Просмотр содержимого документа
«"Нан-?асиетті та?ам" т?рбие са?аты»
Тақырыбы «Нан - қасиетті тағам»
Мақсаты 1.Оқушыларға қасиетті тағамның бірі- нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру
«Ас атасы - нан»екенін түсіндіру,
2.Дүнетанымын, ой – өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін ояту және дамыту.
3,.Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ жауап,топпен жұмыс,интерактивті тақтамен жұмыс
Көрнекіліктер нақыл сөздер сөзжұмбақ тірек сөздер кесте
Сынып сағатының барысы
1Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг. «Жаңа кун»
Оқушыларды топқа бөлу.
2.Сынып сағатының тақырыбы, мақсатын таныстыру.
«Нан - қасиетті тағам»
Тңда ерлер түлетті
Тың адамды үйетті
Нан үшін олар тер төкті
Кім? не істеді?
1.Тракторшы
2.Диқаншы
3.Комбаиншы
4.Жүргізуші
5.Диірменші
6.Наубайшы
7.Дүкенші
1-топ «Егінші мен қасқыр» 2-топ «Нанның иісі»
Бұл көріністер біз нанды дайындаудың жолы өте ұзақ әрі қиын екенін білдік.
-Нанды дайындаудың жұмыс тәртіптері қандай?
-дән себу
астық жинау
диірменге әкелу
нан пісіру
егістікті күту
ұн тарту
дүкенге әкелу
жер жырту
элеваторға әкелу
нан илеу,ашыту.
Топпен жұмыс 1-топ Өлеңдер оқу
2-топ Тағамға байланысты ырым- тыйымдар. (Оқушылар өз пікірлерін айтады)
«Нанды аяқ астына тастама»
«Сүтті төкпе,баспа»
«Жерде жатқан нанды еңкейіп ал»
«Тамақ ішкен кезде сөйлеме»
«Тамақты төкпей –шашпай іш»
(Оқушылар өз ойларын білдіреді)
-Біздің халқымыз кез – келген затқа, кез – келген іс –әрекетке дана ойларын, нақыл сөздерін айтып отыратын халық.
-Обал –сөзіне түсінік беру.
Кез –келген дүние, жақсылық атауы бізге еңбек арқылы келеді.
-Еңбек қатысты мақал-мәтелдер айтайық. 1.Ас – атасы нан.
2.Еңбектің наны тәтті.Жалқаудың жаны тәтті.
3.Нан – қасиет, Нан- береке, Нан –мереке.
4:Еңбек етсен ерінбей тояды қарның тіленбей.
Қорытынды.»Нан Қасиетті тағам» -деп бекерайтылмаған.Нанның қасиеті бізге тоқшылық,байлық, тыныштық әкеледі. Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес.Нан –тіршілік тірегі. Нанды қастерлеуіміз керек.Ысырап етпей үнемдей білуіміз керек.Нан бізге адал тынымсыз еңбектің арқасында келетінін естен шығармауымыз тиіс.
-О,адамдар! Кең пейілділер!
Бір дән жолда жатса
Ұлылықпен еңкейіндер!
Стратегиялық ойын «Автор орындығы» арқылы оқушыларқорытынды жасайды.