Просмотр содержимого документа
««Н?р себеле, ?лысты? ?лы к?ні!» »
Сабақ тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»
Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.
Көрнекілігі: Газет – журнал материалдар, қажетті әдебиеттер, суреттер мен плакаттар, шаңырақтар, қанатты сөздер, бесік, қамшы, домбыра, ...т.б. Қанатты сөздер: 1.Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
Өту барысы:
Балалар ,қайдасыңдар Біз мүңдамыз Неге кешігіп жатырсыңдар , қараңдаршы қонақтардың барлығы бізді ғана кутіп отыр Қонактардың барлығы жиналып қалыпты ғой Ендеше достар мерекені бастайық
Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар ! Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды, Қызықтан тыс қалмаңыздар!
Наурыз тойы – мереке, Жаңа жыл –береке болсын!
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын
Видеоролик (Ұлыстың ұлы куні Наурыз)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады.
Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді.
Той құтты болсын, ұлыс оң болсын! Наурыз келсе, құт келгені,ағайын.
Шашу шашып ,ел боп қарсы алайық. (Шашу шашылады)
Наурыз келсе барлығы жасарады
Жасарады табиғат жасалады Алпыс толдің анасы ақ жүрекпен Аластасын пәледен босағаны Алас ! Алас!
Әжеміз аластайды: Алас ! Алас! Еліміздің елдігің тоздырғысы келетіңдерден Ерімнің ерлігін жойғысы келетіңдерден Алас ! Алас! Соғыстан табиғат апатынан барша жамандықтан Алас ! Алас!
Аластаса әжеміз босағаны Бар жаманның конілден босағаны Жеті шырақ жаңа омір жаршысындай Лаулап жанып жақсылықты тосады әлі
Мереке Наурыз – жыл басы! – дей келе ендігі кезек Наурыз мерекесінің шығу тарихына тоқталсақ (слайд1)
Халқымыздың аңыздары бойынша 21 наурыздын түнінде сағат үште даланы Қызыр баба аралайды екен Жаңа күн табалдырықты аттап үйге кіргенде «Жалғыз шала сәуле болмас деп қос шырақ жағылып қойылады Ыдыс атаулыны Ырысқа деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды Жыл бойы ырысымыз мол болсын деп тілейді .
Сүйіңші Сүйіңші Қызыр баба келе жатыр
Қызыр баба ортамызға келіп түр Бізге ақ батасын ақ тілегін берейің деп Сәлем беріп алақанымызды жайып
Алайық атамыздың ақ батасын
Қызыр баба: Мен коненің козі едім,
Алыс жолдан келемін
Топ жиынды коргенде
Ақ батамды беремін
Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті тогейің Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. Қайда барсақ жол болсын! Ұлыс бақты болсын, Төрт – түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін, Бәле – жала жерге енсін» Ұлы халқым тоқ болсын» Көйлектерің көк болсын! Қайғы – уайым жоқ болсын! Қуаныштарың көп болсын! Әумин!
Ылайым айтқаныныз келсін
Кызыр баба сізге арнап өз өңерлерін корсетіп Ән салып, би билейтін
өнерпаздар бар
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы Елімнің дастарханына Береке ырыс сыйлашы
Келе жатыр ж ылымыз Мейрамдаймыз мұны біз Жас балаша нұрланып Жадырасып бәріміз Күннің жаңа нұры бар Мүның ғажап сыры бар Халық сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды
Қош келдің Наурызым ардақты Халқым саған бар үмітті арнапты Жылда осылай келе бергін жасарып Гүлге болеп нүрға болеп аймақты
Күн мен түн тенеледі Жер шуаққа кенеледі Қуанышта ел енді Наурыз келді салтымыз «Когерсін деп халқымыз
Кошеге тал егеді
Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн, Шырқап әнге салайық. Ән «Наурызым- мерекем»
Бұл мерекедегі дастархандағы астың бірі Наурыз көженің орны бөлек.
Бұл ас қасиетті ас деп саналады.
(слайд2)
Ата салтың бабамның Алып келді ұлыс күн
Бір анадан туғандай
Бір ұядан үшқандай Бір аспаның астында Береке бирлік болсын деп Көп көжеден дәм татып Күшейтейік бірлікті
Арпа, бидай, тары бар Қатық, малта, ағы бар Ішілетін жейтінін Бұл көжеде бәрі бар
Наурыз тойын әдемі
әжем еске түсірді Біздерге арнап әдейі Наурыз көже пісірді Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
жеті түрлі ас салды
Бидай, күріш, тары бар
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы Бұл көжеде бәрі бар
Әже:Ой,аталар, аналар! Айналайын балалар!
жеп ішсін деп тамсанып
жеті түрлі дәм салып Наурыз көже пісірдім Қүйдым алтын табаққа
бал көжеден татындар Бар кызыққа батыңдар
көктем наурыз шағында Құмар болып ойынға
іске үлес коспаған
ішер бірақ тостақан Еңбекшілге талапты Қоямын қос табақты Кожеге жас кәрінді шақырамын барыңды
Жүргізуші: Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.- дей келе келесі кезекте қазағымыздың салт дәстүрінен үзіндіні тамашалайық
Сүйінші! Сүйінші!
Дүниеге нәресте келді
Кокем ұлды болды
Ата, әже сүйінші! Омірге немерелеріңіз келді
Не дейді Шын айтып түрсындарма ма
Рахмет қарақтарым
Алындар күлындарым куаныш бәрімізге ортақ
Ата әже немерелеріңізді әкеле жатыр
Немерелеріңіздің бауы берік болсын
Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын
Жақсылық жақсылыққа ұлассын
ой құлыным- ай ! омір жолың ұзақ болсын
Тіл мен қозден аман болғай
тьфә, тьфә құлыным аумаған атасы ғой
Ал атасы немеренді қолына
Атасы бөпенің құлағына: « Мейірімді бол, денің сау болсын, еліміздің қуанышы бол!», ― дейді де, үш рет: «Сенің атың ― Абзал!» деп қайталайды.
―Асылжан, ертең біздің үйге көп қонақтар келеді.Шілдехана жасаймыз.
― Шілдехана деген не?
― Шілдехана ― жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той.Қонақтар ән салып, домбыра тартып, өлең айтады.Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл той ― өмірге адам келгеннің, оған қуанудың бір белгісі.
Жүргізуші:Сәби еңбектеуден өткен соң қаз-қаз басады, «тәй-тәй» жүре бастайды. Сол кезеңде сәби жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деген тілекпен тұсауын ала жіппен кеседі. Мұның мәні мынада: халқымыз баланы тәрбиелегенде ұрлыққа , зорлыққа жаман іске, бұзақылыққа әуестенбе деп, дұрыс жолға салады. «Біреудің ала жібін аттама!» деп үлкендер айтады.Мұның мәні: аяқтағы ала жіптің болуы біреудің бір құлаш бас жібіне жолама, ал оның кесілуі ― баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу. .
Қорытынды: қурметті қонақтар! Бүгінгі кешіміздің мақсаты заман озгерседе үлттық салт дәстүріміз көнермейтіндігін еске салып ұлттық мұраны қайта жаңғырту «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші салтын сүйген
Әр бір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін еліне адал қызмет ететінін тілінің салт дәстүрінің жанашыры болатынына сенеміз Наурыз құтты болсын! Жылдан жылға аман есен жете берейік
Жүргізуші: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс оң болсын ! Ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын !