Просмотр содержимого документа
«?нші балапан - 2016»
1 жүргізуші: Армысыздар, ағайын, құрбы - құрдас, Бармысыздар, ән сүйер әз қауымдас. Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық, Сайыста көңілменен қол соғайық. 2 жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, Бармысыздар, жадыраған жас достар. Бүгінгі «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
Енді сіздерді бүгінгі байқауымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Унгарова Гулвира Сұлтанқызы
2. Қарасаева Света Сұлтанқызы
3.Алдабергенова Баян Жумагулова
Орындаушылармен таныс болсақ,біз алғашқы орындаушыны шақырғанша байқауға
қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.
Алдарынызда 2014 жылы өткен «Әнші балапан» байқауының ән номинациясы бойынша 1 орынды иеленген Бақтұрсын Нұршатты қарсы алыңыздар.
Сол жылы «Әнші балапан» байқауының би номинациясы бойынша 1 орынды иеленген Құрманиязова Шұғыланы қарсы алыңыздар.
2 жүргізуші: Ән де, күй де еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы – мұң. Әсем әуезді ән - адам өмірінің тамаша бейнесі. Ендеше алғашқы жас өренімізге жол береміз. Ортада Бақытжан Айзерені «Ерке қыз» әнімен, қошеметтеп қарсы алайық. Дауысың қандай сырлы еді, Табиғатты тыңдатқан. Көркің қандай нұрлы еді, Таң шолпанмен астасқан - демекші, Айзере, сен бірінші болып сахнаға шықтың, қандай сезімде болдың. - Бұл ән маған ұнады, ал сізге ші Света Сұлтанқызы? 1 жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті Мырзагерей Ақнұрдың орындауындағы «Гүл көбелек» әніне береміз. -Ақнұр, бәрекелді, сен әніңді тамаша орындадың! Біз саған тек сәттілік тілейміз! - Ал төрешілер сіздер не дейсіздер? 2 жүргізуші: Жақсы әнші өнеге, Сегіз қырлы, бір сырлы. Өнерді үйрен бір - бірлеп, Әнде шырқап, би билеп. Халық айтса біледі, Талаптыға нұр жауар, Өнерлі өрге жүзер, Талаптылар құр қалма! - деп, жас әншіміздің өнеріне береміз. Ақмолдиева Ақтоты «Айдана» әнімен. Ақтоты, жарайсың, әніңді жақсы орындап шықтың, маған сондай ұнады. Ал бұған Баян Жумагулова не дер екен? 1 жүргізуші: Әннің әсері де әр қилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Ендеше келесі кезекті «Қошақан» әнін орындайтын Уракова Фатимаға береміз. Қошеметпен қарсы алайық ағайын! 2 жүргізуші: Алдымызда ұзақ жол, Ізденуден талмағай. Қиындыққа мойымай, Өнер жолын жалғағай - деп, тамаша өнер көрсеткен Фатима, біз сені өнердің биік белестерінен көрейік, сәттілік тілейміз. Ал бұған төрешілеріміз не айтады?
Орталарыңызда Құрманиязова Шұғыланың орындауында «Үнді» биін қарсы алыңыздар 1 жүргізуші: Би десе барын салатын, Құмары содан қанатын. Биле, кәне, достарым, Кезекті сізге жолдадым - деп келесі кезекті даярлық сынып оқушыларының«Үнді»биіне береміз. - Жарайсыңдар, билерің жақсы болды, менің көңілімнен шықты. Ал, Гүлвира Сұлтанқызы, сізге ұнады ма? 2 жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Ата жолын жалғамақ, Ел дәстүрін сақтамақ Ел намысын қорғамақ, Нұрхат шықсын ортаға, Бүгін әнші атанбақ – деп ортаға «Балапан» әнімен Бақтұрсын Нұрхатты шақырамыз. Қане, қошеметтеп қояйық ағайын! Әдептілікті сақтаймын, Әнші Нұрхатты мақтаймын. Қамқор сыншы болайық, Деген сөзін жақтаймын. Нұрхат , өнерде жолың ақ болсын! Тамаша орындадың, ал,Баян Жумагулова, бұл әнді естігенде қандай көңіл күйде болдыңыз? 1 жүргізуші: Ал оқушы, ұстаздар, Ортаға назар салыңдар. Нұрайым қыз келеді, Бар өнерін төгеді, - деп қошеметпен Болатова Нұрайымның орындауындағы «Қазақтың» әсем биін тамашалайық. Бойыңда Нұрайымның от бар екенін байқадым, Жүрегіңде шоқ бар екенін байқадым. Әрқашанда осы шоқты өшірмей, Жалындатып шарықтағын әрдайым. Нұрайым, биін тамаша болды, төрешілер, сіздерге ше? 2 жүргізуші: Билер - билер! Ұш әуемде, Ұш көгімде, күллі әлем, Көктем келсе гүл боп елге, Мен де бірге түрленем, - деп Саудина Көркемнің орындауындағы «Қазақ» биіне кезек береміз. Көркем талабыңа нұр жаусын! Саған тек сәттілік тілейміз. Гүлвира апай, сіз бұл биге не дейсіз? 1 жүргізуші:
Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы кешімізді одан әрі жалғастыралық. Сән - салтанат жасайық, Күй сандықты ашайық. . Бұл мереке, бұл тойға, Әнмен шашу шашайық - деп, Наурызбаева Каринаның орындауындағы «Ертегілер» әнін қабыл алыңыздар! Бәрекелді, әніңді жақсы орындадың, маған қатты ұнады. Ал, төрешілер сіздерге ше?
1 жүргізуші: Қуанып жасымыз да, кәріміз де, Саламыз шаттық әнге бәрімізде. Нұрия биші ортамызда, Халқына би арнайды шапалақта Ендеше ортамызға «Макокао » биімен Илиясова Нұрияны шақырамыз. 2 жүргізуші:
Нұрия біз сені өнердің биік шыңдарынан көрейік. Ал, Гүлвира апай, сіз не айтасыз?
Уа, жараңдар, жараңдар. Бәрің бермен қараңдар. Биші кеп қалыпты, Бір сәт зейін салайық - деп келесі кезегімізді Заможняя Алинаның орындауындағы «Үнді» биіне береміз. Қошеметтеп қарсы алайық! Жарайсың тамаша билеп шықтыңдар. Ал, бұл би сізге ұнады ма? 1жүргізуші: Осымен «Әнші балапан» байқауы өз мәресіне жетті. Күнде жиын бола бермес дәл осындай, Күн сайын өзгереміз, өркендейміз. Ұл - қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен, Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз. Сын - шын, бағалау әділетті болсын!
Әділқазы алқалары өз шешімдерін жария еткенше 3 сынып оқушыларын «Татар» биімен қарсы аламыз.
Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Бірге: Көріскенше күн жақсы болсын!!!