммен жерленді. Қалашықтағы үлкен көше, саябақ А. Әлімбетовтің есімімен аталады.

11-оқушы: УММАЕВ МУХАЖИР МАГОМЕТГЕРИЕВИЧ -Украин фронты,6 армиясының 59-шы гвардиялық атқыштар двизиясы,179-шы гвардиялық атқыштар полкінде атқыштар ротасы командирі,аға лейтанат болған.Ол 1922 жылы Кабардино-Балкар жерінде дүниеге келген.1940 жылы педагогикалық училищені бітіреді.10 сәуір 1944 жылы Одесса үшін шайқаста үлкен ерлік көрсеткен.Ротасы 200 астам неміс әскерін жер жастандырып,18 тұтқынға алған.Кеңестер Одағы Батыры атағына ұсынылған,бірақ ескерусіз қалған.Себебі, дәл сол 1944 жылы Кавказ халықтары депортацияға ұшыраған еді.Күштеп қоныс аударылған Мухажирдің отбасы Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтаарал ауданына жеткен еді.Батыр атағын иеленбеу себебі де,сенімсіз деп есептелген халық өкілі болғандықтан екен.Уммаевтің ерлігін мақұлдату үшін жазушы Ибрагим Гадиев пен журналист Магомед Настуев көп еңбек етті.Осы еңбек нәтижесінде ақиқат жеңіске ерісті.1990 жыл 5 мамырда Уммаевқа Кеңестер Одағының Батыры атағы берілген.1991 жылы батырдың туыстары Мақтаарал ауданына келіп,қабірін зиярат етті.Қарындасы өз сөзінде:"Мухажир тек Кабардин-Балкалдың ғана батыры емес,көпұлтты Қазақстан мемелекетінің батыры"-деп атап өткен.Батыр атында демалыс саябағы мен мектепте батыр атында бұрыш ашылған.


"Брейн - ринг" ойыны арқылы сабақты бекіту.

  1. Мәскеуді қорғауға қатысқан,395 дұшпанның көзін жойған мерген?

  2. ҰОС Мақтааралдық батыры,ұшқыш?

  3. 309- дербес барлау ротасының взвод командирі?

  4. ҰОС дейін механизатор болған,пулеметші?

  5. 73- ші гвардиялық двизияның жауынгері,сержант?

  6. 1922 жылы Мақтаарал ауданындағы “Өнімкер” колхозында туған?

  7. Бұл батыр атында ауданымызда мектеп бар?

  8. Түркістандағы пулеметшілер училищесін бітірген?

  9. 318-ші атқыштар двизиясының гвардия капитаны?

  10. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып,авиация училищесінде оқыған,батыр,ұшқыш?

12-оқушы:

Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,

Отан үшін талай ерлер мерт еткен.

Болмасыншы,болмасыншы қан соғыс,

Соғыс десе жүрегіміз селт еткен.

Қорытынды:

Өткен күн,кеше - тарих,

Келер күн,ертең – сыр,

Ал бүгінгі күн – үлкен сый! (Қорқыт ата )



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
“Отан ?шін от кешкен Ма?тааралды? ?лы Отан со?ысыны? батырлары“

Автор: Алибекова Тарбия Кантургановна

Дата: 24.03.2015

Номер свидетельства: 190498


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства