kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?.Н?ршайы?овты? «Махаббат, ?ызы? мол жылдар» романы бойынша о?ырмандар конференциясы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Районная  читательская конференция по теме :  «Ерлік пен махаббат жыршысы»   по книге  знаменитого казахстанского писателя  А. Нуршайыкова   «Махаббат, ?ызы? мол жылдар» , которая проводилась среди учащихся 10-х классов с участием  библиотекарей  Енбекшиказахского района. Целью конференции является  через знакомство с  биографией и  литературным творчеством писателя привитие учащимся интереса к чтению, проявлению  человеческих качесв.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?.Н?ршайы?овты? «Махаббат, ?ызы? мол жылдар» романы бойынша о?ырмандар конференциясы. »

«Ерлік пен махаббат жыршысы»

(Оқырмандар конференциясы)

Тақырыбы: Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы бойынша оқырмандар конференциясы.

Мақсаты: Ә.Нұршайықовтың өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып, оқырмандар арасында адамгершілік пен адами құндылықтарды дәріптеу. Болашақ ұрпақтың махаббат, сыйластық сезімін оятып, инабатты, ибалы, мейірімді болып өсуіне ықпал ету.

Көрнекі құралдар: Ә.Нұршайықовтың портреті, ұлағатты сөздер, слайдтар, бейнеролик.



1- оқушы: Махаббат! Осы бір ауыз сөздің қаншалықты кең ұғымды екені бәрімізге белгілі. Ғаламның өзі махаббаттан жаралған. Шуағын шашқан күн, жымыңдаған жұлдыздар, аласармас асқар таулар табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан барлық тіршілік иесі махаббатсыз күн көре алмайды. ( слайд )

Әлемді сұлулық құтқарып қала алмаса да, сұлулыққа деген махаббаттың орасан рөлі болатынын ешқашан есімізден шығарып алмауымыз керек.

Махаббат тек сүйген жарға емес, Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншіліктен тұрады. Ең ұлы сезім Отаншылдық сезім.

2- оқушы: Бүгінгі оқырмандар конференциясын махаббат тақырыбына арнап отырмыз. Себебі, Адамдардың бір-біріне деген махббатты, құрметі болғанда ғана өмір сүруге құлшынысы артады. Болашақ ұрпақтың махаббат, сыйластық сезімін оятып, инабатты, ибалы, мейірімді болып өсуіне ықпал етсек деген ой.

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған махаббат жыры.(слайд)

1- оқушы: Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Ә.Нұршайықов қиын да күрделi өмiр баспалдақтарынан өттi. Ол 1922 жылғы 15 желтоқсанда Семей облысының Жарма ауданындағы бұрынғы «Ақбұзау» ұжымшарына қараған «Келiн сүйегi» деген жерде туған. Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетiнде, Семейдегi Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесiнде, одан кейiн педагогикалық институтында, Қазақ мемлекеттiк университетiнде бiлiм алған. Фашистiк Германияға қарсы соғысқа қатысқан. Семей облыстық «Екпiндi» (қазiргi «Семей таңы») газетiнiң тiлшiсi, жауапты хатшысының орынбасары, «Қазақстан пионерi» газетiнiң бөлiм меңгерушiсi, «Социалистiк Қазақстан» газетiнiң әдеби қызметкерi, жауапты хатшысының орынбасары, меншiктi тiлшiсi, бөлiм меңгерушiсi, бас редакторының орынбасары, Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетiнiң, сондай-ақ «Қазақ әдебиетi» газетiнiң бас редакторы, Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясының бөлiм меңгерушiсi, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерi болып жұмыс iстеген. (бейнеролик 1)

2- оқушы: Әз-аға махаббат тақырыбында құнды да соқталы дүниелер жазып қана қоймай, өзi де осынау аяулы да қастерлi сезiмдi қалайша әлпештеудiң тамаша үлгiсiн көрсеттi. Жан жары Халима апа екеуi көпке үлгi боларлықтай бақытты отбасын құрды. Бұл жөнiнде қалың оқырман «Мәңгiлiк махаббат жыры» арқылы терең қаныққанына ешкiмнiң шүбәсi болмас. Қазақ әдебиетi тарихындағы о дүниелiк болған жарына сексеннен астам жыр шумақтарын арнаған алғашқы, бәлкiм, соңғы қаламгер. Сүйген жарына шексiз берiлген мұндай шынайы махаббат иесi адамзат тарихында сирек кездесетiнiне ешкiм күмәнданбас Әзiлхан Нұршайықов шығармашылығы көп қырлы. Ол журналистиканың алуан түрлi жанрларынан бастап, күнделiк-эссе, әңгiмелер, повестер және романдар жазды.

Жазушының «Алыстағы ауданда» (1956), «Тың астығы» (1958), «Ертiс жағасында» (1959), «Жомарт өлке» (1960), «Махмет Қайырбаев» (1967), «Жер туралы жыр» (1974), «Мен журналиспiн» (1978), «Коммунист туралы сөз» (1982) деп аталатын очерктер жинақтары, «Махаббат жыры» (1964), «Ботакөз», «Ескi дәптер», «Әсем» (1966), «Алтын соқпақ» (1967), «Батырдың өмiрi» (1969), «Махаббат, қызық мол жылдар» (1970, 1972), «Ақиқат пен аңыз» (1976, 1978), «Автопортрет» (1977), «Тоғыз толғау» (1977), «Өмiр өрнектерi» (2000), «Мәңгiлiк махаббат жыры» (2005), «Өмiр өрнектерi» (2010) атты кiтаптары елдiң сүйiп оқитын рухани дүниелерiне айналды.

1- оқушы: Ә.Нұршайықов кiтаптарының қай-қайсысы да тартымдылығымен, терең мазмұндылығымен, жеңiл оқылуымен оқырманды бiрден баурап алады. Кез келген туындысы алғашқы сөйлемдерiнен бастап ерiксiз жетелеп ала жөнеледi. Ал мұндай жазушының мыңдаған оқырмандары алдында кеңiнен танымал болмауы мүмкiн емес. Бұл туралы классик жазушымыз Ғабит Мүсiрепов: «Әзiлхан – бiздiң республикамыздағы, үлкен одақ көлемiндегi жақсы танылған прозаиктерiмiздiң бiрi. Әзiлханның әрбiр кiтабы, баспадан шыққан әрбiр сөзi – бiздiң халықтың көңiлiне, жүрегiне қонып жатқан сөздер, ұялап қалған ойлар. Қазiргi кiтап оқитын адам, радио тыңдайтын жұрттың бәрi де Әзiлханмен өте таныс», - деп тебiренген. Сөзге сараң, сырбаз мiнездi Ғабеңнiң бұлайша шешiлiп сөйлеуi әрiптесiне деген шынайы ықыласының көрiнiсi болса керек.

Ә.Нұршайықов шығармалары таралымы жөнiнен өз әрiптестерiнiң алғы шебiнде болды. Оның қазақ, орыс, украин, чех, қырғыз және басқа тiлдерде шыққан кiтаптарының жалпы таралымы 1 миллион данаға жуықтапты. Әсiресе «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Тоғыз толғау» және басқа шығармалары туралы жазылған рецензиялар мен мақалалардың өзi бiрнеше томға жүк болғандай екен. Соның бiр нәтижесiндей «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогына Қазақ ССР-iнiң Абай атындағы мемлекеттiк сыйлығы берiлген. Мәскеуден 1985 жылы «Дорогой памяти» деген атпен орыс тiлiнде 100 мың дана тиражбен басылып шыққан «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы мен әскери повестерi үшiн Ә.Нұршайықов А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Ал 1990 жылы Әзiлхан Нұршайықовқа «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берiлдi.

2- оқушы: Әзiлхан Нұршайықов шығармашылығындағы атап көрсетерлiк ең басты ерекшелiк – қаламгер туындыларының барлығы дерлiк нақты деректерден тамыр тартып, нәр алып жатады. Осындай өзiндiк өзгешелiгiмен де шынайы әрi тартымды.

Әзiлхан Нұршайықов – қазақ әдебиетiнде формалық жаңашылдығымен жарқырай көрiнген жазушы. Өткен ғасырдың 70-шi жылдарында «Махаббат, қызық мол жылдар» романымен оқырмандарын бiр желпiнткен қаламгер. Әзiлхан Нұршайықов өзiнiң естелiктерi мен сұхбаттарында майдан даласында оқ борап, ажал төнiп тұрғанда шайқас сәл толастаса, зеңбiректiң жанына отыра кетiп, күнделiк толтыратыны туралы айтады.

Мұның өзiн ертеңге деген сенiм, яғни оптимизм деуге болар. Себебi күнделiк жазу үшiн де тәуiр көңiл-күй керек. Қиян-кескi соғыс жүрiп жатқанына қарамастан қолы қалт еткенде күнделiк жазуға уақыт табуы қаламгердiң iшкi рухының күштiлiгiн көрсетедi. Жазушы тiптi iссапарға да бөлек блокнот алып кетiп, жол-жөнекей ойға түскен нәрселердi қысқаша түйiндеп қойып отырады екен. Кейiн бәрiн де егжей-тегжейлi баяндап, кеңейтiп қағазға түсiредi. Әзiлхан Нұршайықовтың ерекше оптимизмi мынадан да көрiнедi. Ол ауыр науқасқа шалдығып, қатты қиналып жатқан кезiнде де күнделiгiн үзбей жалғастырып отырған. Оның бұл күнделiктерден басқа әр жылдарда жазылған 160-тай қойын дәптерлерi, 100-ге жуық блокноттары бар екен. Бұлардың бәрi де жазушының көркем шығармаларына өзек болатын деректердi дәлдеу кезiнде септiгiн тигiзедi. Барлық көркем шығармаларының ұстынын күнделiкке түскен мәлiметтер құрайды.

1- оқушы: Әзiлхан Нұршайықовты осы заманғы үрдiстердi жетiк меңгерген жан-жақты қаламгер деп атауға толық негiз бар. Жасы тоқсанға таяп қалғанына қарамастан ол қаламын қолынан түсiрмеген. Санасы сергек, көңiлi ояу жазушы қоғамда болып жатқан өзгерiстерден ешқашан тыс қалып көрген емес. Ел өмiрiндегi аса маңызды оқиғаларға дер кезiнде үн қосып, аталық батасын берiп, үнемi қолдап-қуаттап отырды.

Ә.Нұршайықов әдебиетке журналистикадан келдi. Газетте қызмет еткен кезеңi болашақ қаламгердiң қанатын қатайтты. Ол өмiрдiң бел ортасында жүрiп тәжiрибе жинақтады. Бұл әдебиет әлемiне басталған алғашқы баспалдақ едi. Қабырғалы қаламгердiң шығармашылық өмiрбаяны әртүрлi дәрежедегi баспасөз құралдарында еңбек еткен кездерiнде терең мазмұнмен байытылып, одан әрi шыңдала түседi. Журналистика бақшасынан терген жемiстерi iргелi әдеби туындыларының дүниеге келуiне игi ықпалын тигiзедi. Руханият әлемiнiң көгiне қанаты қатайған кәнiгi қырандай шарықтай көтерiлдi.

2- оқушы: Халық жазушысы журналистика жанрларының барлығын дерлiк қаузады. Оның репортаж болып басталған газеттiк есебi көркем очеркке айналған, әдеттегi күн сайын жазған жазбалары әдеби күнделiк болып шыққан. Ал қысқаша суреттемелерi жатық жазылған көркем этюдтен кем оқылмайды.

Жазушы көкейiне оралған көркем ойды сана сүзгiсiнен өткiзiп, соның нәтижесiнде жүздеген мақал-мәтелдер, афоризмдер дүниеге келген. Ол қанатты сөздер қаламгердiң «Өмiр өрнектерi» атты кiтабында жарық көрдi. Қаламгер хат жазуға да ерекше мән берген: оған жаңалық жеткiзетiн нәрсе деп қана көңiл бөлмей, шабыт шақыртатын, қиялға қанат бiтiретiн сиқырлы құрал ретiнде қарайды. Ол кiсi орыс классиктерiнiң хаттарын молынан жинап, өзi де көптеген жазушылармен, оқырмандарымен хат алмасқан. Сол жазған хаттарын жоғалтпай, танымдық мәнi бар, тарихи деректердi қамтығандарын кезектi кiтабында шебер пайдалана бiлген. Әз-ағаң өзiне келген жиырма мыңдай хатты мемлекеттiк архивке өткiзiптi. Ал «жазбауға шыдамы жетпей» жазған «Махаббат, қызық мол жылдар» романына байланысты келген 500-ге жуық хатты машинкаға бастырып, төрт дана етiп түптетiптi. Осының өзiнен-ақ жазушының хатқа жәй ғана хабаршы деп қарамай, оның эпистолярлық әдебиет жанрын өркендетуге тамаша септiгiн тигiзе алатынын түсiнгендiгiнен деп пайымдаған жөн.

1- оқушы: Халық жазушысы талантының өзгелерге ұқсамайтын ерекше бiр қыры бар. Ол – есте сақтағыштық қабiлетi. Осы таңғажайып қасиетiнiң арқасында ол бiрнеше сағатқа созылатын әңгiме-сұхбатты үтiр, нүктесiне дейiн жадына құйып алады. Әрине әңгiме мазмұнын есте сақтау екiнiң бiрiнiң қолынан келедi делiк. Ал сол әңгiме-дүкенде айтылатын цифрлар мен фактiлердi, адамдардың аты-жөнiн диктофонға жазғандай рет-ретiмен көкейге құйып алу орасан зор зерделiлiктi қажет ететiнi даусыз.

Жазушы Ә.Нұршайықов талай ғасырларға талмай жететiн, көптеген ұрпақтарға рухани ләззат сыйлайтын өшпес шығармалар қалдырды. Оның тек қазақ тiлiнде жарық көрген көркем шығармаларының көлемi 300 баспа табақтан асса, әртүрлi әдеби жинақтарда жарияланған туындыларының көлемi 50 баспа табақтан асқан. Орыс және басқа шетел тiлдерiне аударылған шығармалары 150 баспа табақтан асса, кiтап болып шықпаған мақалаларының көлемi 100 баспа табақтан асып жығылады екен. Осыншама маңдай тердiң жемiсiн сараптағанда, ой таразысына салғанда Әзiлхан ағаның еңбекқорлығына, табиғи таза талантына тәнтi боласыз.

2- оқушы: Әзiлхан Нұршайықов – бiртуар талант, қазақтың ең таңдаулы жазушыларының бiрi, саңлақ суреткер. Мұндай баға беруiмiзге негiз боларлық бес түрлi себеп бар.

Бiрiншiден, Әзiлхан Нұршайықов алыптар тобының М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсiрепов, Ғ.Мұстафин сияқты бiртуар тұлғалармен көздерi тiрiсiнде тiкелей араласып, дәм-тұздас болып, өнеге-үлгiсiн көрген, солардың тамаша дәстүрлерiн XXI ғасырға жеткiзе алған саусақпен санарлық қаламгердiң бiрi, Қазақстанның Халық жазушысы.

Екiншiден, нақты деректерден бастау алған, тарихи шындықпен шарболаттай суарылған, бiрнеше шетел тiлдерiне аударылған атақты романның («Ақиқат пен аңыз») авторы, Абай атындағы Мемлекеттiк және А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты.

Үшiншiден, стилi қайталанбайтын, әдеби жанрларға, әсiресе прозаға формалық тұрғыда жаңашылдық әкелген, ұдайы iзденiсте жүретiн сирек талант, келешекке әрдайым үмiтпен қарайтын оптимист азамат.

Төртiншiден, қазақ әдебиетiнде тұңғыш рет эпистолярлық роман, қос томдық өмiрбаяндық роман жазған қарымды қаламгер.

Бесiншiден, жазушылар бара бермейтiн, журналистиканың интервью, мақала, суреттеме, очерк және басқа публицистикалық жанрларында еркiн қалам сiлтейтiн бесаспап қаламгер.

1- оқушы: От пен оқтың арасынан иаман келіп, киелі әдебиетіміздің төріне көтерілген қаламгердің соңында құнды мұра қалды. Сонау майданда жүріп алғашқы өлеңдерін, әскери әңгімелері мен очерктерін жариялаған жазушы әдебиетте бірден өз тақырыбын тапты. Оның туындылары өмірдің өзіндей әрі қарапайым, әрі қасиетті болды. Солдаттың сұр шинелімен оралған дарынды жас осыдан 65 жыл бұрын ҚазГУ-дың табадырығын аттапты. Сол кездегі студенттік өмірін арқау еткен, адал махаббат пен адал сезімді, жастар романтикасын тебіренте толғаған «Махаббат, қызық мол жылдар» атты романы бүгінге дейін оқырмандардың қолынан бір сәтке де түспеген, ең сүйікті шығарма

2- оқушы: Кезінде қалың оқырманның тұмарындай, сүйікті шығармасы болған кітап бүгінгі күннің балғын оқырмандарын да бей-жай қалдырмайтын белгілі. Жастардың жанын тербеп, жалпы адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен кесек туындыны бүгінгі әдебиеттің маңдай алды өкілдерінің бірнеше буыны оқып өскен.

Майдангер қаламгерді жалпақ жұртқа мойындатқан бұл енбектің адам баласына берер әсері мен тағылымы мол. Оқырмандардың ұсынысымен сан қайталап басылған роман, қызықты әрі жеңіл оқылады.

1-ші көрініс: интервью

Сұрақтар

2-ші көрініс

1- оқушы: Фәниден бақиға аттанған қазақ әдебиетi қырандарының бiрi Әзiлхан Нұршайықов шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала бередi. Жазушы ғұмырының екiншi кезеңi ендi басталғандай. Тасқа басылған асыл дүниелер ғасырлардан ғасырларға жете бергей! Адамзаттың ең асыл қасиеттерiнiң бiрi адамгершiлiктi өмiр бойы ту етiп өткен, мөлдiр сезiм – махаббаттың жыршысы болған Әз-аға, хош! Алла тағаланың нығметiне бөлене берiңiз! (бейнеролик 2).





Алматы облысы, Енбекшиқазақ ауданы,

Қызылжар ауылы,

О.Жандосов атындағы орта мектеп.



Бакиева М.А. - кітапхана меңгерушісі.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
?.Н?ршайы?овты? «Махаббат, ?ызы? мол жылдар» романы бойынша о?ырмандар конференциясы.

Автор: Бакиева Модангуль Амановна

Дата: 08.02.2015

Номер свидетельства: 169513


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства