Балаларды жабайы а?дарды? атауын атап, оларды ажырата алу?а ?йрету; оларды? немен ?оректенетіні туралы т?сінік беру; балаларды орман?а бар?анда ?зі?ді ?алай ?стау керек екенін ?йрету; г?л мен са?ырау??ла?ты? ??рылымы туралы т?сініктерін ?алыптастыру.
М??ият ты?дау?а, берілген белгі бойынша іс – ?рекет жасау?а
Таби?ат?а деген с?йіспеншілік сезімдерін, е?бек?орлы?, керек кезде біреуге к?мек ?олын созу?а дайын болу?а т?рбиелеу; біреуді? іс – ?рекеттеріне ба?а беруге машы?тандыру.
Балалар орынды?тарда жартылай ше?бер жасап отырады.
Т?рбиеші: – Балалар , біз б?гін орманда?ы жабайы жануарлар?а – а?дар?а ?она??а барса? деймін. ?алай ?арайсы?дар? Барамыз ба?
– Орманда?андай жабайы жануарлар т?рады?
– Д?рыс , балалар, біз орман?а барып, ол а?дар?а сар?ыт – с?йіп жейтін тама?тарын апарып берейік. (Дорба?а с?біз, с?йек, балы?, ??тыда?ы балды салып алады).
ІІ. Негізгі б?лім:
– Енді кетуге болады. ?анеки, балалар, поез?а отырып, б?ріміз орман?а аттанайы?. (Балалар бір – біріні? белдерінен ?стап, б?рі т?рбиешіні? артынан музыка ?уенімен ж?реді). Музыка то?та?анда т?рбиеші балаларды то?татады.
Б?лмені? бір б?рышындаорманны? ашы? ала??айы жасал?ан. Шырша, а?аш«?сіп»т?р, жерде са?ырау??ла? пен г?лдер «?сіп» т?р, к?белек, ?о?ыз «ж?р».
Т?рбиеші:
– Міне, балалар, біз орман?а келдік. Ж?рі?дер,мына к?гал?а отырып, ??старды? сайра?анын ты?дайы?. (??старды? дауысы жазыл?ан фонограмма ойнатылады).
– Мына жерде ?демі г?лдер ?сіп т?р?ан, енді олар жо?. ?ане, балалар, біз г?лдерді ?айта отыр?ызып ?ояйы?. (Т?лкі «?ашып кетеді», оны ?зын орынды??а отыр?ызып ?оямыз).
Дидактикалы? ойын«Г?лді ??растыр»2-3 баланы орта?а ша?ырып, г?лді ??растыру?а ?йретеді.
– Мынау г?лді? саба?ы, оны? жо?ары жа?ына г?лді орнатамыз, ал жанына жапыра?ынжапсырамыз.
– Мінеки, балалар, б?рекелді, сендер ?андай ?демі г?л жасады?дар. Енді бізді? орманымыз ?айтадан ??лпырып кетті.
Мынау не, балалар? (?ас?ыр). ?ас?ыр са?ырау??ла?тарды ж?лып жатыр екен.
?ас?ыр, сен не істеп жатырсы?? Сен неге са?ырау??ла?тарды ж?лып жатырсы??
Мен са?ырау??ла?тарды жек к?ремін.
Сен жа?сы к?рмесе?, бас?а а?дар оны жа?сы к?реді. Балалар, ?андай а?дар са?ырау??ла?тарды жа?сы к?реді? (тиін, кірпі)
(?ас?ыр «?ашып кетеді», оны ?зын орынды??а отыр?ызып ?оямыз)
Мына ?ас?ыр б?кіл са?ырау??ла?тарды б?лдіріп кетті. ?ане біз оларды ?алпына келтірейік!
Дидактикалы? ойын: «Са?ырау??ла?ты ??растыр»
Т?рбиеші: - Балалар, са?ырау??ла?ты? ая?ын ?оямыз да, о?ан бас киімін кигіземіз. Мінеки, жа?сы балалар. Енді тиін мен кірпі мына са?ырау??ла?тарды жинап алатын болады. (Ойыншы? ?оян келеді)
Мынау не, балалар? (?оян). ?оян а?аш б?та?тарын сындырып жатады.
?оян, сен неге а?аш б?та?тарын сындырып жатырсы??
Сындырсам не болады? Жа?а б?та?тар ?айтадан ?сіп шы?ады.
Балалар, б?та?тарды сындыру?а болама? ?оян, а?аш та тірі жан, оны? б?та?тарын сындырса?, ол ?ліп ?алады.
(?оян «?ашып кетеді», оны ?зын орынды??а отыр?ызып ?оямыз)
Балалар, ?о?ыстарды орманда шашып тастау?а бола ма?(жо?)
?о?ыстарды пакеттерге салып, алып кету керек немесе ш???ыр ?азып, к?міп тастау керек. ( Аю «?ашып кетеді», оны ?зын орынды??а отыр?ызып ?оямыз)
?ане, балалар, мына ?о?ыстарды жинап тастайы?!
Дидактикалы? ойын: «?о?ысты жинау»: Балалар шелектерге сын?ан б?та?тар мен жа??а? ?абы?ын жинайды.
Ойыншы? Аю келіп отырады.
Балалар, а?дар орман ішінде б?рін б?лдіріп ?ойыпты, біра? біз орман?а к?мектестік. Біз б?гін жа?сы е?бектендік, солай ма? Біз а?дар?а сар?ыт ?келіп едік, біра? оны беруге бола ма? Олар б?гін жаман ?ылы?тар к?рсетті. (Орынды?та жай?ас?ан ойыншы? а?дар?а ?араймыз)
: - Кешірі?іздерші бізді, енді жаман ?ылы? жасамаймыз!
Кешіреміз бе оларды, балалар? (И?)
Ондай болса, біз олар?а ?келген сар?ытымызды таратып берейік!
Дидактикалы? ойын: «Кім немен ?оректенеді?»Т?рбиеші бір бала?а дорбадан бір зат алып а??а беруін ?сынады.
Б?л не? Д?рыс, б?л бал. Ал балды кім жа?сы к?реді? (аю)
Д?рыс айтасы?! Аю. Ендеше сен осы балды аю?а апарып бер.
Енді біз «Орманда?ы аю» атты ?имылды ойын ойнаймыз.
ІІІ. Саба?ты? ?орытындысы:
: – Балалар, жарайсы?дар! Сендер б?гін орман?а барып, к?п жа?сы істер ат?арды?дар. Мені? сендерге де дайында?ан сар?ытым бар. Мен сендерге конфет ?келдім. Біз конфет жегенде, ?а?аздарын орман?а тастап кетеміз бе? ?рине, жо?. Біз конфетті? ?а?азын ?о?ыс салатын ж?шікке апарып саламыз.
– Енді, балалар, бізді??айтатын уа?ытымыз келді. Б?ріміз поез?а мініп, ?йге ?айтайы?. (Балалар біріні? артынан бірі тізіліп «поезд» болып, топтан шы?ып кетеді.)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Орманда?ы а?дар?а ?она??а барайы?» »
«Ормандағы аңдарға қонаққа барайық»
Сәбилер тобы
Г.С.Камзаева, «Қарабұйрат орта
мектеп – бақша»КММ-нің әдіскері
Білім беру саласы: Қатынас, таным
Бөлімі: Тіл дамыту
Сабақтың мақсаты:
Балаларды жабайы аңдардың атауын атап, оларды ажырата алуға үйрету; олардың немен қоректенетіні туралы түсінік беру; балаларды орманға барғанда өзіңді қалай ұстау керек екенін үйрету; гүл мен саңырауқұлақтың құрылымы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Мұқият тыңдауға, берілген белгі бойынша іс – әрекет жасауға
Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін, еңбекқорлық, керек кезде біреуге көмек қолын созуға дайын болуға тәрбиелеу; біреудің іс – әрекеттеріне баға беруге машықтандыру.
Алдын ала атқарылатын жұмыс: «Орманда кім тұрады?», «Кім немен қоректенеді?» дидактикалық ойындар, «Ормандағы аю», «Поезд» қимылды ойындарды өткізу.
Әдіс – тәсілдер: ғажайып сәт, ойын тәсілдері, көркем сөз, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мадақтау.
Керекті құралдар:
Шырша, ағаштың макеттері, ойыншықтар (қоян, аю, түлкі, қасқыр), аңдарға беретін сәлемдеме (сәбіз,сүйек, балық, бал), ойыншықтарға арналған ұзын орындық, қағаздан жасалған саңырауқұлақ пен гүлдердің макеттері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар орындықтарда жартылай шеңбер жасап отырады.
Тәрбиеші: – Балалар , біз бүгін ормандағы жабайы жануарларға – аңдарға қонаққа барсақ деймін. Қалай қарайсыңдар? Барамыз ба?
– Орманда қандай жабайы жануарлар тұрады?
Балалар: - Қоян, аю, түлкі, қасқыр. (Балалар айта алмай жатса, тәрбиеші көмектеседі)
– Дұрыс , балалар, біз орманға барып, ол аңдарға сарқыт – сүйіп жейтін тамақтарын апарып берейік. (Дорбаға сәбіз, сүйек, балық, құтыдағы балды салып алады).
ІІ. Негізгі бөлім:
Тәрбиеші:
– Енді кетуге болады. Қанеки, балалар, поезға отырып, бәріміз орманға аттанайық. (Балалар бір – бірінің белдерінен ұстап, бәрі тәрбиешінің артынан музыка әуенімен жүреді). Музыка тоқтағанда тәрбиеші балаларды тоқтатады.
Бөлменің бір бұрышында орманның ашық алаңқайы жасалған. Шырша, ағаш «өсіп» тұр, жерде саңырауқұлақ пен гүлдер «өсіп» тұр, көбелек, қоңыз «жүр».
Тәрбиеші:
– Міне, балалар, біз орманға келдік. Жүріңдер, мына көгалға отырып, құстардың сайрағанын тыңдайық. (Құстардың дауысы жазылған фонограмма ойнатылады).
– Естідіңдер ме, балалар, құстар қалай ән салады. Ұнады ма? (иә!)
– Қараңдаршы, балалар, қандай әсем табиғат, қандай әдемі орман!
Анандай жерде бірнеше гүлдер мен ағаш бұтақтары жатыр:
– Мына гүлдерді кім жұлып тастаған екен?
( Ойыншық Түлкі келеді)
– Балалар, анау жүгіріп келе жатқан не? (түлкі)
Түлкі: – Мен гүлдерден басыма әдемі гүлдесте жасамақ болып едім, бірақ қолымнан келмеді, сондықтан мен оларды лақтырып тастадым.
Тәрбиеші:
– Сен ісің дұрыс емес, түлкішек. Балалар, гүлдерді жұлып тастауға болама? (жоқ)
– Мына жерде әдемі гүлдер өсіп тұрған, енді олар жоқ. Қане, балалар, біз гүлдерді қайта отырғызып қояйық. (Түлкі «қашып кетеді», оны ұзын орындыққа отырғызып қоямыз).
Дидактикалық ойын«Гүлді құрастыр»2-3 баланы ортаға шақырып, гүлді құрастыруға үйретеді.
– Мынау гүлдің сабағы, оның жоғары жағына гүлді орнатамыз, ал жанына жапырағын жапсырамыз.
– Мінеки, балалар, бәрекелді, сендер қандай әдемі гүл жасадыңдар. Енді біздің орманымыз қайтадан құлпырып кетті.
(Ойыншық Қасқыр шығады)
Мынау не, балалар? (қасқыр). Қасқыр саңырауқұлақтарды жұлып жатыр екен.
Қасқыр, сен не істеп жатырсың? Сен неге саңырауқұлақтарды жұлып жатырсың?
Мен саңырауқұлақтарды жек көремін.
Сен жақсы көрмесең, басқа аңдар оны жақсы көреді. Балалар, қандай аңдар саңырауқұлақтарды жақсы көреді? (тиін, кірпі)
(Қасқыр «қашып кетеді», оны ұзын орындыққа отырғызып қоямыз)
Мына қасқыр бүкіл саңырауқұлақтарды бүлдіріп кетті. Қане біз оларды қалпына келтірейік!
Дидактикалық ойын: «Саңырауқұлақты құрастыр»
Тәрбиеші: - Балалар, саңырауқұлақтың аяғын қоямыз да, оған бас киімін кигіземіз. Мінеки, жақсы балалар. Енді тиін мен кірпі мына саңырауқұлақтарды жинап алатын болады. (Ойыншық Қоян келеді)
Мынау не, балалар? (қоян). Қоян ағаш бұтақтарын сындырып жатады.
Қоян, сен неге ағаш бұтақтарын сындырып жатырсың?
Сындырсам не болады? Жаңа бұтақтар қайтадан өсіп шығады.
Балалар, бұтақтарды сындыруға болама? Қоян, ағаш та тірі жан, оның бұтақтарын сындырсаң, ол өліп қалады.
(Қоян «қашып кетеді», оны ұзын орындыққа отырғызып қоямыз)
Балалар, қоқыстарды орманда шашып тастауға бола ма?(жоқ)
Қоқыстарды пакеттерге салып, алып кету керек немесе шұңқыр қазып, көміп тастау керек. ( Аю «қашып кетеді», оны ұзын орындыққа отырғызып қоямыз)
Қане, балалар, мына қоқыстарды жинап тастайық!
Дидактикалық ойын: «Қоқысты жинау»: Балалар шелектерге сынған бұтақтар мен жаңғақ қабығын жинайды.
Ойыншық Аю келіп отырады.
Балалар, аңдар орман ішінде бәрін бүлдіріп қойыпты, бірақ біз орманға көмектестік. Біз бүгін жақсы еңбектендік, солай ма? Біз аңдарға сарқыт әкеліп едік, бірақ оны беруге бола ма? Олар бүгін жаман қылықтар көрсетті. (Орындықта жайғасқан ойыншық аңдарға қараймыз)
Аю: - Кешіріңіздерші бізді, енді жаман қылық жасамаймыз!
Кешіреміз бе оларды, балалар? (Иә)
Ондай болса, біз оларға әкелген сарқытымызды таратып берейік!
Дидактикалық ойын: «Кім немен қоректенеді?» Тәрбиеші бір балаға дорбадан бір зат алып аңға беруін ұсынады.
Бұл не? Дұрыс, бұл бал. Ал балды кім жақсы көреді? (аю)
Дұрыс айтасың! Аю. Ендеше сен осы балды аюға апарып бер.
Енді біз «Ормандағы аю» атты қимылды ойын ойнаймыз.
ІІІ. Сабақтың қорытындысы:
Тәрбиеші: – Балалар, жарайсыңдар! Сендер бүгін орманға барып, көп жақсы істер атқардыңдар. Менің сендерге де дайындаған сарқытым бар. Мен сендерге конфет әкелдім. Біз конфет жегенде, қағаздарын орманға тастап кетеміз бе? Әрине, жоқ. Біз конфеттің қағазын қоқыс салатын жәшікке апарып саламыз.
– Енді, балалар, біздің қайтатын уақытымыз келді. Бәріміз поезға мініп, үйге қайтайық. (Балалар бірінің артынан бірі тізіліп «поезд» болып, топтан шығып кетеді.)