kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"На великое дело - великое слово"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Цели урока:способствовать формированию у детей чувства патриотизма,привитие интереса к знанию  государственного языка, воспитание патриотизма через изучение культурного наследия народа. 

1. Формирование стремления к овладению казахского, русского языков; 
2. Изучение традиций и обычаев народов, населяющих территорию Казахстана; 
3. Воспитание уважения и желания изучать, знать языки. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"На великое дело - великое слово" »

Тәрбие сағаты


Күні: сыныбы: эксперимент 10 б

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Сөз қадірі - өз қадірің

Мақсаты: оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйрету,бабалар тағылымы мен нақыл сөздердің тәлім-тәрбиелік мәнін түсіндіру,оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сөз қадірін бағалай білетін,ойы ұшқыр, өресі биік, білімді, саналы,адамгершілігі зор тұлғаларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер. Қағаз, қарындаштар, түрлі түсті стикерлер

Өткізу әдісі: топтық,ұжымдық талқылау

Тәрбие сағатының жүру баоысы:

І Ұйымдастыру бөлімі (Гимн)

ІІ топқа бөлу

ІІІ Кіріспе сөз

Алдарыңызға сөз- қалай түсініп отырсыз.

Сөз тәрбие құралы,білі-білік,мәдениет, өнер бастауы,ақыл-ой, жәдігер, қазына, баталы, дәйекті, ойтолғаныс,

-Сөз дұрыстығы дегеніміз не?

- Сөз байлығы  деген не?

- Сөз тазалығы деген не?

«Жақсы сөз –көңіл құлпын ашатын кілт» деп аталады.Біздің негізгі әңгімеміз сөз өнері,сөйлеу мәдениеті туралы болмақ.Сөйлей білу деген не өзі? Оны баладан бастап үлкенге дейін біледі емес пе? Қалай сөйлеу керектігі адамның өз еркінде.Сөз адамның ақыл-ойының,көзқарас көкжиегінің, парасат- пайымының деңгейін көрсетеді.Сөз құдіреті шексіз.Сөз-адамның рухани дүниесінің баға жетпес өлшемі.Сондықтан сөздің мағынасын түсініп,дұрыс қолдана білу керек.

Ғылыми тұрғыда Сөз алсам...
Аян: Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында, кемел ғұмыр кешуінде орнымен, дәмді, дәйекті сөйлей білу, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады. Өйткені ақылы кемел, кісілігі зор, білімі мол, адам ғана солай сөйлей алады. Ондай дәмді, қисынды, қысқа қайыратын қызықты, айшықты да әділ сөзді халық ұйып тыңдап тура сөз құдайы сөз деп тоқтаған

Шынар: Сөйлеу үлкен өнер. Оған көп тыңдап, көп оқып, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе, айтқыштық пен терең ойдың інжу - маржандары – мақал - мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу, кітапты көп оқу арқылы жаттығып, төселеді. «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды» - деген содан шыққан.

Динара: Сөйлеудегі ең жақсы қасиет – ой - пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік. Алтын - гауһардың қымбат саналуы – олардың аздығынан. Олардың аздығы тазалығы десек, қысқа, қоспасыз, ұғымды сөз де қадірлі.

Ерғанат: Орыстың аса шебер жазушысы А. П. Чеховтың: «Қысқалық - таланттың сыңары» - деуі де сондықтан. Ғұламалар: «Көп нәрсенің қадірі болмайды» - дегенді айтуының сөйлеуге де тікелей қатысы бар. Ал, қазақтың «Көп сөз көмір, аз сөз алтын», «Көп сөйлеген я жолдасынан, я құрбысынан айрылады», «Жақсы байқап сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді», «Аңдамай сөйлеген - ауырмай өледі», «Сөз қуған бәлеге жолығады», «Жақсы сөйлесе аузынан нұр төгіледі, жаман сөйлесе аузынан жын төгіледі», «Жақсының сөзі назалы, жаманның сөзі ызалы», т.б. мақалдарды сөйлеудің алуан түрлі сипаттары тамаша бейнеленген.
Аманжан:Әйтеуір сөйлей алады екенмін деп, қасараңдамай, абайлап сөйлеу - ақылдылық, инабаттылық белгісі. Өзің опық жеп, өкініп жүрмеу үшін, өзгенің жанына жазықсыздан жара түсірмеу үшін байқап, бағымдап сөйлеудің мәні зор. «Тілімнен жаздым» - деп кейін, пұшайман болып жүрмес үшін алдын-ала ойланып алуды әдетке айналдыру жақсы қасиет саналады.


Атақты академик, ғалым И. П. Павлов: «Адамдардың денсаулығын сақтауда әсіресе, жүрек - қан тамырларының сырқатына шалдықпауда айналадағы адамдар сөзінің әсері күшті» - деп анықтаған. Сондықтан шәкірттерге айналасындағы адамдарға «Ей», «Сен» - деп, дөрекі тіл қатпай «Сіз» - деп сыпайы сөйлеудің мәдениеттілік, ізеттілік қана емес, қарым-қатынасқа жұмсақтық, жайдарылық дарытатын күш екенін ұғындырып отырған жөн. Жылы шырай - тек сәлемдескенде ғана емес, адамдарға тіл қатқанда, сөйлескенде де керек нәрсе. Сөйлесуге «ғафу етіңіз!», «құлағым сізде», «ләббай» - деген сияқты сөздерді орнымен кірістіріп отыру жағдайды жайландырып отыратыны есте болуы тиіс.
ДаниярН:Сөйлеудің қасиеті әдептілігі мен әдемілігіне қоса, сайып келгенде, шындығында. Жалған айту, өтірік сөйлеу кісілікке жатпайды. Халық өтірікшіні жексұрын ретінде жек көре отырып, айыптайды. Жеткіншек ұрпақты: «Өтірік сөз өрге баспайды», «Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді» - деп, жалған сөйлеуден жирендіріп, шындыққа үндейді.

Жаңылсын: Жалпы алғанда, сөз орынды іске бағытталған, адамды рухани байытуға септігін тигізетін және сындарлы сипатта болуы тиіс. «Сөздің оңы мен терісіне, өңі мен астарына айрықша мән беріп сөйле», «Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ», - деген мақалдарды халқымыз адамгершіліктің, мұсылманшылықтың, соның қатарында сөйлеу әдебінің де басты өлшемі әділдік екенін айқын аңғартады. Шындықты айтуда да абай болатын жағдаяттар аз кездеспейді. Шәкіртке ақыл - қабілетінің аздығы, ауруға хәлінің мүшкілдігі, мүгедекке кемтарлығы, әйелге ажарсыздығы т. б. туралы «шындықты бетке айту» адамшылыққа жата ма? Өзін туған елінің перзентімін деп санайтын әрбір азаматтың ана тіліне қатысы, сол тілде сөйлеуі туралы аса маңызды әрі көкейтесті мәселе келіп шығады. Кеңес өкіметі тұсындағы империялық қыңыр саясат мұны жеке адамның, оның туған халқының қадір - қасиетіне аяқ асты ететін, болашағына кеселді мәселеге айналдырды.
ДаниярӨ: Ахмет Байтұрсыновтың: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» - деген сөзінің кебі келгендей болғаны. Яғни, шетқақпай болған тілімізге ілесе, халқымыздың ұлттық рух, дәстүр – салтының да өңі қашып, өзегі талып бара жатқан. Ең жаманы еліміздің ертеңі төл ұрпағымыз орыс тілінде сөйлеп, ана тілін жатырқауды, менсінбеуді шығарды. Қазірде олар біздің ұлы жырауларымызбен айыр көмей шешендеріміз, асқан ақын халқымыз жұлындай жұтындырып жетілдірген әлемдегі ең бай да оралымды, сұлу да сиқырлы, әуезді де салтанатты тіліміздің қасиетін сезіну бақытынан құр қалуда. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» - деген Бауыржан Момышұлының сөзін түсінбейтін өгей ұлдар көбейіп кеткенді.
Гүлнұр: Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі де болып табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлесудің парқына мән берген. Шынында да, адамның адам болып тұлғаланып, кемелденуінде сөздің атқарған рөлі баға жеткісіз. 

Аслан: Сөйлеудегі ен жақсы қасиет - ой-пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік. Әйтеуір сөйлей алады екенмін деп, тасырандамай, абайлап сөйлеу-ақылдылық, инабаттылық белгісі. Өзің опық жеп, өкініп жүрмеу үшін, байқап, бағамдап сөйлеудің мөні ерекше зор. ''Айтылған сөз - атылған оқ" деп ата-бабамыз тегін айтпаса керек. Сондықтан шәкірттерге айналасындағы адамдарға "ей", "сен" деп дәрекі тіл қатпай, "сіз" деп сыпайы сөйлеудің мөдениеттілік. ізеттілік қана емес, қарым-қатынасқа жұмсақтық, жайдарлық дарытатын күш екенін ұғындырып отырған жөн. Жылы шырай сәлемдескенде ғана емес, адамдарға тіл қатқанда, сөйлескенде де керек нәрсе.

Нұртас: Сөз сөйлеушінің ойын, сезімін білдіріп қана қоймайды, оның мінездемесі деболып 

табылады. Сондықтан кісінің тәрбиелік деңгейі көбіне сөзінің сипатынан байқалады.

Айгерім: Сөйлесіп тұрған екі адамға үшінші адам қосылғанда, ол осыған дейінгі әңгіменің қысқаша мазмұнынан хабардар етілуі керек. Егер оны әңгімеге тартудың, араластырудың жөні болмағанда сөзді бірден шорт тоқтатпай: "Әншейін, өткен-кеткенді айтысып түр едік" десе де жөн болады. Әңгіме үстіне үшінші адам келіп қалғанда, оны қатыстырудың қажеті жоқ жайтты ары қарай астарлап, жұмбақтап сөйлеу жараспайды. Әрі ол кісіге жайсыз, ыңғайсыз соғады, әрі күдік - күмөн тудырады. Көптің ішінде сыбырласып жату да ерсі. Бұл басқаларға қолайсыз тиеді. Сөз арқьшы біреуді риза етуге, көңілін жайландыруға, қиын-қыстау жағдайда дем беріп, жігерлендіруге, инабаттылық жолына бағыттауға болады.

Қорытынды:         Шынында да, адамның адам болып баға жеткісіз. "Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше" дегендей, адамдар бір-бірімен сөз арқылы ұғысып, танысып, жақындасып, өзгені де сөзі арқылы танытады.  Сөз адам үшін төрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түп-түқияннан бері жасалып, қордаланып келе жатқан ақыл-ой жәдігерлігі, әсемдік казынасы. Сондықтан да сөзді шашпа - төк тегін дүние көріп, оңды -солды талғаусыз айта берсең, жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаздар айтқандай: "Сөз қадірі - адамның өз қадірі, сөзі кұнсыздың өзі құнсыз".

Орындау сөйлеу, қисынды сөйлеу - ол да бір дара бақыт. Сондықтан әр елден шыққан арғы - бергі заман даналардың, сөйлеудің маңызын аса жоғары бағалап, ой толғамағаны жоқ десе болады. Ұлы ақын Абай атамыз:

         Өткірдің жүзі,

         Кестенің бізі,

         Өрнегін сендей сала алмас, - деп тамсана бағаласа, түріктуыстар: "Оң сөз - өзен тоқтатар" деген мақалмен түйіндеген.

Мақал сөз-мәйегі

Жаңылсын: Тәрбиесі аз адамдар мәнсіз, орынсыз, дәрекі сөздердің ауыр зардаптарын келтіретіндерінде шаруасы болмайды. Жас ұрпақты ондайлардан бойын аулақ ұстап, қандай жағдайда да "сүрқия сөздерді" қолданбауға үйреткен абзал. Ашық-шашық, қора-қопсы, есік-тесіктен ит те, мысық та, мал да кіріп шыға береді. Сол сияқты "қақпақ қойылмаған" ауыздан да "ақ ит кіріп, қара ит шыға беруі" мүмкін.

Анар: "Өтірік сөз өрге баспайды", "Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді" деп, жалған сөйлеуден жирендіріп, шыншылдыққа үндейді. Тегінде шын сөйлеу - әдептіліктің ең негізгі белгісі. Суайт - адамгершілігі жоқ, жан дүниесі сұрқай, нәрсіз адам. Данышпан Абай "Адамның бес дұшпаны бар, олар: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,бекер мал шашпақ" - деп көрсетеді.

Динара:          "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" - деген мақалдан әділ, шын, тура болғанда, қатты сөз де, ащы сөз де орынды, тіпті қажетті саналып, әдептілікке қайшы келмейді. Дегенмен, шындықты айтуда да абай болған жөн.

Асемгүл: Сөйлеуге қатысты әдептіліктің тағы бір түрі - орынды, әділ сөзге тоқтау. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана да шешен халқымыздың ата салтында жүйелі уәжға тоқтамаудан өткен пәтуасыз жоқ. Ондайлар туралы халық "Аталы сөзге ақымақ тоқтамайды" деп қатты кейіс білдірген. Сөз қадірін танып, мойындау да ірілікті, кісілікті білдіреді.

Ерқанат:   Әсем сөйлеуге, көп тыңдап, көп оқып, халықтың ауыз әдебиетін, әсіресе, айтқыштық пен терең ойдың інжу маржандары мақал, мәтелдерді жетік біліп, сырына үңілу, кітапты көп оқу арқылы жаттығып төселеді. "Жүздің көркі - сақал, сөздің көркі - мақал" деген мақал соны білдірсе керек.

Аян:    Қалайда сөздің адамға жағымды немесе әсері зор екені даусыз. Біздің халқымыздың "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады" деген тамаша мақалы да жағымды сөйлеудің қаншалықты керемет күшке ие екендігін аңғартады. Халық жырларында азуын айға байлаған айтқыш ділмарларымызды "тәтті айтқанда бал тамған, ашы айтқанда қан тамған" деп сипаттаған.

ДаниярӨ: Отбасы мен қоғамда бұрқ ете түсетін үлкен-кіші ұрыс-керістер мен кикілжіндердің түпкі себебі дөрекі, қопал айгылған сөз екенін зер сальш тексерген кісінің көзі анық жетеді. Бұл орайда қазақта "Бұлттан шыққан күн ашы, жаман адамның тілі ашы", деп бекер айтпаса керек.

Аманжан: Әлішер Науайдың "Аузына келгенді айту - наданның ісі, алдына келгенді жеу - хайуанның ісі" деуі сондықтан.

Айгерім: Қазақ халқында: "Өнералды-қызылтіл", "Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады", "Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады" деген мақалдар бар. Бұл халқымыздың тіл құдіретін танып, әрі өте ардақтағанын көрсетеді. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлеудің парқына және қай жерде қалай сөйлеуге айрықша мән берген.

ІІ Қорытынды: Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында, дәмді, дөйекті сөйлей білуі, тауып айтатын тапқырлығы үлкен рөл атқарады. Өйткені ақылы кемел, кісілігі зор, білімі мол адам ғана солай сөйлей алады. Ондай дәмді, қисынды, қысқа қайыратын қызықты, айшықты да әділ сөздіхалық ұйып таңдай білген.

Әдепті сөйлеудің ең маңызды түрі-өз тілінде, тілін шұбарламай таза сөйлей білу. Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады.Оның мәні әр азаматтың ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата-бабасындай сүйіп, ардақтап, өз тілінде сөйлеуді тәңірінің ұлы сыйындай көруі тиіс.

Әдептілікке тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым салу сөздері. 
• Біреумен сөйлескенде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма. 
• Біреумен сөйлескенде, керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме. 
• Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа. 
• Дастархан басында көп сөйлеме. 
• Жаман, бұзақы сөзден тыйыл. 
• Біреу бірдеңе сұраса, ойланып, анық жауап бер, аузыңа түскен сөзді айта салма. 
• Өзің білмегшеніңді басқалардан сұрап алуға намыстанба. 
• Әркімді бір кемележдеп, мұқатпа. 
• Қолыңнан келмейтін істі тыңдырамын деп ешқашан уәде етпе. Ал уәде бердің екен, қайткенде де орындауға тырысып бақ. Сөзіңде тұр. 

Қорытынды

Фишбон әдісі: Не айтатыныңды ойлап ал

(үнді аңызы)

Күндердің күнінде бір байлыққа масаттанған әйел данышпаннан ақыл сұрайды.

  • Ата, менің де сіз сияқты данышпан атанғаным келді. Бір-ақ менің кемшілігім бар, адамдарды өсектегенді жақсы көремін. Осы қылығымнан қалай арылуға болады?

  • - Жақсы, -деп жауап береді ақсақал.

  • -Базарға барып, тауықтың қанатын сатып ал. Үйіңе қайтып келе жатқанда бір-бірлеп жұлып, жолға тастап отыр. Сосын маған қайтып кел. Әйел данышпанның сөзіне таң қалады. Алайда өзі өте қадірлейтін адамның сөзін жерге тастамай, айтқанын орындайды.

  • Ертеңгі күні тағы келеді.

  • -Өте жақсы.Бірінші тапсырманы орындадың. Енді тағы базарға бар да, қайтып келе жатқанда кешегі қауырсындарды түгел жинап ал,-дейді данышпан.

  • -Ол мүмкін емес қой ата! Оларды жел ұшырып кетті ғой, мен оларды қалай жинап аламын?

«Мен бастайын...» ойынын ойнау. (мына сөз тіркесінің мағынасы нені білдіреді?)..

Қой аузынан шөп алмайды-

Жүрек жалғап алу-

Төбе шашы тік тұру –

Қырғи қабақ –

Тонның ішкі бауындай –

Бармағын тістеу –

Аузына құм құйылу. –

Қыздың жиған жүгіндей.-

Бетінен оты шықты.-

Ит терісін басына қаптады.-

Жер соғып қалды.-

1.          XI – XIII  Майқы би Мәнұлы, Аяз би

2.         XIV – XVI  Асан қайғы, Жиренше шешен

3.         XVIII          Үш би ( Қазыбек би.  қойылым)

4         XVIII- XIX  «Хан сұлтандарға қарсы шешендер» :Байдалы би, Ер  Жәнібек,Тіленші би

Сөз өнері – атаулының ең қиыны мен күрделісі. О. Бальзак

Сын тұрғысынан ойлау элементін пайдалану арқылы 5 шумақ құрастыру. 
1. Зат есім (1) 
2. Сын есім (2) 
3. Етістік (3) 
4. Сөз тіркесі 
5. Негізгі түйін сөз 
І топ

1. Сөз 
2. Әділ, өтірік 
3. Өлтіреді, жігерлендіреді, қанаттандырады 
4. Сөз өмірдің ұлы қаруы 
5. Өмір

ІІ топ

1. Сөз 
2. Қасиетті, мағыналы. 
3. Қуаттандырады, ойландырады, тәрбиелейді 
4. Өтірік сөз өрге баспайды 
5. Өтірік

ІІІ топ

1. Сөз 
2. Есті, киелі 
3. Шабыттандырады, қуантады, ренжітеді 
4. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді 
5. Сүйсіндіреді

Қорытынды: Сөзден тәтті нәрсе жоқ Сөзден ащы нәрсе жоқ Сөзіңді тіліңе билетпе

Ақылыңа билет. Сөзіңді ақылсызға қор етпе Ақылдыға айт,

Кімге қай кезде, Қай жерде қалай сөйлейтініңді біл.,-  деген екен   Бөлтірік шешен

Толғандырар Ой.... Рефлексия





































Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер 
Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал. 
... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды». 
Сөзді тыңдай білмеу 
Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді. 
Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік. 
Қаратпа сөз хақында 
Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. 
Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. 
Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой. 

Тіл туралы халық даналығы 
* Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. 
* Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын. 
* Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді. 
* Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды. 
* Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық. 
* Сөйлей білмес жаманның, 
   Сөзі өтпес бір пышақ. 
   Сөз білетін адамның, 
   Әр сөзіне бір тұсақ. 

Ұлылардан ұлағат 
Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. 
Әл-Фараби. 
...Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар. 
А.П.Чехов. 
Тілішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. 
Ж.Аймауытов. 
Ойың дұрыс болса, сөзің дұрыс, олай болса, ісіңнің иесі де дұрыс. 
Д.И.Писарев. 
* Құнды сөзқұнарлы ойдан туады. 
*
Сөз көмескілігіой, пікір көмескілігінің айнымас белгісі. 
Л.Н.Толстой. 
Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды. 
Б.М.Теплов. 
Тіл қаруысөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті. 
Ғ.Мұстафин. 
Тіріні көрге салар дасөз, 
Өліні тірілте алар дасөз. 
Әлішер Науай. 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"На великое дело - великое слово"

Автор: Хайруллина Гулдана Хапаровна

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 167441

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Сценарий к Международному женскому дню  «Женщина – великое слово» "
    ["seo_title"] => string(74) "stsienarii-k-miezhdunarodnomu-zhienskomu-dniu-zhienshchina-vielikoie-slovo"
    ["file_id"] => string(6) "128138"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1415443966"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Общешкольное мероприятие: "Начало Великой Отечественной войны"."
    ["seo_title"] => string(68) "obshchieshkolnoiemieropriiatiienachalovielikoiotiechiestviennoivoiny"
    ["file_id"] => string(6) "258985"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448624007"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Душа слова "
    ["seo_title"] => string(11) "dusha-slova"
    ["file_id"] => string(6) "139696"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417779532"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Разработка мероприятия    «Это громкое слово «Победа!» "
    ["seo_title"] => string(53) "razrabotka-mieropriiatiia-eto-ghromkoie-slovo-pobieda"
    ["file_id"] => string(6) "192835"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427530843"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Социокультурные Истоки. "Милосердие в деле " "
    ["seo_title"] => string(46) "sotsiokul-turnyie-istoki-milosierdiie-v-dielie"
    ["file_id"] => string(6) "110715"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1406477769"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства