kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?негелі женге ?нерлі ?ыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                  

Ма?саты:

Білімділік: О?ушыны? бойына ?аза? хал?ыны? атадан бала?а м?ра етіп ?алдыр?ан салт – д?ст?рін ?алыптастыру.

Дамытушылы?:  О?ушы бойында?ы тап?ырлы? ?абілетін дамыту.

Т?рбиелік:  О?ушыны имандылы??а, ?дептілікке, кішіпейілділікке т?рбиелеу. ?лтты? рухымызды ?сіру.

К?рнекілігі:  Г?лдер,  шарлар, на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар, слайд.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?негелі женге ?нерлі ?ыз»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушының бойына қазақ халқының атадан балаға мұра етіп қалдырған салт – дәстүрін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушы бойындағы тапқырлық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыны имандылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Ұлттық рухымызды өсіру.

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, слайд.

Сайыс бағдарламасы:

Сайыс 8 бөлімнен тұрады.

  1. «Сәлем – сөздің атасы»

(жеңгесі қайын сіңілісін, қайын сіңлісі жеңгесін таныстырады.)

2. Ана көрген тон пішер...

(сәукеле, камзол, қоржын, т. б қолдан тігіп көрсету)

3. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

( мимика, жұмбақ жасыру.)

4. «Өнерлі өрге жүзер»

(ән – би, жыр тыңдау)

5. Сен сұлу

(жеңгелер қайын сіңлілерінің көйлегін сәндеп, шаш үлгісін көрсетеді.)6.

7. «Ас иесімен тәтті»

(ас дайындап әкелу)

8. Көрермендер сайысы



1-жүргізуші: Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен.



2-жүргізуші: Жыр арнайық оларға жігері ассын,

Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.

Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,

Нұр арнайық қуатын беріп жастың.



1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, қыз-келіншектер және көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.

2-жүргізуші: Бүгін мерекеге орай мектебімізде өткізілгелі отырған қыз балалар мен олардың жеңгелеріне арналған «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен жеңгелер өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.

Ендеше аруларымыз дайын болғанша 9 – сынып оқушысы Тұрсынахунов Санжардың орындауында «» әні.

1-жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.

2 – жүргізуші: Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

Жеңгелерден туған небір даналар.

Жеңге деген – тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті жеңгелер!

1 – жүргізуші: Қыз аты – қыз, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Сайысқа келген қыз – жеңге кезекте,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

2 – жүргізуші: Осы сайыстың шымылдығын ашу мектеп директоры Ошантаева Аида Бейсеновнаға беріледі.

1 – жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын жеңгелер шығып өз кезектерін суыру керек, және сол кезек бойымен тұруларыңызды сұраймыз. Топтар өздерін таныстырып өтсе.

2 – жүргізуші: Алдымен сайыскер ару, жеңгелеріміздің ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ-қазы алқасымен таныстырып алайық:

1. Ошантаева Аида Бейсеновна – мектеп директоры

2. Умиралиева Ч.А – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3. Қызырхан Асқар – Жастар саясаты

2-жүргізуші: Ендеше көрермендерді сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

1.«Сәлем – сөздің атасы»

(жеңгесі қайын сіңілісін, қайын сіңлісі жеңгесін таныстырады.)

2. Ана көрген тон пішер...

(қолдан тігілген бұйым көрсету)

3. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

( мимика, жұмбақ жасыру.)

4. «Өнерлі өрге жүзер»

(ән – би, жыр тыңдау)

5. Сен сұлу

(жеңгелер қайын сіңлілерінің көйлегін сәндеп, шаш үлгісін көрсетеді.)

6. «Ас иесімен тәтті»

(ас дайындап әкелу)

7. Көрермендер сайысы



1-жүргізуші: Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,

Осы салтты ұстанады халқымыз.

Сайыскерлер өнерді сал ендеше,

Амандасып көріңіздер өзгеше, - дей келе сайысымыздың алғашқы шарты «Сәлем – сөздің атасы» бөліміне кезек береміз, жеңгесі қайын сіңілісін, қайын сіңлісі жеңгесін таныстырады.



2 -жүргізуші: Іс тігетін ерінбей,

Жалқаулыққа берілмей.

Аруларға көрсетсін,

Қол өнерін күлімдей, – деп 6 – бөлімге кезеек береміз. Бұл бөлім шарты бойынша жеңгелер үйден тігіп келген қазақи бұйымды таныстырып өтуі керек . Ал аруларымыз жалғастырып алып кетуі тиіс.

1-жүргізуші: Өмір жол емес тақтайдай,

Боласың кейде батқандай.

Қиналған кейбір сәттерде,

Ақылың болсын ақ таңдай; -

3 - бөлім «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Бөлімнің шарты бойынша жеңгелер карточкада бейнеленген суреттерді, қайын сіңлісіне мимика арқылы жасыруы тиіс. Ал қайын сіңлілері суретті жұмбақтап жасыруы тиіс.

Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша 8 – сынып оқушыларының атынан бір көрініс

2-жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына, кең екен.

Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын

Өнерсіз қазақ кем де кем.

Шуақ төгіп мерейлі көңілдерге,

Ұйытқы болсын тыңдаған көрерменге.

Сынға түскен енді қазір сайыскерлер,

Өнерлерін көрсетеді сіздерге,-

Келесі 5 - бөлім «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салып сынға түседі.

Сайыскерлер келесі кезекке дайындалғанша Садуова Гүлшат Жаңабайқызының орындауында «» әні.

1-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Келесі бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Бұл бөлім бойынша жеңгелер қыздарының немесе қыздар жеңгелерінің шаштарын сәндеп беруі керек.

8 – сынып ұлдарының көрінісін қабыл алыңыздар.



2- жүргізуші: «Ас иесімен тәтті»

(ас дайындап әкелу) кезегіне берелік. Сайыскерлер дайындап келген тағамдарын әділ – қазылар алқасының алдына апарып қояды, соңынан кезекпен таныстырады.

Оған дейін 6 – сынып қыздарының атынан «Анаға сәлем» әні.

(әннен кейін сайыскерлер өз жұмыстарын қорғайды)

1-жүргізуші: Қазылар алқасы ақылдасып жүлдегерлерді анықтағанша «Көрермендер сайысына» кезек берейік.

Мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Кім бұрын қолын көтерсе, сол жауап береді. Шешуін тапқан ойыншы ойынды жалғастырады.

Сіздерге мақалдың бірінші сөзін айтамын, сіздер жалғасын табасыздар.

1. АНА (Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада)

2. ӨНЕР (Өнер алды қызыл тіл)

3. ӘДЕП (Әдепті бала – арлы бала

Әдепсіз бала – сорлы бала)

4. ЕҢБЕК (Еңбек етсең емерсің)

5. НАН (Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті)

6. ОҚУ (Оқу инемен құдық қазғандай)

7. ЖАҢБЫР (Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы)

1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.



Марапаттау сәті. Әр жұпқа номинациялар беріледі.



2-жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

Барымен шат-шадымен болыңыздар.

Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?негелі женге ?нерлі ?ыз

Автор: Ибрагимова Дари?а ?анжар?ызы

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300522


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства