Күлімдеген шуақты көктеммен бірге,қазақ даласына Жаңа жыл-Қой жылы келді.Жаңа жыл-бақыт жылы-бейбіт жылы болсын!
Хормен:Наурыз келсе,құт келгені халайық!
Әже: Есік ашып,шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
(Шашу шашылады)
Наурызгүл: Жайнатамын бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Ән мен жырды төгілтіп,
Мейрам етем бұл күнді.
1-жүргізуші: Наурыз күні той самалық айтудан басталған.
1-оқушы: Самалық,самалық
Қан тауының көп құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
2-оқушы: Самалық,самалық
Самарқанның көп тасы
Жібіді ме,көрдің бе?
3-оқушы: Самалық,самалық
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке.
4-оқушы: Самалық,самалық
Жаңа келген жақсылықты
Көрдік пе,көрмедік пе?
2-жүргізуші: Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата-салтын бабамның
Алып келді осы күн.
5-оқушы Қой жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсыншы ырыс-құт,
Болсын елде тыныштық
6-оқушы:Құтты болсын наурыз той!
Құлпырып тұр ой мен қыр
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
7-оқушы: Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып көріскен
8-оқушы:Қыс өтіп,қар кетіп
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын,Наурыз!
Қарашаш:
Уа,халайық!Бүгін ұлыстың ұлы күні.Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ,ақ түйенің қарны жарылған күн.Наурыз мейрамы құтты болсын!Ұлыс күні ата-салтымыз бойынша Қызыр бабамызды шақырайық.қызыр баба баршамызға ақ тілек тілеп,оң батасын берсін
Қызыр баба:
-Армысыңдар,жәмиғат (қолын жайып)
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын Қайда барсақ жол болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге енсін Ұлы халқым тоқ болсын Көйлектерің көк болсын! Қуаныштарың көп болсын!
Әумин!!!
(барлығы беттерін сипап,айтқаның келсін дейді)
Қызыр баба: Қарашаш қызым,ата-салтын ұмытпай,ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы.Үлкен рахмет.Ал,енді қандай қызықтарың бар?Тамашалайық!
Оқушыларды топқа бөліп жарыс ұйымдастыру
1.Шебер қолдар (қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қиғызу)
2. «Тапқыр болсаң шешіп көр» (жұмбақ жарысы)
3.Шешендер (мақал-мәтелдерден жарыс)
4.Қазақтың ұлттық ойындарын ойнату (қол күрестіру,арқан тартыс, асық ату)
5. «Кім білгіш» (қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақ-жауап)
Кеш барысында әндер мен билер орындалады.
Соңында наурыз көжеден дәм татысып,бір біріне тілек айтып,тарасады.