Наурыз мейрамы туралы т?сінік беру.Балаларды? ойлау, ?абылдау,зейін ?абілеттерін дамыту.Грамматикалы? тал?ада ж?йелі с?йлеуге, мерекелік к??ілін к?теру,елге деген с?йіспеншілік бірге, салт-д?ст?рлі ??рметтеуге т?рбиелеу.
К?рнеліліктер; Наурыз мерекесіне арнал?ан суреттер, интерактивті та?та, киіз ?й, шарлар, д??гелек ?стел,бесік.
Наурыз шы?ыс к?нтізбесінде жа?а жыл саналады. 21-22 наурызда к?н мен т?н те?еледі. Наурыз деген с?з ?зі "нау" - жа?а, "руз" -к?н деген с?здермен алынып, жа?а жыл деген ??ымды білдіреді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«наурыз ?лысты? ?лы к?ні »
Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.
Қазақ биімен басталады орындайтын Волошина Ксения.
І. Жүргізуші:
- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты ашық тәрбие шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер
ІІ. Жүргізуші: Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 1 жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! ( Музыка ойналады, шашу шашылады)
2 жүргізуші: - Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. (Музыкалық слайд көрсетіледі)
1 жүргізуші: - Назды әуен, сырлы сезім, сиқырлы күй,- дегендей қазақ халқының тамаша музыкалық аспаптарының бірі – домбыра. Қазақ халқы домбырада ән айтқан, күй тартқан. Ендеше ортаға Вебер Михаилды шақырамыз.
2 жүргізуші:
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген.Соның біреуі баланы қырқынан шығару және баланың тұсауын кесу. Ортаға қыздарды шақырайық! (Салт- дәстүрлерді көрсетеді)
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Соның ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту» тағы басқа ойындар.
2 жүргізуші:
Ал, балалар ендеше «Арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрерлік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар. Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартса, сол команда жеңімпаз болып есептеледі.1,2,3,! Бастаймыз!(Музыка ойналады). Рахмет! Отырамыз!
1 жүргізуші:
Салт- дәстүрім жараса,
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша!
Қазақ биі «» орындайтын «Салтанат» би тобы.
2 жүргізуші:Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз, Тәтті болып жасалған, Наурыз дәмін татамыз.
Ортаға Қыдыр атаны шақырайық! (бата береді)
1 жүргізуші:Осымен құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды! Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!