kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« ?н а?а – Ш?мші а?а» ?н кешіні? сценарийі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

  1. ж?ргізуші: Армысыздар ?стаздар, о?ушылар, ата- аналар ж?не осы кешті?  ?адірменді ?она?тары!
  2. ж?ргізуші: Б?гінгі ?н сырын шерткен Ш?мші а?амызды? « ?н а?а – Ш?мші а?а» атты ?н кешіне ?ош келді?іздер!

1-ж?ргізуші: Ендеше «А? ерке – А? Жайы?ты?» жа?асында шал?ып, «Бахыт ??ша?ында» бал?ып, айдын к?лде ж?згендей «?айы?таны?» сазына тербеліп, ?сем ?н мерекесін бірге тамашалайы?!

2-ж?ргізуші: Б?гінгі Ш?мші а?амызды? ?ндерінен жа?сы ?сер алып, сергіп ?айтатындары?ыз?а сенімдіміз!

1-ж?ргізуші: 29 а?пан 1992 жыл  Ш?мші а?амыз д?ниеден ?ткен  к?ні болса,  ?рі даласы мен баласын ?німен ?лдилеген шал?ар шабыт, дархан дарын иесі сексенні? се?гіріне шы?ар еді.

2-ж?ргізуші: ?н ?міріндегі жары? ж?лдыздай с?уле шашып, айры?ша із ?алдыр?ан Ш.?алдая?ов – к?ллі ?аза? хал?ыны? ма?танышы. Ш?мші а?амызды? ?ндеріні? і?к?рлы?ы сонша, ?ле?дері ??ла?ымыз?а жа?ымды, ж?регімізге жылы естіледі. Ал?аш орындалар ?н 30  жыл бойы айтушысын к?тіп тасада ?алып  ?ой?ан екен.  ?азіргі та?да к?пшілікке танымал. Ол 

« ?мір- ?зен»  деп аталады. ?нді ты?да?анда алыста ?ал?ан балалы? ша?, жасты? д?урен, бала махаббат, са?ыныш?а толы сезімдер, т?тті арман, та?ысын та?ылар к?з алды?нан тізіліп ?теді, ?айтадан бастан ?ткергендей к?й кешесі?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« ?н а?а – Ш?мші а?а» ?н кешіні? сценарийі »


  1. жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар, ата- аналар және осы кештің қадірменді қонақтары!

  2. жүргізуші: Бүгінгі ән сырын шерткен Шәмші ағамыздың « Ән аға – Шәмші аға» атты ән кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Ендеше «Ақ ерке – Ақ Жайықтың» жағасында шалқып, «Бахыт құшағында» балқып, айдын көлде жүзгендей «Қайықтаның» сазына тербеліп, әсем ән мерекесін бірге тамашалайық!

2-жүргізуші: Бүгінгі Шәмші ағамыздың әндерінен жақсы әсер алып, сергіп қайтатындарыңызға сенімдіміз!

1-жүргізуші: 29 ақпан 1992 жыл Шәмші ағамыз дүниеден өткен күні болса, әрі даласы мен баласын әнімен әлдилеген шалқар шабыт, дархан дарын иесі, ұлы композитор егер арамызда жүрсе биыл 80 жасқа толар еді.

2-жүргізуші: Ән өміріндегі жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов – күллі қазақ халқының мақтанышы. Шәмші ағамыздың әндерінің іңкәрлығы сонша, өлеңдері құлағымызға жағымды, жүрегімізге жылы естіледі. Алғаш орындалар ән 30 жыл бойы айтушысын күтіп тасада қалып қойған екен. Қазіргі таңда көпшілікке танымал. Ол

« Өмір- өзен» деп аталады. Әнді тыңдағанда алыста қалған балалық шақ, жастық дәурен, бала махаббат, сағынышқа толы сезімдер, тәтті арман, тағысын тағылар көз алдығнан тізіліп өтеді, қайтадан бастан өткергендей күй кешесің.

Бұл әнді айту өте қиын болғандықтан, оны ешкім айтпаған. Тек Алтынай болмаса. Әннің сөзін жазған М.Шаханов. «Өмір - өзен»

Орындайтын: 8 ә сынып оқушысы Асылжан Оспанова.Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Әсем әуен жақындатты алысты,

Талай халық таңдай қақты, табысты.

Дүниені дөңгелентіп билетті,

Орыстардан артық жазып вальсті.

2-жүргізуші: Сахна төріне Құсайыновтар отбасын шақырамыз. Серікбай аға мен Нағима тәтейдің орындауында «Қуаныш вальсін» қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Күні кеше толған ай жүзің еді,

Сиқырлы қарақаттай көзің еді.

Мап- майда қардай мінсіз денең

Бейне бір бақшадағы жүзім еді,- дей отыра, қазақ қыздарын Шәмші ағамыздай іспеттеген композиторлар өте сирек кездеседі. Ағамыз өзге ұлт қыздарын да өкпелетпеген. Солардың ішінде айтып өтетін болсақ « Сыр сұлуы», « Қаракөз», « Дүнген қыз». Бұл әндер Қазақстанда тұратын көп ұлт өкілдері туралы. Ал енді келесі тыңдайтын әндеріңіз

қазақ ұлтының қызына арналған «Сыр сұлуы» әні

Орындайтындар: 6ә сынып оқушылары: Азиза Ауельбекова мен Абималикова Әсел

2-жүргізуші: 1986 жылы Шәмші Теріскейге келеді.Осы жердің табиғатын өте ұнатқан ол «Теріскей» әнін жазып, ауыл тұрғындарына сыйға тартып кетіпті.

1-жүргізуші: Сол күні ауыл адамдары «Теріскейді»» жылы қабылдап, қайта – қайта айта беріпті. Теріскей десе, Теріскей! «Теріскейді » мектеп жұмыскері Бисембаева Күлзипаның орындауында құлақ қойып тыңдаңыздар!

2-жүргізуші: Ән падишасы халық берген атағы,

Әндерімен күліп таңым атады.

Ғашықтардың жан сезімін тербетіп,

Әуенімен нұрланып күн батады.

Келесі тыңдалар ән «Шынарым»

Орындайтын: мектебіміздің домбыра оркестрінің жетекшісі Ерден Кожахметов

1-жүргізуші:Майра, сіз білесіз бе, біздің мектебіміздің бірінші қабатында әншілер сабақ береді.

2-жүргізуші: Жоқ, олар кімдер?

1-жүргізуші: Білмесеңіз тыңдаңыз. Бастауыш сынып мұғалімдерінің орындауында «Бақыт құшағында»

1-жүргізуші: Жалыныш па, өксік пе? ФОН МУЗЫКА

Сағыныш па, о, бұл не?

Тойлап өткен жастығын,

Әлде көктем- көңіл ме?

Тағдыр ма әлде жылаған.

Маңдайына мұң шалып.

Неге мені мынау ән,

Билеп алды мұншалық?

Шақырғандай бахытқа

Өз- өзімнен қуанам.

Алдына сап қуалап,

Бара жатыр мынау ән.

2-жүргізуші: « Арыс жағасында». Бұл ән де бізге қиянаттың қыспағында болып жеткен екен.

- Шіркін, сұлу Арыс сулары,

Еркелеп ағар, тербеліп,

Ғашықтар жүрер жағада

Жүрекке әнмен дем беріп.

1-жүргізуші: Майра, менің сізге бір ұсынысым бар.

2-жүргізуші: Қызық екен, ол қандай ұсыныс?

1-жүргізуші: Көрермендердің Шәмші ағамыздың өлеңдерінен қаншалықты жақын таныс екенін білсек, қалай қарайсыз?

2-жүргізуші: Білсек, білелік.

1-жүргізуші: Ал енді, көрермендер, Шәмші ағамыздың «Арыс жағасында» , өлеңінің бір шумағын қосылып бәріміз айтсақ қалай қарайсыздар.

2-жүргізуші: Рахмет.

1-жүргізуші: Шағын ән арқылы іңкәр көңілін, ғашық сезімін айтып жеткізген ақын ағаның « Арыс жағасында» әнін қабыл алыңыздар!


2-жүргізуші:

Жандым- күйдім, сені ойлап дамыл көрмей.

Еш жанға сенен басқа көңіл бөлмей

Сен- бір жақ, жалған –бір жақ, қатар қойып,

Сені іздедім, жалғанға қолым сермей. Қайықта әні

Орындайтын: мектеп кітапханашысы Райгүл Байматова

ҚАРА СӨЗ ?

1-жүргізуші: Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді. Шәмші ағаның жалындап тұрған жас кезінде жазған әннің бірі- «Кешікпей келем деп ең».

Сөзі М.Шахановтікі.

2-жүргізуші:

Тарықса жаным

Ауырса тәнім

Сүйеуім бар демейтін.

Ол болса менде

Қозғалса жерде?

« Бұл не болды?» - демейтін.

Жан сүйгенім – ол да өлең

Жете алмасам, жолда өлем!

1-жүргізуші: Шәмші ағамыз 500-ге тарта ән жазған. Осылардың ішінде

60- тан астамы жарыққа шыққан. Қазіргі кезде осы кісінің өлеңдерін атақты әншілер сүйсіне орындайды.

Шәмшінің әні, Шәмшінің әні,

Таңдайдан кетпес бал шырын дәмі.

Сызылып деммен, жаяды желмен,

Жанға айтпаған жан сырыңды әлі.

1-жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, айызым тамсанады.

Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па?

Өз - өзінен жүрегім ән салады.

2-жүргізуші: Қазіргі тыңдайтын әндеріңіз «Ақмаңдайлым»

Орындайтындар: Рамазанова Күлаш ,Аккушкарова Майкен, Кусайынова Нағима әжейлер.

2-жүргізуші: Көп жылдар бойы айтылмай, иесі табылмай, тасада қалып қойған әндерінің бірі Қадір Мырзалиевтың сөзіне жазылған «Сыған серенадасы». Әннің шығу тарихына тоқталсақ, 1959 жылы Алматының батыс жағындағы «Тастақ» базарының маңына орналасқан сыған таборында қонақта болады. Олар Шәмшіні өздерімен бірге ала кетпекші болады. Бірақ Шәмші тәтті қиялға берілмей, Алматыда қалуды жөн көреді. Сол сыған достарына деген сағыныштың арқасында туған ән. Бұл әнді архивтің ішінен ақтарып алып шығып, қалың елге танытқан әнші Т.Серіков екенін бәріміз білеміз.

1-жүргізуші: Енді осы әншіміздің орнын басар ініміздің орындауында «Сыған серенадасын» қабыл алыңыздар.

Орындайтын: музыка пәнінің мұғалімі Жеңіс Кемелов

1-жүргізуші: Ақ бантигім- балауса балалығым.

Балалықтың белгісі- шалалығым.

Желбіреп желп- желп еткен ақ бантигім,

Келіп тұр өзіңді бір бағалағым.

«Ақ бантик» әні. Орындайтын: дене шынықтыру пәні мұғалімі Жандос Базарбаев

2- жүргізуші: Шәмші әкесінің басына кесене орнатыпты. Ал өзінің анасына арнап әннің ең асылын, ең нәзігін жазыпты. Ол –«Ана туралы жыр». Бұл әннің де шығу тарихы бар. Жәмшид Шәмші атанып, оның композиторлық атағы шыққан кезде, анасы қайта айықпайтын ауруға ұшырайды. Өзінің өмірден өтерін сезген анасы Шәмшіні Алматыдан алғызады. Шәмші келеді. Анасы маңдайынан сүйіп: - Балам, мен өмірден ерте кеттім демеймін, немере сүйіп, келін көруді құдай бұйыртпаған. Бір тілеуім сен аман бол! Дүниеге келген әнің айтылмай жатып үзілмесін, бахытты бол, балам,- депті. Сонда Шәмші: « Мен сенің басыңа кесене ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен саған әннің асылын, ең нәзігін арнап жазамын және ол ешқашан да ұмытылмайтын болады»,- деген екен. Ол сөзінің де жаны бар болып шықты.

1-жүргізуші:

Ұйқысыз түндер өтіпті таңнан нұр сауған,

Нәресте үні шекер – ау күтіп тұрса алдан.

Дүниеге мені әкелген жанды ардақтап,

«Анама» әні шырқалған.

2-жүргізуші:

Ия, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашан да биік. Шәмші ағаның Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар.

«Ана туралы жыр» орындайтын 7 а сынып оқушысы Саят Ермек

2-жүргізуші:

Кезінде әкелеріміз бен аналарымыз шырқаған әндерді қазіргі жас ұрпақ одан әрі жалғастыруда. Бұл әндер келешек ұрпаққа да жетеріне сеніміміз мол. Бәріміз білетін бір жақсы ән бар. Шәмші ағамыз бұл әннің ең алдымен музыкасын шығарып алады да, ақын Тұманбай Молдағалиевті іздеп барып, осы әнге сөз жазып беруін өтінеді. Ән сүйген қызы басқаға кетіп қалған мұңлық жігіт туралы болуы керек екенін білгенде Тұманбай ағамыз «Ойбай, үйдегі келініңіз сенің біреуің бар деп тиісіп жүрер, жүр үйге барып, соның көзінше жазайық »депті. Сөйтіп бұл ән Т.Молдағалиевтің шаңырағында дүниеге келген екен.

1-жүргізуші: Сонымен, көрермендер, бұл ағамыздың қай әні деп ойлайсыздар?

2-жүргізуші: « Әнім сен едің»

1-жүргізуші: Бірге орындайық.

2-жүргізуші: Енді толығымен сіздерге бүгінгі кештің белсенді қонақтары ардақты әжейлеріміз орындап береді.

2-жүргізуші: Ән падишасы халық берген атағы,

Әндерімен күліп таңым атады.

Ғашықтардың жан сезімін тербетіп,

Әуеніңмен нұрланып күн батады.

Шамші ағамыздың тағы бір әні «Дүнген қыз».

Орындайтындар «Дарын» мектеп – интернатынан келген қонақтарымыз .

1-жүргізуші:

Ұзартар өміріңді,

Тазартар көңіліңді.

Шәмшінің әні әсем,

Өзінің өні мұңлы.

Оттың да жалындысы,

Өзендей ағын күші.

Шәмшінің әуендері

Қазақтың сағынышы.

Шәмші әндерінің бірі «Қайдасың »

Орындайтын орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зәуреш Табулдинова

1-жүргізуші: Киелі Отырар өңірінен шыққан ән патшасы Ш.Қалдаяқов атамыздың қай әні болсын жаттауға жеңіл, әсем, әуезді болып келеді. Сондай әндерінің бірі - «Менің Қазақстаным» әні.

2-жүргізуші: «Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихы былай болатын.Сол кезде үкімет басындағылар Ш.Қалдаяқовқа коммунистік партияны мақтап ән жаз деп тапсырма береді. Сонда Шәмші ағамыз Жұмекен Нәжмиденов екеуі бірігіп «Менің Қазақстанымды» жазып апарып береді.Әнді дайындап апарған кезде: «мынау өлеңнің ішінде партия туралы бір де сөз жоқ қой. Партияны кіргіз » деп өлеңін лақтырып жібереді. Сонда Шәмші ағамыз «менің әндерім халқыма ұнаса болды, партияға ұнамаса қойсын» депті. Тіпті, ол өте көрегендікпен «Бұл ән қазақтың әнұраны болады» деп айтыпты.

1-жүргізуші: Бұл әнді жаттамаған бала жоқ, айтпаған қазақ жоқ!

2-жүргізуші: Халық оны өзі бұрыннан әнұраны қылып алған.

1-жүргізуші: Ал, 2006 жылдың қаңтар айында халық қалауы болған «Менің Қазақстанымның» кейбір сөздеріне түзетулер енгізіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні болып қабылданды.

2-жүргізуші: Күллі ел төбесіне көтерген композитор туралы айту оңай әрі қиын. Асқар шыңдар алыстаған сайын биіктей беретіні секілді, қазақ даласының ұлы перзенті Ш.Қалдаяқовтың да уақыты өткен сайын даңқы өсіп, соңғы демі біткенше сүйіп өткен өзінің ұлтына жақындай түседі. Қазіргі тыңдайтын әндеріңіз Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әні. Орындайтын 11а сынып оқушысы Арман Исенов

1-жүргізуші: Махаббатпен жүректерге жол аштың,

Мынау фәни дүниеден әрі астың.

Әндеріңмен жазып кеткен есімің

Аспанында жарқырап тұр Алаштың.

Назарларыңызға бүгінгі кештің қорытындысы ретінде мына бейнефильмді ұсынамыз.

2-жүргізуші:

Әнсіз өмір өмір ме, таңсымай ма,

Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма?

Жандандырсын жүректі, жандандырсын.!

Мәңгілік өлмейтіғұн ән қалдырсын.

2-жүргізуші:

Өзі ортамыздан кетсе де, аты мәңгілікке әр қазақтың жүрегінде сақталып қалады. Шәмшіге арнау әнін ата – ана Алтай Сұлтанның орындауында қабыл алыңыздар.

Барлық концертке қатысқандар ортаға шығады

1-жүргізуші:

Тау мен тасты еріткен,

Табиғатты еліткен.

Әнің әсем, Шәмші аға!

Енді өзіңдей жайсаңды,

Ән еркесі асылы.

Қазақ елі таба ма?

Аға қайтып келмейді,

Ән де жазып бермейді.

Оның асқақ әндері

Мәңгілікке өлмейді! - деп достық пейілмен, дос көңілмен сіздермен келесі жолы жақсылықпен жолыққанша қоштасамыз!Концертке қатысушыларға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.

Көрермендер көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет!

Сау- саламатта болыңыздар!


Айтылатын әндер тізімі:

1. « Өмір- өзен» 10. «Ақмаңдайлым»

2. «Қуаныш вальсі» 11«Сыған серенадасы»

3. «Сыр сұлуы» әні 12. «Ақ бантик» әні.

4. «Теріскей» 13. «Ана туралы жыр»

5. «Шынарым» 14. « Әнім сен едің»

6. «Бақыт құшағында» 15. «Дүнген қыз».

7. « Арыс жағасында» 16. «Қайдасың »

8. «Қайықта» 17. «Менің Қазақстаным»

9. «Кешікпей келем деп ең». 18. Шәмшіге арнау әні













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
« ?н а?а – Ш?мші а?а» ?н кешіні? сценарийі

Автор: Кулмаганбетова Тендик Саркеновна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172634


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства