Құрметті балалар, қонақтар.
Біздің бүгінгі « Наурыз - көктем жыры» деген атты сабағымыз Наурыз мейрамына арналады.
Бұл мейрамды ертеде ата – бабаларымыз тойлаған.Казіргі кезде басқа ұлттар да тойлайды.
Адамдар үйлерін, ауласын жинайды.
22 наурызда күн менен түн теңеледі. Содан былай, түн қысқарып, күн ұзара бастайды.
Шығыс елдерінде жыл басы наурыз айынан басталады.
Әрбір отбасында ұлттық тағамдар даярланады. Наурыз – көже, бауырсақ,құрт, ірімшік жасайды.
Оның бәрін дастарханға қояды.
Осы күні адамдар бір – бірін кешіріп, бата – тілектер айтады:
Наурыз құтты болсын
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын.
Ал, енді, балалар, сіздер Наурыз мейрамына арнаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.
Ата – бабам тойлаған,
Наурызым, армысың?
Қызығына тоймаған
Дарқан дала, қарлы шың.
Дастарханда дәміміз
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ
Қандай жақсы Наурыз!
Күн менен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді.
Балалар, Наурыз мейрамында балалар, жастар көптеген ұлттық ойындар ойнайды.
(Қыз қуу, бәйге, көкпар, арқан тарту, орамал тастамақ т.б.)
Бүгін біз «тақия тастамақ» ойынын ойнайықшы.
Ойын. Ойынның шарты:
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала қолына тақияны алып, ойынды бастайды.
« Аспаймыз, саспаймыз «тақия тастамақ» ойынын бастаймыз. Сездірмей тақияны тастаймыз.»
Мақсаты: Балаларды сезімталдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Балалар, Наурыз мейрамында әртүрлі қазақтың слт – дәстүрлерін көрсетеді. Бізге бүгін қонаққа әже келді. Әже бізге «бесікке бөлеу» дәстүрін көрсетеді.
Әже: Наурыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын.
Мен өзіммен бірге немеремді әкелдім. Оны бесікке бөлеу керек.
Біріншіден аластау керек. « Алас, алас!
Кет,кет жамандық.
Нәрестеден аулақ кет!»
Бесігіне шапан жабады – сыйлы адам болсын деп, жастыққа айна, тарақ салады – көрікті болсын деп,ер балаға қамшы қояды – елін, жерін қорғасын деп. Әже баланы бесікке бөлеп болғасын, жақсы ұйықтасын деп, бесік жырын айтады:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Ертек айтып берейін,
Ұйықтай қойшы ақ бөпем.
Әлди, әлди, ақ бөпем.
Балалар бесікке бөлеген балаға ырымдап мақал – мәтелдер айтып бергісі келеді.
Ата – балаға сыншыл.
Балаға байқап сөйлесең,ақылыңа көнер.
Есер баладан, ерке бала жаман.
Бала – ананың бауыр еті.
Бала – көңілдің гүлі,
Көздің нұры.
Балалар әжеге арнаған әнін айтып береді.
Ән « Әже».
Ақ кимешек киген
Ақ бетімнен сүйген
Әжем менің қандай,
Әжем менің айдай.
Бізді жақсы көрген
Ертегі айтып берген
Әжем менің қандай,
Әжем менің айдай.
Бақшаға апарған
Шықсам күтіп алған
Әжем менің қандай,
Әжем менің айдай.
Тақпақтарды жалғастырайық.
Наурыз тойы – салтымыз
«Көгерейін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын жас гүліміз
Бақта бұл –бұл сайрасын.
Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Наурыз тойы – елдің тойы,
Көктем тойы – төлдің тойы.
Ән айтылды күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын.
Балалар әжеге рахмет айтайық. Сау болыңыз!
Әже кетеді.
Ойын: «Қан талапай»
Мақсаты: Жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрме.
Осымен Наурыз мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет.