kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Оян, ар мен адалдық." ЖЖЕ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дәйексөз.   «Адалдық  деген ашық, шыншыл  қарым-қатынас»   деген  А.Макаренконың  сөзін   түсіндіру  арқылы  оқушылар жағдаяттан  пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу.

Жағдаяттарды  талдау. Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін ақтау,адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.  Төмендегі жағдаяттарды  шешіп,әдептілік тұрғысынан  баға  беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Оян, ар мен адалдық." ЖЖЕ»


Жаңақоныс жалпы орта білім беретін

мектебінің 6 сынып оқушыларымен

2021-2022 оқу жылында тәрбие бағыты

бойынша атқарылған жұмыстар есебі




Анықтама

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес аптасына 1 сағаттан, жалпы сағат саны-34 сағат.

Сыныпта барлығы- 11 оқушы.

Ері:6

Қызы-5

Тәрбие жұмысының мақсаты:

-Оқушыларды өзін-өзі дұрыс ұстауға, дұрыс әдет қалыптастыруға;

-Оқушылардың бойындағы патриорттық сезімін оятып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;

-Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынаста сыйластық пен сүйіспеншілікті дамытуға;

-Салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болып, спортты сүюге баулу;

-Қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық сезімін ұялату;

Мектеп бойынша тәрбие жұмысының жылдық жоспары 8 бағыт бойынша жоспары жасалып, бекітілді.


Жаңа Қазақстандық патриотизм және азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, қорғауға, өз құқықтары мен бостандықтарын біліп-үйренуге тәрбиелеу. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриортты тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайластық жемқорлыққа қарсы мәдениетін, балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

Осы бағыт бойынша «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. «Мақтанышым-мемлекеттік рәміздер», «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді . Оқушыларға Тәуелсіздік тақырыбы бойынша ой өрбітіп, елдің егемендігін алу жолындағы күрес туралы түсінік берілді. Қазақстандық батырлар мен сарбаздардың елеулі еңбегі оқушы бойына мақтаныш ұялатты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасы , символдық белгілері бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, эссе жазылды. «Құқық – әділет пен парасат жолы» және «Желбіре ген көк байрағы елімнің» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Тақырып бойынша 9 мамырға арналған көрініс көрсетілді, қыздардан әдемі би және әуенді музыка айтылды. Жеңіс күніне арналған өлең жолдар арналды, батырларға құрмет көрсетілді.


Рухани –адамгершілік тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

Осы бағыт аясында «Жол тәртібін білейік , аман-есен жүрейік» тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға көшеде жүру,жол ережесі, жол белгілерінің мағынасы бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылды. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» , «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» тақырыптары бойынша оқушылар өз ойларын айтып, өз өнерлерін көрсетті. «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Жолда жүру ережесі, жол белгілері мен шарттары туралы ақпарат берілді. Жаяу жүргінші мен көлік жолының айырмашылығы көрсетілді. «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» тақырыбында діни ағымдар, қазіргі қоғам арасында таралған діннің түрлері туралы мәлімет берілді.



Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтара, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.

Осы бағыт бойынша «Өз тілің-бірлік үшін,өзге тілің тірлік үшін» , «Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыға ана тілін ардақтау , құрметтеу керектігі ескертілді. Өзге тілдер қарым-қатынас құралы есебінде қолданылады. «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақта көктемнің келуі , табиғаттың жаңаруы , наурыз көже, ұлттық ойындар туралы ақпарат берілді. «Әдеп пен әдет» оқушыларға адамгершілік туралы, оқушы жүрісі, киімі адаммен сөйлесуі туралы түсініктеме жұмыс ұйымдастырылды.


Отбасы тәрбиесі

Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Осы бағыт бойынша «Зорлық зомбылыққа жол жоқ» , «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың маңызды бөлігі ынтымақтас тық, татулық, жылулық отбасы құндылықтарын дарыту. Отбасының мүшелері мен қалай сөйлеу керек екендігін , мәдениеттілікке тәрбиелеу. «Аналар-асыл жандар!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды.



Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және зкологиялық мәдениетін дамыту.

Осы бағыт бойынша «Табиғатым-алтын бесігім»,«Еңбек адамды көріктендіреді», «Жер ананы жасыл етіп сақтайық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушы

ларды табиғатты таза ұстауға, табиғатты қорғауға, сақтауға баулу. «Мамандық тар әлемі сыр шертеді!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.Мамындықтар әлемі , олардың түрлері мен қызметі түсіндірілді. Тақырып көлемінде видеоролик көрсетілді. Сауалнама алынды, мамандықтар иесімен сұхбат жүргізілді.


Интелектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.

Осы бағыт бойынша «Кітап-сарқылмас қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты оқушыларға кітаптың рухани азық екенін, кітап оқи отырып білімдерін шыңдатуға болатындығын түсіндіру. «15 қараша – Ұлттық валюта күні», «Білімге апарар жол», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақта ортаға 5 оқушы шығып , қазақ тілі,орыс тілі,математика және тарих пәндері бойынша тапсырмаларды орындады. Дүбірлі дода өз білімдерін шыңдап, сұрақтарға жауап беріп отырды.



Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

Осы бағыт аясында ««Мектебім-мақтанышым»тәрбие сағаты және «Жарқырай ды жаңа жылдың шамдары» тәрбие сағаттары өткізілді. «Іскерлік қарым-қатынас этикасы» , «Қазақстанның жеті кереметі» тақырыбында ақпарат берілді.


Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Осы бағыт бойынша «Салауаттану-болашағыңды сәулелендіру» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

«Денсаулығыңды ойласаң ауырмайтын жол ізде», «Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт денсаулығын сақтау», «Мен таңдаған спорт түрі» тақырыбы бойынша адам денсаулығының беріктілігі мен шымырлығы неге байланысты екендігі айқын далды. Дұрыс тамақтану мен спорттың пайдасы туралы ескертілді. «Өрт қауіпсіз дігі және апатты жағдайлар ережесін сақтаңдар!» сауалнама алынып, бейнеролик көрсетілді.



6 сынып оқушыларына тәрбие сағаттарынан бөлек, сыныптан тыс шаралар да өткізілді.Өткізілген іс-шаралық жұмыстарға тоқталып өтсем:

  • Жол ережелерімен танысу мақсатында «Жол қауіпсіздігін сақтайық»

тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді. Мақсаты: жол-көлік жарақаттанудың алдын-алу, көше мен жолдарда балалардың қауіпсіздігін қорғау.Оқушылар «Жол қауіпсіздігі» туралы өлең шығарса, кейбірі ережелерге сай суреттер салды.


  • Күзгі демалыс кзеңінде оқушылар арасында «Қазақстаным – менің отаным» тақырбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Оқушылар Қазақстанның керемет және көрікті ғимаратарын салып, өз туындыларымен бөлісті.

  • 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты бірнеше ақындардың өлең шумақтарын жаттап,бейнероликке түсірілді.

  • Қысқы демалыс кзеңінде оқушылар арасында «Отбасылық шеберхана» тақырыбында оқушыларға жаңа жылдық шыршаның ойыншықтарын қолдан жсау өткізілді.

  • 14 Ақпан күні «Мамандықтар әлемі сыр шертеді!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мамындықтар әлемі , олардың түрлері мен қызметі түсіндірілді. Тақырып көлемінде видеоролик көрсетілді. Сауалнама алынды, мамандықтар иесімен сұхбат жүргізілді.

  • 1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты оқушылар ұстаздары мен аналарына алғыс тілектерін білдіріп, бейнероликке түсірілді.

  • Облыстық «Дарабоз» интеллектуалды онлайн сайысына қазақ тілі пәні бойынша Ардақ, Аймерей ,Зарина, Бекзат қатысып , жүлделі І орын алды.

  • Оқушылардың суға түсу қаупі, оттан сақтану жолдары бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылыды.

  • Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі жайлы ата-аналардан қолхат алынып, таныстырылды.


Сынып ұжымымен жүргізілген жұмыстарда ата-ананың орны ерекше деуге болады.Өйткені, ата-ана баласының тәрбиесіне көңіл бөлсе,сынып жетекші бірге жұмыс жасаса ғана тәрбиенің нәтижелілігін көруге болады.Әр тоқсан сайын онлайн форматта «Ата-аналар жиналысы» өткізіліп отырылады.Жиналыста жоспарға сай белгіленген тақырыптық мәселелер талқыланады.Сыныптың оқу үлгерімі және жеткен жетістіктерімен таныстырылып отырылады.Ата-аналармен әртүрлі сұрақтар мен сауалнамалар алынды.Алдағы уақытта ата-анамен жұмысты күрделендіру,түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып мектеп өміріне тарту жұмыстарын алға қойып отырмын.



Сынып жетекші: Г.Сайынова















Жаңақоныс жалпы орта білім беретін мектебі













2021-2022 оқу жылы бойынша

6 - сыныптың тәрбие бағытында

атқарылған жұмыстарының есебі



















2021-2022 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Оян, ар мен адалдық." ЖЖЕ

Автор: Айнур Сагиевна Акильжанова

Дата: 17.10.2023

Номер свидетельства: 638179


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства